Мұндай жағдайда
ынтымақтастық жайында, адамгершілік
қарым-қатынасын тәрбиелеу туралы,
әрқайсысын белсенді іс-әрекетке
тарту жөнінде сөз қозғау бекер. Тек адамгершілік,
тілектестік өзара көмек пен ынталандырушылық
жағдайында студенттер өздерін іштей
еркін сезінеді, педагогикалық ықпалына
қарай белсенділік танытады, батылырақ
сөйлейді. Студенттер бәрінен бұрын талап
қойғыш және әділетті педагогтарды ұнатады
және бағалайды. Алайда бәрін бірдей емес,
өзінің қаталдығын, талап ете білетіндігін
адамгершілік, жаны ашығандық, жігерлендіргіштік
және көмек берушілік жағдайында танытатын
ұстаздарды сыйлайды.
Осындай
жағдайларды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі
– оқыту процесі кезіндегі педагогикалық
қарым-қатынастардың сыпайылық және әдептілік
қағидасы. Адамдар қарым-қатынасындағы
сөйлеу әдебінің нормасы сол тілде сөйлейтін
халықтардың тарихи, әлеуметтік және мәдени
ерекшеліктерде көрініс тапқан едәуір
ұлттық ерекшеліктермен және өзіндік
өзгешелігімен сипатталады. Бірақта жалпыға
бірдей қағидалар да бар. Егер адамдар
өзара түсіністікке қол жеткізгісі келсе,
онда олар сол жолға бірдей қағидаларды
басшылыққа алады. Бұл қағидалар қарым-қатынас
жасаудың, тіл табысудың анық та айқын
түрін қолдану қажеттігіне басымдық береді.
1.2 Оқытудың
кредиттік жүйесінде студенттердің
өздік жұмыстарын ұйымдастырудың
әдістері
Қазіргі таңда
еліміздегі барлық жоғары оқу орындары
білім берудің кредиттік жүйесіне көшуде. Кредиттік жүйемен
оқытудың басты ерекшелігі — әлемдегі
білім берудің ең үздік технологиялық
тәжірибелерін қолдана отырып елімізге
қажетті мамандарды сапалы дайындап шығару.
Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың
әдіс-тәсілдерімен қатар, студенттің ізденуіне,
жаңаша көзқарас тұрғысынан келіп, сапалы
білім алуына жағдай туғызу. Кредит сөзінің
мағынасы – сенім, яғни студентке сенім
білдіру арқылы оның білімін көтеруіне,
өзіндік ізденісіне, әрбір өтілген тақырыпты
шығармашылықпен меңгеруіне жол ашу. Оқытушы
әрбір өтілетін тақырыпты жіктеп, жіліктеп
түсіндіріп, студенттен сол материалдарды
қалай меңгергенін сұрау арқылы оның білімін
бағалауды мақсат етпейді. Әрбір өтетін
тақырып төңірегінде сол тақырыптың ерекшелігі
жайлы, студент аталған тақырыптан қандай
мәселелерді меңгеруі керектігі жөнінде
бағыт-бағдар береді. Ал студент сол ұсынылған
бағыт, түсінік негізінде қажетті, білуге
тиісті материалдарды өзі ізденіп, алынатын
білімді толық меңгеруі қажет. Оқытушы
өзі дайындаған силлабуста студентке
берілетін білім мазмұнын, әрбір модульдік
бақылау барысында студенттің нені білу
қажеттілігін және көрсетілген тақырыптар
бойынша пайдаланылатын әдебиеттің тізімдерін
жан-жақты көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда,студент
үшін силлабус білім алудың, ізденіс жұмыстарын
жүргізудің басты бағдарламасы болмақ.
Білім беру
жүйесінде әр пәннің өзіндік
ерекшеліктері өзіне тән қиыншылықтары
болады. Студенттің сапалы білім
алуына, сол пәннен алынатын міндетті
білім дағдыларын меңгеруіне
дұрыс бағытта жол ашу үшін,
әр пән оқытушысы сол пәннің өзіне тән
ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың
принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн.
Оқу орыс тілінде жүретін топтарда қазақ
тілін оқитын студент өзіне таныс емес
тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың
айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын,
оның грамматикалық құрылысын игеруге,
ойын еркін жүргізуге, басқаның сөйлеуін
түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік
қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге
жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас
жасай алуы қажет. Тыңдаушыны мұндай дәрежеге
жеткізу үшін, оқытудың өзіндік тәсілдері
мен амалдары, жолдары бар. Басқа ұлтқа
қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тілін
оқитын адамның ана тілінің ерекшелігін
ескере отырып, оны үйретудің тиімді жолдарын
көрсетудің маңызы зор. Бұл ана тілді оқыту
әдістемесінен екінші тілді оқыту әдістемесінің
өзіне тән ерекшеліктері болатынын дәлелдейді.
Алайда орыс тілді аудиторияда қазақ тілін
оқыту әдістемесімен, орыс тілін басқа
ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесімен
шет тілдерін оқыту әдістемесімен тығыз
байланысты жақтары да күшті. Сондықтан
олар бір-бірінен нәр алып, толығып отырады.
Тілдерді оқыту әдістемесінің байланыстылығы,
жалпы ортақ мәселелердің көптігі соңғы
кезде лингводидактика ғылымын туғызды.
Қазақ тілін орыс аудиториясына оқыту
әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу
тарихы ұзақ емес. Сондықтан оқыту әдістемесі
бұрыннан қалыптасқан шет тілдерді оқыту,
орыс тілін оқыту әдістемелерінен оқып,
үйренеріміз көп.
Қазақ тілін
басқа тілді аудиторияларда оқыту
барысында қазақ тілінің өзіндік
басты ерекшеліктерін назарда
ұстауымыз қажет. Қазақ тілі сөз жасау
жағынан жалғанбалы (агглюнативті) тілдер
тобына жататындығы бәрімізге белгілі.
Сол себептен де қазақ тілінде жұрнақ
түрлері көптеп саналады, сонымен қатар
төрт түрлі жалғаудың беретін өзіндік
мағынасы, сөзге жалғану кезіндегі варианттары
да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда жақсы
нәтижелерге жету үшін, біздіңше мынадай
басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген
тиімді. Ең бастысы, студенттің қазақ тілінен
тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын
үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер
көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге
бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын
ажырата білуге, оларды тиімді қолдана
білуге үйрету студенттің тілдік қорын
байытуда оң нәтижелер береді.
Екінші, қазақ
тілінде сөйлемде сөздердің орын
тәртібі тұрақты екенін ескеріп,
берілген сөздер арқылы сөйлем құрап үйренуге
баулу қажет.
Үшіншіден,
жалғау түрлерін, олардың сөзге
беретін мағынасын меңгеру арқылы
сауатты түрде өз ойын ауызша
және жазбаша жеткізе алу дағдыларын
қалыптастыру.
Төртінші, қазақ тілінде сөйлемді тиянақтап,
айтылған, ойды тұжырымдап тұратын сөйлем
мүшесі – баяндауыш. Баяндауыш негізінен
етістіктен болады. Сондықтан студенттерге
етістіктің шақтарын, оның жасалу жолдарын
меңгерту олардың өз ойын жүйелі түрде
жеткізе алуына негіз болады.
Басқа тілді
студенттерге қазақ тілін үйретуде
пән бойынша жүргізілетін студенттің
өзіндік ізденіс жұмыстарын тиімді
ұйымдастыра білудің де маңызы
зор. Қазақ тілінен ізденіс
жұмыстарын ұйымдастыру студенттің
білімін тереңдетуге, ой-өрісін
кеңейтуге, олардың тілді үйренуге ынтасын,
құмарлық сезімін оятуға көмектеседі,
олардың жан-жақты қабілеттігі мен шығармашылық
күшін дамытады және алған білімдерін
іс жүзінде қолдана білуге жәрдемін тигізеді.
Тіл үйренуші
аудиториядағы сабақ үстінде
ғана білім алып қоймайды, өзіндік ізденіс
жұмыстарын орындау арқылы да қазақ тілінен
білім деңгейін кеңейтіп отырады. Студенттің
өзіндік ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру
мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді.
Біріншіден,
студенттердің қазақ тілінен
алған теориялық және практикалық білімдерін
бағдарламадан тыс материалдармен толықтыра,
жетілдіре түсу.
Екіншіден,
қазақтың әдеби тілі туралы, оны
жасаған халықтың тарихы туралы
қосымша әдебиеттермен таныстыру.
Үшіншіден,
қазақ тілі пәнінен түрлі үйірме,
пән апталығы, конкурстар ұйымдастыру және
студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларда
баяндамалар жасату арқылы олардың тілді
үйренуге деген белсенділігін арттыру.
Студенттердің
өздік жұмысын жүргізу барысында
мынадай білімділік дағдылар
іске асады:
1. Қазақ тілінен өткен материалдарды бекіту,
нығайту;
2. Студенттердің
қазақ тілінен білімін кеңейту
және тереңдету;
3. Студенттердің
логикалық ойлауын дамыту, жазбаша
және ауызша сөйлеу тілін қоса
дамыту;
4. Орфоэпиялық,
орфографиялық және пунктуациялық
білімдерін қалыптастыру, тілді үйрену қабілетін
дамыту;
5. Орыс тілді
студенттерге тілдік орта жасау,
тілдік ситуациялар туғызу, олардың
қазақша сөйлеуіне толық жағдай
жасау;
6. Студенттердің
қазақша тілін дамыту, сөйлеу
белсенділігін арттыру, қазақша
сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Студенттердің
өзіндік жұмысын ұйымдастыру
кезінде берілетін тапсырмалардың
тәрбиелік мәні де күшті болуы
қажет. Онда мынадай міндеттер
қарастырылады:
1. Қазақ мәдениеті,
салт-дәстүрі, әдебиеті жайлы
берілетін тапсырмалар арқылы, олардың
қазақ халқына сүйіспеншілігін
ояту, қазақ халқын сыйлауға тәрбиелеу;
2. Қазақ тілінің
байлығын таныстыру арқылы тілге
деген қызығушылығын арттыру,
тілге деген сүйіспеншілік сезімін
тудыру, оны қалыптастыру.
Қазақ тілі
пәні оқытушысының тілді үйрету
ынтасы, тапқырлығы студенттің өздік
жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Студенттерге өздік жұмыстарының тақырыптарын
іріктеп беруде оны сөйлесіп үйренуге
қажетті тілдік материалдармен байланыстыруға
ұмтылу қажет. Сонымен бірге студенттердің
сұранысын, қабілетін есепке алып отыруға
тиіс.
Студенттердің
өздік жұмыстарын ұйымдастыруда
мынадай жұмыс түрлерін жүргіземіз.
Оқу жылының
басында, студенттердің тілдің
білу деңгейін анықтаған соң,
олардың тілді меңгеру дәрежесіне
қарай әр түрлі тапсырмалар
ұсынылды.
Өзіміз дайындаған силлабуста
аудиториядан тыс жүргізілетін студенттердің
өзіндік жұмыстарының тақырыптары берілді.
Бұл тақырыптарда қазақ халқының ұлы тұлғалары,
олардың өмірі мен шығармашылық, қазақтың
салт-дәстүрлері, қазіргі қоғамымыздың
даму бағытындағы өзгешеліктері жайлы
бағыт ұсталынды. Алайда бұл тақырыптарды
тілді бастауыш деңгейде білетін студенттердің
орындауы қиындық келтіретіні даусыз
еді. Сондықтан бұл тақырыптар тілді біршама
меңгерген, бірақ сөйлеу және жазбаша
тілінде кемшіліктер кездесетін студенттерге
берілді. Тапсырма тақырыптарын таңдауда
студенттердің өз қалауында болды. Бұл
жұмыс түрін ұсынудағы негізгі нысана:
белгілі бір тақырыптарды зерттеу, саралау
барасында студенттердің қосымша әдебиеттермен
жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру,
өз ойын тиянақты, тұжырымды жеткізе білуге
үйрету. Мұнда тапсырманы міндетті түрде
реферат, шығарма түрінде жазу көзделген
жоқ, тіпті болмаған жағдайда сол тақырып
бойынша әдебиеттерден конспект жазу,
тезис жаза білуге үйрету мақсатты басты
нысана болды. Бұл жұмыстың нәтижесі көрсеткендей
студенттер күрделі, көркем шығарма жаза
алмағанмен, сол тақырып туралы түсінігі
қалыптасты, қазақ тілінің сөз оралымдарына
көзі үйреніп, сөйлемдегі сөздердің қолдану
мағынасы жайлы білімдері кеңейді. Қазақ
тілін біршама меңгерген студенттер берілген
тақырыпты жақсы аша біліп, өздерінің
әдебиетпен жұмыс істей алу қабілеттерінің
қалыптасқанын көрсете білді.
Студенттерге
әр түрлі тақырыпта қазақ мақал-мәтелдерін
жаттатып, оның орыс тіліндегі
ұқсас нұсқасын тапқызып үйрету
олардың тіл байлығының қалыптасуына
өз ықпалын тигізеді. Бәрімізге белгілі
бір тілдегі фразеологизмдер басқа тілге
сөзбе-сөз аударылмайды. Сөзбе-сөз аударылған
тұрақты тіркестер мән-мағынасынан айрылады.
Оның басқа тілдегі (орысша, ағылшынша)
баламасын дұрыс таба білген студенттің
есінде сол тіркестер сақталады да және
оны өз сөзінде орынды қолдана алады.
Тілді нашар
білетін студенттерге арнап оқу
жылының басында қосымша түрлерінің
орнына көп нүкте қойылған
мәтін түрлері берілді. Бұл
тапсырманы орындау барысында студент мәтін мазмұнын
түсінуге ұмтылады, мәтін мазмұнын түсінбей
сөздерді байланыстыратын қосымшаларды
көп нүктенің орнына қоя білу мүмкін емес.
Мәтінді түсіну үшін, оны өзі білетін тілге
аудару қажет. Бұл жағдайда студент білімін
екі жақты жетілдіреді. Біріншіден, қазақ
тіліндегі сөздің өзі білетін тілдегі
баламасымен танысса, екіншіден қандай
қосымшаның қандай мақсатта қолданылатына
көзі жетеді.
Студенттің
жазбаша сөйлеу тілін дамытуда
екі тілге аударылған мәтін
түрлерін салыстыра отырып, оны
өз сөзімен қазақ тілінде жеткізуге
дағдыландыру әдісін де қолданамыз. Бұл
орайда студенттерге Абайдың қара сөздерін
ұсынамыз. Абай шығармаларының жинағында
бұл қара сөздер қазақ тілінде де, орыс
тілінде де берілген. Екі тілде бұл сөздерді
салыстыра оқыған студент, сол сөзден
алған түсінігін өз сөзімен беруге ұмтылады.
Әрине, жазбаша ойын жеткізуде қателіктер
болады, оқытушы бұл қателіктерді түзетуге
дер кезінде ақыл-кеңес беріп отырса, студент
келесіде ондай қателіктерді қайталамайды.
Студенттің
өзіндік ізденуіне викториналық сұрақтар
ойынын ұйымдастыру да өз әсерін тигізеді.
Сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін студенттің
көп оқуы, ізденуі қажет. Себебі бұл –
жарыс.
Викториналарды
әр түрлі өткізуге болады.
1. Сұрақтарды
ертерек беріп қойып, соған
студенттердің жазбаша түрде жауап беруі.
2. Сұрақтар
ауызша қойылады да, студенттер
сол арада жауап береді.
3. Сұрақтар
жазбаша беріледі де, сол арада
жазбаша жауап береді.
Мазмұнына
қарай викториналық сұрақтар
екі түрлі болуы мүмкін.
1. Пән бағдарламасы
бойынша, өтілген материалдар бойынша сұрақтар.
2. Оқу бағдарламасынан
тыс танымдық сұрақтар.
Мұнда студенттің
логикалық ойлау қабілеті шыңдалады
әрі өз ойын шапшаң жеткізу
үшін сөздерді, сөз тіркестерін
тиімді пайдалану дағдысы дамиды.
Студенттердің
өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда басқа
да жұмыс түрлерін, білім берудің көптеген
әдіс-тәсілдерін қолдануға болады. Бұл
үшін қазақ тілін өзге тілді аудиторияда
жүргізетін оқытушының шеберлігі, ізденімпаздығы,
ең бастысы, өз тіліне деген сүйіспеншілігі
басты орында тұруы қажет.
II-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ
2.1 Студенттердің
өздік жұмыстарын ұйымдастыру
мен басқаруды дамыту жолдары
Оқытушының,
студенттердің өздік жұмыстарына
(СӨЖ-на) басшылық жасаудағы басты
құралдарының бірі – нысанды тапсырмалар жүйесінің
кешені.
Ол студенттің
барлық танымдық іс-әрекеттерін
бағыттап және реттеп отыруға
ықпал жасайды. Бұл бағдарламада
жұмыс жоспары, оқу мақсаты,
түсіндіру, түсініктеме, баяндау
және қойылған қызметке жалпы
келістің жолдары, өздік жұмыстары, жауаптар және өзін-өзі
бақылау үшін бағдар, тағы басқа тұжырымдалған.
Басқаша айтқанда, бұл НТЖ-да психология
курсының әрбір тақырыбы бойынша әр студентті
белсенді өздік танымдық қызметке тарту
үшін алдын-ала жоспарланған және студент
біртіндеп алатын нәтижелер қамтылған.
Бұл НТЖ құрастырудың психологиялық діңгегі
әуелі студенттің дидактикалық міндетті
шешуге үлгі бойынша репродуктивтік әдістерді
ұғынуы мен игеруі, сонан соң бұрын белгісіз
нәтижеге қол жеткізудің жаңа жолдарын
іздестіру және ең ақырында психология
мазмұнын құрайтын іс-әрекеттердің әдістері
мен білімді меңгеру негізінде жаңа тапсырмаларды
орындай отырып, шығармашылық қызмет тәжірибесін
жинақтау болып табылады.