Арт терапияның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 13:52, дипломная работа

Описание работы

Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған. Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.

Содержание работы

КІРІСПЕ.....................................................................................................................4
1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ.....................................................................................................................6
1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері...........................................................6
1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру ...................................7
1.3 Арт-терапиядағы диагностика............................................................................12
1.4 Тұлғааралық конфликт және оның шешу жолдары ........................................27
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.......................................33
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері.................................................33
2.2 Зерттелінетін әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы.......................33
2.3 Арт-терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары.............35
2.4 Эксперименттік зерттеу барысы........................................................................36
2.5 Зертеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі.....................39
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................48
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................................................49

Файлы: 1 файл

арт терапия дипломная.docx

— 189.60 Кб (Скачать файл)

конфликт тудырған адамның  біреуін басқа жұмысқа ауыстыру.

бір оппонентті ұзақ уақыттың демалысқа жіберу (командировкаға біреуін  немесе екі жақтыда жіберу)

конфликтті тудырған объектіні  алып алу (балалар ұрысып қалған ойыншықты  анасы алып алады).

Басқа конфликтіге өршу даму екі жақ арасындағы жаңа мәселенің  туындауынан болады.

Конфликттің шығуы шығыны күрестің қорытындысы болып қарастырылады. Бұл конфликттің шығыны:

бір немесе жақтыда шеттету.

конфликтті оның өршуін білу барысында тоқтату.

бір жақтың жеңісі.

конфликтті тудырған объектіні  бөліп алу (симметриялық немесе ассиметриялық)

бір объектті екеуінің де қолдану  мүмкіндігі, тіл табысу.

объектті қолдану ережесін құрып, тіл табысу.

бір жақтың екінші жаққа  компенсация төлеуі.

объектке деген екі  жақтың немқұрайлығы.

объектілердің альтернативті  анықталуы, ал екі жақтың да қызығушылығын  басады [31,  с.180].

Конфликтті шешу критериінің  сұрағы өте маңызды. М.Дойча американ конфликтологының ойынша конфликтінің шешімімен қорытындысы мен қанағаттануы. Ал В.М.Афонькова келесі критерилерді анықтады: байланыстың, әрекеттің тоқтатылуы, травмалық факторларды шектеу, бір  конфликтіге түскен жақтың беделі, индивидтің позициясын өзгерту, болашақта  индивидтің белсенділігін, әрекетін арттыру.

Конфликттің құрылымдық шешілуінің критериі: қарама-қайшылықтардың шешілу деңгейі болып табылады. Қайшылықтардың толық шешілуі болашақтағы қатынастардың  жақсы болуына мүмкіндік береді. Айта кететінтағы  бір жайт әрқашанда  оң жақ жеңіске жетуі тиіс. Ақиқатты жақтау, әділдік жеңісі ұйымдастырудың әлеуметтік психологиялық климатына  жақсы әсер етеді. Дұрыс емес жақтың да өзіндік қызығушылығы барын ұмытпау  керек. Егерде оларды басып, ашу келтірсек  жаңа конфликттің тууына алып келеді [32, с.52].

Конфликтінің алдын-алу:

Адамдармен қарым-қатынас  барысында жанжалдан қашқақтаудың көптеген ережелері бар. Олардың  ішіндегілер: 1. Егер адамды өзіңнің  жауыңа айналдырғың келмесе, оның ойлау  қабілеті мен дарындылығына ешқашан  күмән келтірме. 2. Адамда өзіне-өзі  деген сенімін нығайту керек. 3. Адамдармен сөйлесу барысында  қарама-қарсы пікірлеріңіз болған жағдайда, сөзді бұдан бастамаңыз. Адам қорғанысқа дайын болу мүмкін де, барлық қарсы  сөздер агрессияның күшүюіне әкелуі мүмкін. Немесе адамның жақсы көңіл-күйін  сіздің қарсы сұрақтарыңыз бұзып, конфликт туындауы мүмкін. 4. Адамды сендіруге  ұмтыла отырып, оған өз пікірін айтуға мүмкіндік беру керек. Әрине, бұл  үлкен шыдамдылықты талап етеді, бірақ өте эффективті. Бұл ережелер сәтті болу үшін, ол принципке айналуы  керек. Кейде манипулятор-адамдар  кездеседі. Олар саналы түрде манипуляцияны  өз пайдасы үшін қолданды.

Келесі сөз, бұрын болған конфликтердің қайталануынан қалай  қашқақтау керек екендігі туралы болады, әсіресе типтік. Бұндай жағдайларда  өткен эпизоттарды пайдаланған  жөн. Оны зерттеп, оппоненттер арасындағы қақтығыстар себебін анықтау, және әрине, оны жоюға немесе жұмсартуға тырысу керек. Егер себебіне әсер ете  алмайтын жағдай болса, онда жағдайды өзгерту керек. Сонымен қатар  конфликтінің алдын-алуды "іскерлік ойын" арқылы жүргізуге болады. Бұл  келісідей жүзеге асырылады; Ойын қатысушылары топтарға бөлініп, өздерін мүдделі  тұлғалар рөлінде қабылдайды және олардың  мүмкіндік реакциясын модельдейді. Бұндай тактика Президент де Толльдің қауыпсіздік қызметі арқылы сәтті  қолданылды [33, с.27-28].

 

2 БӨЛІМ.ЭКСПЕРИМЕНТТІК  ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

 

       2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы  мен міндеттері

 

Мақсаты: Арт терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу.

Болжамы: Студент топтарында арт терапиялық тренинг жаттығуларын ұйымдастыру арқылы тұлға аралық конфликттілік көрсеткіштерін төмендетуге болады.

 

Қолданылған әдістемелер:

    1. К.Томас “Конфликттік мінез-құлық стратегиясы” атты әдістеме
    2. “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтау” тесті (Л.С.Вессерман)
    3. Арт терапиялық тренинг сабақтары (9) және жаттығулар
    4. Әңгімелесу, бақылау, сауалнама әдістері

 

Зерттеу пәні: Студент топтарында арт терапиялық тренинг жаттығуларын өткізу жағдайлары

Зерттелушілер сипаты: Қазақ және орыс бөлімінің студенттері

Зерттеу мерзімі: 10 ақпаннан 25 наурыз айына дейін 2007 жыл

 

Зерттеу міндеттері:

1. Әдістемелер арқылы зерттеу жұмысын жүргізу

2. Әр зерттеушінің индивидуалды мәліметін өңдеу арқылы зерттеу және бақылау тобының көрсеткіштерін топтастыру

3. Тренинг сабақтары мен жаттығуларды өткізу

4. Математика-статистикалық әдістер арқылы зерттеу болжамын дәлелдеу

5. Зерттеу тобының тренингке “дейінгі” және “кейінгі” көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы.

 

       2.2 Әдістемелердің сипаттамасы мен  қолдану аясы

 

1. К.Томастың қайшылықты  мінез-құлық стилін анықтау әдістемесі. К.Томас өзінің сұрақтамасында мінез-құлықтың үйреншікті формаларының әр вариантын сипаттаған. Бұл жерде адамның қайшылықты жағдайындағы мінез-құлқының варианттары берілген. Әр шкала бойынша таңдалған ұпайлардың саны есептеліп, сол адамның қайшылықты жағдайдағы жүріс-тұрыс тенденциясы көрінеді. 

К.Томас қайшылықты мінез-құлық  стилдерін 5 түрге бөлген: ынтымақтастық, келісімге келу, қашу, бейімделу  және бәсекелестік.

Ынтымақтастық стилі- басшының іс-әрекетіндегі жетістікке жетуіндегі белсенділікке талпынумен сипатталады. Бәсекелестік стиліне қарағанда, ол тек өзінің қызығуына қайшылықты пікірлерден қашып, көбіне бағынушылардың пікірін ескереді. Ынтымақтастық стилі мына жағдайларда нәтижелі болып келеді:

- мәселені шешу екі  жақ үшін де маңызды болса;

- тығыз өзара байланысты  қатынас бар болса;

- тең билік бар болған  жағдайда.

Келісімге келу стилі - бұнда басшы бағынушылардың ой-пікірімен қатынаста нормализацияға жетуге ұмтылады, олардың пікірлерімен санаса отырып, өз жағына тартуға тырысады. Келісімге келу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:

- екі жақ та бірдей  билікте болса;

- шешімді тез қабылдағыңыз  келсе;

- уақытша шешімге келіссеңіз;

- жақсы қарым-қатынасты  сақтағыңыз келсе;

-  алдын-ала қойған  мақсатыңызды өзгерте алсаңыз. 

Қашу стилі- қойылған мақсатты жүзеге асыруда жауапкершіліктен қашумен сипатталады, яғни жауапкершілік пен жазадан қорқады, өз бетінше шешім қабылдағысы келмейді, іс-әрекетте табысқа жету мотивациясы жоқ. Қашу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:

- шиеленісушілік, өте жоғары  және оны төмендету қажет жағдайда;

-  шығын өте маңызды  емес және өз күшіңізді жоғалтқыңыз  келмесе;

- уақыт ұтқыңыз келсе;

- жағдай  пайда әкелмейтінін  білсеңіз;

- билік аз, қарама-қарсы  жақтың мүмкіндігі көп екенін  білсеңіз.

Бейімделу стилі- басқару мақсатында оң  нәтижеге жетуге қызықпайды, белсенділік танытпайды. Бұл стильдегі басшылар қайшылық жағдайынан және жауапкершіліктен қашуға тырысады. Ал бейімделу стилі келесі жағдайларда:

- болған жағдай  ерекше  толғандырса;

- қарым-қатынасты жақсы  сақтағыңыз келсе;

- билік сіз жағыңызда  болмаса;

- билік аз және жеңіске  жету ықтималдығы аз болған  жағдайда.

Бәсекелестік  стилі- ол әрекетте өте белсенді болады, қойылған мақсатқа жету үшін тез шешім қабылдайды. Бәсекелестік стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:

- белгілі бір билікті  иеленсеңіз;

- шығын сіз үшін өте  маңызды болса;

- шешімді тез қабылдау  қажет болса;

- сіз үшін жоғалатын  еш нәрсе жоқ, басқа таңдау  жолы жоқ жағдайда;

- сіз неғұрлым шешім  қабылдауды талап ететін дағдарыс  жағдайында тұрсаңыз;

- сіз таныс емес шешімді  қабылдауыңыз керек және сізде  билік бар болған жағдайда.

 

 

 

 

“Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын”  тесті (Л.С.Вессерман)

 

Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын тест көмегімен біз әр зерттелушінің конфликтілік деңгейін бағалай аламыз. Тест 14 сұрақтан тұрады, әр сұрақта 3 вариант берілген. Және тестте конфликттілік дамудың 9 деңгейі берілген:

1- өте төмен

2- төмен

3- орташадан төмен

4- орташадан сәл төмен

5- орташа

6- орташадан сәл жоғары

7- орташан жоғары

8- жоғары

9- өте жоғары (Қосымша  1)

 

2.3 Арт терапиялық  тренинг сабақтары және оларды  жүргізу жолдары.

 

САБАҚ №1.

Тақырып: Арт-терапия туралы ақпарат беру, шығу тарихы негізі туралы мәліметтер беру;

Мақсаты:Қатысушыларға конфликт кезінде арт-терапияның жаттығулары арқылы агрессия мен мазасыздану деңгейін төмендету;

 

САБАҚ №3

 

      Тақырып: Кедергілерді жеңу

Мақсаты: Қатысушыларға:

— конфликт себептерін анықтауға  үйрету;

— өзіне және басқаларға деген қатынасын бағалай білуге үйрету;

— өздерінің жағымды жақтарын көре және бағалай білуге үйрету.  

Негізгі іс-әрекет:

  1. Алғысөз
  2. Конфликтті жағдайлар және оның талдауы
  3. Тест
  4. Жаттығу
  5. Қорытынды

Құрал-жабдықтар: тақта, бор, қалам, дәптер, түрлі-түсті қаламдар, түрлі-түсті қағаздар, А4, А3 форматындағы қағаздар және т.б.

 

Алғысөз

Жүргізуші: “Бүгінгі сабақта  біз, қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды көруге және түсінуге үйренеміз. Бұл  қиыншылықтар мінез ерекшеліктеріне  байланысты ма, әлде конфликт себептері  басқа нәрседе ме? деген сұрақтарды анықтауға үйренеміз.

Конфликттердің негізгі  себебі- бұл қарым-қатынаста болатын  екі партнердың ойларының, қызығушылықтарының қарама-қайшы келуі. Бірақта осындай  жағдай әрдайым конфликтке ұласа  бермейді. Көбінесе, екі жақ белгілі  бір шешімге келеді.

Конфликт себептері болатын  факторларды қарым-қатынастағы кедергі  деп атаймыз. 

Қазір мен сіздерге, сценка ретінде екі конфликтті жағдай беремін.  Бірінші сценкада- 3 адам керек (2ұл бала,1 қыз), ал екінші сценкаға 2 ұл бала қатысу керек. Екі сценкада біткеннен кейін, біз бәріміз бұл жағдайларды  талдаймыз және конфликттің себептерін анықтаймыз”, деп жүргізуші алғысөзін  аяқтайды.   

 

Конфликтті  жағдайлар және оның талдауы

 

Жүргізуші бірінші, содан  кейін екінші жағдайларды оқи  бастайды (Қосымша №1). Қатысушылар  жағдайларды ойнап болғаннан  кейін, жүргізуші көрермендерден “Сіздердің ойыңызша, осындай жүріс-тұрысқа  не себеп болды?” деп сұрайды. Барлық пікірлерді тақтаға жазу керек.

Мысалы, бірінші жағдайда мынадай пікірлер болды: ұялшақтық, қабылданбай қалуынан қорқу сезімі. Ал екінші жағдайда: шыдамсыздық, ашушаңдық, бір-бірін түсінбеушілік.

Барлық пікірлерді тыңдап алғаннан кейін жүргізуші қорытынды  сөз айту қажет. “Сонымен, қарым-қатынаста конфликтті туғыздыратын мынадай кедергілер бар:

    • Өзіне деген сенімнің жоқтығы
    • Коммуникативті дағдылардың жоқтығы
    • Мінездің ерекше сипаттары (шыдамсыздық, конфликттілік және т.б.)”

 

       2.4 Эксперименттік зерттеу барысы

 

Біз өз зерттеу жұмысымызда  ЖОО  қазақ және орыс тобының студенттерін зерттелуші ретінде алдық. Жалпы 40 зерттелуші болды, (20 қазақ, 20орыс). Зерттелушілердің жасы 18-20 жас аралығында.

Алғашқыда біз екі топ  мүшелеріне “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын” тесті және К.Томастың “Конфликттегі жүріс-тұрыс  стратегиясы” атты тесті арқылы зерттеу  жүргізіп, олардың нақты жағдайдағы мәліметтерін, яғни тренингке дейінгі  көрсеткіштеріне қол жеткіздік. Тренинг бастамастан бұрын біз  зерттелушілерге келесі сұрақтар қойдық:

  1. Конфликт дегеніміз не?
  2. Сіздің өміріңізде конфликт болды ма?
  3. Конфликт кезінде өзіңізді қалай ұстайсыз?

4. Конфликт сізге қалай  әсер етеді?

5. Сіздерде конфликт көбінесе  кіммен болады?

6. Егерде сіз конфликтке  түссеңіз, сіз бірінші кешірім  сұрайсыз ба?

Қатысушылардың бәрі қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты.

Бұл сұрақтамада біздің байқағанымыз зерттелушілердің конфликтке жиі түсетін  аймақтары ретінде ; а)құрдастарымен (50%)  б) ата-аналармен (30%), және мұғалімдерімен (20%) қарым-қатынастарын бөліп шығаруға болады. Сондай-ақ, зерттелушілердің басым  көпшілігі (85%) конфликт кезінде өздерін  агрессивті, шыдамсыз ұстайды. Конфликт олардың мазасыздану деңгейінің жоғарлауына әкеліп, нәтижесінде  олардың тұлғалық-эмоционалдық сферасына  жағымсыз әсер етеді екен.

Информация о работе Арт терапияның түрлері