Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2015 в 08:27, реферат
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Нысаналы оқыту барысы
1. Байқап көру және толыктау барысы-"Байқап көру" дегеніміз оқушылардың жаңа білімді үйренуге қажетті даярлық білімін тексеріп көру деген сөз. "Толықтау дегеніміз "байқап көру незгізінде анықталған кеншіліктерді түрлі формалармен (оқулықты оқыту, өзара пікір алмасу, түсінік беру) толықтыру барысын керсетеді.
Оқыту мазмұны жалғастылыққа ие болатыны белгілі. Жаңа білімді үйрену окып кеткен білім негізінде, окушының тырысып үйренуі арқылы орыңдалады, басқашада айтқанда, белгілі бір жаңа білімді игеру үшін, сөзеіз даярлық шарты болуға тиісті.
Блумның көзкарасы
бойынша окушының игерген
Нысананы көрсетіп түсінік қалыптастыру-Нысаналы оқытудың ең басты ерекшелігі оқыту нысанасын белгілеп, оны окыту мазмұныңың темірқазығына айналдыру.
Жаңа сабақтың нысанасы оқушыға айқын болғаннан кейін бүкіл бір сағаттық оқу қимылы сол темірказықтың төңірегінде өрбиді.
Оқыту нысанасы мұғалім мен оқушының окыту және оқу қимылының әрі шығар жері, әрі тиянақтар жері болады.
Мұғалім мен оқушыда ортақ нысанаға жету сезімі болғандықтан, сыныптағы оқыту үйлесімді де саналы түрде реттеліп, оқыту мен оқу өзара сәйкестік табады.
Оқыту нысанасы жаңа сабақты бастаған кезде немесе оқыту барысында жеке-жеке көрсетілуі қажет.
Нысананы қосымша тақтаға алдың-ала жазып әкеліп көрсетуге де, сабақ үстінде жазып көрсетуге де немесе бейне магнитофон, кодоскоп арқылы көрсетуге де болады. Нысананы көрсету уақыты әдетте 1-2 минуттан аспауы керек.
Нысанаға жету- Жаңа сабақ өткізу - сынып оқытуының ең өзекті мәселесі. Ол алдың-ала жоспарланады да, нысанаға мұғалім мен оқушы болып ортақ кимыл арқылы қол жеткізеді. Бүған әдетте 19-20 минуттай уақыт кетеді.
Нысаналы оқытуда нысана белгілеу, бағыттау және бағалау сынды барыстар бүкіл оқыту кимылының негізі болады. Сондықтан мұғалім оқыту барысында саналы түрде оқушыларды нысанаға карай жетектеп, нысана төңірегінде үйрену ұйымдастырып арқылы, нысанаға жету үшін белеенді түрде ортақ кимылдауы қажет. Бұл нысаналы оқытудың дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы болып табылады.
Нысаналы оқытудың тағы бір ерекшелігі - кері байланыс пен толықтырудың бүкіл оқыту барысында бастан аяқ қайталанып отыруы. Кері байланыс пен толықтыру сәтті жүргізілее, оқыту барысында жасалған әрбір қадамның нәтижелілігін тексеріп, мұғалім мен оқушының уақытын үнемдеп оқытудың өнімділігін арттырады.
Сондықтан кері байланыс пен толыктыру окыту барысын меңгеру мен үздіктендірудің маңызды кұралы саналады.
Оқыту нысанасының нақты мазмұныңа жету мәселесіне келетін болсақ, оған жаңа сабақ өту барысында әр түрлі оқыту формасынан пайдаланып жетуге болады. Мысалы, "түсіну" мазмұныңда оқушыларға оқуға тиісті мазмұнды көрсету, оқыту, түсіндіру арқылы "түсіну" нысанасына жетуге болады; "есте сақтау" мазмұныңда оқушыларға лайықты уақыт бөліп оқытып, онан соң сұрақ қойып жауап алу арқылы "есте сақтау" нысанасына жетуге болады; "игеру" мазмұныңда оқушы түсінігін қиындық туғызатын мазмұнды мұғалім бір жағынан түсіндіріп, бір жағынан талқылап, жинақтап, қорытындылау формаларымен нысанаға жетуге болады; "колдану, талдау және жинақтау" нысанасына оқушыларға нақты сұрақтар кою, жаттығулар меи есептер беру арқылы жетуге болады.
4. Оқушы өзінің
алған білімін мұғалім
Мұғалім бұл барыста оқушының ұғымды түсінуіне, қателескен жерін түзуіне көмекте-седі және оқулықтың қай бөлігін тиянақтап оқу керектігін, қосымша қандай материал қарау керектігін көрсетеді.Әдетте бұған минуттай уақыт беріледі.
5. Нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру-Оқушылардың нысанаға жеткен-жетпегенін тексеру үшін мұғалім әр түрлі сұрақтар қойып, жауап алу немесе сынақ жүргізуі, егер олқлықтар байқалса, толықтау жасауы қажет. Әдетте бұған 5 минуттай уақыт кетеді.
Жоғарыда көрсетілген бес басқаша жалпылама барыс болып, ол мүлде өзгермейтін қағида емес, оқытудың іс жүзіндегі ыңғайына карай оны толықтап тағы да басқыштар қосуға немесе кей басқыштарды алып тастап, өзіңнің оқыту жоспарына тіке байланысты басқыштарды ғана пайдалануына әбден болады.
Жалпы алғанда "Нысаналы оқыту технологиясы" қазіргі заманғы оқыту талабы ортаға қойған зерттеп үйрену, селбесіп үйрену және өзін-өзі басқарып үйрену талабына өте жаксы үйлеседі. Бұл оқыту технологиясының дәстүрлі окытудан басты ерекшелігі де, басты айырмашылығы да осында.
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциялды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналган жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.
Бұлар:әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шыгарады.
Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы имформатика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады:
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады.
Мұндай тапсырмаларды
құрастырған кезде-олардың
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1.Өтіп кеткен материалдарды
реттеуге және жүйелеуге
2.Оқушылардың ойлау қабілетін
жетілдіруге берілетін
Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:
1)танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
2)әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру: және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
3)Өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың алған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар:
Бірінші деңгей үшін - игерілгенді пысықтау мен қайталауға, командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге оларды, тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар. Оқытудың осы жаңа технологиясы жағдайында:
-оқушылардың өздігімен
жүргізетін танымдық іс-әрекеті
үшін тапсырмалар күнделігі
-оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;
-барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.
Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған.Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбак, сөзжұмбақ, ребус математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертен жаңа тақырып басталады.
Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.Осы жерде, "үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын окушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет? " - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.
Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мек бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау тек бағалаудың ерекшелігі неде?Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды түрді әртүрлі топтарға болуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.Денгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны "есепке" алынып отырылады. Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, жұмысын "оқушылық", "міндетті", 1-дегі деңгейдің, ол. үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді бұл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыга тірек білімін ғана Меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні жоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп болады.
Нақтырақ айтсақ:
Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді, және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді.
Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір денгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетінде жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады.
Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергені сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 15 ұпай, үшінші деңгей үшін - 30 ұпай. Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарынды қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.
Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы жанында ілулі тұратын жалпы ведомосқа және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомосқа (шеңбер) -мен белгілеп отырады.
Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жұмыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан демеп жіберуге жол беріледі.
Сондықтан бақылау
мен бағалау ішкі бақылау мен
ішкі бағалау болып табылады.
Сабақ дұрыс орындалған барлық
тапсырмалар үшін табылады. Сабак
дұрыс орындалған барлық
Жинаған үпайларын оқушылар 2-ші кестеде әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады.
Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график шығады. Ол - оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгерген қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Информация о работе Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану