Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2015 в 08:27, реферат

Описание работы

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.

Файлы: 1 файл

janapedagogika (1).doc

— 539.00 Кб (Скачать файл)

Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.

С.Т.О. технологиясы.

VІ.Альтернативті педагогикалық технология

Вольдорф педагогикасы.(Штэйнер)

Еркін еңбек технологиясы. (Ферт)

Ықтималдық білім технологиясы.(Лобок)

VІІ.Табиғи байқағыштық технологиялар.

Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу.

Өзіндік дамыту технологиясы.(Монтессори)

VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.

Дамыта оқыту жүйесі.

Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі.(Якиманская)

Дамыта оқыту технологиясы.(Давыдов, Эльконин)

Өзіндік дамыта оқыту технологиясы.(Семеко)

ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары.

«Жүректен жүрекке» 

Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады.

Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев және Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың таным қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға: басқару сапасын жетілдіруге: оқушылардың дамуына бақылау жасауға: соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Сондай-ақ Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.  Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы; көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлімен атқаратын қызметінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып- білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялық түрлерінде, т.б.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау, сондай-ақ сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту жүйесінде қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей берілуі тиіс.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендірудің  алғышарттары қарастырылмаған, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны  енгізуде төмендегідей кемшіліктер  орын алуда.Атап айтқанда:

  • білім сапасының төмендігі;
  • білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен  оқыту нәтижесінің болмауы;
  • директивтік құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
  • оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
  • оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық еңбегінің жоқтығы;
  • инновациялық педагогикалық технологияны пайдалануда мұғалімдердің дайындық кезеңінен аттап өтуі;
  • жекеленген мұғалімдердің өзіне қолайлы инновациялық педагогикалық технологияны  таңдауда, пайдалануда қиындықтарға тап болуы және оны жеңе алмауы;
  • жаңа педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мектеп басшыларының енжарлық танытуы;
  • жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;
  • оқу –тәрбие  үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны  енгізуде  мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан моральдық , материалдық көмектің көрсетілуі;
  • жаңа педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдердің жоғары қу орнында меңгермегендіктен , жас мамандардың жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
  • мектептің озат мұғалімдері инновациялық технологияны пайдаланғанымен, ғылыми тұрғыдан негіздей алмауы;
  • мектептің мұғалімдері қысқа арнайы курстарда оқып келген технологияны өз мектебінің , өз сыныбының, өз оқушыларының, әсіресе, әрбір жеке оқушының даралығын  есепке алмай, даярлық кезеңнен өтпей, бірден өз іс - әрекетіне енгізіп, өрескел қателіктер жіберіп , өзін де оқушыларды да ығыр қылуы.

Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық  технологияны енгізудің  жетістіктері мен кемшіліктерін  саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің  алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет.

 

Педагогикалық технология

 

Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы – оқыту.Оқыту барысының нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады.

Түрлі оқу орнындағы оқыту- білім берудің басты жолы,сол сияқты оқу отбасында, өндірісте, жұмыста т.б. күнделікті адамның тіршілік және қызмет барысындағы жағдайларда іске асып отырады.

Оқытудың мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленді.

Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың  сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгері отырады

«Дәстүрлі оқыту» ұғымы XVІІ-ғасырда Я.А.Коменский «ұлы дидактика» еңбегінің негізінде қалыптасты, күні бүгінге дейін әлем мектептерінде қолданылатын сынып-сабақтың оқытуды ұйымдастыру деп түсіндіріледі.

Дәстүрлі сыныптық-сабақтық технологияның ерекшелікері мыналар:

  • оқушылардың жас ерекшеліктері бір деңгейде болады және дайындық көлеміне қарай сыныпты құрайды. Бұл құрам негізінен мектептегі кезеңде еш өзгеріссіз сақталады;
  • сынып біріңғай жылдық жоспармен және бағдарламаға сай сабақ кестесімен жұмыс істейді.Осыған сәйкес балалар мектепке бір мезгілде және алдын ала белгіленген уақытта келулері тиіс;
  • оқудың негізгі бірлігі-сабақ;
  • сабақ бір пәнге, бір тақырыпқа арналған. Бір сыныптың оқушылары бір материалмен жұмыс жасайды;
  • сабақта оқушылармен жұмысты мұғалім жүргізеді.Ол жеке пәндер бойынша әр оқушының білімін жеке-жеке бағалап, жыл соңында сыныптан сыныпқа көшіру мәселесін шешеді;
  • оқулық негізінен үй тапсырмасын орындау үшін қажет;
  • оқу жылы, оқу күні, сабақ кестесі,оқу демалыстары,үзілістер, сабақтар арасындағы үзілістер – бұлардың бәрі сыныптық сабақтық жүйенің атрибуттары.

Оқытудың мақсаты – қозғалушы категория, бұған дейінгі педагогика оқытудың мақсаттары былайша құрылған еді:

  • білім жүйесін құру, ғылым негізін үйрену;
  • ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыру;
  • әрбір оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы;
  • адамзаттың жарқын болашағына ,сенімді күрескерлерді тәрбиелеу;
  • ой еңбегіне,  сондай-ақ дене еңбегіне қабілетті, жоғары білімді ақыл-ойлы адамдарды тәрбиелеу;

Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу.

Оқыту технологиясы тұлғаның дамуына емес, білімді, шеберлікті,дағдыны меңгеруге бағытталған.

Қазіргі жалпы мектептерде мақсаттар біршама өзгертілді-идеологизация жойылды, жан-жақты үйлесімді дамудың үндеулері алынып тасталынды, өнегелі тәрбие үлгісі өзгертілді, бірақ негізгі мақсаттардың міндеті алдын ала жоспарланған сапалы білім алу стандарттары сол күйінде қалды.

Дәстүрлі технологиямен оқытатын мектептер «білім мектебі» болып саналады. Қазіргі ғылыми техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік талаптарға, оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың мазмұны мен әдістерін жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды.

Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жатқан саласына оқушылардың танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуы. Қазіргі педагогикалық технологияны обьективті қажеттілік тұрғысынан зерттеп тануды талап етеді.

«Оқыту технологиясы» деген түсінік бүгінгі күні дәстүрлі педагогика көпшілік мақұлдаған түсінікке жатпайды.

Юнесконың құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және анықтау барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып табылады.Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғышарт ы деп есептейді.

Бір жағынан, оқыту технологиясы – ол ақпаратын өңдеудің, ұсынудың, өзгертудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан, оқыту үрдісінде оқытушының қажетті техникалық, ақпараттық тәсілдерді қолдана отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым. Оқыту технологиясында оқу мағынасы, әдістерітәсілдері өзара тығыз байланыста болады.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қойылған оқу тапсырыстары мен бағдарламасына сәйкес оқыту тәсілдерінің әдістерінің ең оңтайлы, қажет мағынасын тыңдай білуде.Оқыту технологиясы жүйелі ұғым.Оның құрылымына мыналар кіреді:

-оқыту мақсаты;

-оқыту мағынасы;

-педагогикалық өзара  қатынас құралдары;

-оқу үрдісін ұйымдастыру;

-оқушы,  мұғалім ;

-іс-қимыл нәтижесі.

Педагогикалық технологияның мәні жайлы соңғы онжылдықта белгілі болып келген көптеген анықтамалар бар.

Технологияны – қандай да болсын істе, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы( орыс тілінің түсіндірме сөздігі).

Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік,өңдеу тәсілдерінің жиынтығы,қалыпты өзгерту(В.М.Шепель)

-Оқыту технологиясы-дидактикалық  жүйесінің құрамдас бөлігі(М.Чашанов)

-Педагогикалық технология - әлеуметтендіру мен оқытудың  түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін  үйлестіретін, тәрбиелеу амлдарын  анықтайтын психо-педагогикалық құрылымдардың жиынтығы: ол педагогикалық барыстың құралы болып табылады( Б.Т.Лихачев)

- Педагогикалық технология  - оқу процесін іске асырудың  мағыналы технологиясы ( В.П.Беспалко).

-Педагогикалық технология  – оқытудың жоспарлы нәтижесі процесін суреттеу ( И.П.Волков).

-Педагогикалық технология  – оқушы мен мұғалімнің толық  жабдықталған шарттарын   қамтамасыз  ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ  бірлескен педагогикалық іс-қимылдарының  жан-жақты ойластырылған моделі ( В.М.Монфсьв).

- Педагогикалы технология- білім беру түрлерін оңтайландыруды  өзінің тапсырмасы ретінде қарастыратын  техникалық және адамның қорларды  есепке ала отырып,өзара бірлескен  білімді меңгеру мен оқытудың  барлық процесін анықтау, қолдану,құру тәсілдерінің жүйесі   ( ЮНЕСКО).

-Педагогикалық технология  – педагогикалық мақсатқа жету  үшін қолданылатын барлық жеке  тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдерінің  жүйелі жиынтығы мен ретінде  жұмыс істеу ( М.В.Кларин).

- Педагогикалық технология- алдыңғы авторлардың барлық анықтамаларының мағынасын бойына сіңірген мағыналы қортындысы            ( Г.К.Селевко).

«Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады:

-ғылыми;

-іс-жүргізу,суреттеу;

-ықпалды іс жүргізу.

Сонымен, педагогикалы технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады.

Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылыми жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде, халықтық педагогика, отндық және шетелдік педагогиканың  өткенінің барлық жақсы жинақталғаны болып таблады.

Педагогикалық жүйенің табысты жүзеге асуы үшін оны құрайтын барлық нәрселердің тыңғылықты ойластырылуы қажет.

Кез келген педагогикалық технология педагогикалық ғылымм мен іс-тәжірибе жетістіктерінің жиынтығынан, бұрынғы тәжірибенің дәстүрлі түрлерін  қосатын және қоғамның дамуы, демократизациялау нәтижесінде пайда болған нәрселерден тұрады.

Бірдей технология түрлі орындаушының қолында әр кезде басқа болып көрінеді.

Информация о работе Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану