Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 04:25, автореферат
Студенттер үшін психологиялық дайындау іс-әрекетінің мәнділігі, оңды ықпалы тек психология пәндерін оқуға, білуге деген студенттердің ерекше қатынасының орнығуына байланысты болатыны даусыз. Психологиялық білімді жоғары дәрежеде меңгеру, психологиялық даярлықты жетілдіру тек оның студенттер үшін мәнді болуына тәуелді деп білеміз.
Жоғары оқу орнында психологиялық дайындаудың тиімді іске асырылғандығы студенттердің оқу және кәсіби іс-әрекеттерді меңгеруі, қарым-қатынастары арқылы көрінеді. Жоғарыда баяндалғандай, қазіргі кезде студенттерді мақсат-бағдарлы психологиялық дайындау психология пәндерін оқыту арқылы іске асырылады.
Практикалық психологияның мақсаты – ғылыми зерттеулер емес, тікелей психологиялық көмек.
Бұл жерде ғылыми және практикалық психологияны қарама – қарсы қоюға да болмайды. Бұлар психологиялық жұмыстың тығыс байланысты салалары. Және маманның кәсіби дайындығына деген әр түрлі талаптар қойылатын психолог іс-әрекетінің екі түрлі типі.
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің үш түрін ерекше көрсетуге болады:
Кейбір мағынада ғылыми және практикалық психологияның ара қатынасы адам физиологясы мен медицина арасындағы қарым-қатынасқа ұқсас болып келеді. Физиологияның негізгі мақсаты – адам ағзасын зерттеу. Медицинаның басты мақсаты – адамға көмек жасау. Бірақ бұл ерекшеліктер қатынасты. Адам физиологиясындағы білімдер қолданбалы мағынаға ие бола алады. Сонымен бірге өзінің білімдерін біріктіре келе медицина медициналық ғылымды жетілдіре түспек. Олардың өзара қарым – қатынасы: физиологияда медицина материалдары оқытылады, медицинада – физиологиялық зерттеу нәтижелері қолданылады.
Психологтардың практикалық іс-әрекеті жиырмасыншы жүзжылдық бойы адамдардың әртүрлі өмір сфераларына көп әсер ете бастады. Бірақ бұл процесс әртүрлі елдерде бірдей жүрген жоқ. АҚШ-та пратикалық психологияның тарауына Америка Психологилық Ассоциациясының белсенділігі маңызды дәрежеде болды және де жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында Англия, Франция, Швейцария және т.б. Европалық елдерде психолог практиктердің саны көбейді. Медициналық психологиялық, мектептік психолгия және ұйымдық психология практикалық психология жұмысын қолдануда негізгі сфералар болып табылады.
Осы уықытта біздің елде біршама практикалық психологиялық тәжірибе жиналған, және адамдардың, және адамдардың кәсіби іс, өмір іс-әрекет сфераларында үлкен табыс әкелді. Бірақ психолгия ғылымның және практиканың мүмкіндіктері туралы көріністер кейде нақтылы емес және шындыққа сәйкес келмейді. Шын мәнінде ол соны бере алмаса да психодогиядан көпті күтеді, көптеген психологиялық білімдер тікелей практикалық қолданудан алыс, олар көп интеллектуалды жұмыстарды және шығармашылық қадамдарды қажет етеді. Кейде психологтан бір мәселені шеше алатын «тетікті» іздейді немесе табуға көмектеседі деген үмітте болады.
Ата-аналардың, мұғалімдердің, кәсіпкерлерді, мемлекеттік қызметкерлердің санасында «психология» деген магиялық сөз ретінде қалыптасты. Мұғалімдер, ата-аналар немесе басқарушылар өздері шеше алмайтын мәселелерді психологтың компетенциясына жібере бастаған. Бала оқығысы келмейді, бағдарламаны түсіне алмайды ма? Оны психологқа! Түсіне және оқығысы келетіндей ғып істесін. Өнеркәсіптен табыс жоқ? Психологқа ұйымның дамуын жоспарлауға, жаранамалық компанияны жоспарлауға және жаңа жұмыскерлерді жинауға тапсырма беру керек. Немесе кейде, нақтылы мәселелерді түсінбей және белгілі бір міндеттерді қоймай психологты штаттық жұмысқа алады, одан тек бәріне жақсы болатындай ғып «бірдеме» істеуін сұрайды.
Егер де психологиядан және психологтардан күткен үміттері ақталмай, талаптар орындалмаса, онда олардың көңілдері қалып қояды. Психологпен істелген жұмыс процесіне және нәтижесіне жоғары сыни қатынас пайда болады. Бірақ, шын мәнінде психолог сиқыршы емес, ол түгел мәселелерді жалғыз шеше алмайды.
Психолог тәжірибешілер қалай жұмыс істейді?
Практикалық психология жұмысының негізгі кейіпкерлері болып тапсырушы, клиент және психолог табылады.
Психологиялық жұмысының тапсырушысы болып мемлекет табылады. Мемлекеттің тапсырушысы ретінде министрлік немесе депертамент, аймақтық әкімшілік, өнеркәсіп, жанұя, нақтылы адам болады. Тапсырушы психологқа өзінің жұмысқа деген тапсырысымен келеді. Жұмыстың негізгі мәні клиенттің психологиялық проблемаларын шешу, оған психологиялық көмек көрсету, жене де ол осы жұмыстың ақысын төлейді. Клиент дегеніміз өзінің мәселелерің шешудегі психологиялық көмек алушы адам немесе адамдар тобы. Психологиялық мәселе адамға негізінен қиындық ретінде келеді. Ол осы қиындықтан психолог көмегімен өткісі келеді.
Психолог пен клиент арасындағы қарым-қатынас үш жақтан қаралады: психолог практик, эксперт, мұғалім немесе консультант.
Адамдар арасындағы өзара көмектің дәстүрлі тамыры тереңнен басталады. Психологиялық көмекке тікелей қатысы бар мамандықтың дүниеге келуін, қазіргі әдебиеттерде бар мәліметтерге сүйене отырып зерттеп, оның негізгі 6 алғышарттары мен қайнар көздерін атауға болды:
Осылайша, 20 ғасырдың 50-ші жылдарында психологиялық, психиатрлық, психотерапевтік, әлеуметтік және діни практикадағы ағымдар жаңа адамзат іс-әрекеттерінің облысы кеңес беру, психологиялық көмекті бекітті.
ХХ ғасырдың аяғынан және ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап, жоғарында аталған ағымдар өндірістік революцияның негізінде пайда болды. Олар: индустрияландыру, жаңа мамандық пен жаңа жол құралдарының пайда болуы, әлеуметтік қатынастың әртүрлі деңгейінің көтерілуі, адамдардың үлкен массаларының қалаға келуіне байланысты жұмыссыздықтың өсуі т.б.
Соңғы жылдары, әсіресе АҚШ университеттерінде және басқа оқу мекемелерінде (семинария, колледж) арнаулы факультеттер ашылды: жанұя психотерапиясы, философия, теоогия, психология, социология. Түлектер, қауымдарда, т.б. әртүрлі мәдени және білім беру орталықтарында адамға практикалық және психологиялық көмек көрсетуге құқық алды және диплом берілді. Осы көрсетілген мамандардан басқа 20-шы ғасырдың 60-шы жылдарында медициналық психотерапия облысында жұмыс істеуші кәсіпкерлердің әр түрлері стандартталды.
Осылайша, психологиялық көмекті индустрияландыру дәстүрлі медициналық және діни өзара көмектен басқа, 2 принципті жаңа қызмет түрі мен мамандықты өмірге әкелді.
Бұл институттың дамуының жалпы тенденциялары индивидтің және жеке бастың социумдағы өмір сүруінің жаңа формаларына әкелді.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің ғылыми негіздемесі ретінде, отандық психологиядағы адам психикасының дамуы мен әлеуметтік табиғаты ретіндегі теориялық ерекшеліктері алынады. Онда адамның психикасы дамудың өнімі және психикалық даму адамзаттың жинаған әлеуметтік тәжірибесінің нәтижесі ретінде қарастырылады (филогенетикалық және онтогенетикалық қатынастарда). Мұнда Л.И. Бажович, Л.С. Выготский, А.В. Запарожец, А.Н. Леонтьев, А.В. Петровский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин және басқа да авторлардың еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Осы теориялық көзқарастарға сай, жеке адам сана мен жүріс-тұрыстың қоғамдық формаларын меңгеру барысында қалыптасады. Жеке адамның қалыптасуы дүниеге келген уақыттың алғашқы минутынан бастап және баланың психикалық дамуымен қатар жүреді. С.Л. Рубенштейн психиканың дамуы сандық өзгерістердің сапалыққа ауысуы арқылы жүретін өзгеру процесі деп көрсеткен.
Практикалық психологтардың міндеттері адамдардың неғұрлым шығармашылықты және икемді болуларына көмектесуге бағдарланған практикалық психологиядан туындайды. Практикалық психологтар өзерінің кәсіби іс-әрекеттерімен адамдар өмір сүріп, жұмыс жасайтын жерлердегі қиындықтарды шешу үшін теориядағы жетістіктерді және психологиялық әдістерді қолдану арқылы адамдардың психологиялық денсаулығын жақсартуға және қоғамның психологиялық мәдениетінің өсуіне ықпал етеді.
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің міндеттемелері мен түрлері факторлардың 2 тобымен анықталады: (1) практикалық психологияның құрылымына қатысты мамандандырылуымен және (2) оның өзі жұмыс жасайтын адамдардың (клиенттердің) немесе топтың психологиялық қиындықтарының сипатымен анықталады.
Осыған байланысты практикалық психологияның құрылымында психологтар іс-әрекеттерінің: психодиагностика; психотерапия; психологиялық түзету; психологиялық кеңес беру; профилактика; психогигиена, яғни дені сау өмір салтын тәрбиелеу, реабилитация; психологиялық ағарту және зерттеулерді жүргізу сияқты түрлері ерекшеленеді.
Психодиагностика бұл – психологияның адамдардың даралық психологиялық ерекшеліктерін сандық анықтау сипаттау және талқылау, сондай-ақ клиенттін қиындықтарын түсінуге және шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинау мәселелерін зерттейтін саласы. Кейбір жағдайда ол клиентпен бірінші кездесуден бастап тікелей қарым-қатынас процесінде жүзеге асырылып жедел сипатқа ие болса, басқа бір жағдайда неғұрлым арнайы танымдық процедуралар қолданылатын терең бағдарлама ретінде анықталуы мүмкін. Психодиагностикалық тексерудің нәтижелері психотерапевтік міндеттерді шешу тәсілдері жайлы қорытындылауға негіз болады.
Психокоррекция – психиканың қызмет етуі мен дамуындағы қалыпты жағдайдан қайсыбір жағымсыз ауытқурды немесе басқа да мінез-құлықтық, эмоциялы, сақтап қалу үшін телефон немесе хат арқылы едәуір ұзақ мерзімді байланысты сақтап қалу мүмкіндігі клиенттің өзінің және жақындарының алдындағы жауапкершілігін есіне түсіріп отыру, сондай-ақ оның психологтың көмегінсіз қиындықтарын сәтті жеңе алатыны жайлы сенімділік орнату сияқты факторлдар маңызды.
Психологтың клиентке берген ұсыныстары мен кеңестері жайлы мәселе оның кәсіби әрекеттерінің жалпы құрылымында маңызды орын иеленеді. Осы жағдайға практиктер аса жоғары сақтықпен қарайды. Тіптен, кейбіреулері негізгі үш дәлелді келтіріп, кеңес беруге тиым салу ұстанымын ұсынады. Бірінші, дәлел бұл - әрбір клиент өмірінің бірегейлігі мен болжанбайтындығынан тәжірибеде тиімді кеңес беруге болмайтыны. Екінші дәлел бойынша кеңес клиенттің еріксіздігін, тәуелділігі мен енжарлығын арттырып, тұлғасының дамуына ықпал етпейді. Үшінші дәлелдің мәні кеңесті жүзеге асырудағы сәтсіздіктің себебі клиент пен психологқа жүктеліп, оның беделінің төмендеуіне әкелуінде.
Кеңес беруден
тартыну жөнінде ережеге
Сонымен бірге, клиентке объективті ақпаратты ұсыну қажет. Сондай-ақ, клиент кеңеске мұқтаж, психологтың одан бас тартуы, оның көңілін қалдыруы мүмкін. Мәселе кеңестің қандай түрде ұсынылуында. Ол, клиенттің өз бетінше қорытынды шығаруы тиіс бейтарап формада ақпарат ұсыну түрінде жасаланса жақсы.
Психолог
эксперт ретінде қызмет
Практикалық
психологияның негізгі
Педагог-психолог
жұмысы технологиясы мен
Бұл бөлімде жоғары оқу орны психологиялық қызметінің теориялық және ұйымдастырушылық аспектілері ашылады, моделі негізделеді. Жоғары оқу орны психологиялық қызметтеріне талдау жасау жоғары оқу орны психологиялық қызметінің моделін жасауға мүмкіндік берді (1 сурет)
м
Информация о работе Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру