Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:52, дипломная работа
Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған. Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................4
1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.....................................................................................................................6
1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері...........................................................6
1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру ...................................7
1.3 Арт-терапиядағы диагностика............................................................................12
1.4 Тұлғааралық конфликт және оның шешу жолдары ........................................27
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.......................................33
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері.................................................33
2.2 Зерттелінетін әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы.......................33
2.3 Арт-терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары.............35
2.4 Эксперименттік зерттеу барысы........................................................................36
2.5 Зертеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі.....................39
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................48
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................................49
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ
АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Арт-терапияның шығу
тарихы, негіздері.....................
1.2 Арт-терапияны әр түрлі
бағыттар бойынша қарастыру ...
1.3 Арт-терапиядағы диагностика...
1.4 Тұлғааралық конфликт
және оның шешу жолдары .......
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ................
2.1 Зерттеудің мақсаты,
болжамы мен міндеттері........
2.2 Зерттелінетін әдістемелердің
сипаттамасы мен қолдану аясы..
2.3 Арт-терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары.............35
2.4 Эксперименттік зерттеу
барысы........................
2.5 Зертеу мәліметтерінің
математикалық-статистикалық
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған.
Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.
Алғашқыда арт-терапия түсінігі
енгізілген кезде оны тек сырқат
ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге
ғана қолданған болса, кейін келе
оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл
дегеніміз арт-терапия адамның
шығармашылық жағдайын дамытып қана
қоймай, адамның бойындағы
Жұмыстың мақсаты: Арт-терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу.
Зерттеу пәні: Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын өткізу жағдайлары.
Жұмыстың өзектілігі:Қазіргі таңда психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия. Алғашқыда арт-терапияны тек ауру немесе сырқат адамдарға жүргізген болса казіргі кезде оның қолданыс аясы кеңеюде, яғни бұл терапия адамның щығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды.
Оған қоса арт-терапияны
қолдану арқылы белгілі-бір ұлтқа
тән ерекшеліктердің
Тәжірбиелік маңыздылығы:Зерттеуден алынған мәліметтер арт-терапияны қолданғанда болатын конфликтілі жағдайды болдырмау мақсатында, арнайы тренингтер және дамыту жаттығуларын құрастыруда қолдану.
Болжамы:Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын ұйымдастыру арқылы тұлға аралық конфликтілік көрсеткіштерін төмендетуге болады.
Зерттеу міндеттері:
Кілттік сөздер: арт-терапия, психотерапия, психотерапевт, З.Фрейд, К.Юнг, психоанализ бағыты, гуманистік бағыт, Роджерс, конфликт, инцидент
1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері
Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан Хилл болды.
Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол жұмысты жүргізушіге яғни психотерапевке де оңайға соқпайды. Топтың мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау, қорытынды шығару да қиынға соғады.[1, с.217-219].
Арт-терапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарандаштар, әр түрлі мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті қағаздар, қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи жане басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.
Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар қажет болуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия жүргізуші) таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып, талдап, талқылап, таңдап алуға болады. [2, с.33-35].
Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы жағдайды ескере отырып, осы салада педагогикалық практикада еңбек сіңірген М.Либманның классификациясы баршаға және бізге танымал:
Сонымен қатар кейбір арт-терапиялық
жаттығулар (күн мен түн) топ арасындағы
үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік
алшақтауды реттейді және жеке адамның
топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа
да көптеген көмек береді. Топ мүшелерінің
бірігіп жақсы тақырып таңдауы
маңызды сәттердің бірі болып
табылады. Таңдап алынған тақырып
егер топ мүшелерінің біреуіне ұнамаған
жағдайда қайта талдауды қажет етеді.
Талданып қайта түсініп алынған
оған қоса топ мүшелері келіссе,ол тақырып
сол күйінше,ұнамаса қайта
Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психоаналитикалық негізінен алыстауда. Негізінен арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған қобалжуларын, қиындықтарын, бұрынғыдан қалғанелестерін суреттеу арқылы жеткізу.
Сонымен қоса, психотерапевтің
шығармашылық жұмыс кезінде топ
мүшелеріне көмек беруді және қажет
жағдайда қолдау да көрсетуі керек. Мұндай
топтармен жұмыс жасаушы
1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру
Жүздеген жылдар бойы өнер
адамдар үшін ләззат алу көзі болып
келді, ал өнердің көмегімен емдеу
салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия
термині (art-terapy тікелей қазақша баламасы
«өнермен емдеу» деген мағананы білдіреді)
қолданысқа 1938 жылы жоғарыда айтылған
Адриан Хилл туберкулезбен ауырған
санаториядағылар мен жұмысында
алғаш айтқан. Көп кешікпей бұл
сөз тіркесі ауруханалармен психикалық
денсаулық орталықтарында жүргізілген
өнерге қатысты қызметтің барлық
түріне қолдана бастады. Бірақ көбнесе
бұл анықтаманы өте кең мағынада
әрі нақты емес деп санайды. Өнерді
сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы
құндылығы, символикалық деңгейде әр түрлі
сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы
оларға көрініс беру және зерттеу
болып табылады. Сиволдарды іске асыруын
алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі
суреттерінен дейінгі және кейінгілерден
байқауымызға болады. Біздің ертедегі
ата-бабаларымыз сиволикалық
Көптеген мамандар арт-терапияда
өздерінің практикаларында
Терапевтке өзінің есіне
түсірген құбылыстар мен оқиғаларды
айта бастағанда оның дипрессиясы төменгі
деңгейде болған. Басқа жағдайларда
кенет схематикалық сурет немесе
эскиздерді салған кезде оны қобалжытып
жүрген түсі немесе қиялы болуы мүмкін.
Еркін ассоцияция қобалжуды көрсетеді.
Саналы деңгейде адам өзінің суреті қандай
мағынада берілетініне қарамастан эмоциялық
босаңсуды сезеді. Алайда, мұндай құбылыстар
топтағы мүшелерге терапевт көмектеседі.
Символикалықтан нақтыға, бейсаналыдан
саналыға өткен қобалжулардың қайталануы
тұлғаның дамуына кедергі жасайды.
Топтық арт-терапияда үнемі қолданатын
бірігіп сурет салу болады. Әрбір
қатысушы, ортақ қағазға сурет
салады, әлбетте сол мезетте ойына
келгенін, қатысушылар салынған суретті
талқылайды. Арт-терапияда психодинамикалык
бағыттардың бір түрі Дж.Вассуллусомның
«топтық бейнелердің
Терапевтердің көбісі З.Фрейдпен К.Юнгтің принциптеріне сүйенбейді, көпшілігі гуманистік бағытты қолдайды. Оның негізіне қатысушылардың белсенділігін көрсетеді. Арт-терапия мидың оң жақ бөлігі жақсы дамуына ықпал етеді. Интуициямен, ориентацияға бағытталған Джейни Райн арт-терапиядағы гуманистік бағыттың негіздеушісі болады. Оның шарты бойынша гештальт теорияға сүйенеді, бұл теорияның концепциясы бойынша фигура мен фонға көңіл бөлуіміз керек. Біздің көріп қабылдауымыз біз не ойлаймыз және сеземіз соған байланысты. Осындай кезде адам кім екенін, кім бола алатынын түсінеді. Д.Райн өзінің клиенттеріне өз қабылдауына сенулеріне кеңес береді. Райн өз тобына әр түрлі материалдар береді, құм, бояу, бор. Гештальт-терапияның үрдісі кезінде ең алдымен, жетекші қатысушыларға суретті жабыстыру арқылы, өзіндік идентиорикациямен басталады. Тапсырманы қарапайым түрде береді, қорқыныш сезімін тудырмауы үшін, саналы және күтпеген сәтте, өзінің ішкі сезімін білдірулері үшін. Бастапқы кезеңдерде терапияльщ үрдісте әркім өз бетінше жұмыс істейді. Олардың жұмысы жеке мінезді көрсетеді, жетекші топқа бағыт бере алады. Мысалы, пластилинмен өзін қалай қабылдайтын бір фигураны жабыстыру және қандай да фигураны ұнататын өзінің қиялынан махаббат, сұлулық, еркіндік жайында бейнелеп бпстайды. Осыны орындағаннан кейін ішкі сезімдерін айтады. Сезімін айтқан кезде эмоцияның жоғарғы бөлігі ғана көрінуі, кейінірек басқа стадияда топ мүшелері жұпқа бөлінеді де сурет салады, біреулері келісіп салуы мүмкін, енді біреулері ойларымен бөлісуі де мүмкін. Альтернативті стратегия пластилмен фигураны біріктіру болады. Қарым-қатынасты анықтау үшін топ мүшелеріне көздерін жұмып және бір адам эмоциялық байланысты елестету керек, ал оны мүлдем агрессияны шығару үшін жойып тастауы да мүмкін. Жұмыс аяқталғаннан кейін жетекші топ мүшелерінен осы жұмысқа қаншалықты күш жұысағанын айтады. Басқа да тапсырмалар бар топтың қарым-қатынасын көрсететін және жабық шиеленісті байқау үшін Райнның ұсынатын жұмысына жұпка бөлініл, бір-бірінің суретін салу, сол тұлға жайлы мінездеме беру. Қатысушы өзінің автопортретін салыстыра алады. Мысалы, әйел өзін әдемі деп ойласа, басқа біреу оның суретінде ернінің формасын үлкен етіп салады, оның көп артық сөйлемейтінін білдіруі болып табылады. Осындай құбылыс Джейм Денидің жұмыс істеп жүрген тобында болған өзінің суретін әдемі салған кезде, басқалар оны керісінше бейнеленген. Арт-терапияның гуманистік бағыты топта тұлғаны дамыту, интенсивті жеке түрде өту керек. Оның мақсаты саналы денгейге жетуді терапевт өзі құрады. Клиент өзін-өзі тану ушін өзекті мәселені де көру керек. Топтың ұйымдасуын ортада қатысушының өзін жаңадан бағалауы, ішкі қобалжуларын, бұрын байқалмаған сәттерде визуалды бейнеде көрінген кезде, шығармашылық интениция көріне бастайды. Арт-терапия өзінің бастауын негізін психоаналитикалық көзқарастардан алады.Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім,көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет,картинка болмаса мүсін,ол бейсаналы психикалық процестердің көрінуі болып саналады. ХХ ғасырдың 20-ы жылдары осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн (Prinzhorn 1922) өзінің ауруларды емдеудегі шығармашылығын және психикалық, классикалық зеттеулеріне мынадай қортындыға келеді: өнер ауру адамдардың көпнесе олардың интенсивті ішкі шиеліністеріне әсер етеді.