Студенттердің өзіндік жұмыстарын басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 12:37, курсовая работа

Описание работы

Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: « ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» – деді [1, 18-19 бб.].

Содержание работы

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………………..3
I-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері…………………………………………………………………………………………………….6
1.2 Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері……………………………………………………………….11
II-Тарау. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
1.3 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары……………………………………………………………………………………….18
1.4 Студенттерге оқытуды ұйымдастырудың түрлері…………………….27
2.3 Студенттердің әлеуметтік-саяси
әлеуеті………………………………………………………………………………………………..42
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………………………………49
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….53

Файлы: 1 файл

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ.doc

— 219.00 Кб (Скачать файл)

 Соңғы кездері  ҚР Сыртқы Істер Министрлігі  де журналист қауыммен аптасына  бір рет брифинг өткізіп, еліміздің  сыртқы саясатындағы болып жатқан  өзгерістер мен ұстанымдарынан жұртшылықты хабардар етіп отыруды дәстүрге айналдыруда. Өз кезегінде аталған дәстүр жастардың сыртқы саясатымыздағы саяси сауатын, танымын арттыра түсуіне айтарлықтай ықпалы болатындығы сөзсіз.

 Мемлекетімізде  «Отан» саяси партиясының «Жастар қанаты», «Асар» саяси партиясының «жастар бөлігі» бүгінгі жастарды саясат әлеміне тарта отырып, олардың саяси танымын, саяси сана-сезімін қалыптастыра отырып, жастардың саяси белсенділігінің артуына ықпал етуде. 2005 жылдың желтоқсан айында өткен ҚР Президентін сайлау науқанына жастардың белсенді қатынасуын қамтамасыз ете отырып, өз кандидаттарына дауыс беруге шақырды. Сол сайлауда мемлекет тарапынан да халықтың саяси белсенділігін арттыру мақсатында өз сайлау учаскелеріне алғашқы келіп дауыс беретін 10 сайлаушыға және 18 жасқа жаңа толып, дауыс беруге бірінші рет қатысқалы тұрған жастарға заттай сыйлықтың ұйымдастырылуы халықтың саяси белсенді болуына әсер етті. Жұмысымыздың бірінші бөлімнің бірінші параграфында көрсеткеніміздей мемлекет бұл жерде саяси әлеуметтендірудің позитивистік көзқарасындағы «саяси алмасу» теориясын қолданып, яғни заттай немесе ақшалай сыйақы ұйымдастыра отырып, нәтижеге қол жеткізе алды.

 Қоғамдағы  қазіргі кездегі қайта құрулар,  экономиканы дамытудағы жаңа  стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Қазіргі қоғамда саясат пен білімнің өзара байланысы өзекті мәселе. Олай дейтініміз білім – қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты.

 Адам саяси  ықпалдан тыс, немесе саяси  өміргі араласпай қала алмайды.  Демек, оны осыған әзірлеу керек,  оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтендіру, яғни, саяси өмірді қалыптастыруға дайындау керек. Мұнсыз өздері нағыз реттеушілер, өз тағдырларын өздері жасаушы болған дамудың, демократияның, қоғамдағы адамдардың өмірлік ережелерін қалыптастыру туралы сөздің мәні жоқ. Біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғ. Аристотель саясат ұжымда, қоғамда ғана толыққанды өмір сүре алатын адамның табиғатына еніп кеткен, яғни «адам — өзінің жаратылысы бойынша саяси дүние» деп жазып кеткен екен [115].

 Қандай қоғам  болмасын саяси жүйесінің тұрақты  болуы үшін білім мен тәрбие  жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі. Білім мен саясаттың өзара байланысындағы әр түрлі қырларын теориялық және методологиялық талдауға сүйене отырып ашатын болсақ:

- білім –  мемлекеттің мүддесіне сай кадрлар  дайындаумен айналысады;

- білім –  мемлекеттің саяси жүйесінің бекіп, дами түсуіне көмектеседі, яғни, оқу-тәрбие жұмысының қай этаптарында болмасын (бала-бақша, мектеп, жоғарғы оқу орны) мемлекеттің ұстанған саясатын, бағытын насихаттайды.

 Ал сәйкесінше, мемлекет пен қоғам:

- білімнің тұрақты  түрде дамып және қоғамның белгілі бағыттарындағы күрделі тапсырмаларды шеше алатындай қабілетті болуына мүдделі;

 білім саласында  заңдар қабылдайды, қаржыландырады, қоғамдық қолдау білдіреді.

 Педагогикаға  қатысты айтылатын дәлелдерге  мыналарды келтіруге болады: бірнеше жылдар бұрын ЮНЕСКО-ның халықаралық комиссиясы «ХХІ ғасырдағы тәрбие беру туралы» атты әлемдік қауымдастыққа арналған баяндама жасап шығарған болатын. Онда әлем мәдениетінің барлық өкілдері болашақтағы білім алудың басты төрт принципін енгізген болатын:

 а) өмір  сүруді үйрену,

 ә) білуді  үйрену,

 б) бірдеңе  істеуді үйрену,

 в) бірге  өмір сүруді үйрену.

 Комиссияның  барлық мүшелері қоғамда бөтендермен  бірге өмір сүре алу туа  сала өздігінен пайда болмайды, алайда бір қоғамда өмір сүріп,  саясаттан тыс қалу мүмкін емес дегенді ұйғарып, төртінші принципті – басты деп санауға келісті.

 Әрине, оқу  орындарындағы негізгі тасымалдаушы  болып педагог табылады. Ол –  қоғамның саяси өмірінің католизаторы  мен интерпретаторы. Қоғамда өмір  сүріп саясаттан тыс қалу мүмкін емес және өзіңнің өмір сүріп жатқан қоғамыңда өз тағдарыңның иесі болуың керек дегенді түсіну көбінесе соларға байланысты. Және студенттің дайындық процесін мақсатты, белсенді және нәтижелі ету үшін педагогтарға жан-жақты әрі барынша көмектесіп, саяси тұлғаның қалыптасуына нақты жолдар, құралдар, әдістер, формалар беретін қандай да бір жинақы жүйенің болуы тиіс. Бұл педагогиканың негізгі міндеті болып табылады.

 Қазақстандағы  XX ғасырдың аяғындағы әлеуметтік  күйзелістер мен қоғамдық қайта  құрулар контекстіндегі жастар мәселесінің өршуі оқу орындарын қайтадан тәрбие институтына айналдыруға алып келді. Бүгінгі күні ғалымдар мен практиктер тәрбие бағыттарының ішіндегі жастарға азаматтық тәрбие беру мәселесінің өзектілігін тағы да алға шығарады. Бірақ та жастардың саяси дамуында педагогтардың рөлі мен орны туралы сұрақ «бұлыңғыр» түрінде қалып отыр.

 Мектеп және  оқу орындарына көмекші құрал  ретінде үлкен маңызын тигізетін  ғылыми-тәлімдік зерттеу жұмыстары,  тарих, саясаттану, мәдениет, философия,  социология, психология проблемаларына арналған оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар көптеп шығарылуда. 1995 жылы «Санат» баспанасынан профессор Қ.Б. Жарықбаев пен педагогика ғылымының докторы С. Қалиевтың студенттер мен орта мектеп мұғалімдеріне арнап жазған «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты оқулығы шықты.

1994 – 1995 ж.ж.  «Рауан» баспасынан қазақтың  Білім проблемалары институты  даярлаған 14 ғасырды қамтитын  «Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер»  антологиясының (құрастырушылар: Ж.  Қарықбаев, С. Қалиев) орысша-қазақша  томдары жарық көрді.

 Бұл аталғандар  ұлттық тәлім-тәрбие ісі мен  ғылыми зерттеу жұмыстарының  алғашқы бастамасы ғана. Алайда  арнаулы орта және жоғарғы  оқу орындарына арналған ұлттық  тәлім-тәрбие оқулықтары мен ұлттық  педагогика және психология тарихын  бүгінгі күн талабы тұрғысынан қарастырып жазылған монографиялық ғылыми-зерттеулер қажет-ақ. Осыған орай, алғашқы бастама ретінде, қазақ этнопедагогикасының өзіндік ұлттық ерекшеліктерін және оның саяси әлеуметтендіру немесе саяси педагогикамен принциптік сабақтастығын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан арнайы сөз етуді мақсат еттік.

 Ұшы-қиырсыз  жазира дала тұрғындары өздерінің  сан ғасырлар бойғы тарихында  жас ұрпаққа тәрбие берудің  бай тәжірбиесін жинақтау, ұлттық  өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып,  дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениетіне, тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемі белгіленді, оның мәні сегіз қырлы, «бір сырлы» шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу еді. Міне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгіштік, қиыншылыққа төзе білу, намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ата тегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы силау, құдайы қонақтың мәселін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмау болу т.б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда мүдделестік, өмірге көзқарастардың сәйкестігі кісілік қарым-қатынастар айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік қалдырмаған, психологиялық жағынан «бірауызды қауымдасқан жандар» үнемі өзінің рулық одағында еттене сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұстанады. Ал принциптер ұлттық психология мен ұлт мәдениетінің сипатын айқындайтын факторлар болды.

 Әр ұлттың  өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы  мен мәдениеті бар.ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады.

 Сондай-ақ, ұлттық  мәдени ерекшелігі сол халықтың  өмір сүру тәсілінен, діни-наным  сенімінен, әдет-ғұрыпынан, салт-санасы  мен дәстүрінен өзекті орын  алады.

 Осы тұрғыдан  қарағанда, ар мен намысты қасықтай қаны қалғанша қорғай білу, дархан көңіл, ақжарқындық пен адалдық, досқа деген мейірімділік қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық психологиялық ерекшелік қасиеті, философиялық ойлау жүйесінің негізі демекпіз.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашығы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.

 Тәуелсіз  мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін  терең түсінетін, өзінің білімі  мен іскерлігін жан-жақты қолдана  білетін мамандар қажет. Осы  айтылған міндеттер – мамандар  дайындайтын жоғарғы оқу орындарының  алдында тұрған негізгі мәселелер.  Өйткені халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр.

 Жоғарғы  оқу орнына түскен кешегі талапкерлер  студент болған соң, жоғарғы  оқу орны шарттарына орай бейімделу  кезеңінен өтеді. Бұл кезең өзінде жаңа әлеуметтік орта мен жоғары оқу орындарындағы оқу және ғылыми ізденістер, болашақ кәсіби қызмет шарттарына дағдылану жағдайларын қамтиды.

 Ұзақ жылдар  бойы студенттермен жұмыс жүргізу  нәтижесі барысында бірінші курс  студенттерінің көпшілігі кітап, лекция кнспектілерімен жұмыс істеу, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыру, пәндердің күрделілігін есепке ала отырып аудиториядан тыс орындалатын жұмыстарға берілетін уақытты тиімді пайдалана алмайтындығы анықталды. Осыған орай оқытушылардың басты мақсаты – бірінші курс студенттерін жаңа жағдай шарттарына бағдарлануға тәрбиелеу, оларды оқу және оқудан тыс уақыттарын тиімді пайдалануға үйрету, болашақ ісінің кәсіби шеберлігіне деген қызығушылық сезімін ояту. Сонымен қатар ұйымдастырушының әдеттері мен іскерлігін дамытудың қалыптасуына, кәсіби білімді меңгеру мен түрлі оқу тапсырмаларын өз бетінше орындауға ықпал ету.

 Кез келген  курс студенттері өзінің жас  ерекшелік және дара ерекшелік  қасиеттерінің дамуын бастан  кешірді. Осы ерекшеліктерді көп  ғұламалар зерттеген. Солардың бірі Л.С. Выготский болды. Ол дамудың өзара байланысқан екі өрісі – актуальды және іргелес өрісі болатынын дәлелдеді.

 Актуальды  даму өрісі адамның игеріп  үлгерген және соның негізінде  танымдық және басқа да мәселелерді  өзі дербес шеше алатын әдіскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз – баланың ертеңгі күні. Арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез келгенінің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал.

 Тақаудағы  даму өрісі актуальды даму  өрісімен өзара қызметтесе отырады.  Адам оны біртіндеп игереді.  Сөйтіп адам актуальды дамудың  жаңа сатысына көтеріледі де  тақаудағы дамуға жаңа өріс  ашылады. Соңғысын жақындаған сайын алшақтай беретін көкжиекпен салыстыруға болады. Алайда мұнда көкжиектің шексіз алыстай беруіне себеп болатын айырмашылық бар. Актуальды даму өрісі адамның жасы өскен сайын тақаудағы даму өрісіне жақындай түседі, яғни потенциалдық мүмкіндіктер өздерінің қалыптасуын тоқтатады.

 Психиканың  бүкіл саласының қалыптасуы адамның  белсенді қызметі өрістеуіне  мүмкіндік береді. Бұл процесте  ол, бірінші жағынан, өзінің іскерлігі  мен қабілетін нығайтып жетілдіреді,  жаңа дағдыларды игереді, екінші  жағынан, материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы жалпы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезеңін дамудағы іс-әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту кезеңі деп айтуға болады. Адамның потенциалдық күштері неғұрлым жан-жақты, үйлесімді болса, келешекте (есейген кезінде) оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады.

 Оқыту мен  дамудың ара қатынасы жөніндегі  мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. Студенттің әрбір пәннен меңгерген нәрсесі – оның кешегі күні күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту мен білім беру табыс әкелмейді, ол студенттің ынтасын кетіреді. Оның дамуға деген функционалдық қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Үстіртін берілетін білім оны ынталандырмайды және ұзақ есте сақтау қабілеті мен дүниетанымын кеңейте алмайды.

 Егер әрбір  пәнді оқыту актуальды деңгейден  озып, тақаудағы даму өрісіндегі  күштерді қозғалысқа келтірсе ғана, ол жеделдете даму болады. Педагогикалық білім студент дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады. Л.С. Выготскийдің ойынша, бала өзінің пісіп жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде ғана емес, дамуға бейімделген тенденциялардың деңгейінде болады. Оның ертеңгі күнін дәл осы тенденциялар белгілейді. Бұл идеяны Л.С. Выготский одан әрі былай сабақтайды: «Оқыу мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір-бірімен өте күрделі қарым-қатынаста ғана екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана, жоғарғы жетістіктің нышаны». Осыдан ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған бірқатар функцияларды оятып, өмірге келтіреді. Оқыту тақау даму өрісін анықтайтын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана неғұрлым жемісті болмақ.

Информация о работе Студенттердің өзіндік жұмыстарын басқару