Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 04:25, автореферат

Описание работы

Студенттер үшін психологиялық дайындау іс-әрекетінің мәнділігі, оңды ықпалы тек психология пәндерін оқуға, білуге деген студенттердің ерекше қатынасының орнығуына байланысты болатыны даусыз. Психологиялық білімді жоғары дәрежеде меңгеру, психологиялық даярлықты жетілдіру тек оның студенттер үшін мәнді болуына тәуелді деп білеміз.
Жоғары оқу орнында психологиялық дайындаудың тиімді іске асырылғандығы студенттердің оқу және кәсіби іс-әрекеттерді меңгеруі, қарым-қатынастары арқылы көрінеді. Жоғарыда баяндалғандай, қазіргі кезде студенттерді мақсат-бағдарлы психологиялық дайындау психология пәндерін оқыту арқылы іске асырылады.

Файлы: 1 файл

absatova.doc

— 248.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

ӘӨЖ 371.132 : 378                                                              Қолжазба құқығында

                      

 

 

 

 

АБСАТОВА ГУЛЬШАТ КАДЫРБЕРГЕНОВНА

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

 

6М010300 – Педагогика және психология

мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі                     академиялық дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация жұмысының

РЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қазақстан Республикасы

                                      Қызылорда, 2013 ж.

     Диссертациялық  жұмыс Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университеті  Гуманитарлық-педагогикалық институтының "Педагогика және психология" кафедрасында орындалды.

 

 

                                          

    Ғылыми жетекшісі:

психология ғылымдарының кандидаты А.Ж.Аяғанова

 
     

    Ресми оппонент:

Психология ғылымдарының кандидаты Н.М.Садықова


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Магистрлік  диссертация 2013 жылдың «___» маусымында сағат ____  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің (мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Төле би, 36 А, №7 оқу ғимараты, Гуманитарлық-педагогикалық, №____ дәрісхана) диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

     Диссертациямен  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік  университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

     Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адам өмірінің барлық саласына, оның ішінде жоғары кәсіптік білім беруге айтарлықтай ықпалын тигізді. Дәстүрлі білім беру парадигмасының ізгілікті, тұлғалық-бағдарланған білім беруге көшуі, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі білім беру мақсаты мен оның тиімділігінің қалыптасқан критерийлерін қайта қарауды талап етіп отыр. Жоғары білім берудің мақсаты білім мен біліктерді меңгеру көлемі емес, өз бетінше жұмыс жасай алатын, бастамашыл, бәсекеге қабілетті, нарықтық ортада тиімді іс-әрекет жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.

     Бұл дегеніміз, қазіргі заманғы жоғары кәсіптік  білім беру өз мүмкіндіктерін  жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік  тұрақты және сонымен бірге  ұтқыр, кәсіби салада болып жақтан  өзгерістерге жылдам бейімделе  алатын тұлғаның дамуына ықпалын  тигізетін психологиялық-педагогикалық жағдайларды қамтамасыз етуге бағыттылған деген сөз. Осы жағдайда жоғары оқу орнындағы білім беру үдерісін психологиялық сүйемелдеудің рөлі айтарлықтай артып отыр. Жоғары оқу орнында психологиялық қызметтің қажеттілігі жайлы әр түрлі деңгейдегі басылымдарда және конференцияларда ғалымдар, практиктер белсенді талқылауда. Олардың барлығы жоғары кәсіптік білім беру алдындағы міндеттерді білікті психологиялық қамтамасыз етусіз мүмкін еместігін мойындап отыр.

     Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісі көпдеңгейлі, бірнеше жүйені біріктіретін динамикалық жүйе ретінде қарастырылады. Бұл жүйенің түпкі мақсаты - мамандарды жалпы және кәсіби тұрғыдан даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізу. Мамандарды даярлауда психологиялық сүйемелдеудің өзектілігін тәжірибе көрсетіп отыр. Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және тәрбиемен қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады.

     Бірқатар  ғалымдардың пікірінше, жоғары оқу  орындарында психологиялық қызметтің  болуы елдегі жоғары білім  берудің дамуының жоғары көрсеткіші екендігін куәсі болып табылады. К.А.Абульханова-Славская психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мамандарды даярлау сапасын арттыру міндеттерімен ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орнында тұлғаның дамуына, өзін-өзі дамытуына, өз әлеуетін жүзеге асыруға толық жағдай жасау міндеттерімен де байланысты екендігін атап өтті.

     Кәсіптік  білім беруді психологиялық қамтамасыз  ету мен жоғары оқу орындарына  психологиялық қызметтің қажеттілігі  туралы кеңес психологтары бірнеше  көп жыл бұрын айтып өткен болатын. Аталған мәселенің теориялық негіздерін жасау мен тәжірибеде жүзеге асыруға талпыныс өткен ғасырдың 70-ші-80-ші жылдары байқалады (Б.Г.Ананьев, Н.М.Пейсахов және т.б.). Осы жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім беру психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.

     Айта кету  керек, соңғы жылдары посткеңестік мемлекеттерде, сонымен қатар біздің елімізде психологиялық қызметті ұйымдастыру мен дамыту мәселесін зерттеуге көп назар аударылуда. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің түрлі аспектілерін зерттеуге, оны ұйымдастыру мен дамыту мәселелеріне, жекелеген жоғары оқу орындарының тәжірибесін талдауға  А.А.Бодалевтің, Ю.М.Забродин, А.А.Захаров (1979), Н.М.Пейсахов (1981), С.М.Глушакова (1986), П.Н.Ермаков, В.А.Лабунская, В.А.Терехин (1987), Л.В.Меньшикова, Г.Б.Скок (1990), К.А.Абульханова (1993), Б.Б.Коссов (1993,1995), С.А.Недбаева (2003), В.В.Жидкова (2006), қазақстандық ғалымдар        Ж.И.Намазбаева, И.А.Әбеуова (2004) және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған.

     Соңғы жылдары  психологиялық қызмет бірқатар ресейлік жоғары оқу орындарында құрылды. Дегенмен, қазіргі кезде психологиялық қызмет жоғары оқу орнының міндетті құрылымдық бөлімшесі болып табылмайды. Психологиялық қызмет жоғары оқу орнында қызмет атқаратын оқытушы-психологтардың бастамасымен ұйымдастырылуда. Сондықтан да әр жоғары оқу орны оның құрылымын, жоғары оқу орнының білім беру үдерісіндегі орны мен рөлін, іс-әрекет мазмұнын өз бетінше анықтайды.

     Соңғы жылдардағы  басылымдарда жоғары оқу орнының  психологиялық қызметі жайлы  жиі жазылады. Бірақ бұл жұмыстарда  нақты бір жоғары оқу орнының психологиялық қызметі сипатталады немесе психологиялық қызметтің жеке практикалық аспектілері жайлы сөз болады. Ал жоғары оқу орнының психологиялық қызметінің теориялық аспектілеріне қатысты еңбектер көп емес. Оның ішінде ресей ғалымдары С.В.Недбаеваның, В.А.Кручинин, Т.Н.Арсеньева, Е.И.Метелькова, Т.И.Чиркова, В.В.Рубцовтың еңбектерін атап өтуге болады. Дегенмен, жоғары оқу орнының психологиялық қызметінің теориялық және ұйымдастырушылық негіздеріне жүйелі зерттеулер бүгінге дейін жүргізілген жоқ.

     Ғылыми әдебиеттерде  ресей ғалымдары С.М.Глушакованың, В.А.Терехин, В.В.Жидкова, қазақстандық  ғалым Ж.И.Намазбаева және т.б. ғалымдардың жоғары оқу орны  психологиялық қызметінің ұсынған  модельдері көрсетілген. Бұл модельдер  психологиялық қызметтің теориялық-әдіснамалық, ұйымдастырушылық, мазмұндық, құралдық және бағалаушылық, нәтижелік аспектілерін қамтығанымен, дегенмен осы аспектілерді кірістіретін тұтас жүйелі тәсіл ұсынылған жоқ.

     Осылайша, жоғары  кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орны психологиялық қызметке қатысты теориялық және эмпирикалық мәліметтер қосыша зерттеуді, жалпылауды және теориялық тұрғыдан қайта қарастыруды қажет етеді. Диссертациялық жұмыстың көкейкестілігі жоғары кәсіптік білім берудің көпдеңгейлі жүйесіне көшуімен арта түседі. Сондықтан да жоғары оқу орны психологиялық қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, теориялық ережелерді негіздеу қажет. Басты теориялық ережелерді (мақсат, міндеттер, принциптер, шарттар, критерийлер, әдістер, құралдар) әзірлеу, сонымен қатар жоғары оқу орны психологиялық қызметінің ұйымдастырушылық аспектілерін (құрылымы, білім беру үдерісінің өзге де субъектілерімен өзара әрекеттесу жүйесі) анықтау ғылыми-зерттеу жұмысымыздың тақырыбын анықтады.

     Зерттеу мақсаты жоғары оқу орнының психологиялық қызметінің теориялық ұйымдастырушылық негіздерін жүйелеу.

     Зерттеу нысаны - жоғары оқу орнының студенттері.

     Зерттеу пәні - жоғары оқу орнының психологиялық қызметі.

     Зерттеу болжамы – егер, жоғары оқу орнында психологиялық қызмет жүйнелі түрде ұйымдастырылатын болса, онда студенттік кезеңде болатын дағдарыстың алдын алып, кәсіби-тұлғалық қалыпатасуын табысты жүзеге асыруға болады.

     Зерттеу міндеттері:

  • Қазақстан, алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыруға арналған ғылыми,                    психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау.
  •    Жоғары оқу орнының білім беру үдерісіндегі психологиялық қызметтің орны мен рөлін анықтау;
  • Жоғары оқу орнының білім беру жағдайына байланысты психологиялық қызмет моделінің принциптерін, құралдары мен формаларын, сонымен қатар тиімділігінің критерийлерін жасау және негіздеу.
  • Психологиялық қызметтің құрылымдық-функциялық моделі аясында жүзеге асырылатын студенттердің тұлғалық-кәсіби дамуын психологиялық сүйемелдеу, оның тиімділігін көрсету.

     Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: психологияның базалық әдіснамалық принциптері – жүйелілік, сана мен іс-әрекет, детерминизм, дамудың бірлігі (К.А. Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, Л.И. Анциферова, А.Н. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн және т.б.); білім беруді ізгілендіру және тұлғалық-бағдарланған тәсіл идеялары (А.Г. Асмолов, Е.В. Бондаревская, Б.Б. Коссов, В.В. Сериков, В.А. Петровский, Е.Н. Шиянов, И.С. Якиманская және т.б.); тұлға дамуының психологиялық негіздері, оның ішінде студенттерге кәсіби білім беру үдерісі (К.А. Абульханова-Славская, Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, А.А. Деркач, И.А. Зимняя, И.С. Кон, Н.В. Кузьмина, В.Т. Лисовский, А.В. Петровский, А.А. Реан, В.А. Сластенин, В.И. Слободчиков, Д.И. Фельдштейн, В.А. Якунин және т.б.); тұлғаның кәсіби қалыптасу теориялары (Э.Ф. Зеер, Е.А. Климов, А.К. Маркова, Д. Сьюпер, Ю.П. Поваренков, Н.С. Пряжников және т.б.); психологиялық сүйемелдеу тұжырымдамасы (М.Р. Битянова, Ю.М. Забродин, Э.Ф. Зеер, Е.И. Казакова және т.б.). Сонымен қатар білім берудегі, оның ішінде жоғары білім берудегі психологиялық қызмет мәселелеріне арналған зерттеулер (Н.М.Пейсахов, Ж.И.Намазбаева, А.А. Бодалев, И.В. Дубровина, Ю.М. Забродин, Б.Ф. Ломов, Р.В. Овчарова, Н.М. Пейсахов және т.б.), кәсіпке бейімделу мәселесі (С.М.Жақыпов, Ж.Түрікпенұлы, Г.М.Кәрібаева, Ж.Ж.Бейсенова, Ж.Р.Тойшыбаев және т.б. отандық ғалымдар.

     Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында теориялық әдістер (зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау және жалпылау, зерттеу мәселесінің аспектісінде озық тәжірибелерді зерттеу, білім берудегі практикалық психолог қызметінің тәртібін анықтайтын нормативтік құжаттарды зерттеу); эмпирикалық әдістер (сауалнама, контент-анализ әдісі, диагностикалық тестілеу); сонымен қатар зерттеу нәтижелерін                математикалық-статистикалық талдау әдістері қолданылды. М.Рокичтің "Құндылық бағдарлар" сауалнамасы қолданылды

     Зерттеу базасы: Эксперимент университетіміздің "Гуманитарлық-педагогикалық" және "Жаратылыстану және агралық-техникалық" институттарының студенттері мен оқытушылары қатысты.

     Зерттеу кезеңдері: 

     Бірінші кезең (2011-2012 жж.) – психологиялық-педагогикалық әдебиеттер және озық тәжірибені талдау негізінде мәселені әдіснамалық және теориялық зерттеу, зерттеу жоспарын құру, материал жинақтау.

     Екінші кезең (2012-2013 жж.) – эксперимент жұмыстарын жүргізу; жоғары оқу орны психологиялық қызметінің моделін жасау.

     Үшінші кезең (2013 ж.) – зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындылар мен ұсыныстар жасау, диссертациялық жұмысты рәсімдеу.

     Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Жоғары оқу орны психологиялық қызметті ұйымдастыру теориялық тұрғыдан негізделді.
  2. Жоғары оқу орнында психологиялық қызметті ұйымдастырудың моделі құрылды.
  3. ЖОО-да кәсіби дамуда кездесетін психологиялық мәселелер анықталды.
  4. ЖОО-да психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында сутдерттердің психологиялық мәселелері анықталды.
  5. Психологиялық кеңес беру бойынша студенттермен жұмыстар жүргізілді.

     Зерттеудің теориялық мәнділігі жоғары оқу орнының психологиялық қызметімен байланысты ұғымдық аппараттың нақтылануымен анықталады; оның қызметінің отандық және шетелдік тәжірибелеріне теориялық талдау жасалынды; қазақстандық жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуының проблемалық аспектілері анықталды. Сонымен қатар негізінде жоғары білім берудің барлық кезеңінде студенттердің тұлғалық-кәсіби дамуын психологиялық сүйемелдеу идеясы жатқан жоғары оқу орны психологиялық қызметінің құрылымдық-функциялық моделі жасалынды

     Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар жоғары кәсіптік білім беру мекемесінде психологиялық қызметті құруға және оның тиімділігін айтарлықтай көтеруге қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті жетілдірудің негізі болып табылады.

     Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі зерттеу жұмысының ұғымдық аппараты нақтыланып, теориялық негіздеумен, эксперименттік зерттеулерде көптеген сенімді және апробациядан өткен психодиагностикалық әдістемелерді қолданумен қамтамасыз етілді.

     Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Жоғары оқу орнының психологиялық қызметі қазіргі заманғы жоғары кәсіптік білім берудің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады және өзінің қызметінде ең алдымен нарықтық жағдайда тиімді қызмет етуге дайын болашақ кәсіби мамандар - студенттердің тұлғалық-кәсіби дамуына бағытталуы тиіс.
  2. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің аясында жүзеге асырылатын психологиялық сүйемелдеу психологиялық қызметтің ғылыми негізделген моделіне, сонымен қатар сүйемелдеу бағдарламасына сүйену керек.
  3. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің моделі бірқатар компоненттерден (мақсаттық, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, мазмұндық, нәтижелік) тұратын, жоғары оқу орны психологиялық қызметінің мақсатын, әдіснамалық аспектілерін, ұйымдастырушылық құрылымын, қызметінің мазмұндық аспектілерін және жоспарланған нәтижелерін көрсететін жүйе ретінде қарастырылады.
  4. Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің мазмұны жоғары білім берудің барлық кезеңдерінің психологиялық ерекшеліктерін және оның әр кезеңіне сай психологиялық мәселелерді (қиындықтарды) ескеру керек. Біз психологиялық сүйемелдеудің 4 кезеңін ерекшелеп көрсетеміз: кәсіби бағдар беру, адаптация, мамандандыру және кәсіптендіру.
  5. Жоғары оқу орнында психологиялық қызметтің болуы және оның қызметінің ғылыми негізделген психологиялық сүйемелдеу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуы студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетіне психологиялық дайындығын айтарлықтай жоғарылатады.

Информация о работе Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру