Студенттердің өзіндік жұмыстарын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: « ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» – деді [1, 18-19 бб.].

Содержание работы

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………..3
I-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері…………………………………………………………………………………………………….6
1.2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері……………………………………………………………….11
II-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
1.3 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары……………………………………………………………………………………….18
1.4 Студенттерге оқытуды ұйымдастырудың түрлері…………………….27
2.3 Студенттердің әлеуметтік-саяси
әлеуеті………………………………………………………………………………………………..42
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………49
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….53

Файлы: 1 файл

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.doc

— 219.00 Кб (Скачать файл)

 Өздік жұмыс  НТЖ құрастыру процесінде біз  кәсіби біліктің баянды қалыптасуы факторларын эксперимент арқылы дәлелдедік, көрсетілген кәсіби білікке баулу ұзақ уақытты талап етеді, сондықтан оны мүмкіндігінше ерте бастаған жөн. Төменгі курс студенттерінде кәсіби міндеттерді шешу үшін жеткілікті білім базасы жоқ, олардың танымдық белсенділігі енді ғана орнығу сатысында болады. Осыған байланысты басты міндет оқыту процесін ұйымдастырушы оқытушыларға жүктеледі. Студенттің әрі қарай маман ретінде толысуы, олармен жұмыс істеудің әу баста қалай қойылғанына байланысты болады. Өкінішке орай, студентке тапсырма қалай болса, солай берілетін жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, бір типтегі тапсырмалар немесе сабақтар. Бұл жағдайдың жетекшілері сол тапсырмаларды орындағанда студенттерде қандай білік жүйесі қалыптасу керектігіне онша мән бермейді. Кейде студенттерге жоғары кәсіби білім талап ететін күрделі тапсырмалардың бірден беріле салатындығы жасырын емес. Бұл жерде мынадай ой бой көтереді: студент аз уақыт ішінде неғұрлым көп тапсырманы өз бетінше орындаса, жаңа материалды көбірек оқып үйренсе, одан жақсы маман шығады. Кері жағдайда оған уақыт шығын қылудың қажеті жоқ. Бұл екі келіс те теріс нәтижеге алып келеді. Бірінші жағдайда студенттің танымдық қызығушылығы күрт төмендейді, ал екінші жағдайда тапсырманы орындай алмаған студент өз күшіне деген сенімділікті жоғалтады. Нәтижесінде оқу процесіне, кейде тіпті таңдаған мамандығына қызығушылық жоғалады. Ең бастысы, екі жағдайда да танымдық белсенділік төмендейді. Сондықтан НТЖ-сін құрастырғанда студенттің білік пен дағдысының даму деңгейіне орай «қарапайымнан-күрделіге» қағидасын ұстану қажет. Жоғары сапалы әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандыру студенттің оқу материалын толық игеруіне жеткіліксіз болады. Себебі танымдық іс-әрекет тәжірибесі, назар аудару деңгейі, жауапкершілікті сезіну студенттердің тапсырмаларды, нұсқауларды, басшылық құралдарда көрсетілген бағдарларды орындамауы жиі байқалады. Көп жағдайда студенттер мәтінді атүсті қарап өтеді, оны шала қабылдайды, мәтінді сөзбе-сөз көшіріп алады. Демек, өздік жұмысты орындауды олар осылайша түсінеді. Былайша әрекет жасау білім мен білік мазмұнын және оны игеру бойынша жұмысты өз бетінше белсенді оқып үйренуге ұласпайды, керексіз жүк болып қалады.

 Міне, осы  тұста студенттің оқу құралы  және мәтінімен жұмыс істеуде  жағымсыз ауытқуларын көре білетін  тәжірибелі, білгір оқытушы керек болады. Ол жұмыс мақсатын дұрыс түсінбеген және өз жұмысын тиімсіз ұйымдастыратын студенттердің өздік жұмыс істеу процесіне дер кезінде араласуы тиіс. Ол үшін оқытушы қолында студенттерді өздік танымдық іс-әрекетке тарту құралдары, көрнекіліктің қосымша топтамалары болу керек. Оқытушының негізгі әдістері НТЖ нұсқаулары бойынша тиімді жұмыс істеу тәсілдерін өзі көрсете отырып, студенттерді соған баулуы қажет. Онымен қоса, оқу құралдарында көрсетілмеген, бірақ студенттерге түсінікті және қабылдауы онша қиындық келтірмейтін іс-әрекеттерге тарту тәсілдерін де пайдалануға болады. Сабақ үстіндегі студенттер жұмысын басқаруға көмектесетін қажетті құрал, оқу құралы мәтіні мен студенттің тиімді жұмыс істеу мысалдары, ережелері бар қосымша бағыттамалар болып табылады. Ондай көрнекі құралдар студент санасына әсер ету арқылы СӨТҚ-ның тиімді болуына ықпал етеді, ол басқа да арнайы білім және біліктерімен бірге психология курсының мақсатына енуі қажет.

 СӨТЖ тікелей  басқару бойынша жүргізілетін оқыушының түзетуші-реттеу қызметі әр студент оқу материалын қабылдау, ұғыну және игеруге, оны өзінің болашақ кәсіптік қызметінде қолдана алу білігі деңгейіне дейін өз бетімен және саналы ұмтылыс жасай алатындай етіп бағытталуы керек.

 Педагогикалық  әдебиеттерде «педагогикалық басшылық» термині оқытушының оқу-тәрбие процесіндегі негізгі міндеттерді орындауы, сонымен қоса студенттердің барлық саладағы танымдық жұмыстарын жоспарлау, бақылау, ынталандыру және басқару жүйесі деп түсініледі.

 СӨТЖ-на педагогикалық басшылық психологиялық циклдегі пәндерге оқып үйренгенде, сонымен бірге студенттердің белсенділігі мен өздік ізденімпаздығын, танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін дамытуға ықпал жасайтын белсенділігі түрлі психологиялық және логикалық жаттығуларды орындағанда, педагогикалық практика кезінде, оқу-зерттеу жұмыстарын (ӨЗЖ) және ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) орындауда жүзеге асырылуы мүмкін. СТҚ-ні педагогикалық басшылық жасауға барлық курс студенттері, әсіресе 1-2 курс студенттері керек ететіндігін атап өту керек. Осыған байланысты оқытушы дәрістерге және зертханалық-практикалық сабақтарға қалай дайындалу керек, әдебиеттерді қалай таңдау керек, конспектіні қалай жазу керек, күн режимін қалай ойластыру керек және тағы басқа нұсқаулар беруі тиіс. Онымен қоса СОТҚ-ін жетілдіру үшін оң және теріс факторлар терең зерттелуі қажет. Осы себепті психология курсын оқып-үйрену процесінде СӨТҚ-не басшылық жасаудың тиімділігіне әсер ететін кейбір аспектілерді қарастырайық.

 Кез-келген  еңбек процесін тиімді ұйымдастырудағы басты міндет – оған аз шығын жұмсай отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізу екендігі көпке мәлім. Осындай міндет СӨЖ-ын ұйымдастыруға да қойылады: СӨТҚ-не аз шығын шығара отырып, оның қалыптасуының жоғары нәтижесіне қол жеткізу. Шығындар ішінде оқытушы үшін де, студент үшін де уақыт шығыны да ерекше орын алады. Студенттің оқып-үйренуде мейлінше мүмкін нәтижелер алуға деген ұмтылысы, белгілі бір уақыт жұмсаумен байланысты болады. Ол уақытты үнемдеу өз кезегінде оқыту нәтижесінің төмендеуіне әкеліп соғады.

 Сонымен  СӨТҚ-ін ұйымдастыру әдістемесінің  проблемалары студенттік өздік  жұмысқа жұмсалған уақыт мөлшерімен  байланысты болады. Уақыт шығынын  ескермей СӨТҚ-не талаптарға барабар  ұйымдастыру мүмкін емес. Осыдан  бірінші орынға оңтайландыру  тәсілі көтеріледі. Қажетті нәтижеге жету үшін керекті оқыту нәтижелері мен уақыт шығыны оңтайландыру параметрі болып табылады. Әңгіме ЖОО психология курсын оқытудағы оқу процесін жандандыруда(интенсификациялауда) болып отыр. Бұл жерде оқытуды интенсификациялау оқыту процесіндегі көп күш жұмсау, оның даму қарқынының артуы ретінде түсіндіріледі. Ол өз кезегінде аз уақыт ішінде оқытуға жоғары нәтижеге жетуге деген ұмтылысқа байланысты болады. Оқытуды интенсификациялау әдетте, алынатын оқу нәтижелерінен мейлінше жоғары баға алуға бағдарланады.

 Оқыту процесінің  интенсивті формасы оқу пәні  бойынша бағдарламалық материалға  студент өте аз уақыт жұмсаумен  және жоғары нәтижеге жетуге  бағытталған құралдардың аз санын  пайдаланумен сипатталады. Оқытуда  интенсификациялау студенттердің өздік қызметін оңтайландыру міндетін шешуге ықпал етеді.

 Басқарудың  дидактикалық категория ретіндегі  тиімділік маңызы оқытушы мен  студент арасындағы дидактикалық  қатыстары жүйесінде тамыр алады.

 Оқытушы  мен студент арасындағы дидактикалық  өзара қатысты қарастырайық. Оқып үйренушінің жемісті танымдық қызметіндегі ойлау операцияларының келесі кезеңдері ажыратылады:

1) проблемалық  ахуалдың туындалуы,

2) қиындықтың  мағынасын мойындау және проблема  қою,

3) шешу тәсілін  табу немесе ұйғарым жасау  және болжамды негіздеу,

4) болжамды  дәлелдеу,

5) проблеманы  шешудің дұрыстығын тексеру.

 Осы тұрғыдан  проблемалық ахуал жағдайында  өздік танымдық іс-әрекетті белсендіру  тетігін студенттің оқу проблемасын  шешудің негізгі немесе барлық  кезеңдерін өз бетімен жүріп  өтуі ретінде көрсетуге болады.

1 — кесте

 Оқытушы  қызметі Студент қызметі

1.Проблемалық  ахуал туғызады.

2. Студенттердің  қойылған проблема бойынша ойлануын  ұйымдастырады.

3. Қойылған  проблема шешімінің ақиқаттығын  дәлелдеуді ұсынады.

4. Қажет болған  жағдайда нақтылаушы міндет қояды. Студент тапқан проблема шешімін нақтылайды немесе жалпылайды.

5. Жаңа білімді  бекіту мақсатында сұрақтар қояды,  білімді практикада қолдану бойынша  тапсырмалар ұсынады. 1. Қиындықты  қабылдайды және түсінеді.

2. Проблемалық  ахуалды ажыратып көрсетеді және оны тұжырымдайды (мүмкіндігінше кәсіби тілде)

3. Шешудің болжамын  көрсетеді.

4. Проблеманы  шешудің болжамын дәлелдейді  немесе теріске шығарады.

5. Проблеманың  табылған шешімінің ақиқаттығын  тексереді.

 Бұл өз  кезегінде өздік оқу қызметіне басқаша қарауға мүмкіндік туғызады, себебі бұл жағдайдағы оқыту барынша толықтылықпен сипатталады (оқытудағы проблемалық деңгей жоғары болады).

 Оқытушы  қызметі мен студент іс-әрекеті  өзара қатысты кестесінен студенттің  оқып үйренудегі ӨТҚ-ің қалыптасу деңгейінен оқыту қандай проблемалық деңгейде жүргізілетіндігіне тәуелді болатындығы көрінеді. Оқып үйренудегі ӨТҚ қалыптасуының ең жоғары деңгейіне сәйкес келеді.

 Болашақ  маманды дайындауда үзіліс және  сәйкессіздік болмауы керектігін  практика дәлелдеп отыр, әсіресе мұның болашақ психологтарды дайындауда мәні зор. Бұл жерде бәрі де, оқыту әдістері мен оқытушының реттеуші қызметтерінен бастап, оқытудың сәйкес формалары мен құралдарына дейін ескерілуі қажет.

 Оқытудың  белсенді формалары мен әдістерінің арасындағы, біздің ойымызша, ең тиімділері: инновациялық дәрістер топтамасы, практикалық сабақтар, іскер ойындар (мәні нақты және шартты ахуалдарды имитациялау болатын) болып табылады.

 Имитацияланған  сабақтардың кейбір белгілерін  қарастырайық. Ол нақты жағдайды имитациялайтын ахуалдардың бар болуымен ерекшеленеді және келесі белгілермен сипатталады: күрделі міндет немесе проблеманың болуы; қойылған міндетті (проблеманы) ескере отырып, нақты сұрақтарды мөлшерлеу.

 Имитациялық  жаттығулар үшін имитацияланған сабақтар жүйесі пайдаланылады. Оқытушы студенттің танымдық іс-әрекетінің барасын қадағалап отырады, жауаптың дұрыстығын талдайды және т.б.

 Мұндай сабақтардың  нәтижесінде студент тек білім  ғана емес, сонымен қатар білік  пен дағды да жинақтайды. Танымдық қызмет имитациялық модельдеу, проблемалық міндет (тапсырма, жаттығу) болуымен сипатталады және оны студенттерге оқытушы хабарлайды. Оқып үйренушілер топтарға бөлінеді, ғылыми кеңес отырысында олар проблеманы шешу жолдарын жұрт алдында қорғайды. СӨТҚ-ін ұйымдастырудың негізінде бір іргелі ұғым, заң немесе құбылыс жататын оқытудың модульдік технологиясы үлкен роль атқарады. Әрбір жекелеген модуль басқа модульдермен (пәнішілік немесе пәнаралық) өзара байланыста болады. Бір модульді игермей, курсты толығымен оқып үйренуде табысты алға жылжу мүмкін емес. Әр модульдің материалы алдыңғы модульге негізделеді, оны жүйелейді және бекітеді.

 Дәріс кезіндегі  СӨЖ-ң тиімділігі бірнеше факторға  тәуелді болатыны мәлім: уәждер  жүйесі, әр студенттің өз бетінше  жұмыс істей білу деңгейі, оқытушының кәсіби біліктілігі және тағы басқалары. Дегенмен бірінші орынға ұтымды ұйымдастыру факторы қойылады. Басқаша айтқанда дәріс оқыту процесі барлық кезеңде студенттердің жаңа білімге қызығушылығын оятатын танымдық тапсырмаларға (міндеттерге), проблемаларға бай болуы керек.

 Осы міндеттерді  шешу мақсатында біз инновациялық  будандастырылған дәрістер топтамасын  пайдалануды ұсынамыз:

- проблемалық  дәріс. Оның барысында оқытушы  СТҚ-ін белсендіретін проблемалық  ахуалдар қояды;

- визуалдық дәріс. СТҚ-ін графиктер, схемалар, суреттер, т.б. арқылы белсендіру;

- жұптық дәріс  – екі оқытушы бір дәрісханада,  бір тақырыпқа бірлесе оқитын  дәріс;

- дәріс-конференция  – дәрісханада бірнеше оқытушы  студенттер сұрақтарына жауап  береді,

- ақыл-кеңес түріндегі дәріс оқытушы студенттерді консультация кезінде белсендіруге мүмкіндік туғызады;

- арандатушы  дәріс алынған білімді таңдай  алу біліктілігін қалыптастыруға, жаңа материалға бағдарлануға, алдын-ала  жопарланған қателіктерді бағалауға  мүмкіндік туғызады.

- ауызекі дәріс  оның барысында сұрақтар қойылып  тыңдаушының белсенділігін арттыра  отырып жауап беруі тиіс;

- имитациялық  дәріс (іскер ойындар) барысында  оқытушы нақты шындықты имитациялайтын  ахуал туғызады, миға шабуылдау  тәсілімен студенттердің қойылған тапсырманы (міндетті) шешуіне қол жеткізеді.

 Жан-жақты  дамытылған маманды даярлау мақсатында  дәрісханадағы сабақтарда проблемалықты  қолдану (оқытудың репродуктивтік  әдісімен қатар) қажет. Оған  жартылай ізденіс, эвристикалық  және зерттеушілік сабақтары жатқызылады. Біз психология курсын оқып үйрету процесінде осы әдістерге басымдылық береміз.

 Дәрісханалық  сабақтарда СӨТҚ-ін ұйымдастыру  процесіндегі оқытушының алдына  қойылатын негізгі міндеттерді  анықтайық:

- оқу тәрбие  жұмысының бүкіл жүйесін тиянақты ойластыру қажет;

- студенттердің  ӨТҚ-не басшылық ету процесіне  білімді сапалы және толыққанды  игерудің ішкі шарты болып  табылатын студенттердің ойлау  қызметін дамыту қажет;

- болашақ педагогтарды  өздік шығармашыл қызметке, рухани  және материалдық құндылықтарды тануға (тұлғаға бағдарланған оқыту) белсенді атсалысуға даярлау қажет;

- СӨТҚ-ін педагогикалық  басқаруды олардың жаңашылдық  және белсенділігін дамытумен  үйлестіре білу; дәрісханалық сабақтарда  даралап оқытудың да, топпен оқытудың  да формаларын қолдану.

 Дәстүрлі  емес дәрістердің имитациялық  моделі (іскерлік ойындар) дәстүрлі  дәрістерге бәсекелестік туғызатындығын  айта кету керек (соңғысы оқытудың  белсенді формасына жол береді). Оқыту формасының қайсысының  болмасын өзіндік ерекшелігі  бар екендігі мәлім (2 — кесте).

 

2 — кесте

 

Дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістердің басты ерекшеліктері

 

Дәстүрлі Дәстүрлі емес

 Оқу материалы  дайын күйде беріледі, оны оқытушы  жүйелейді.

 Оқып үйрену  жүйесіне қарағанда оқытудың  басым болуы.

 Тыңдаушылармен  кері байланыстың болмауы.

 Ойлау қызметінің  әлсіз болуы немесе тіптен  болмауы.

 Оқытушының  СТҚ-не жартылай бақылау жасауы.

 Жай-күй формальді,  академиялық түрде. Материалды  әрі қарай тыңдаушы жүйелейтіндей  түрде беру.

 Оқыту жүйесіне  қарағанда оқып үйренудің басым  болуы.

 Кәсіби ойлаудың, практикалық іс-әрекет дағдыларының  дамуы.

 Тыңдаушылармен  тығыз байланыс орнатылған іс-әрекет.

 Кезеңмен  бағалау және оқу материалын  игеруді толық бақылау.

 Жай-күй формальді  емес, студентердің ойлау қызметіне  ықпал жасайды.

 

СӨТҚ-н белсендіру бойынша жұмыс процесінде оқытудың бірізділігі мен жүйелілігі ескерілуі тиіс, яғни дәрістік сабақтарда алынған деректер кәсіптік біліктің дамуына ықпал етуі қажет. Оларды қалыптастыру міндеті практикалық және зертханалық сабақтарда, топтық және дербес ӨЖ-р процесінде ерекше орын алуы керек.

Информация о работе Студенттердің өзіндік жұмыстарын басқару