Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2015 в 08:27, реферат
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек.
Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.
Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықыла білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек .
Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді,олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.
«Білім берудегі жаңарту туралы айту барлық мағынасы қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған жағдайға ғана байланысты. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемістігін анықтайды.
Сондықтан оларды негіздеуге тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қоймай, әлеуметтік-педагогикалық дамудың нақты бағыттары мен нгеізгі мақсаттарын ескеру қажет.
Бұл ұсақ ұстанымсыз өз-зімен, сондай-ақ, қоғамдық міндеттер мен құндылықтармен де еш байланыссызтәртіпсіз шашырап жатқан инновациядан аулақ болу үшін маңызды» дейді А.Найн.
Оқушылармен жұмыс істеудің жаңа үлгілері мен тәсілдерін енгізу және қабылдау біздің мектептердің үздіксіз мұқтаждықтарынан туындайды.
Сондықтан біз білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді үздіксіз жүріп, дамып отыратын қоғамдық үрдіс ретінде түсінеміз және ол инновацияға қысқа мерзімді , өткінші ғана құбылыс деп қарамайды.
Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді.
Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.
Осындай жағдайда білім беру жүйесі қоғамдық қызеттің басқа салаларымен бірлесе отырып қана аяғынан тұрып кетеді.Педагогикалық инновациялар білім берудің ішкі жүйесіндегі адамдар қызметінің нақты нәтижесі болып табылады.А.Колодин мен С.Смирновтың пікірлерінше, педагогикалық инновация мемлекеттік білім ұйымдары жасап, жүзеге асырған жаңалық емес, білім беру және ғылым жүйесінің ұйымдары мен қызметкерлері жасаған жаңалықтар.
Сонымен қатар білім беру саласында болып жатқан өзгерістердің барлығын авторлар педагогикалық инновацияға жатқыза алмайды. Бұл категорияға олар білім берудің қоғамдық жағдайлары өзгерісін, оның мәртебесінің жоғарылауы мен қаржыландырудың өсуі сияқты мысалдарды жатқызады.
Бұл бәрінен бұрын қандай да бір әлеуметтік үрдістің нәтижесі, қоғамның саяси бағытындағы өзгеріс немесе қайта құру, яғни саяси қайта құрулар нәтижесі.
Білім беру мекемелерін жабдықтау да таза педагогикалық инновация болып табылмайды, - бұл бұл инновацияның компьютерлік техника саласына енуі, оқу құралдарының өндірілуі.
Білім беру жүйесінің құрылымындағы өзгерістерді де педагогикалық инновация деп атауға болмайды. Бұл дұрысында білім беруді басқару саласындағы инновация.
Басқару инновациясына мектеп ұйымының ішкі қызметіндегі кейбір жаңадан енгізілген нәрселерді жатқызуға болады.
Кең ауқымды инновациялық қозғалыс – қайта құру үшін қажетті құбылыс.Оның өмірде болуы қайта құруды жасаудың негізгі әлеуметтік шарты ретінде көрінеді. Бұндай қозғалыс құруды жүзеге асырудың маңызды шарты ғана емес, оған дайындық құралы болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологиялардың классификациясы
Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ - болашақ тірегі бола алады.
XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді ойлап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі - ел алдыңдагы маңызы зор міндет.
Еліміздің, қоғамның эқаномикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік иновацияға көтерілетін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – мектептің, ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтык мәселе болған.
Тарихтан білетініміз: дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған, сондықтан қазіргі мектеп мұғалімдері алдыңда тұрған аса маңызды міндет — талабы таудай жеке тұлғаны өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Оқушы талантын тауып, дарынын дамытар жұмысты кіші жастан жүргізу керектігі айдай анық.
Жеке тұлға қалыптастыруда әр оқушының кабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесін көтеру керек және жаңашыл жұмысқа бет бұру керек, ол үшін ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қорғай білетін азамат тәрбиелеу.
Сол үшін ұлттық мектебімізде жаңа білім беруде жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізуіміз керек. Бірақ, мектептің түрін өзгерткеннен (гимназия, лицейт.б.) ойлаған мақсатқа жете алмаймыз.
Ондағы оқыту мазмұны, білім беру технологиясы баланың талантына, дарынына, талап-тілегіне қарай ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, бабалар тарихын негізге ала отырып, жеке тұлға қалыптастыруға бағытталу керек.
Қазіргі таңда псдагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде.
Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, онан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас және психологиялық ерскшеліктеріне қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғыми іс-тәжірибемізде жиірек қолданылып, практикаға енуде.
Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология — педагогикалык мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті — деп В.Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі-бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті өзара байланысқан әдістер құралдарының жиынтығы.
Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту приктикада пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі - саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы білімді менгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей - міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология - оқушының шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі, оқыту мен тәрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Мектептің ескі құрылысы мен білімнін жаңа мазмұнының арасындағы қарама-қайшылықты жою үшін жүйелі түрде саралап, білім берудің түпкі мақсаты өмірдің сан тараулы дамуын меңгеретін адамға табиғи мүмкіндігі негізінде дамыта тәрбиелеу.
Кез-келген елдің экономикалық қуат, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр, ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.
Оқыту технологиясы - бұл оқытудың тиіміділігін арттыру мақсаты мен білім беру үрдісін зерттеу негізінде оқу үрдісін жүзеге асыру және бағалау, бағдарламалаудың жүйелі тәсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген.
1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология» дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі-бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.
Педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру формасымен анықталады.
Педагогикалық технологияның
өзіндік ерекшеліктері - қойылған
мақсатқа жету мүмкіндігіне
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалану қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С.Н.Лысенкова алдына ала оқьггу, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың окытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болъп табылады.
Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты мынадай ұстанымдардан құралады:
Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.
Мұғалім түсіндіруші, оқыту тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Элъконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.
Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі-бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұны, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етіп, орындалуы үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс:
Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланылып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылық бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.
Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады.
Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар - әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушлардың өз бетішпе жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технология : ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Информация о работе Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану