Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2015 в 08:27, реферат

Описание работы

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.

Файлы: 1 файл

janapedagogika (1).doc

— 539.00 Кб (Скачать файл)

 Сабаққа дейін тақтаның  артқы бетінде әр туспен кескінделген  тірек сигналдары жазылып, қайталап  түсіндіру кезеңінде ғана ашып  көрсетіледі.

Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды. Қайталау мұғалімнің айқын мазмұндауы бұл жүйеде пысықтау кезеңінің орныңа жүреді және дәстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгірнеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.

Жаңа теориялық білім бірінші және екінші қайталауда қаншама ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық  игерді және мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, практикада кең қолдану   мүмкін емес.

Жалпы Шаталов әдісі бойынша теориялық жаңа материалды игеру негізгі алты кезеңнен   тұрады:

1-ші кезең – мұғалімнің  оқу материалын толық түсіндіруі;

2-ші кезең – оны  тірек плакаттар бойынша қысқаша  мазмұндау, мұнда материалды «блоктық  қабылдау» жүреді;

3-ші кезең - оқушылар тірек  сигналдары бар беттерді (тірек  плакаттардың кішірейтілген көшірмелері) мұғалімнен алып танысады, өз  альбомдарына желімдейді;

4-ші кезең – оқулықпен  және үй жағдайында тірек сигналдары  бар бетпен жұмыс;

5-ші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру;

6-шы кезең - жолдастарының  ауызша жауабын тыңдау (тақта  алдыңда немесе орныңан).

Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылар ешнәрсе жазбайды, тек тыңдайды (психолоттердің зерттеу қорытындылары бойынша қос кабаттасқан психологиялық іс-әрекет тиімсіз). Осы әдістемемемен орта және жоғары кластарда жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұхсат.

Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып бойынша ешнәрсе, Жаңа сақбақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде әр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.

Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық тексін мұғалімнің мағыналық өңдеу тәсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тәсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамыту деп қарастыруға болады.

 Шаталоетың бақылауы  бойынша, оқушылар бұл тәсілдерді  жаңа текстермен жұмыс жасағанда  кең қолданатыны  байқалады.

Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау әдісі де жаңа формалы белеенді іс-әрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша акырын баяндау және ақырын жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мәдениетін және оның жүйелілігін белеенді еске түсіру тәжірибесін арттырады.

Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар, беттерді (магнитофон арқылы акырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап берсе) пайдаланады.

 Мұнда бірнеше ойлау  операцияларын орындайды: баяндау  жоспарын есте сақтау, өзінің  баяндауы тірек сигналдар арасындағы  байланысын орнататын материалдарды  өндеу. Бұл жаңа терминдермен  жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін арттырады. Жазылғандарды оқушылардың өзара тыңдауы және бағалауы – бұның бәрі белеенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін туғызады, ал тірек сигналдарды қолдану дайындық уақытын қысқартады (сабақта 2С минутқа дейін).

Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын және жүйесін анықтап бөлу, жазбаша және ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белеенділігін арттырады.

Шаталоевтың методикасы жаңа материал мазмұның түрлендіре, қайталау жолымен әсте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл: үйде тірек сигналды оқулықтың сәйкес бөліміне байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын және басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап және т. б. қайталау түрлері және көптеген есеп шығару.

Осы әдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше манызды формасы - өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 бетпен, 5- сыныпта 2 бет, 6- сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білім тексеруді оқушылар өзара немесе консультанттар (жоғары сынып оқушылары) жүргізеді.

Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30 – 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды.

Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының партасынан жалаушасы алынып, әрі қарай сұрау тоқталады. Мұның бәрі терең, тиянақты білгім қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.

III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар типтерінде де, олардың қиындық дәрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап етеді.

Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету тәсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мәні мынада: күнделікті қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да) шығару.

Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет етпейтін (стандартты емес) есептерді (көп енбектенуді де қажет етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың шығара алмайтыны алдың ала белгілі болса да, беруге болады (барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белеенді іс-әрекетті туғызады.

Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі. «Үйге тапсырма» сөзі «мынадай есептер шығаруды ұсынамыз» сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес, оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.

 

Нысаналы оқыту технологиясы

 

Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі  өзгерістер дүниеге келіп, білім берудін дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасалуда.

 Оқыту формасы бұрынгы білім беруді ғана нсгіз еткен дәстүрлі оқыту форма-сынан жекс тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-әрекетін басты форма ете отырып.

Іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін мұқият жоспарлауға көшті және окушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін колдануда.

Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын емес ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей коймайтыны сөзеіз.

 Сондықтан қазіргі  сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икенді. Нысаналы оқыту технологнясын пайдалану қажет деп санаймын әрі мұғалімдердің пайдаланып көруін  ұсынамын.

Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүние жүзі бойынша тәлім-тәрбне саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған технологиялардың бірі.

Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған елдер өздерінің білім беру саласында кеніне қолданады. Нысаналы оқыту технологиясы АҚШ педагогы және психологы Блумның "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы мен "игеріп оқу" теориясы; негізінде қортындыланып жасалған.

 Анығырақ айтқанда Нысаналы оқыту дегеніміз окыту мазмұның      нысаналандыру, жүйелндіру, ғылымиландыру және оны игерудің әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру, сол аркылы окыту сапасын жан-жақты көтеру мақсатына жету деген сөз.

Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы мея "Игеріп оқу" теориясына қыскаша тоқтала кеткен жөн.

I. "Тәлім-тәрбие нысанасын түрге бөлу" теориясы Адам өмірінде істелуге тиісті әрқандай бір жұмыс ол үлкен болмасын, кіші болмасын қандай да бір нысынаға жетуді көздейтіні ақиқат. Дәл сол секілді окыту Жұмысы да белгілі оқьіту нысанасына жетуді мақсат ететіні шындық, екінші сөзбен айтқанда, оқыту жұмысы өзі тәрбиелеп отырған оқушының болашақта қан-дай жетістікке жетуін, қандай адам болу керектігін алдың-ала анықтап алуы қажет. Осы тұрғыдан келіп оқыту нысанасын Блум: таным саласындағы нысана, сана-сезім саласындағы нысана және әрекет шеберлігі (қабілет) саласындағы нысана деп үш салаға бөледі.

Таным саласындағы  нысана дегеніміз оқушының үйренген білімін есте сақтау және қайталай тану барысындағы ақыл-парасат пен қабілеттің калыптасу нысанасын, яғни, білім алу мен қабілетті дамыту жағындағы нысананы көрсетеді.  

 Сана-сезім   саласындағы  нысана қызығушылык, мінез, кұндылық көзқарасі, сондайақ бейімділік қабіті    жағындағы    нысананы, яғни  ақыл-парасатқа жатпайтын факторлар жағындағы нысананы көрсетеді іс-әрекет шеберлігі саласындағы нысана  дегеніміз - меңгеру және әрекет шеберлігі жағындағы  нысананы көрсетеді.

 Блумның еңбегі  оның оқыту нысанасын  белгілі өлшем бойынша тәртіпті түрде жүйелеп айқындық пен жүйелілік қалыптастыруынан көрінеді, Ол бұны  АҚШ-тың тәлім-тәрбие ісіне  мұқият зерттеу жүргізу аркылы қол жеткізді әрі бұл еңбегі  Блумның әлемдегі атағын да асқтата түсті.

Бұрын жұрт бір адамның  үйрену жағдайын тексергенде оның тек алған біліміне ғана назар аударатын, ал Блумның таным саласындагы нысанасы бес жақты үсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтиды, яғни, оқушылардың  әр түрлі қабілеттерін жетілдіру .нысанасын алға кояды. Бұл, бұрынғы   көзқараска өте ылғары көзкарас екені. айкын.

Сондықтан қазіргі кезде бүкіл дүние  жүзінің білім беру саласы осы көзқарасты ұстанып, оқушылардың  қабілетін жан-жақты  тәрбиеледі дәріптеп келеді. Білім теориясы оқушыны бағалаудың ортақ мойындалған өлшемін де ортаға қояды.

Бұл шем мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасу қызметі мен бағалау кызметін де алға бастырады.

Сөйтіп, бағалаудың айқын нысанасы орнатылды. Блумның таным саласындағы оқыту нысанасы бүгінгі күні көптеген елде оқытуды бағалау мен оқулық жасаудың негізгі іргетасына айналды.

ІІ "Игеріп оқу" теорясы "Игеріп оку" теориясы дегеніміз сыныптық окыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу және дер кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру және көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың оқулық нысанасы белгіле-ген өлшемге жету түрасындағы теория.

Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:

(1)      оқыту     мен     оқуда үміткерлік сезімін туғызу.

(2)   оқытуды өнімді  түрде дербестендіріп,    көп     санды оқушылардың жақсы үйренуіне көмектесу.

"Игеріп оқу" теориясы  өте өнімді оқыту тәсілі саналады, оның ең өзекті мәселесі - көп  санды оқушылардың айтарлықтай  үйрету нәтижесіне жете алмауы  олардың ақыл-парасат жағындағы  кеніст-ігінен емес, қайта, өз ерекшсліктеріне сай келетін үйрену уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп оларды лайықты үйрету шартжағдайымен қамтамасыз етее болғаны, басым көпсанды оқушылар оқытқан нәрселерді игере алады, оқытудың міндеті - тек қана оқушыларға оқыған пәнін игеруге қажетті материалдармен  қамтамасыз ету деп қарайды.

"Игеріп оку" теориясының  іс жүзіндік манызын мынадай  бірнеше жактардан көруге болады:

1. Мұғалімнің  оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына сендіреді, мұғалімде  оқыту үміті,  оқушыда оқу  сенімі болады.

2.  "Игеріп   оқудың"   сәтті болу-болмауы  оның  "кері  байланыс пен толықтыру" барыстарының  сәтті орындалу-орындалмауына байланысты. Блум:     дәстүрлі     сыныптык оқытудағы ең басты қайшылық - біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік   арасындағы   қайшылық,   бұл  қайшылық  кей оқушылардың үйрену қызьғушылығын  жояды,  ал  дербес оқытудағы "дер кезінде кері байланыс орнату, толыктыру, үйренуді дұрыс жолға салуды" сыныптағы оқытуға шеберлікпен колданса, қызықты оқыту ортасы калыптасып, біліміне карай оқыту, барлық окушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту сапасын  жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды..

3.  "Игеріп оқу" - "Тәлім-тәрбие  нысанасын  түрге бөлу"    теориясы    анықтаған окыту нысанасына сан жүргізіледі.   Бұл   мұғалімнің оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге, қателіктерден сақтануға немесе түзетуге,   оқушылардың   ұқсамаған сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.

4.  Оқытуды бағалауды  тек оқушыларға балдық жүйе  бойынша  баға  беру ғана  емес, қайта   олардың   үйрену   белеенділігін жоғарылату қүралына  айналдырады.

Бұндай тексеру қалыптаса         келе оқушыларға    кысым    түсіру емес, кайта, табысқа жетудің шаттыгын сыйлайды.

5.  "Игеріп  оқу"  теориясы окушылардың үйрену  барысындағы жүрексіну психикасын  жоюға назар аударады, әсіресе  оқуда нашар окушылардың талпыныспен  жеткен табыстарының дәмін татуға көмектесуге ерекше мән береді.

Информация о работе Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану