Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2015 в 08:27, реферат
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұгалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.
Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының – мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалану қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек.
Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұсынып отырса, мұғалімнің күш –қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Педагогикалық техногогияны
қолдану білімді сапалы
Оқытудың
нәтижелі болуы оны ұймдастыру
әдістеріне және
Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.
Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа педагогикалық технологияға сәйкес дамыту.
Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету.
Сонымен қатар шығармашылдық
ойлау мен бастамашыл іс-
Теориялық, мазмұндық мәнді меңгеріп, шығармашылықты дамыту барысында мұғалім бағдар бергенімен, оған тікелей жетекшілік жасамайды, қайта қалым қалып, ретіне қарай қатардағы рөлді ойнайтын, шәкірттерімен тепе-тең құқықтығы серіктес болады.
Сабақ барысында шығармашылық басқарушы рөлдерді бөлгенде, диалогте өмірдегідей нақтылыққа жақындауына мән береді.
Инновациялық
оқыту дәстүрлі дидактикамен
қатарласа жүргенімен, оның өзіндік
айырмашылықтарымен
Нақты айтқанда, оқушыға үнемі жол сілтемей, өзінше әрекеттене алуына бейімдеу.
Мұның нәтижелік көрсеткіші сол: оқушының білімді мағлұматты жәй ғана, бір сәттік тұрғыда қабылдап қана қоймай, саналы да тиянақты игеруіне ықпал ету.
ЮНЕСКО-ның жобасына жүгінсек:
Қорыта келе бұл аталған құндылықтарды жетік білу, мән- мағынасын терең ұғыну – шығармашылық дағдысын қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу
Білім сапасын және пәрменділігін арттыру мәселесі оқу үрдісіне оқытудың жаңа технологияларын тереңдете ендіру жолымен шешіле алатындығы сөзсіз және бұл ретте тұтас алғанда білім берудің сапасы мүлде көтеріліп, шығармашылықты жеке тұлғаны дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды және педагогикалық қызметті "технологияландыру" талпыныстары XX ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 80-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды.
Қазіргі күннің өзінде
де үлкен педагогикалық және
экономикалық мүмкіндіктерге
Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б.
Ең алдымен оның
себебін мұғалімдердің жаңа
Олар:
- мұғалімнің оқу үрдісін жаңа технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі;
- оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) жаңа технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық -педагогикалық ахуал;
- оқытудың жаңа технологияларын
жүзеге асыруға мүмкіндік
- оқу бағдарламасының
қамтамасыз етілуде жаңа
Білім сапасы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде.
Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың бөлгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді.
Олар:
- мұғалімнің оқытудың
жаңа технологияларына
- қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
- басты бір мақсатқа
немесе мақсаттар жиынтығына
бағытталған технологияларды та
- жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
- мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;
- іс-әрекетін ұйымдастыру
және оған талдау жасау
- өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;
- технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.
Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол оқытушыдан білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.
Жаңа технологияларды енгізу кезінде оқытушының технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек:
- жаңа технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді;
- жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
- жаңа технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
- жаңа технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;
- оқушылардың жұмыс әдісін;
- оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін, мұғалім істей алуы керек;
- қандай да бір технология
үшін оқу бағдарламасының
- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;
- әр сабақта сауатты жоспарлауды;
- оқу моделін құрастыруды;
- оқушылардың өзіндік
жұмыстары үшін таратпалы
- оқушыларға арналған
өзіндік тапсырмаларды
- оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;
- тестілік бақылау
- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;
Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:
- жаңа технологияда
- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;
- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды;
- жаңа технологияда
- педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, жаңа технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.
Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру - жаңаша оқытуға жеткізетін жол.
Оқу үрдісін "технологиялауда" оқыту субъектілерінің, яғни мұғалім мен оқушылардың дайындығының психологиялық аспектілері де маңызды рөл атқарады.
С.И.Годник зерттеулері көрсеткендей, жеке тұлға жаңа жағдайларға бейімделуде, жеке және кәсіби сапаларды жүзеге асыруда, әрекеттің жаңа тәсілдеріне ие болуға байланысты қиындықтарды сезінуі мүмкін.
Жаңалықты меңгеруге бүкіл ұжым құлшыныспен кіріседі деп үміттенуге болмайды, мұғалімдердің бұған деген іс-әрекеттерінде үлкен айырмашылық болады.
Социологтардың мәліметтері
бойынша педагогтердің тең
Мұғалімдердің педагогикалық технологияларды енгізуге байланысты кейбір психологиялық қарсылықтары түсінікті.
Олар үйреншікті іс-әрекетті өзгертуге деген қалауларының болмауымен, жаңалықты игере алмаймын деген қорқыныштың болуымен, іс-әрекеттің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру қиыншылықтарымен, өзінің күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздігімен, т.б. шартталған.
Информация о работе Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану