Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2015 в 08:27, реферат

Описание работы

Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді.
Бұл жоғары оқу орныңда мамаңдар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді.

Файлы: 1 файл

janapedagogika (1).doc

— 539.00 Кб (Скачать файл)

Бұл мәселені шешуде мектепте кәсіби педагогикалық іс-әрекетті "технологиялауды" мотивациялау мен ынталандыру жүйесінің (материалдық және моральдық ынталандыру шаралары) жасалуы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал туғызатын арнайы ортаны құру және педагогикалық технологияларды жобалау мен ендіру үрдісіне білікті басқаруда көмектесуі мүмкін.

Оқу орнында технологияны ендіруге жағдай жасайтын ұйымдастыру жағдайлары туралы айтқанда жағымды ахуал, материалдық және техникалық құралдар, технологиялау процесіне әдістемелік қолдау, талап және мұғалімдер іс-әрекетін бағалау, мұғалімдердің кәсіби әрекетін технологиялау туралы білімдерін тереңдету мақсатында біліктілігін көтеруге мүмкіндік беру (қайта даярлау курстары, түрлі ақпараттық ресурстарды пайдалануға қол жеткізу) сөз болады, яғни оқу орны әкімшілігін педагогикалық ұжым мен мұғалім жұмысына жаңа педагогикалық технологияларды ендіру мәселесі бойынша жұмыс жасауға үйретіп, ол жұмыстарды мына жеке бағыттарда ұйымдастыруға болады:

- өз тәжірибесінде жұмыстың  инновациялық түрлерін қолданып  жүрген тәжірибелі мұғалімдермен  жұмыс.

Олардың мақсаты - өз жұмысына қандай да бір технологияны кезеңмен ендіріп, нәтижесін ұжым талқысына шығарып, сол арқылы әріптестерінде жаңашылдық үрдісіне ену, олардың іс-әрекетін қайталау тілектерін туғызу:

- әрқайсысына тәжірибелі  тәлімгерлер бекітілген жас мамандармен  жұмыс:

Туындаған сұрақтарына жауап беріп, сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек, ақыл-кеңес, беретін тәжірибелі әріптеспен бұндай жұмыс әрқашан нәтиже береді;

- өз жұмысына өзгеріс  енгізуге тілек білдірмеген мұғалімдермен  жұмыс. Олар үшін технологияны тұтас алғанда және әрбір элементін жеке қолданудың тиімділігіне баса назар аударта отырып ашық сабақтар өткізу.

Оқу орнының әдістемелік жұмысын жоспарлауда осындай жұмыстың мысалы ретінде "Жаңа педагогикалық технология - кәсіби даярлықта" бөлімі пайда болуы мүмкін.

 Нәтижесінде оқу үрдісінде  жаңа педагогикалық технологияны  нық қолдануға әкелетін әдістемелік, техникалық қамтамасыз етуді, кеңес беруді, диагаостикалау, рефлекцияны қамтитын ұзақ кезеңді жұмыс жүзеге асырылады.

Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау - жұмыс сапасының негізі болып табылады.

Осы орайда:

- ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім;

- оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам салы болуы;

- мектепке керегі белгіленген программа, - деген ағартушы-ғалым А.Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.

Оқу үрдісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалімнің ғылыми-әдістемелік пен қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу үрдісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үрдісі.

Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:

1. Ең алдымен оқу орнының үрдісін технологияландыруда таңдап алынған мәселенің жағдайын тереңдеп зерттеу:

- бітірушілердің біліктілік  сипаттамасы негізінде студенттердің  кәсіби әрекетке дайындық деңгейіне  терең талдау;

- курстық, дипломдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу;

- бітірушілердің даярлық  деңгейіне біліктілік, мөлшерлік  талаптарды зерттеу және талдау;

- оқу орнының нақты  мамандық бойынша білім беру  бағдарламаларына (оқу жоспарына, оқу  бағдарламаларына), олардың біліктілік, мөлшерлік талаптарға сәйкестік тұрғысынан талдау жасау:

- квалификациялық мінездеме талаптарының сабақтардың мазмұнында, өндірістік тәжірибе жинақтаудың барлық түрлерінің мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен тапсырмаларында көрініс табуы;

- осы талаптардың оқу пәндері мен тәжірибе жинақтаудың түрлері арасында бөлінуі (кәсіби әрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);

- студенттерді кәсіби әрекетке дайындаудың әдістемелік және оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.

2. Ендірілетін технологияның  теориясы мен әдістемесін зерттеу:

- жаңа педагогикалық технологиялар  бойынша әдебиеттерді талдау, бұл  ұсынынатын әдебиеттер бойынша  ақпараттық тізімдерді жасауды, әдебиеттерді жинақтауды, түрлі  көрмелер ұйымдастырып, оқытушылар біліктілігін арттыру жүйесінде (әдістемелік сағаттар, озық тәжірибе мектебі, мәселелік семинардар, т.б.) талдауды қажет етеді;

- басқа оқу орыдарының, салалық құрылымдардың оқу үрдісіне  жаңа технологияларды ендіру  тәжірибесімен танысу (журнал мақалалары, ғылыми еңбектер жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, т.б.);

- берілген бағыттағы өз  тәжірибесін пәндік циклдік комиссиясы (ПЦК) мәжілістерінде талдау және  талқылау;

- жаңа педагогакалық технологияларды  оқу үрдісіне енгізуге шешім қабылдап, педагогикалық ұжым алдында перспективаға мақсат-міндеттер қоя отырып, педагогикалық кеңесте жаңашылдықтың мәнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жобалау;

- тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстың жоспарын құрастыру.

3. Тәжірибелік-экспериментцс жұмыстарды ұйымдастыру.

Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге оқытушыларды жалпы ынталаңдырумен қатар оқу орнында тәжірибелі, белсенді, бастамашыл, ендірілетін технологияның мәні мен мазмұнын түсінген 8-12 оқытушылардан тұратын тәжірибелік-эксперименттік топ құрған жөн.

Оларға барлық оқытушыларға жаңа технологияны меңгеруге көмек көрсету қызметі, өз тәжірибесін демонстрациялау және талдау жасау, нәтижелерін эксперименттік түрде тексеру міндеттері жүктеледі.

Сонымен бірге оларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын оқытушылардың жаңа технологияның ғылыми - әдістемеліктің қамтамасыз етілуіне кемектесу міндеті де қойылады.

Тәжірибенің мақсаты - қолданылып отырған технологияның тиімділігін мұқият тексеріп, оны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік базасын жасап, өз тәжірибесіне және оқыту технологиясының теориялық негіздеріне сүйене отырып, инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау.

Оқытушылардың эксперименттік тобы жаңа технологияны ендірудің жалпы жоспарына сай келетін өз жоспарларымен жұмыс жасайды. Тәжірибе-эксперименттік жұмыстың екінші жылында оған қатысушы оқытушылардың шеңбері кеңейіп, жаңа технологияларды жаппай ендіру мәселесі қойылуы мүмкін.

4. Жаңа педагогикалық  технологияға негізделген оқу  бағдарламалық базаны қамтамсыз ету.

Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасының талаптарына жасалған талдау негізінде оқу бағдарламаларына түзетулер, толықтырулар енгізу (теориялық және практикалық сабақтардың ара-қатынасын қайта қарау, мекеме тандау пәні, студенттің таңдау пәндері есебінен әрекетті-бағдарлы пәндер көлемін арттыру).

5. Жаңа педагогикалық  технологияларды ендірудің материалдық-техникалық  базасын құру.

Жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану тиімділігін арттыруда осы көрсетілген бағыттардың қүрылымдық мазмұнын іске асыру, сапалы жүргізу нәтижелікке бағдарланған жұмыс болып табылады.

 

 

Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі

 

Бүгінгі таңда білім берудің  ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр.Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Үздіксіз жаңалық  енгізу білім беру мекемелерінің, соның ішінде жалпы білім беретін мектеп жұмысының дамуының ең басты факторы болып отыр.Иновацияның мәні неде және оның қажеттілігі қандай себептермен түсіндіріледі?

Бірінші кезекте иновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне ебепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.

  Білім беру мекемесінің  алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер,мектеп оқущылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, иновацияға үнемі орын табылады.

Ал жаңа өзгеріс нәтижесінде білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.

Иновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, ол мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың  мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға, шеберлікке деген ұмтылысы,  жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы.Демек, жаңалықтың ену қажеттілігі білім алуға деген коньюктураның ( бір нәрсеге әсерін тигізетін жағдайлардың кездесуі) мұқтаждығынан пайда болады.

Ол сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынаспен, жалпы білім беруге дайындық деңгейімен, педагогика қызметкерлерінің кадрлық әлеуетімен және басқа да  факторлармен анықталады.

Технология, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып  қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Сондықтан да мектеп басшылары үнемі өзгерістің болып тұруы бірден-бір дұрыс факт екенін мойындаулары қажет.

Жаңалық енгізу кезкелген  білім беру мекемесінің  дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Бүгінгі таңда білім беру қызметін көрсетуде бәсеке күшейіп отыр, тұтынушылардың дайындық деңгейіне деген талаптары өсуде.

Осындай кезеңде өз өмірін сақтап қалуы үшін мектеп өз қызметін үздіксіз жақсартуға және қайта құруға, оқу -тәрбие үрдісін  жетілдіруге мәжбүр.

Білім беру қоғамдық іс-әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады.Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдықдамудың белгілі дәрежесінің  нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады.Дегенмен, кері байланыста бар.Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді.

Ол қоғамдық дамуды  тездетуі немес тежеуі мүмкін.Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс   қоғамның болашақ дамуының  тек қана салдары болп қоймай, қажеті  шарттары да болып табылады.

Әрине педагогикалық иновайияның бір бөлігі ғана тек белгілі қоғамдық қатынастарда  нақты ақиқат дүниеге айналады.Мысалы, ізгілендіру үрдісінің дамуының негізгі шарты  қоғамдағы саяси қайта құрулар  және оның жұмыс істеу  экономикалық механизмнің өзгеріс болып табылады.Дегенмен, білім беру үрдісінің педагогикалық сұрыпталуының  негізгі көпшілігі  осы саланың қызметкерлері  арқылы қалыптасады.

Бұл өзгерістің ішкі, таза педагогикалық бөлігі  іспетті  сол әлеуметтік жағдайдың базасында, қоғам өзі құрып  алған экономиалық, саяси құрылымда арттырылады.

Мамандардың көрсетілуі бойынша, экономика мен ғылым саласындағы барлық ірі жаңалық енгізулер АҚШ-тың еншісіне тиіп отыр.

Мектептегі жаңарту бастамасы педагогикалық ұжымның өз үлесіне тиеді.Әр мектепте оқу-тәрбие үрдісі бойынша мамандар болуы тиіс, олардың негізгі міндеттеріне мұғалімдерге  басшылық жасау және  педагогикалық жаңалықты  бақылап отыру, сонымен қатар   барлық оқу пәндері бойынша әдістемелік жүйенің өзіне тән мерзімдік тексерісін өткізу кіреді.

Американдық зерттеуші С.Погровтың пайымдауы бойынша, педагогикалық қайта құрушылықтың  тарихы-бұл үздіксіз сәтсіздік нәтижелерін  тәжірибеде бекіту. Д.Тиак және басқада зерттеушілер педагогикалық иновацияның әдетте өмірінің қысқа болатынына көңіл аударады.

Инновациямен бірге өмір сүріп келе жатқан  нәрсе , ол- жалғыз-ақ бақылауға оңай көнетін немесе қолданыстың жаңа саласын құрайтын құбылыс.

Әдеттегідей  барлық сәтсіздіктің себептерін бәрінен бұрын табиғаттарынан керітартпа  және селсоқ, жалқау, ұқыпсыз және қиялдау қабілеті төмен мұғалімдерден іздейді.Дегенмен  басқа саладағы жағдайға осыған ұқсас «Инновация және кәсіпкерлік» деген кітабында П.Друкер негізгі шарттарды анықтауға тырыса отырып, адам тәжірибесінің  толық көрінісін суреттейді, оның ішінде жаңа идеялар  жемісті және ұзақ мерзімдік инновация адам қызметінің  кез келген саласында қарастырылады.

Ол адамзат тарихындағы көптеген алдыңғы қатарлы  идеялар мен  өмірдегі өзгерістер тамырын  кең жайып   кете алмағанын көре білді.Олардың көпшілігі  жай ғана қызықты идеялар түрінде  ғана қалып қоятын болған.

Жаңа идеялардың тағдырына қатысты ол төмендегідей қорытындыларға келеді:

-идеялар айқын мақсатты  көздеген және оларды жүзеге  асыру мен тарату тәсілдері  қалыптасқан жағдайда  ғана сәтті  инновация бола алады;

-инновация жемісті болу  үшін ол аз және өте нақты  нәрседен   басталуы қажет;

-ақпаратқа негізделген  өзгерістің сәтті болуы екіталай,алынып  отырған ақпаратоңай жолмен келсе  немесе арзанға түссе ғана  өз жемісін береді.

Информация о работе Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану