Арт терапияның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған. Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.

Содержание работы

КІРІСПЕ.....................................................................................................................4
1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.....................................................................................................................6
1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері...........................................................6
1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру ...................................7
1.3 Арт-терапиядағы диагностика............................................................................12
1.4 Тұлғааралық конфликт және оның шешу жолдары ........................................27
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.......................................33
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері.................................................33
2.2 Зерттелінетін әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы.......................33
2.3 Арт-терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары.............35
2.4 Эксперименттік зерттеу барысы........................................................................36
2.5 Зертеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі.....................39
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................48
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................................49

Файлы: 1 файл

арт терапия дипломная.docx

— 189.60 Кб (Скачать файл)

АҚШ-та өнерді терапиялық мақсттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек  етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық  институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наумбург Нью-Иорк штатында арт-терапия саласында  мамандар дайындау үшін психоаналитикалық  бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наумбург  жұмыстары психоанализ  бағытының психологиядағы негізін салушы З.Фрейдің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлармен қобалжулар, сандан тыс вербалды емес түрде пайда болады,бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық процестер қорқыныш,ішкі шиеленістер,балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және т.б. көріністер, психотерапевтермен З.Фрейдтің бағдарлар талданады.Ал З.Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды, оған болса да, ол өзіні жоғарғы баға беретіндігі қалады. [22, с.178-180].

Көру бейнелері көп  бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз. Түс көруде сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар –сонымен бірге,түс  көру-ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар  туындайды және олар көбнесе мынадай  сөздерді қолданады. Мысалы: «түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын,бірақ  мен оны қандай сөзбен жеткізе  сипаттай алуды білмеймін». [23, с.133].

Арт-терапия әдістемесін  негізе ала отырып сендіру, адамның  ішкі «мен»-і көру бейнелерінде, әр кезде сол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З.Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналылық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік  шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ  психологиядағы аналитикалық теорияның  негізін қалаушы К.Юнг болса  өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет  арқылы бейнелеулерін талап еткен. К.Юнгтің идеялары персональды және әмбебаптық символдардың бар болуы  және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға  қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі  кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңінен әсер етті. [24, с.98].

Арт-терапиямен айналысатын  мамандар тек қана психологтармен және психиатрларға қойылған диагнозды  нақтылауға немесе емдеу тәсілін  таңдап алуға балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып,көмектескен.Кейінгі  мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы  материалды осылай қолдану проективті тестерде қолданудан айырмашылығы, мысалы, Роршах тесті болмаса, тақырыптық апперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы  адам ерікті формада немесе суреттегі  дақтар жауап қайтаруы керек. Казіргі  кезде арт-терапия мамандары тәжірибе жүзінде мойындалған,тәуелсіз атаққа ие,сонымен бірге жеке тұлғаны  зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ, мұнымен  бәрі бірдей келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы айтылып  кеткен амалдың төңірегінде екі  бағыт бар. Мына бағытты жақтаушы мамандарға әлеуметтік реабилитация және еңбек тарапиясы саласындағы  мамандар. Мысалыға алатын болсақ,осы  салада көп еңбек сіңірген Эдит Крамер. Осы бағытты жақтаушылар өнер өзінен-өзі мақсатты іс-әрекетке ие және арт-терапияны суррогат психотерапия ретінде қарастырады. Бұл бағыттағы  психотерапевтер өнерде өздерінің  терапиялық процедураларынан жоғары қояды және олардың кейбіреулерінен өзінің арсеналынан шығару шығармашылық процестің стимуляциясына бағытталған дейді.Екінші бағыттың жақтаушыларына жоғарыда айтылған мысалы, Маргарет Наумбург жатады. Оның жеке көзқарасы бойынша шығармашылық мақсатқа терапиялық бола түсуге болады деген. Мұндай психотерапевтер дәрігерлік дайындыққа ие болуы керек. Олар бірақ арт-терапияны өзіндік қолдануға да болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі психотерапиялық амалға жай ғана қолдану деп санайды. Бірнеше бар айырмашылыққа қарамастан, екі бағытта таңдамалы өнерде тұлғаның интеграцияцы және реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Казіргі уақытта арт-терапия тек қана аурухана бөлімдерінде ғана қолданыста емес,оған қоса психокоррекциялық топтан, онда ол таза түрінде сонымен қоса, көмекші әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-терапиямен айналысатын мамандардың көп бөліктері Солтүстік Америкада фредистік болмаса юнгтік көзқарасқа сүйенеді. Бірақ көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген және оны дұрыс деп табады, тұлғаның гуманистік теориясы психокоррекциялық топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда көп келісілген түбірін тудырады делінген. Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуынан психодиагностикалық бағыттар көп әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан авторлар ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға енгізген: Адриан Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге М.Наумбург, З.Фрейд, К.Юнг, Э.Крамер болып табылады.  [25, с.35-39].

Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-шы жылдардың басынан  басталады. Әсіресе осы жылдардың  бас кезінде арт-терапиялық топтардың  жұмысының мынадай формасы, топтық интереактивті арт-терапияның бастауы  қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына  өмірдегі көптеген жағдайлармен шақырылған,олардың  қатарында:

- әлеуметтік-саяси, институтциональды  және мәдениеттік контекістердің  өзгеруі;

- клиенттердің психотерапиялық  тілектерінің және қажеттіліктерінің  өзгеруімен, эмоциялық-құрылымдық бұзылулары;

- топтық психотерапияның  практикада және теориялық тез  дамуы және арттерапиялық іс-әрекетке  жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;

- арт-терапиялық топ жүргізушілерінің  кәсіби өсуімен және арттерапиялық  білім беру жүйесінің дамуымен;

ХХ ғасырдың екінші жартысында алдынғы кезеңдермен салыстырғанда, техникасының даралануы тым қиын. Айта кететін жайт, арт-терапия психотерапияның  саласы ретінде енді ғана дамуда. Казіргі  кезде арт-терапия өнерге қатысты  барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық  мақсаттарға қолданылып келеді. Барлық уақытта шығармашылық тұлға, шығармашыл мақсатқа ұмтылады, ал сыртқы жағдайлар  оған кедергі жасайды. Арт-терапия  кезінде шығармашылық процесс жағымды  болса онда арт-терапияда өз мақсатына  жетеді. [26, с.108-110].

Арт-терапияны  қолдану арқылы қол жеткізуге  болатын мақсаттар

Агрессияға болмаса басқада  негативті сезімдерге әлеуметтік шығар  жолды табуға мүмкіндік береді. Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады.

Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде сөзбен айтқанға қарағанда көрсету оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез  шығады.

Интерпритацияға және диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға  болады. Көркем шығарманың өнімі ұзақ уақыттылық, емделуші оның бар екенін жоққа шығаруы. Терапевтке емделушінің  көркем жұмыстың стилі және мазмұны  емделуші туралы ақпарат береді, сол  арқылы терапевт өзінің еңбектеріне  интерпритация жасауға болады және жақсы көмектеседі .

Емделушінің басым болуына  дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. Кей кездері вербалды емес амал, бірден-бір күшті қобалжулармен  сендірулерді анықтауға,көрсетуге  мүмкіндік береді.

Терапевт пен емделушініңарасындағы  қарым-қатынасты жақсарту үшін көркем іс-әрекетке бірлесіп қатысу ол қабілетті  қарым-қатынас, эмпатия және өзара  түсінушілік туындауына әкеледі.

Ішкі қадағалау сезімін  жоғарылату. Суреттермен картиналардан  жұмыс болмаса мүсін соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды.

Зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен  жұмыстар бай мүмкіндік тәжірибе жасауға кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына  жағдай жасайды.

Көркемдік қабілеттерді дамыту және өзін-өзі бағалауын жоғарылату. Арт-терапияның соңғы өнімі қанағаттану  рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың  көрінуінің және олардың дамуының нәтежесі.

Жоғарыда аталған әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекционды  топпен жұмыста қолданудың қосымша  нәтежесі, қиялға түрткі және дау-дамайға  топ мүшелерінің қарым-қатынасын  дұрыстауға көмектеседі. Өнер қуаныш әкеледі, бұл ешқандай жағдайға тәуелсіз (өзінен-өзі  маңызды), бұл қуаныш біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол саналы әрекеттің нәтежесі ма ол әлі  күнге дейін бізге белгісіз. [38,с.105].

 

1.3 Арт-терапиядағы  диагностика

 

1.Дайындық кезеңі яғни, шығармашылық жұмысқа дайындық. Бұл кезеңнің міндеті - топ  мүшелерінің спонтандық көркемсурет  іс-әрекетіне дайын болулары және  топ мүшелерінін өзара тіл  табысып, қарым-қатынасқа түсе  алуы. Бұл жерде психологиялық  ойындар, қимыл-қозғалыс, билейтін  жаттығулар, бейнелеу өнері кіреді. Осы жаттығуларды орындаған кезде  саналы түрде бақылау жойылады  да реалаксация жүреді.Визуалды, аудиалды, кинестетикaлық сезімдерді дамыту. Бұл жерде әуен және би терапиясының элементтері бар суретті пайдалануға болады. Көптеген советтік шетелдік ғалымдардын: (С.С.Корсаков, В.М.Бехтерев, К.Швабе және т.б) айтуынша әуенді терапия ретінде пайдаланады. Әуен адамның көңіл-күйіне әсер етеді және емдеу үрдісін көп әсерін тигізе отырып, толық жазылуына мүмкіндік беріп, озінің ішкі жан-дүниесін білуге, түсінуге мүмкіндік береді. Терапия кезінде сөзі жоқ әуенді таңдау керек және даусы топ мүшелерінің біреуіне ұнамай қалса да, басқа әуен қосу керек. Соңын бимен және қимыл-қозғалыс терапиясымен ұштастыруға бола

2.Жеке дара бейнелеу  жұмысымен шұғылдану. Бұл кезең  өзінің түйінді мәселесі мен  жан күйзелісін зертгеуге арналған  жеке дара бейнелеу жұмысы. Спонтандық  шығармада, яғни бейнелеу жұмысында  адамның санадан тыс процестері (қорқыныш, түс көру, ішкі қарама-қайшылықтар,  балалық шақтағы елестер) көрінеді. Сонымен қатар, арт-терапия адамның  ішкі күйін ашуға көмектеседі.  Осының арқасында адам сөзсіз-ақ  айта отырып өзінің мәселесі  жайында түсінеді және өзінің  бойындағы қасиеттерін тани отырып, талдау жасап үйренеді. Топ мүшелерінің  суреттері арқылы қимыл-қозғалыс, тәртіптерін білуге болады. Топ  мүшелері экспрессияға дайындалу  деңгейі арқылы, арт-терапевтпен  қатынасқа және өзінің күйзелістерін  ашық айта алуларынан ерекшеленеді. Кейбір адамдар суретін идеалды,  әдемі салуға тырысады. Бұл кезде  оларға суреттің әдемілігі бағаланбайды  деп ескерткен жөн. Керісінше,  ең қажеттісі спонтанды шығармашылық  үрдіс, сурет салушының эмоциялық  жай-күйі, оның ішкі дүниесі және  өзін-өзі көрсетудегі адекватты  заттар. Бұл кезең жанама диагностика  болады. Жобалау әдістемелерінің  талдауы бойынша талдауға болады. Сурет салып отырган кезеңде  жеке адамның «осында және  қазір» принципін, күйзелістерін  жасыруын, сезімдерін бақылап отыруын  қадағалап қарау керек. Түрлі-түсті  бояулар нақты түрде көңіл-күй  мен психикалық күйдің нюанстарын  көрсетеді. Өте қатты күйзелісте  жүрген адамға, қорқыныш сезімі  бар, агрессиясы адамға пластилиндік  материалмен жұмыс жасаған өте  жақсы көмектеседі. Бұл техниканы  қолдау арқылы сенімсіздікті  жоюға, жағдайға байланысты үрейді  жояға болады.

3.Вербалды және вербалды  емес қарым-қатынасты жақсарту. Бұл  кезеңнің міндеті топ ішіндегі  қарым--қатынасты жақсартуға жағдай  жасау. Топ мүшелерінің әрқайсысына  өз жұмыстарын көрсетіп, бейнелеу  жұмысы кезінде пайда болған  байланыстар, ойлар, сезімдер  жайлы айтулары керек. Топ мүшелерінің  ашық болуы, ашылуы, сол адамның  жеке ерекшеліктеріне, арт-терапевтке, топ мүшелеріне деген сенімінен  айқын көруге болады. Егерде, белгілі-бір  себептермен суреті жайлы айтқысы  келмесе, оны қинауға болмайды. Топ мүшелеріне салған суреттеріне  ат қойып, әңгіме айтуларын  сұрауға болады. Мұндай бастама  ішкі жан дүниелерін ашуға  көмектеседі. Топ мүшелерінің  суретері арқылы барлық маглұмат  алуға болады.

4.Кішкентай топтар арасындағы  топтық жұмыс. Топ мүшелері  кішкентай қойылымдарды қоюына  болады

5.Рефлексиялық талдау. Бұл  қортынды кезең болып саналады. Яғни, өздерін және басқа да  топ мүшелерін жақыннан түсінісе  бастайды. Арт-терапия шығармашылық  процесс. Арт-терапияда белгілі  бір нұсқаулар, талаптар болмауы керек. Және топ мүшелері берілген тапсырманы қалай орындайды, қандай түспен бояйды, оны өзі біледі. Сонымен қатар, арт-терапияда басқалармен салыстырушылық болмауы керек. Суреттің әдмілігі талданбайды, мағынасы талданады. Арт-терапевт топ мүшелеріне тапсырма бергеннен кейін, олардың бейнелеу, көркемдік іс-әрекетіне неғұрлым көп араласпаса, соғүрлым эффект жақсы болады. Арт-терапия сабағында әуенді, әнді, қимыл-қозғалысты, биді, драманы, поэзияны, шығарманы пайдалануға болады. [39, с.210-215].

 

Жеке  сурет салу

Жеке сурет салу барсында ескерілетін жағдайларға тоқталсақ. Мақсаты.Бұл тапсырма сабақты бастауға жақсы сәйкес келеді.

Топ мүшелерінің шығармашылығының бастауы сонымен қатар оларға өздерінің эмоцияларын түсінуге және бір-бірімен танысуға көмектеседі.

Қажетті уақыт. 1сағат.

Қажетті құралдар. Қағаз,түрлі-түсті  қаламдар және борлар, бояулар. Сонымен  қатар мүсін соғуға қажетті саз  балшықтар.

Дайындық. Қажет етпейді.

Процедура. Топ мүшелері қағаз, түрлі-түсті қаламдардан таршылық көрмеуі қажет. Әр адам өзімен-өзі  жеке  қала  алатын орынға жайғасады.

2 минуттай уақыт  ойларын  жинақтауға, сезімдеріне құлақ асуына  беріледі. Оларға алдағы жұмыстың  шығармашылық жағын  ойлаудың  қажеті жоқ.Топ мүшелері  жәй  қалам алып сурет салуды  бастайды.

Өзінің сезімдерін білдіру  үшін сызықтарды, фигураларды түрлі-түстермен   салуғада болады. Бұл жерде сурет  салушыға берілетін тапсырма символдық  түрде өзінің сезімдерін, ол сол  кезде өзін қалай сезінсе, жоғарыда болмаса   төменде екендігін  айқын бейнелеу. Топ мүшелеріне белгілі-бір  нәрсені  бейнелеуге күштеудің қажеті жоқ, сол уақытта басына не келсе, соны бейнелеуге тырысуы қажет. Топ  сурет салып аяқтаған соң, басқалардың  жұмыстарынан алған әсерлер туралы пікір алысады, бірақ оларға баға беруге тырыспауы керек. Өздері бейнелеген суретте, өздерінің сезімдері қалай   көрініс тапқандығы жөнінде айтуларына болады. [40, с.75].

    Әр түрлілік  үшін, бұл жерде тек ғана түрлі-түсті  қаламдармен ғана емес, сонымен  бірге борлар, бояулар және саз  балшықты да пайдалануға болады. Бұл жерде қай кезде болмасын, ең бастысы, өздерінің сезімдеріне   ерік беріп, өз еңбектерінен  өздері туралы азда болса, жаңа  ақпарат алуға   ұмтылу. Әр адам  бұл тапсырманы өздерінің қиялдарын   оятып, ішкі  қалыптарын бейнелерде  көру үшін қолданады.

 

Жұптасып  сурет  салу

Жеке сурет салудан  жұптасып сурет салудың өз ерекшелігі де бар. Осыған мән берсек.

Мақсаты. Бұл тапсырма жеке тұлғалардың арасындағы шиеленісті зерттеуге жақсы көмектеседі. 

Қажетті уақыт. 0,5-1 сағат.

Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.

Дайындық. Әдейі  ұйымдастырылған  дайындықты қажет етпейді.

Процедура. Әрбір топ мүшесі өзіне жұп таңдайды. Ескертетін жайт, ол өзіне жұп ретінде, кіммен қарым-қатынасы анықталмаған, өзі жақсырақ танысқысы  келетін адамды алады. Екеуінің арасына  үлкен қағаз жазады, әрқайсысы  өзіне қажетті көптеген түрлі-түсті  борларды алады. Олар қағазды  бірлескен  шығармашылығының кеңістігі ретінде  қабылдап, жұмысты серіктер бір-бірінің  көзіне тіке қараудан бастауы керек. Осыдан соң, үлкен қағазға өздерінің  үнсіз спонтандық сурет салуда сезімдерін бейнелеуге  кіріседі. Олар қарым-қатынасқа  тек фигура және сызықтар, түрлі  –түстер арқылы ғана түседі. Сурет  салуды аяқтаған соң, жұптар өздерінде  болған  әсерлер туралы  пікір  алмасады. Олар жұптарының суретіне қарағанда, өздерінде болған эмоцияналды реакциялар туралы, екеуінің суретіндегі  сәйкестіктерге, мінез-құлық ерекшеліктеріне, авто демонстрация етіп отырған топтағы  әр серік өзінің серігі туралы жаңа бірнәрсе білуге ұмтылуы  қажет.[41, с.122].

 

Топтық  сурет  салу

Топтық сурет салудың  өзіне тән ерекшеліктерін ескерсек, онда жұмыстың сапалы өңдеуіне өз ықпалын  тигізеді.

Мақсаты.Бұл тапсырма топ  мүшелерінің шығармашылық жұмысқа  әркім өз үлесін енгізуге болады. Бұл  топтағы рөлдік қарым-қатынасты  және қатысушылардың индивидуалді тәжірбиесіне басқалардың әсерін айқындау үшін күшті  тәсіл болып табылады.

Қажетті уақыт. 1сағат.

Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.

Дайындық. Басқарушы топтық арт-терапия  динамикасы туралы кішкене  болсада елесі болуы керек. Барлығы  дөңгеленіп отырып, әр адам не қажет  деп тапса соны бейнелеуді бастайды. Басқарушының сигналына кейін, барлығы  өздері бастаған суреттерін сол жақтағы  көршісіне береді де, оң жақтағы  көршісінің бастаған суретін алады. Осыдан кейін, әркім алған суреттерін өз суреттері сияқты ары қарай  жалғастырады, оған өздері қалаған  өзгертулермен, толықтырулар енгізе алады. Келесі сигнал берілгенде, тағы сол  секілді, сол жаққа суретті береді де, оң жақтан алған суретті  жалғастырады. Әр топ мүшесі өзі бастаған суретті  алмайынша осылай  жалғаса береді. Қатысушыларға өздері бастаған суреттердің  қалай жалғастырылғанын қарағанда  өздерінде пайда болған сезімдерді ұғынуға ұмтылулары керек. Әр топ  мүшесі суретті сол күйінше қалдырады  ма жоқ, әлде өзгертулер енгізеді ме, оны  өзі біледі. Топ мүшелері өздері жасаған жұмыстарынан алған әсерлерді  талқылайды. Бірлескен сурет салуда, қарама-қарсы нұсқасы ол қатысушылар  ортақ бір композицияға өздерінің  үлестерін қосады. Сонымен қатар, әрбір қатысушы өздерінің көңіл  күйлері туралы  топпен бірге  ортаға салады. Әрбір қатысушының  топтық тәжірбиеден алынған жұмысқа  өзінің жеке қатынасын білдіру арқылы жұмысты аяқтаймыз. [44, с.125].

Информация о работе Арт терапияның түрлері