Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2015 в 08:27, реферат

Описание работы

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.

Файлы: 1 файл

janapedagogika (1).doc

— 539.00 Кб (Скачать файл)

Компьютермен оқыту техиологиясында оқушының өз бетімен білім іздей алатын болуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Комльютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.

Сол табиғилықтың өзі компьютермен оқытудың гуманиетік сипатын көрсетеді.

Компьютермен оқыту технологиясында үлкен үш кезең анықталады. Ол кезеңдер іштей кіші кезеңдерге бөлінеді. Сол модель сызба түрінде көрсетілді.

Мектептерде компьютерлік технологияны қолданудың негізгі жолдарына баға бере отырып, «Жас балаларға компьютердің қанша қажеті  бар»?деген сұрақты айналып өту еш мүмкінемес.

Осы мәселе бойынша пікірлер алуан түрлі.Бірқатар педагогтер кіші сыныптардағы компьютер тек балалардың назарын басқаға аударады деп санайды. Ал екіншілері компьютерді тұрақты пайдалану бара-бара  оқушылардың, егер компьютер қастарында болмаса, екі санды қоса алмайтын ,  қарапайым мәтінді оқи алмайтын жағдайға жеткізеді   деп негізі бір қауіп білдіреді.

Компьютер мектептегі  лигафон кабинеттері немесе сыныптағы  теледидар сияқты дүниелер , сондықтан  да білім беру мен оқу үрдісіне айтарлықтай  зияны жоқ деген пікірлер де бар.

Компьютерлерді мектептің  оқыту мазмұнына  енгізуге қарсы салмақты аргументтің бірі- ақпараттық технологияның  екпіндеп  дамуы мектеп бағдарламасының  үнемі жаңартылып отырғанына  қарамастан оның  созылмалы аурудай  артта қалуына әкеп соқтырады  деп санайды.

  Мына бір қауіп пен алаңдаушылыққа да  назар аударған жөн:тек компьютермен қарым қатынаста  болған балалар гуманитарлық   қызмет түрлеріне  аса қажет сезімалдық   пен мейірбандылықты жоғалтып  алып , дәлдік пен қырағылыққа ғана құрылған қарым –қатынасқа бас ұрулары әбден мүмкін .

Біз мектептің ақпараттық ғасырға бейімделуден басқа жолы жоқ , ал есептегіш техникалармен  танысу соның бір ғана бөлігі деушілерге толық қосыламыз. А.Ершова  және басқа авторлардың  еңбектерінде көрсетілгенде, информатиканың мынадай: процедура,функция, рекурсия , тармақталу, цикл мәліметтер  құрылымы деген сияқты негізгі ұғымдарды    меңгеру операциялық  деп аталатын қазіргі  ойлау стилін қалыптастыруға  ықпал етеді.

Осының өзі -  ақ  оқу пәні ретінде  информатиканы мектепке енгізудің алғы шарттарын жасады. Сонымен қатар білім алушылардың жас кезеңі жөніндегі  мәселелерде көтерілді.

Ойлау стилі балаларда ішкі сыныптарда басталатыны белгілі.Бұл  балалардың  ойлау қабілетіне  ықпал  ететін  іргелі  бірқатар   математикалық  ұғымдарды   бастауыш ектепте меңгертумен түсіндіріледі.

Базалық сапа ретінде  қарастырылуы   тиіс оқушылардың ғылыми дүниетанымын   қалыптастырылуды сөз етсек , информатиканың негізгі ұғымдарының артықшылығына тағы  да көз жетіземіз.

 Информатиканың  негізгі  ұғымдарын   ерте бастан оқытудың  қажеттігін  мынадан-ақ  көруге болады:білім  берудің  алғашқы кезеңінде  информатиканың әдістерін  меңгерген оқушы мектептің қалған сатыларындағы білім алуда ( атап айтқанда  , түрлі пәндердегі сабақтарда)  адам қызметінің түрлі салаларында компьютерді  пайдалану дағдысын меңгереді.

С.Пейперт, Ю.Первиннің еңбектеріндегі «информатика курсы» түсінігі аясында «Информатика» деп аталатын пән жайында емес мектептің барлық  пәндеріне кіріп кеткен  информатика ұғымдары  мен тұжырымды құрылымдары әдіс –тәсілдері жайында айтылатындығын байқау қиынға соқпайды.

Ю.Первин және оның әріптестерінің  жеткіншектерге ерте жастан информатикадан дәріс беру жөніндегі тұжырымдарын қорыта келіп, мынадай пайымдаулар жасауға болады.

Біріншіден, жалпы білім берудің информатиканы оқытудағы басты мақсаты ойлаудың операциялық стилін қалыптастыру болса, ол орындалды.

Екіншіден, бастауыш мекктепте информатика курсын өткізу көптеген пәндер бойынша мектептің оқу бағдарламасын айтарлықтай  өзгертуге алып келеді.

Бұл жерде  мынаны ұққан жөн:»информатика» мектеп пәндерінің бірде-бірін алмастыра, мектеп пәндері жалпы жүйесіндегі    оқулықтарының бірде –біреуінің ролін атқара, мектептегі  гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің  ара қатынасын  қайта бөліске  сала алмайды. Ол тек қана мектепте оқылатын  әрбір пәнге жаңа, әрі жетілдірілген сипат беріп, мұғалімнің қолына кілт ұтатады.

 Осы кілтті дұрыс  пайдалана  білген мұғалім оқушыларының  алдында өз пәнінің  мәнін терең  әрі тиімді түрде аша түседі.

Информатиканы ерте жастан оқытудың үмкіндігі мен мақсаткерлігі әлемдік эксперимент, зерттеу нәтижелерімен де нақтылана  түседі .Осыны назарға алған В.Буциктің  зерттеулеріндегі ерте жас кезеңіндегі   оқушыларға компьютерлік сауаттың  алғашқы эксперименттерін беріп қою  жеткіліксіз,   оларға компьютер негізінен басиауыш  білім және түбірлі түсініктер  іс-әрекет әдіс тәсілдері  жөнінде нақты саут беру  жайы айтылады.

Атап айтқанда,В,Буцик  кіші мектеп жасындағыларға  басиауыш компьютерлік сауатберудің мынадай әдістемесін ұсынады:бірінші және төртінші сынып аралығында сызбалық және мәтіндік  редакторлардың көмектері арқылы   орындалатын тапсырмаларды біртіндеп күрделендіріп беру , яғни ақпаратты өңдеу, ақпаратты сақтау,ақпаратты беру  салаларынан компьютердің мүмкіндіктері жөніндегі түсінік пен сауат қалыптастыру.

Сонымен қатар Е.Смирнов та өзінің тұжырымдамасында мынадай негіздерді енгізе отырып , әдістемелік жүйе ұынады.

1.Мектепте  компьютерді қолданудағы  басты мақсат дүниетанымдық және

жалпы мәденилік сипатта болуы , баланың  тұлғасы мен ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс.

2.Оқытудың мазмұны мен әдістемесі оқушылардың  теориялық ойлауын дамытуы қажет.Дәстүрлік әдістеме эмпирикалық ойлауды ғана дамытуға бағытталған.

Оқыту үрдісі өзара байланысты және бірін-бірі толытыратын компьютердің екі қызметін:өошеу аспабы және  пәндік әлемге ықпал етуші пәндік әлемнің белсенді элементі ретінде пәндік және компьютерлік  әлем жөніндегі  білім қалыптастыруды үйлестіруі қажет.

Е.Смирнов пікірінің В.Буцик пайымынан айырмашылығы мынаны аңдатады: «информатика» шеңбері аясында барлық пәндерді  оқыта отырып соңында информатиканы бөлек курс ретінде  бөліп алу қажеттігін дәлелдейді.

 Тәжірибелік тұрғыдан  қарағанда , ішкі мектеп жасындағыларға  түрлі пәндерді оқытуда  компьютерді  оқыту құралы ретінде  қосалқы  көмек үшін  қолданудың мүмкіндіктері қарастырылғаны жөн.

Қазіргі уақытта кіші мектеп жасындағыларды  оқыту үшін компьютерді  пайдалану жөнінде бірнеше  бағытты айтуға болады:

  • информатика элементтерін оқыту;
  • нақты пәнді оқытуда әдістемелік жүйені  түбегейлі өзгеріске ұшыратуға  соқтырмай,ЭЕМ-СЫН бесаспап құралы ретінде пайдалану;
  • Кіші мектеп жасындағыларда  компьютерлік сауаттың  жекелеме элементтерін ғана емес, информатиканың бастауыш білімін, іс әрекетіндегі  әдіс тәсілдері жөніндегі  негізгі түсініктерді қалыптастыру ( компьютер құрал емес, оқыту арқылы меңгерілетін пән)

Жаңа технологияларды пайдалануда  пәнге қызығушылықтарын  арттырудың тиімді жолдары

 

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Мектеп сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы.

Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.

 Қазіргі педагогика  теориясына елеулі өзгерістер  еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.

«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.

Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.

Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда:

«Мұғалім нені білу керек?»

  • Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
  • Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
  • Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
  • Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
  • Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.

«Не істей алу керек ?»

    • Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
    • Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
    • Әр сабақты жоспарлау.
    • Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
    • Оқу модулын құрастыру.
    • Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
    • Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.

«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»

  • Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
  • Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
  • Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
  • Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.

Жаңа технологияның топтастырылуы:

І. Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық технология.

Педагогикалық қарым-қатынас технологисы.

Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.

Амоношвилидің ізгілік технологиясы.

Ильиннің жүйесі.

ІІ. Оқушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технология.

Ойын технологиясы.

Проблемалық оқыту технологиясы.

Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.

Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері және модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы.( Шатталов)

ІІІ.Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технология.

Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.

Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы.(Лысенкова)

Деңгейлеп оқыту технологиясы.(Қараев)

Деңгейлеп диференциялау технологиясы.

Міндетті нәтиже негізінде деңгейлі-диференциялап оқыту технологиясы.(Фарсов)

Бала қызығушылығы арқылы диференциялап оқудың тәрбиелік технологиясы.(Закатова)

Жекелей оқыту технологисы.(Инге Унг және Шадриков)

Бағдарламалық оқыту технологисы.

Ұжымдық оқыту технологиясы.(Дяченко Ривин)

Топтық оқыту технологиясы.

Компьютерлік оқыту технологиясы.

ІV.Дидактикалық білім көтеру және материалды педагогикалық технологиялар.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.(Эрдниев)

Ақыл-ой  іс-әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы.(Валович)

V.Жеке пәндік педагогикалық  технологиялар.

Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологисы.(Зайцев)

Сатылай талдап оқыту технологиясы.(Оразақынова)

Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы.(Зайцев)

Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы

Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология.(Касаткин)

Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық технология.(Окунив)

Информация о работе Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану