Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2014 в 04:25, автореферат
Студенттер үшін психологиялық дайындау іс-әрекетінің мәнділігі, оңды ықпалы тек психология пәндерін оқуға, білуге деген студенттердің ерекше қатынасының орнығуына байланысты болатыны даусыз. Психологиялық білімді жоғары дәрежеде меңгеру, психологиялық даярлықты жетілдіру тек оның студенттер үшін мәнді болуына тәуелді деп білеміз.
Жоғары оқу орнында психологиялық дайындаудың тиімді іске асырылғандығы студенттердің оқу және кәсіби іс-әрекеттерді меңгеруі, қарым-қатынастары арқылы көрінеді. Жоғарыда баяндалғандай, қазіргі кезде студенттерді мақсат-бағдарлы психологиялық дайындау психология пәндерін оқыту арқылы іске асырылады.
Зерттеудің сыннан өтуі: Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері республикалық, халықаралық конференцияларда ғылыми мақалаларында көрсетілді:
Диссертацияның құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің нысаны, пәні, ғылыми болжамы, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеудің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға енгізу) сипаттама берілді.
Негізгі бөлім
Қазіргі кездегі қарқынды жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Сондықтан жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударып отыр.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметі – бұл салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады. Мектептің психологиялық қызметі сияқты үйреншікті құбылысқа айналмағанымен, жоғары кәсіби білім беруде оның рөлі артып отыр. Жоғары кәсіби білімді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу орны психологиялық қызметіне деген қажеттілікті ғалымдар, практиктер, басқару аппаратының өкілдері де мойындап отыр. Дегенмен бүгінде жоғары оқу орны психологиялық қызметінің ұйымдастырылмауы көкейкесті мәселеге айналып отыр.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің қалыптасу тарихы кеңестік уақытта басталды. Осындай қызмет алғаш рет 1977 жылы Қазан мемлекеттік университетінде (ҚМУ) Н.М.Пейсаховтың жетекшілігімен педагогика және психология кафедрасының базасында ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты мен міндеттері оқу іс-әрекетінің барлық психологиялық деңгейлеріндегі өзін-өзі басқару мен өзін-өзі бақылауға қажеттілік пен дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, 1) оқытушы мен студенттер және студенттердің тұлғааралық өзара қарым-қатынасы; 2) мінез-құлық (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының дербес және ұжымдық мінез-құлқы); іс-әрекет (оқу іс-әрекеті және оның психологиялық мәселелері; 4) психикалық қалыптар (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының әрбірінің). Осы деңгейлер Қазан мемлекеттік университетіндегі психологиялық қызметтің нақты мазмұны мен формаларын анықтайды[3]. Бұл Кеңес Одағында психологиялық қызметтердің қалыптасуының ұзақ үрдісінің алғашқы қадамы болатын. Өткен ғасырдың 70-ші-80-ші жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім берудегі практикалық психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.
Жоғары оқу орындарының психологиялық қызметін ұйымдастыру мен дамытуға ықпал жасаған факторларға білім берудегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың тәжірибесін жинақтау, оның практикалық ұйымдастырылуын ғылыми негіздеу (К.А.Абульханова-Славская, М.Р.Битянова, Л.Ф.Бурлачук, Ю.З.Гильбух, К.М.Гуревич, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, Е.А.Климова, К.К.Обозов, Р.В.Овчарова, В.Г.Панок, А.М.Прихожан Н.И.Рейнвальд және т.б.) жатады.
Біртіндеп білім беру қызметінің мазмұнында жаңа компоненттер пайда бола бастады: Атап айтқанда, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу (М.Р.Битянова, Н.Г.Обухова, Ю.В.Слюсарев және т.б.), психологиялық қолдау (А.Г.Асмолов, Е.В.Бондаревская, И.А.Волошина, Л.Я.Газман, И.В.Дубровина, А.Г.Лидерс, А.С.Ткаченко және т.б.), К.А.Абульханова-Славская, Д.Б.Богоявленская, М.Д.Дворяшин, Б.Б.Коссовтың, А.И.Крупновтың тұлғаға көмек, қорғау, тұлғалық дамуына, өз әлеуметін жүзеге асыруға ықпал жасау мәселелеріне арналған ғылыми мақалалар болды.
Кәсіби білім беруді психологиялық қамтамасыз ету мен жоғары оқу орындарына психологиялық қызметтің қажеттілігі туралы кеңес психологтары бірнеше көп жыл бұрын айтып өткен болатын. Аталған мәселенің теориялық негіздерін жасау мен тәжірибеде жүзеге асыруға талпыныс өткен ғасырдың 70-ші-80-ші жылдары байқалады (Б.Г.Ананьев, Н.М.Пейсахов және т.б.). Осы жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бұл кезеңде психологиялық қызметтің пайда болуы қоғамдық тәжірибенің қажеттілігімен қатар әлеуметтік, медициналық, педагогикалық психологияның, еңбек психологиясы салаларында фундаментальды және қолданбалы зерттеулердің дамуымен шартталды. Осылайша, психологиялық қызмет теория мен практиканы біріктірудің, фундаментальды білімдерді адам тағдырының практикалық мәселелеріне пайдаланудың тиімді құралы болып табылады. Бірақ білім берудегі практикалық психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.
Мысалы, кеңес ғалымы Н.М.Пейсаховтың еңбектерінде жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті жүзеге асырудың психологиялық зерттеулер, қолданбалы функциясы және психологиялық білімдерді насихаттау сияқты үш аспектісі қарастырылады. Психологиялық қызмет зерттеулерінде жоғары білікті мамандар даярлауда қоғамның жаңа талаптары мен оқу-тәрбие процесін басқарудың қажеттілігін ескеру қажет. Мұнда студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті, студентердың кәсіби ынтасы мен қызығушылығын туғызу, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қарым-қатынас және оқу-тәрбие процесіне байланысты басқа да зерттеулер жүргізіледі. Ал психологиялық қызметтің қолданбалы функциясы психологиялық зерттеулермен тығыз байланысты. Аталған бөлімде шетел жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы және дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Әдебиеттер және өзге де дереккөздер (интернет ресурстар) негізінде Ұлыбритания, Канада, Ресей және т.б. елдердің жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерінің мақсаты, құрылымы, мазмұнына талдау жүргізіледі. Көптеген елдерде психологиялық қолдау қызметінің болуы жоғары оқу орнының құрылымы болып табылады. Кейбір елдерде (Ұлыбритания, Канада) мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіліп, кәсіби және материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген. Шетелдегі және Ресейдегі психологиялық қызметтердің түрлі нұсқалары бар. Психологиялық қызметтің құрылымы мен штаттық бірлігі де алуан түрлі және көптеген факторларға байланысты болады. Бірақ шетел және Ресей психологиялық қызметінің негізгі бағыттары, формалары мен әдістері ұқсас болып келеді. Психологиялық қызметтер негізгі бағыт ретінде психологиялық ағарту, психологиялық сауықтыру, психологиялық түзету, психологиялық кеңес беру сияқты дәстүрлі бағыттарды қолданады.
Ресейде жоғары кәсіптік білім беруді психологиялық қамтамасыз етудің мойындалғаны мен ғалымдар, практиктер, мемлекеттік шенеуіктер арасында өзара келісімге қол жеткізілгеніне қарамастан жоғары оқу орындарында психологиялық қызмет баяу құрылуда. Жоғары орнының ресми статусының болмауы оның әр түрлі атауларының болуына әкелді. Мысалы, «Психологиялық көмек орталығы», «Практикалық психология орталығы», «Әлеуметтік-психологиялық қызмет», «Практикалық психология қызметі» және т.с.с. Психологиялық қызметтің ұйымдастырылу формалары да әр түрлі болып отыр.
Ресейде жоғары
оқу орны психологиялық
Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі бір мезетте, кездейсоқ туындаған жоқ. Жоғары оқу орнының басқару жүйесін жетілдіруге психологтарды жұмылдырудың аса қажеттілігін анықтаған объективтң шарттар болды. Олардың негізгілерін қарастырып өтейік.
Осы міндеттерді шешуге "оқыту мен тәрбиелеу технологияларын" жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, студенттердің танымдық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру, студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіруге бағытталған оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен құралдарын пайдалану, олардың шығармашылық ойлауын дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу және өз іс-әрекетін өз бетінше басқара білу қабілеттерін тәрбиелеу; оқу топтарының шығармашылық ұжымдарын тәрбиелеу және олардың өзін-өзі басқару ұйымдарында рөлін көтеру болып табылады.
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын жасау мен тәрбиелеуде психологиялық қызмет маңызды рөл ойнайды. Себебі оқу іс-әрекетінің субъектісі мен орталық фигурасы студент, ал оқыту үдерісінің өзі – қарым-қатынас, тұлғаны, ақыл-ой әрекеттерін және операцияларын қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орнының құрамы мен құрылымының күрделі екендігі сонша кез-келген уақытта басқару қиындықтарына кездесуі мүмкіндігінің туындауы болып табылады. Сондықтан да басқарудың тиімділігін көтеру жоғары мектептің өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Әрине бұл мәселелерді үлкен жүйелерге тән заңдылықтар мен "адам факторының" рөлін ескере отырып шешу қажет. Аталған заңдылықтарды және оларды оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында пайдалану мүмкіндіктері кең. Егер қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орындарын басқару жүйесі ретінде қарастырсақ, онда үш өзара бағынышты блокты ерекшелер көрсетуге болады: әкімшілік, ұйымдастырушылық және оқу. Бұл блоктардың әрқайсысы басқарудың көпдеңгейлі жүйесі болып табылады. Әкімшілік қызметтерді ректор, проректорлар, оларға бағынышты бөлімдер – оқу, ғылыми, шаруашылық, кадр және т.с.с. атқарады. Ал ұйымдастырушылық блоктың элементтері – институт директораттары, факультет деканаттары, кафедралар, оқытушылар болып табылады.
Енді "психологиялық қызмет" ұғымына сипаттама беріп өтсек. Психологиялық қызметтің бір мағыналы түсінігі жоқ. Жантану атауларының түсіндірме сөздігінде "Психологиялық қызмет - адамдарға мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі" делінген. Дегенмен, психологиялық қызметтің алдына қойған міндеттері мен оларды шешу жолдарын көрсететін екі неғұрлым ортақ анықтамаларды ерекшелеп көрсетуге болады.
Біріншіден, психологиялық қызмет білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс және т.с.с. психологиялық қамтамасыз ете отырып психологиялық қызмет көрсетудің ерекше аясын жасайды. Бұл білім беру, денсаулық сақтау, өндіріс, құқық қорғау, көлік және т.б. салалардағы психологиялық сараптама, диагностика, кеңес берудің кешенді міндеттерін шешу үшін психологиялық білімдерді практикалық қолдану болып табылады. Басқаша айтқанда, "психологиялық қызмет" деп бүкіл практикалық психологияның саласын көрсетеді.
Екіншіден, психологиялық қызмет деп түрлі әлеуметтік институттар мен ұйымдарда білікті психологиялық көмек қажет ететін адамдарға арналған арнайы мекемелер жүйесін де атайды.
Жоғары оқу орнының психологиялық қызметі психологиялық диагностика (жеке және топтық), кеңес беру, психологиялық сауықтыру, психологиялық білімдерді насихаттау, студенттерді әлеуметтік-психологиялық бейімдеу, психологиялық мәдениет деңгейін көтеру, тренингтік сабақтар сияқты негізгі құрылымдық бірліктерді біріктіретін қызмет болып табылады. Егер онда "дөңгелек" үстелдерді ұйымдастыру, өзге жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерімен тәжірибе алмасу, түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, оқытушыларға қатысты студенттермен, өзара тиімді қарым-қатынас жасауды машықтандыруға бағытталған коммуникативті тренингтер ұйымдастырылса, тақырыптық сұхбаттар жүргізілсе, ата-аналармен де тиісті жұмыстар ұйымдастырылса қызметтің тиімділігі арта түскен болар еді.
Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің негізгі міндеттері студенттердің кәсіби дамуы мен қалыптасуын психологиялық қолдау мен сүйемелдеу болып табылады. ЖОО-ның психологиялық қызметі білім беру жүйесінің дербес элементтеріне қызмет етуге емес, басты жағдайда аталған жүйе мен оның барлық субъектілерін тұтас психологиялық қамтамасыз етуге бағдарлануы тиіс. Білім беру практикалық психологиясында психологиялық сүйемелдеу идеологиясы кеңінен таралып, нақты бекітілді. Психологиялық сүйемелдеуді оқыту және тәрбиемен қатар білім берудің үшінші жағы ретінде қарастыруға болады. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін психологиялық сүйемелдеу білім алушыға оқу жылының түрлі кезеңдерінде білікті көмек беру мен қолдаудың жүйелі технологиясы болып табылады. "Психологиялық сүйемелдеу" ұғымы ресей ғалымдары Ю.В.Слюсарев, Ю.М.Забродин, Э.Ф.Зеер, М.Р.Битянова және т.б., қазақстандық ғалымдар И.А.Абеуова, Ж.И.Намазбаева, Г.А.Дусманбетов, М.Н.Махаманова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Көптеген зерттеушілер психологиялық сүйемелдеу деп нәтижесі өз бетінше таңдау мен шешім қабылдау арқылы тұлғалық және кәсіби дамуы болып табылатын білім алушылардың өзекті қажеттіліктерін (білім беру, жас ерекшелік, дербес-тұлғалық) шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған психологтың ұйымдастырылған іс-әрекеті болып табылады. Бұл жағдайда білім алушы ықпал етудің объектісі емес, субъектісі ретінде болады. Жоғары оқу орнының білім алу үдерісінде студенттің тұлғалық-кәсіби дамуын психологиялық сүймелдеудің мәнін анықтағанда бізге ресейлік ғалым Э.Ф.Зеердің тәсілі неғұрлым жақын. Ғалым психологиялық сүйемелдеу деп тұлғаның кәсіби қаслыптасуын зерттеудің, қалыптастырудың, дамыту мен түзетудің тұтас үрдісі деп түсінеді [Зеер екінші әдебиеті]
Информация о работе Жоғары оқу орындарында психологиялық қызметті ұйымдастыру