Вольдорф мектептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 08:50, реферат

Описание работы

Вальдорф мектептері – бұл балалық шаққа құрмет негізінде құрылған білім жүйесі. Оның мақсаты – әрбір баланың табиғи қабілеттерін дамыту және ересек өмірінде қажет болатын өзіне деген сенімділігін нығайту. Орта мектептегі білімнің негізі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектеп кезінде-ақ қаланады .

Содержание работы

Кіріспе . Вальдорф оқу жүйесі..............................................................3
Негізгі бөлім............................................................................................5
Рудольф Штайнер – Вальдорф оқу жүйесінің негізін қалаушы..................
Вальдорф педагогикасының шығуы, және оның негізін қалаушы идеялар және не себептен XXI ғасырда Ресей үшін көкейтесті болды?.............................
Вальдорф мектебі – гуманитарлық білімі басым мамандандырылған мектеп пе?..........................................................................................................
Вальдорф мектебін бітірушілерінің мектептен кейінгі білімі.....................
Вальдорф мектебінің құқықтық статусы....................................................
Вальдорф мектебінің діни тәрбиесі.............................................................
Ресейдегі Вальдорф мектептері. Педагогикалық қозғалыс – Вальдорф педагогикасы.....................................................................................................
Вальдорф мектебінің біліміне жергілікті басқару органдарының карым-катынасы............................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................

Файлы: 1 файл

Вальдорф мектептері курсовая.docx

— 109.65 Кб (Скачать файл)

 

 

«Вальдорф    мектептері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1999

Мазмұны

    1. Кіріспе . Вальдорф оқу жүйесі..............................................................3
    2. Негізгі бөлім............................................................................................5

Рудольф  Штайнер – Вальдорф оқу жүйесінің негізін қалаушы..................

Вальдорф педагогикасының  шығуы, және оның негізін қалаушы идеялар және не себептен XXI ғасырда Ресей үшін көкейтесті болды?.............................

Вальдорф мектебі – гуманитарлық білімі басым мамандандырылған мектеп пе?..........................................................................................................

Вальдорф мектебін  бітірушілерінің  мектептен кейінгі білімі.....................

Вальдорф  мектебінің  құқықтық  статусы....................................................

Вальдорф мектебінің  діни  тәрбиесі.............................................................

Ресейдегі Вальдорф мектептері. Педагогикалық  қозғалыс – Вальдорф педагогикасы.....................................................................................................

Вальдорф мектебінің біліміне жергілікті басқару органдарының карым-катынасы............................................................................................................

    1. Қорытынды.............................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе . Вальдорф оқу жүйесі

            Вальдорф мектептері – бұл балалық шаққа құрмет негізінде құрылған білім жүйесі. Оның мақсаты – әрбір баланың табиғи қабілеттерін дамыту және ересек өмірінде қажет болатын өзіне деген сенімділігін нығайту. Орта мектептегі білімнің негізі мектепке дейінгі тәрбие  мен бастауыш мектеп кезінде-ақ  қаланады . Бұл кезеңде вальдорф мектебі эмоциялық жетілу, инициатива мен іске творчестволық тұрғыда келу  , дұрыс көз-қарас пен  жоғары жауапкершілікпен қарау сияқты сапаларды дамытуға тырысады.

                Вальдорф мектебі оқушыға  өзін қоршаған ортада  болып жатқан істерге  өзінің ортақтас екендігі сезімін дамытатын   әлемтану, қоғамтану мен өзін-өзі тану тәсілдерін ұсынады. В. мектебінің бағдарламасы әрбір оқушының жеке қажеттілігін есепке ала отырып  жасалынған. 75 жыл бойы жиналып келген вальдорф тәжірибесі, вальдорф тәсілдерінің  әр түрлі халық мәдениетіне бейімделіп  кетуін көрсетті. Осы мектеп бағдарламалары  тек білім беруге ғана емес, табиғи қабілеттерін  арттыруға  мақсатталған. Тұрғының кеңдігі және пәнаралылық – бағдарламалардың  айырмашылық ерекшелігі.

                  Вальдорф мектептерінде  сабақ беру мирасқорлық пен жеке ұстаздың  ықпалын тигізе білу қағидаларына  негізделген. Мектепке дейінгі кезеңде барлық пәндерді  бір мұғалім жүргізсе, 6 жастан 14  жасқа дейін балалармен олардың сынып жетекшілері жұмыс істейді.14-18 жастағы оқушылар көмек пен  қолдауды өз сынып жетекшілерінен алады. Осылайша, әрбір бала өз балалық шағы мен жеткіншек шағы мерзімі кезінде, осы балалардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін білетін бір адамның бақылауында болады. Баланың творчестволық мүмкіндіктерін  барынша қолдануы үшін, оны қалай оқыту мәселесін  педагог өзі шешуге құқылы. Мұнымен қоса педагог өзінің іске деген адалдығын айқындауға және өзінің кәсіби тәжірибесін қолдануға мүмкіндік алады.

               Біздің  бұл  тез құбылмалы және тұрақсыз заманда  адам өз әрекетін, икемділігін және жауапкершілігін  жиі көрсетуге тиісті. Вальдорф мектебін бітірушілер - бүгінгі  қиындығы мол заманда өздерін  тапқыр,  күрделі мәселелерді шеше білетін шығармашылық адамдар ретінде өздеріне кепілдеме берді. Олар  әр түрлі  қарым-қатынастарда  өздерін   әлем  азаматы  ретінде  санай алады. Вальдорф мектептерінде бірінші сыныптан бітіруші сыныпқа дейінгі қолданылатын пән аралық тұрғы – оқушыларға әлемге деген бүтін көзқарасын дағдыландыруға мүмкіндік береді. Бұл мектепте жеке білім саласын меңгеруге ғана емес,  оқиғалар(құбылыстар) арасында өз бетінше байланыс орнатуға көмектеседі.

                Пән аралық тұрғы  балалардың жас ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  барлық заттарды зерттеуде  қолданылады. Алғашқы екі сағат сабақтан  3-4 аптаға дейін мынадай тақырыптарды  қарастыруға арналуы  мүмкін: Солтүстік Америка географиясы, механика,  ежелгі римдіктер, ауылдар, қаражаттарға, қоректену мен сәулетөнеріне. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға  және  оқуға деген қызығушылығын қолдауға  мүмкіндік беретін тиімді оқыту әдісі болып саналады.

      Дәстурлі мәдениеттер бүлініп , қауымдар жоғалып және діни құндылықтар  күмәнге душар болып жатқан біздің  заманда  жас адамдар өз бойында сенім, ниет білдіру, шындыққа баға  беру, жақсы мен жаманды айыра білу сияқты қабілеттерді  дамыту үшін  жиі көмекке душар  болады. Вальдорф мектептері ата-аналармен жұмыс істеуге сүйене отырып  бұл құндылықтарды саналы түрде таратады. Штайнер мектептері  өзін-өзі дербес  басқару оқу жүйесін усынады. Олар Ұлыбританияда штайнер мектептері Қауымдастығы  шеңберінде  ынтымақтасады және  басқа да халықаралық бірлестіктерге кіреді. Оқу процессінің барлық жауапкершілігін мұғалімдер ұжымы өз мойнына алады.  Мұндай мектепте директорлар жоқ, мектепті басқару - мектеп шаруашлығын бағдарлаушы әкімші мен  мұғалімдер және ата-аналар кіретін  мектеп кеңесімен жүзеге асырылады. Осындай бірлестіктердің бірігіп жұмыс істеуінің басты мақсаты- оқушылардың игілігі үшін. Мұндай ұжым -  оқушылар игілігі үшін  бірлестікте жұмыс істейтін  қауым үлгісі ғана емес , және де мектептің өркендеуіне  мүдделі  қабілетті, дарынды адамдарды жұмылдырудың тиімді тәсілі.

 

«Ең  жақсы  түрмен қазіргі  қоғамдар сауалдарына  сәйкес келу үшін,адам не білу керек, не істей алу керек екендігін  сұрамаңыз. Сұрақты басқаша қойыңыз: не мақсатпен өмір сүруде, және одан кім шығады. Бұл әрбір жаңа ұрпақтардың жаңа сапаларын айқындау және оларды қоғамға қызмет етуіне бағыттау үшін жалғыз әдіс. Бұл  ұрпақ қазіргі замандағы шарттарды жеңіп, қоғамды қандай да бір дәрежеге жеткізе алуы мүмкін. Жаңа ұрпақ алдыңғы ұпрпақтар оларды қалай көргісі келгендей болмауы тиіс.»

 

 Рудольф Штейнер

 

Негізгі бөлім

 Рудольф  Штайнер – Вальдорф оқу жүйесінің негізін қалаушы

        Рудольф Штайнер  (1861 - 1925)  ол ең қызық және біздің жүз жылдығымыздың  таң ғажайып құбылыстарының, яғни: барлық мән мағынасы олар үшін алғаш рет ашылып, мәдениет үшін жемісті болған Гетенің  табиғи – ғылым еңбектерінің  редакторы және  басып шығарушысы; философия саласындағы түбегейлі еңбектердің  және ғылым теориясының авторы; антропософия негізін қалаушы ретінде ол әлем мен адамның  рухани  тараптарын зерттеу  әдістерін жасауға талпынды; жаңа көркемөнер қозғалысы – эфритмия пайда болды, және оларға архитектурада, театрлық көркеөнерде термеші күш берілді; олармен негізделген ауылшаруашылығын жүргізу әдістері ауылшаруашылығының экологиялық пионері болып саналады, аләлеуметтік өмірдегі идеялары көптеген мекемелердің, кеңесші фирмалар мен банктердің  қызметінің  негізіне  қойылған; және олармен шабытталған емдік педагогика мен медицина туралы  ескертпеу мүмкін емес. Бірақ ең көп атақ даңқты -  бәрінен бұрын онымен(Рудольфпен) жасалған педагогика негізінде жұмыс істейтін бала бақшалар мен мектептердің  педагогикалық мекемелерде көп таралуына байланысты алды. Оқу және үйрену - оның барлық өмірінің  негізгі себептері болып саналады.

Вальдорф педагогикасының  шығуы, және оның негізін қалаушы  идеялар   не себептен XXI ғасырда  Ресей үшін көкейтесті болды?

Вальдорф мектері  және  онымен байланысты педагогикалық термеші күш  соғыстан кейінгі дағдарыста  қоғамымыздың  әлеуметтік өмірінде  жаңа  формаларды  іздестіру барысында  Германияда (1919ж.),  біздің жүз  жылдығымыздың бірнші  ширегінде пайда  болды. Сонда  Рудольф Штайнет  Германияда  қабылданған  мектеп  жүйелерінің - халық мектебі, яғни  политехникалық  және  табиғи-ғылым бағытындағы – нақты мектеп; әр түрлі әлеуметтік қоғамдар арасындағы түсініспеушіліктер  тосқауылын күшейтетін, гуманитарлық -  бағытталған – гимназия болып бөлінуіне көңіл аударған. Дәл осы тосқауылдың әр түрлі жергілікті топтағы адамдарының санасында бар болуы, оның пікірі бойынша,  Еуропадағы  болған  әлеуметтік  апаттардың  маңызды себебтердің бірі болып саналды. Жұмысшылардың балалары  тек қана халық (бастауыш және орта) мектептеріне баруға мүмкіндік алды. 14-15 жастан бастап олар жұмыс істей бастауы керек болды, осылайша олар толыққанды «білім » алудан айырылды. Басқа жағынан, жастайынан  университеттік гуманитарлық білімге бағдарланған  ертеден мамандандыру гимназиялары білімді  көптеп бергенімен, бұл білім нақты өмір қажеттіліктерінен мүлдем бөлек еді. Осыған ұқсас көзқарастарды айтқан жалғыз  Штайнер ғана емес.  XIX ғ. аяғы мен XX ғ.  жүз жылдығы  басындағы  бір қатар авторлар осы мектептерді  қоғамның  мәдени және әлеуметтік құлдырауына кінәлі деп жариялады. « Германияның ұлтық ауруы – профессор» (Юлиус Лангбен) .  Мектеп  оқушыларының  санасының  өткеннен сансыз  өлген ұғымдармен  толуы нәтижесінде, Ницше тарих сабағын беруде аса қаныққандылық  деген  сынға ұшырады.  Мұндай мектептен «әлсіз тұлғалар», «қанғырған  энциклопедиялар», «білімді тоғышарлар»(ой-өрісі тар адамдар) шығады. Олар біліммен «тықпаланғанмен»,   нақты өмір тәжірибесіне  және оны сезінуге мулдем бөтен еді. 

 

Біржақты ақылдылықпен  қатар  сынға  ерте мамандандыру орындары да ұшырады,   адам  бойында  шеберлік  пен  ептілікті дамытқанымен,  бұл адамның  ортақ  дамуының  есебінің арқасында жүзеге асты. «Қазіргі мектеп  жүйесінің  міндеті қандай?,- деп педагог-реформашылдардың бірі жазған,- әсіресе  бас  буынның? Адамнан  машина  жасау  ма?...».

Сонымен, қоғамның  кең  жіктерінде  әлеуметтік-мәдени  жаңарту  қажет  екендігін ұғынды. Жалпы  әлеуметтік-мәдени  дағдарыста  мектеп рөлін сезінді. Білім беру  жүйесін  жаңартуда  бүтін бүкіл қоғамды  жаңартуға  жол көрді.  Ескі мектеп  жүйесінің орнын бүтін, баршаға  ортақ, «шынайы  адамгершілікке» бағдарланған білім беру  жүйесі алуы тиіс. Тәрбиеде  көркемөнер  рөліне көңіл аударылған. Өңсіз, боз «топ адамдары» мемлекеттік  машинаның  тіл алғыш дөңгелегін жарық, еркін адам  ауыстыруға тиіс еді. Біліммен тықпақталған, бірақ  селқос  және тәжірибесіз «профессордың» орнын- белсенді, қабілетті, күшті ерікпен және  өмір сезімдерімен  дамыған, шығармашылық  тұлға ауыстыруы тиіс болды. Жүзжылдықтың басында  Германияның білім беру жүйесін өзгертуге көптеген талпыныстар жасалып, ол тарихта  педагогиканың реформалық  қозғалысы деген атақпен қалды.  Вальдорф педагикасын  реформ-педагогикасына  жатқызғаныменен, алайда бұл  менің көзқарасымша,  заңсыз  еді. Штайнер тек қана қазіргі сынға негізделеген идеалды айқындаған жоқ , ол бүтіндей  антропологияның дамуын, сондай-ақ  біздің дәуірімізге лайықты білім беру  жүйесінің негізін қалай алатын  әлеуметтік теориясын жасады. Алғашқы вальдорф мектебі Вальдорф –Астория фирмасының жумысшыларының балаларына арналып ашылды, өйткені оған жұмсалатын шығынның үлкен бөлігін өз жауапкершілігіне алған еді. Алайда көп уақыт өтпестен-ақ,  қоғамның өзге жіктерінің балалары да бұл мектепке келіп қосылды. Осылайша о бастан-ақ бұл мектепке келушілерді қандайда бір әлеуметтік  немесе материалды белгілеріне байланысты таңдау шеттетілген. Вальдорф мектептерінде қазірге кезде осы ұстаныммен жүруге тырысқанымен, социологиялық  зерттеулердің нәтижесі  бойынша жұмысшы отбасынан шыққан және  кедей отбасынан шыққан балалардың  көрсеткіш пайызы төмен юолды. Вальдорф мектебінің оқушыларының ата-аналары- негізінен жоғары білімді: заңгерлер, дәрігерлер, әлеуметтік және мәдени саласындағы   жұмысшылар әді. Олар ең басты өз балаларының сау, жан-жақты, гармониялық дамуына қызығушылық танытты. Соңғы жиырма жылдың  ішінде  саны күрт өскен тап осындай «қызығушылық танытқан» ата-аналар тобы  көптеген жаңа вальдолф мектептерінің бастаушысы болып саналды. Батыста вальдорф мектептеріне өз балаларының біліміне терең жауапкершілікпен қараған ата-аналардың балалары  жиі түсті. Батыста мектептің элитарлы болуы, оның бастапқы ниетіне қайшы келуі   негізгі себеп болып саналады.  Егерде мемлекеттік емес мектептерде оқуды төлей алатын мүмкіндігі бар ата-аналар идеялық бағытын есепке алар болса, бұл Россия үшін өткір мәселе болуы мүмкін. Вальдорф мектептері жоғарғы оқу орнына дайындау сияқты арнайы мақсаттар қоймайды, бірақ оқушының өзі үшін  қандай да бір мамандықты  таңдағанына қарамастан , қазіргі әлемде кез келген адамға қажетті бүтін, кең білім беруге тырысады. Сондықтан вальдорф мектебін бітіріп кеткендер арасында, социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша: актер мен музыканттардан бастап, инженерлер мен фермерлерге, дәрігерлер мен дін қызметшілеріне дейін мамандықтар өкілдері бар. Социологиялық-әлеуметтік көзқарастан алып қарағанда-бір педагогикалық бірлестікте-класста, мектепке- оқыған жас адамдардың, кейінірек әр турлі салада жұмыс істесе-дағы,бір-бірімен сыйластықта жүргені маңызды еді. Мұндай ортабілімді мектеп улгісі әрине жасанды емес екендігі анық, бірақ өзінде гуманитарлық және табиғи ғылымды біріктіретін(халықтық мектеп, гимназия, нақты мектеп), тұлғаны дамыту мен әлеуметтендіру педагогиқалық дәлелдерді қажет етеді. Осы «бүтін» білімнің бүгінгі тусінуде тек бір құраушысы болып саналады және негізгісі болмауы мүмкін. Мысалы, балалар мен жасөспірімдердің соматикалық, психологикалық  және жекелік(рухани) денсаулығы мектептің  құраушы мақсаты сияқты-жай ғана ресми мәлімделетін емес, жай ғана мемлекеттік білім беру стандартымен орындалған, яғни таза зиятты меңгеруде емтиханды тапсыру емес-, менің көзқарасым бойынша,  нақты формадағы ұйымдар мен білім беру мазмұнын көрсететін-бар болмысын дамытуда, сонымен қатар әлеуметтік құндылықтарды бағыттауда басымдылық танытуға тиісті. Отандық мектеп  жүйесінің дамуына вальдорф педагогикасының енгізе алатын бағалы  үлесі – бұл білім ұғымын кеңейту.

Вальдорф мектебі –  гуманитарлық білімі басым мамандандырылған мектеп пе?

 

ФРГ-дағы мектеп жүйесі әлі-де ғасырдың басындағыдай – халықтық, нақты және гимназия болып бөлінгені  жайлы ескертеміз. Осыған ұқсас мектеп жүйесі төңкеріске дейін Ресейде  де болған. Әлбетте мұндай бөліну өзін әлдеқашан ақтай алмайды. Алайда соңғы 20жылдар ішінде  жүйе сынға ұшырағанымен, мектеп басқармасының икемсіздігінің нәтижесінде бұл жүйе әлі сақталып келуде. Германияда осы уақытта дәстүрлі мемлекеттік білім беру жүйесі дағдарысы қарқынды түрде талқылануда. Бұл жайлы газет-журналдарда, радио мен теледидарларда жазылып айтылуда. «ФРГ білім беру жүйесі кейбір ішінара реформалар мен жеке корректураларға қарамастан қазіргі қоғамның дамуына сәйкес келмейді. Ол барлық азаматтардың ортақ білім алу құқығын жүзеге асыруға өз үлесін қоспайды, және жаңғыртулар мен демократияландыру талаптарына сәйкес келмейді» деген цитатаны қорынтындылағым  келеді. Болжамды реформалардың бастаушы идеялары – орта білім беретін мектептің біртұтас идеясы, баланың қажеттілігін орындайтын, және әлеуметтендіру мен халықтық, нақты мектепті және гимназияны біріктіретін улгі  кәсіби бағыттандыруға жауап береді. 1919жылы Штайнер айтқанындай,  білім беру мекемелерін саналы түрде автономияландыру қажеттігін түсінді.(Автономияландыру қағидасы- біздің елде мемлекеттік мектеп саясатындағы қағидалардың бірі).                                                                                          

Бірақ алайда мұндай ортақ  біріктірілген оқуды  тұжырымдамада  да, тәжірибеде де іске асыру оңай емес еді. 1949 жылы алғашқы вальдорф мектебінің 30 жылдығында, Штуттгарт аумағыны мәдениет министрі Теодор Бойерле валдьорф мектебін «Гераниядағы белгілі мектептердің ішіндегі хақ, шындығында біртұтас мектеп» деп атады. Сондықтан 1969 жылы мәдениет министрі Баден Вюртенберг Хан мырза «вальдорф мектептерінің педагогикалық жұмысы соңғы 50 жыл ішінде бүгінгі күндегі білім беру реформаларының көптеген сұрақтарын болжам жасады» деп көрсетті. Осы уақытта жоғары аталып кеткен мемлекеттік білім беру жүйесінің дағдарысы байланысты, Германиядағы бастаушы профессорлардың әрекеті бойынша мемлекеттік педагогика ғылымының ресми өкілдері мен вальдорф ұстаздары мен ғалымдарынан тұратын жұмысшы топ құрылды. Бұл жұмыс шеңберінің басты өткір мәселесі- қазіргі қоғам мен мектептің алдында тұрған мәселелер. Қазіргі уақытта өзіне мектепке дейінгі мекемені, арнайы орта және жоғары білім беру мекемелерін қосатын вальдорф педагогикасы- мемлекеттік білім беру жүйесі  үшін педагогикалық жаңартудың бағалы көзі ретінде қарастырылуда. Осы жұмысшы тобының бастаушылары мен белсенді қатысушыларының бірі, профессор Паулиг жиырма жыл шамасында ФРГ-ның білім беру жүйесінде алдымен мұғалім, мектеп директоры және соңғы 10 жыл – басқару органдарында жұмыс істеген ол өзінің «Федерациялық Республиканың білім беру жүйесі үшін вальдорф мектебінің мәні»атты қызықты кітапшасында: «Әрбір мемлекеттік нормативтік мектеп-бастауыш мектептерден бастап гимназияға дейін, және әрбір кәсіби училищелер,яғни осы оқу мекемелерінің мұғалімдері мен жетекшілері-вальдорф мектептері мен оның мұғалімдерінен шексіз көптеген нәрсеге үйренуге болады» деп жазды. Бұл қорытындыларға ол нақты бақылаулардың негізіне сүйене отырып келді: басқару органдарының өкілі ретінде ол бірнеше жылдар бойы Германия мен Швейцариядағы онға жуық вальдорф мектептерінің жұмысын бақылады. Вальдорф мектебінің жұмысына жоғары қызығушылық таныту бірқатар мәліметтердің- тәуелсіз сарапшылармен өткізілген вальдорф мектебін бітірушілердің ғұмырнама зертеулерінің («Білім беру реформасы N5 зерттеулері», «Білім беретін сәуледегі білімдік жетістік, 1988ж» топтамасы)  жариялануына мүмкіндік туғызды. Бұл зертеулердің нәтижелері барлық адамның кейінгі өмірі үшін вальдорф педагогикасының нақты жемістерін жеткілікті айқын көрсетті.   Сонымен бірге еңбек нарығы көзқарасынша «басты, жүректі және қолды» қамтитын кең ортақ білім тиімді болып шықты: жаңа технологиялардың, экологиялық мәселелердің, еңбек ұйымындағы өзгерістердің, еңбек нарығында біліктілік қажеттілігін ауыстыруының дамуына байланыста жақында ғана «нағыз өмірден бөлек алынған» вальдорф мектептерінің педагогикалық тәжерибесі осы уақытта қазіргі заманға сай деп бағаланады. (Герхард Герц, «Вальдорф педагогикасы жаңару импульсі сияқты», Бельц-ферлаг, 1994). Осы жұмысшы тобының қатысушылары - мектепте экологиялық және әлеуметтік тәрбие беруін, мектепті басқару және өзін-өзі басқарудың жаңа  формаларын, сонымен қатар табиғи ғылымды беру әдістемесі мен дидактикасын басты назарға қойған.

Информация о работе Вольдорф мектептері