2.2 Студенттерге
оқытуды ұйымдастыру түрлері
Жоғарғы
мектептерде оқытуды ұйымдастырудың
әр алуан түрлері бар: лекциялар,
практикалық оқулар және оның
түрлері – просеминар, семинар,
арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше
жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары,
өндірістік және педагогикалық практика
және басқалар. Дидактикада олар студенттердің
белгілі бір дидактикалық міндеттерді
шешуі үшін танымдық қызметтік басқару
тәсілдері ретінде түсіндіріледі. Сонымен
қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс,
оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде
болады, өйткені олар оқытудың мазмұны
мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі
студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін
жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.
Жоғары мектептерде
оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық
және дәрісханадан тыс жолдармен
іске асырылады, олардың әрқайсысында
студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың
жаппай, топтық және жеке түрлері
қолданылады. Оқу пәнін ұйымдастырудың
дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға
болады.
3 — кесте
Оқу процесін
ұйымдастыру түрлері
Теориялық дайындыққа
бағытталған Практикалық жұмыстарға
бағытталған
лекция,
семинар,
өз бетінше
жұмыс,
конференция,
кеңес беру
практикалық оқулар,
курстық
жобалау,
дипломдық жобалау,
практика,
іскерлік
ойындар
Лекция. Жоғары
мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде
– дүниеге келуінен бастап, бүгінгі
күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың
жетекші формасы болып табылады.
Студенттің оқу пәнімен алғашқы
таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық
пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің
негізін қалайды.
Жоғары оқу
орындарындағы лекция – оқытудың
дидактикалық циклінің басты
буыны. «Лекция» сөзінің негізінде
латынша «lektio» оқу деген сөзі
жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі
Римде және орта ғасырларда әрі қарай
дамыған.
Жоғары оқу
орындарындағы лекция – дәріскердің
дәрісханамен шығармашылық қатынасы,
осындай қатынастардың тиімділігі,
танымдық және эмоциялық тұрғыдан
алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда,
өте жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға
қайталанбас, күшті әсер қалдыратын, айрықша,
тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен
қатар, лекция білім негіздерінің сараланған
түрін және оқу материалына бағыт алуда
өте үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз
керек.
Егер лекция ойлау
қызметінің белсенділігін арттырған
жағдайда, онда оқылатын жаңа
оқу материалын студенттер жақсы
меңгереді. Сондықтан лекцияда
ең басты нәрсе – тыңдаушылардың
ынта-ықыласын арттыру, олардың
ойының дәріскер ойына ерісіп отыруы.
Студенттерге жалпы
әсер етудің арқасында оқу
материалын жеткізудің лекциялық
тәсілі, әзірге, дәріскердің өзінің
ықпалы мен дәрісханамен байланысы
арқасында ешқандай басқа әдістермен
ауыстырылмайды. Студенттердің танымдық
қызметін ұйымдастырудың бұл жетекші
түрінің барлық әлуеттік мүмкіндіктерін
лекцияда толық мүмкіндігімен пайдалану,
оларды ғылыми ойлау жүйесіне және дәріскердің
ғылыми мектебіне тарту – оқытушыға байланысты.
Лекция төмендегі
дидактикалық міндеттерді орындайтын
сабақтың негізгі формасы:
- оқытудың міндеттерін
белгілеу және негіздеу;
- жаңа білімді
игеру үшін ақпарат алу;
- санаткерлік
білігі мен дағдысын қалыптастыру;
- теориялық
талдауға қызығушылығын қалыптастыру,
- оқытылатын
пәнді басқа пәндермен үйлестіру.
Лекцияны
даярлау және оқу: әдістемелік
аспект. Қазіргі уақытта жоғары
оқу орындарында лекция қанағаттандыруға
тиісті жалпы талаптар қалыптасқан:
сабақ берудің идеялық бағыттылығын
қамтамасыз ету; ғылымилық және ақпараттық, яғни
студенттерге қазіргі ғылыми деңгейде
ашылатын белгілі бір ғылыми ақпаратты
жеткізу; дәлелділік және қисындылық,
құжаттар мен ғылыми дәлелдемелердің
айқын бұлтартпас мысалдарының, фактілерінің
және негіздемелерінің болуы; мазмұндау
түрінің эмоциональдығы; тыңдаушылардың
ойлау белсенділігін арттыру; ретімен
қаралатын мәселелердің нақты құрылымы
мен шешу логикасы; әдістемелік өңдеу
– басты ойлар мен жағдайларды әр түрлі
әдіспен қайталау; түсінікті тілмен оны
мазмұндау, жаңадан енгізілген барлық
терминдер мен атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше
дидактикалық есіту-көру материалдарын
пайдалану.
Лекциялар
бір-бірінен баяндалатын материалдың
мазмұны мен сипатына байланысты
ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен, әрқашан
да кейбір жалпы әдістемелік жағдайларды ұстану пайдалы
болады. Ең алдымен, бұл – тыңдаушыларға
лекцияның жоспарын хабарлау, кейіннен
мұны міндетті түрде қатаң қадағалап отыру.
Жоспарға, негізінен, лекцияның негізгі
түйінді мәселелерінің атаулары енгізіледі,
бұл кейіннен емтихан билеттерін жасауда
пайдалануы мүмкін.
Лекциялардың
негізгі міндеттеріне қарай төмендегі
түрлерге бөлуге болады:
Кіріспе,
мотивациялық, даярланған, кіріктірілген,
бағдар беру, шолу.
Лекцияның
дидактикалық элементтерін бөліп
көрсетейік: 1) лекция материалдарын баяндау әдістері;
2) студенттердің
бұрынғы білімдерінің жиынтығы;
3) лекция материалдарының
мазмұны мен құрылымы;
4) студенттердің
жаңадан алған білімдерін бақылау;
5) оқу әдебиеттері
және оқытудың техникалық құралдары
(ОТҚ).
Жоғары оқу
орындарында оқылатын лекциялардың кей
түріне ерекше талаптар қойылады. Мысалы,
кіріспе лекциялар студенттерді курстың
мақсатымен, міндетімен, мамандар оқитын
оқу пәндері жүйесіндегі оның ролімен
және орнымен таныстыру сипатында, курсқа
қысқаша шолу түрінде болуға тиіс. Дәріскер
ондай лекцияларда оқылатын ғылымның
мәні мен әдістерін анықтап қана қоймайды,
сонымен қатар ғылыми мәселелер қояды,
болжамдар ұсынады, ғылым дамуының болашағын
және практикаға қолданылуын көрсетеді.
Кіріспе лекцияларда теориялық материалдардың
қоғамдық практикамен, студенттердің
жеке тәжірибесімен және олардың болашақ
жұмыстарының практикасымен байланыстырудың,
ғылым тарихындағы атауларын, оның өрлеу
және тежелген кезеңдерін айтудың, олардың
басқа аралас ғылымдармен байланысын
көрсетудің маңызы зор.
Кіріспе
лекцияда курспен жұмыс істеудің
жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа
ұсынылған оқулықтар мен оқу
құралдарының сипаттамасын беру,
қажетті әдебиеттер тізімімен
таныстыру, емтихан талаптары
мен басқа да курсты толықтыратын
оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай
кіріспе студенттердің курстың жалпы
мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі,
оларды лекциямен және арнайы әдебиеттермен
жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс
істеу әдістерімен таныстырады.
Тараудың
немесе бүкіл курстың соңында шолу жасау-қайталау
(біріктірілген) лекциялары, қосалқы материалдар
мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда,
сол курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын,
барлық теориялық қағидалардың негізгі
мазмұнын алуға тиіс.
Шолу жасау
лекциясы – сол оқылған лекция курсының негізгі жағдайларының
қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым
жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде
мұқият әзірленген материал есте жақсы
сақталатынын және жүйеден тыс берілген
фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі
негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен
сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын
оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу
жасау лекцияларында емтихан билеттеріне
енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды
нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы.
Жоғары оқу
орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған лекцияның
негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге
көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша
жазбаша түрге айналдыру және материалды
тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын,
белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің
лекциядағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.
Кейбір дәстүрлік
емес лекциялардың қысқаша сипаттамаларын
келтірейік.
Проблемалық
лекция шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын
оларды теориялық тұжырымдамалар
негізінде бейнелеу арқылы моделдейді.
Осындай лекциялардың мақсаты
– студенттердің өз бетінше білім
алуы.
Визуализациялық
лекцияның өзінің негізгі мазмұны
бейне түрінде беріледі (суреттер,
графиктер, сызбалар және т.б.).
ол пайымдаудың белсенділігін
арттыру және әр түрлі белгілік
жүйенің көмегімен ақпаратты
қайта кодтаудың тәсілі болып табылады.
Кеңес беру
лекциясы өзінің мазмұнын дәрісхана
сұранысы бойынша анықтайды. Мұндай
лекция тыңдаушылардың ынтасын
және дәріскердің шеберлік қабілетін
толықтай пайдалануға мүмкіндік
жасайды.
Әдейі шатастыру
лекциясы алдын-ала жоспарланған қателіктер арқылы ақпаратқа
талдау жасау, бағдарлау және оны бағалау
дағдысын қалыптастырады.
Ойын сәттері
қолданылатын лекциялар онда
оқушылар мәселелерді өздері
қалыптастырып, оны өздері шешуге
тырысады.
Бұл негізінде
проблемалық принциптері жатқан
біріккен лекциялардың жүзеге
асыруға шығармашалық тұрғыдан келуге
мүмкіндік жасайтын кейбір түрлері ғана.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда
оқыту ісінің мәні мынады: лекция түріндегі
ұйымдастыру нысанының көмегі мен оқу
процесін оқытушы есту арналары – құлақ-ми
арқылы және ақпарат қабылдаудың тиімдірек
арналары – көру, яғни көз-ми арқылы қабылдайтындай
етіп беріледі. Сондықтан лекцияны тек
тыңдап қана қоймай, дәріскердің ізінше
тақтадағы формулалардың, суреттердің
сызбасын жүргізу керек. Лекцияның басты
кемшілігі – мұнда әрбір оқушының қабылдау
қабілетін ескеруге мүмкіндік болмайды,
қабылдау жеке адамға ғана қатысты, сондай-ақ
көп жағдайда кері байланыс та болмайды,
соның негізінде оқытушы әрбір студенттің
оқу материалын меңгеру деңгейіне қорытынды
жасайды. Бұл кемшіліктер оқытудың практикалық
түрлерінде жойылады.
Лекцияның
сапасын бағалау. Көп жағдайларда
лекцияның сапасын бағалау қажеттігі
туындайды. Бағалау үшін арнайы
бөлінген сұрақтар оқытушының
өз лекциясын жетілдіру мақсатында
да оған баға беруге де, жекелеген жағдайларда
себептерді анықтау үшін де көмектеседі,
ашық лекцияларды, оқыту әдістерін және
дәріскердің шебеолігін талқылау жоспары
да пайдалы. Т.А. Ильина дайындалып жатқан
немесе оқылған лекцияларды бағалауға
негіз болатын негізгі факторларды бөліп
көрсетті.
Лекция оқу
әдістемесі. Лекцияның анық жүйесі
және мазмұндау логикасы, жоспардың
болуы, оған қатал бағыну, жоспардан
ауытқу және т.б. Тақырыпқа
байланысты әдебиеттерді айту
– лекцияның басында, оның
барысында немесе соңында; негізгі
және қосымша немесе тек негізгі
әдебиет беріледі; ұсынылған әдебиетті
таңдаудың дұрыстығын бағалау және т.б.
Барлық жаңа терминдердің және ұғымдардың
ұғымдылығы мен түсініктілігі. Дәлелділігі
мен қисындылығы. Негізгі ойлар мен түйіндерді
бөліп көрсету. Пысықтау тәсілдерін пайдалану
– қайталау, түсінігін тексеруге сұрақтар
қою, игеру және т.б., лекцияның соңында
әр мәселені қарап болған соң, қорытындысын
шығару және т.б. Көрнекі құралдарды, оқытудың
техникалық құралдарын (ОТҚ) пайдалану.
Дәріскердің тірек материалдарды пайдалануы
және т.б.
Студенттердің
жұмысына басшылық жасау. Лекцияны
жазуға қойылатын талап және
оның орындалуына бақылау жасау.
Студенттерді лекцияны жазу әдістеріне
үйрету, оқыту, оларға бұл салада
көмек көрсету – оқу екпінін
өзгерту, жазуға, бөліп көрсетуге жататын материалды
жазу, екпінмен айту, графиктер сызу үшін
сәл кідіріс жасау және т.б. Лекция конспектілерін
қарау – лекция кезінде, соңынан, семинарлық
немесе практикалық сабақтарда. Ынта-ықыласты
қолдау тәсілдерін пайдалану – риторикалық
сұрақтар, әзілдер, көрші облыстарға саяхаттар,
ескертпелер. Дәріскерге сұрақ қоюға рұқсат
сұрау – лекция барысында, лекциядан кейін,
жазбаша түрде, ауызша және т.б.
Дәріскерлік
қабілеттер. Пәнді білу. Идеялық
сенімділік. Сезімталдық, дауыс,
дыбыс ырғағы (дикция). Сөздің анықтығы, дұрыстығы.
Сыртқы келбеті. Тыңдаушылар алдында өзін
ұстай білу. Тыңдаушыларды көре және сезе
білу, онымен байланыс орнату.
Лекцияның
нәтижелері. Лекцияның ақпараттық
құндылығы. Тәрбиелік әсер. Дидактикалық
мақсаттарға жету.
Жоғары мектептердегі практикалық
сабақтар. Жоғары мектептердегі оқыту
процесі қайсыбір пәнді тереңдетіп оқытуға
арналған практика-сабақтарды қамтиды.
«Практикалық сабақ» термині педагогикада
зертханалық жұыстардан, жаттығулардан,
әр түрлі семинарлардан тұратын, жинақтайтын
тектес ұғым ретінде пайдаланылады. Дәрісханада
өтетін практикалық оқулардың студенттердің
оқытушылармен бірлескен қызметінде практикалық
міндеттерді шешу үшін алған білімдерін
пайдалану дағдысын қалыптастыруда маңызы
зор. әр түрлі практикалық сабақтар академиялық
жүктемелердің ең сыйымды бөлігі болып
табылады. Төменгі курстарда практикалық
сабақтар жүйелік сипатта болады, олар
әрбір немесе екі-үш лекцияның соңынан
үнемі өткізіліп отырады. Күндізгі және
кешкі бөлімдерде, барлық лекциялық курс
және оның негізгі, күрделірек бөлімдері
лекциялар мен практикалық сабақтар арқылы
өтеді, олар лекцияда басталған жұмыстарды
іштей жалғастырады.
Егер лекция
ғылыми білімнің жалпы түріндегі
негізін қаласа, практикалық сабақтар
осы білімдерді тереңдетеді, кеңейтеді, бөліктерге жіктейді,
кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыруға
ықпал етеді. Практикалық сабақтар студенттердің
ғылыми ойлауы мен оны өз сөзімен жеткізу
қабілетін дамытады, олардың білімін тексеруге
мүмкіндік жасайды, осыған орай, жаттығулар,
семинарлар, зертханалық жұмыстар мейлінше
жедел кері байланыстың маңызды құралы
ретінде саналады.
Практикалық
сабақтардың жоспары – пәнді
оқыту жоспарының бір бөлігі.
Ережеге сәйкес, ол кафедраның
мәжілісінде талқыланады және
лекция курсының негізгі ғылыми
идеялары мен жалпы бағытына жауап
бере отырып, кафедраның барлық оқытушыларына
ортақ болып табылады. Алайда, бұл оқытушылардың
бастамасы мен педагогикалық шығармашалығы
кафедра жоспарына байланысты болады
дегенді білдірмейді. Практикалық сабақтардың
әдістемесі оқытушының тәжірибесі мен
әдістемелік тұжырымдамасына байланысты
әр түрлі болуы мүмкін. Мұндағы маңызды
нәрсе: студенттердің оқу жұмыстарында
білімді меңгеруіне жағдай жасау.