Дарындылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:37, дипломная работа

Описание работы

Өзектілігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен

Содержание работы

КІРІСПЕ 4

1ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 10

1.1 Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерінің теориялық негіздері 16
1.2 Елімізде балалардың дарындылығын дамыту бағдарламалары 20
1.3 Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі 23
1.4 Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендірудің жолдары 26

2 БАЛАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ БАСТАУЫШ
СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІГІ 30

2.1 Дарынды балалардың білімін жетілдірудегі негізгі тұлғаның бірі - педагогтық іс-әрекет 39
2.2 Дарынды баламен жұмыс істейтін педагогтың ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары 43
2.3 Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогтің өзін - өзі жетілдіру мәселесі 49
2.4. Баланың дарындылығын анықтау мен жетілдірудегі жұмыстар 50

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63

ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

диплом дарын.doc

— 464.00 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                        4

                                                                                                                      

1ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ  ДАМЫТУДЫҢ

ҒЫЛЫМИ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ                                               10

 

1.1 Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерінің теориялық негіздері              16

1.2 Елімізде балалардың дарындылығын дамыту бағдарламалары                     20

1.3 Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі                      23                                                                                           

1.4 Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендірудің жолдары                                                                                                                      26                                                                                                            

 

2 БАЛАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН  ЖЕТІЛДІРУДЕГІ БАСТАУЫШ 

СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІГІ                                              30

 

2.1 Дарынды балалардың білімін жетілдірудегі негізгі тұлғаның бірі - педагогтық іс-әрекет                                                                                                 39

2.2 Дарынды баламен жұмыс істейтін педагогтың ғылыми-зерттеушілік  мәдениетін қалыптастыру жолдары                                                                        43

2.3 Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогтің өзін - өзі жетілдіру мәселесі                                                                                                                      49

2.4. Баланың дарындылығын анықтау мен жетілдірудегі жұмыстар                  50

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                        60

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                           63

 

ҚОСЫМША

 

 

 

 

 

                                                          КІРІСПЕ

    Өзектілігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен  жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет. Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті айналыспады десекте болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады[1]. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы- қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан- жақты, ақыл- ой өрісін кемелденген оқушы тәрбилеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет.Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу,  бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді. Сондықтанда дипломдық жұмыстың  өзектілігі: Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда.

Ел Президенті 2030-жылға  қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге  үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің жас мемлекеттіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»-дейді. Ендеше, біздер ұстаздар қауымы 2030 жылдары еңбек етіп, ел басқаратын болашақ жастарымыздың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Президентіміздің үкілі үмітін атқаруға барлық іс-әрекет, күш- жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Жолдауда атап көрсетілгендей, өз болашақ ұрпағының жауапты да жігерлі болып, өресі биік жеткішекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекеті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні заңдылықтарын жетік білу, жаңа оқу технологиясын жетік білу және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады[1].

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына  да әлемнің дамыған елдерімен  тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін  дарынды балаларға білім беру жүйесі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту мәселесі өзектелігімен ерекшеленеді.

Қазақстанның орта білім  жүйесінің алдында бүкіл адамзат құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу өзіне-өзі  сенімді, ғылыми-теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Н.Ә.Назарбаевтың – “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың  қолында”, деген ұлағатты сөзін  әрқашанда естен шығармау керек.

Кез келген елдің жоғары дамуы олардағы өсіп келе жатқан  жастардың жоғарғы шығармашылық және талпыныс күшіне байланысты. Бала бақша, мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің алдында балаларды тәрбиелеуде, оларға жан-жақты білім беруде үлкен жауапкершілік тұр.

Қай мемлекеттің де негізгі  тірегі – білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені белгілі. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр.

Осы мәселелерді көп   ғалымдар зерттеген, олар: ағылшын психологы  Френсис Гальтон (19 ғ), неміс педагог-психологы  Э.Мейман (19ғ-дың аяғында 20 ғ-дың басында), неміс психологы В.Штерн (20 ғасырдың 1-ші жартысында), Д.Ж.Гильфорд, П.Торренс, Ф.Баррен, К.Тейлор[2].

       Ресей психологтары: Л.С.Выгодский, Б.Т.Ананьев, Н.С.Лейтес, В.М.Теплов,М.Матюшкин,С.Рубинштейн,В.Э.ЧудновскийВ.А.Крутовский, Л.А.Венгер т.б.

Сол сияқты өзіміздің  Қазақстан жерінде туып, өскен  қазақтың жантанушы, ағартушы ғалымдары: Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ж.Қоянбаев және қазіргі кезде дарынды балалар  жөнінде еңбегі сіңіп жүрген Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшысы  Үміт Жексенбаева.

Психология жеке ғылым  болып дами бастағаннан бастап дарынды  балаларды табу және тәрбиелеу, қалыптастыру жұмыстарына зерттеу, ғылыми мән  беру жүргізіле бастады.  Көптеген ғылыми және методикалық материалдардың барлығына қарамастан психологтарға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге дарынды балалармен жан-жақты қалыптасқан жұмыс жүргізуге  керекті нақты методикалық ұсынымдар ұстай отыра, және де шешендік тәжірибелерді, ғылыми тұжырымдарды қазақтың ұлттық ерекшеліктерін ескермей көшіре салу бұл бағыттағы жұмыстарға оң нәтиже тудырмайды. Сондықтан,  дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде ғылыми зерттеулерді қазақ тілінде тереңірек жүргізіп, дарынды балалардың ата-анасына, тәрбиешілерге, мұғалімдерге қажетті материалдарды, нақты кеңес беруді дамыту бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы.

Дарынды балаларға білім  беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға  талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интелектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс істеу мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Дарынды балаға өзінің қабілетін  еркін танытуға мүмкіндік беретін, өзінің дарынына қарай бірегей тұлға ретінде дамуына жол ашатын білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Талантты тани білу, дарындылықтың белгілерін дамыту осыған дайын мұғалімнің ғана қолынан келеді. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. А.К Макаровтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі. Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік іскерліктер мен дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез-келген әдіс-тәсілді оқу-тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір оқушыны, оның құрдастарымен, ата-анасымен қарым-қатынасын анықтап отыру, мұғалімнің педагогикалық-психологиялық тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді[3].

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, білімділігі деңгейі, шығармашылығы туралы Ы.Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А.Байтұрсынов, П.П.Блонский, М.Жұмабаев, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацский, В.А.Сухомлинский, қазіргі білімнің жаңа үлгісін құру барысында Қазақстан ғалымдары өз еңбектерінде шебер мұғалім ғылыми ізденіс мәдениетімен қарулану керек деді.  Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы елеулі өзгерткен шақта, жаңа тұрпатты педагог педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту модельін жобалай білу шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашалақ іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Әр оқушының жеке тұлға  екені ғылыми еңбектерде жан-жақты  зерттелгенімен, тәжірибе жүзінде, ұлттық мектептеріміздің оқу – тәрбие процесінде, тұлға ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың толық жүзеге асырыла қоймауы-шешілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өз ісіне және өзіне деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы  мүмкін.

Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау – нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады.Сабақ алдында әлдекіммен ренжісу, өзіне деген ескертулерден есту және т.б. фактірлер бізде жиі кездеседі. Кейде мұғалім сабаққа өзіне-өзі сондай сенімділікпен кірсе де сабақ барысында әр түрлі жағдайлар болады.

Ахмет Байтұрсынов ағамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» - деген ғой. Ол үшін әр педагог әрбір баланың ойынан шығып қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсаты деп санайды, сондай-ақ өзінің айналасынан дұрыс бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.

Сондықтан, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс  енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың  үдесінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қана қалыптастыра алады.

Осыған орай, нәтижеге бағытталған дарынды балаларға білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін  арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етуге тиісті деп мен дипломдық жұмысымды осы мәселеге  байланысты алып отырмын.

Тақырыбы: «Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік дайындығы»

Зерттеу мақсаты: Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі педагогтың кәсіптік дайындығының ерекшелігін, шеберлігін ескере отырып, қажеттілігін көрсету.

Зерттеу міндеттері:

1. Дарынды балалар  туралы ғылыми – теориялық  әдебиеттермен танысу, саралау.

2.Диагностикалау  негізінде дарынды балалардың  типтерін анықтау.

3.Дарынды балалармен  жұмыс жүргізудегі мұғалімнің  кәсіптік деңгейін белгілеу.

    Зерттеу нысаны: Дарынды психологиясы және балалармен жұмыс жүргізудегі педагогтың  кәсіптік дайындығы.

   Зерттеу пән: Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімдердің кәсіптік дайындығын ескере отырып, олармен жұмыс ұйымдастыру жолдарын анықтап, белгілеу.

    Ғылыми болжам: Егер білім беру  мен тәрбие процесінде педагог дарындылықтың психо педагогикалық ерекшеліктерін тереңірек түсініп және  мұғалімнің педагогтың сапасы, кәсіби жарамдығы кәсіби дайындық

ролдері дұрыс бағытта  анықталса, онда баланың бойындағы дарындылық

нышанын жетілдіруге  болады.

     Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді саралау, түрлі тестік сауалнамалар.

   Зерттеудің әдіснамалық негізі: Осы мәселелерді көп   ғалымдар зерттеген, олар: ағылшын психологы Френсис Гальтон (19 ғ), неміс педагог-психологы Э.Мейман (19ғ-дың аяғында 20 ғ-дың басында), неміс психологы В.Штерн (20 ғасырдың 1-ші жартысында), Д.Ж.Гильфорд, П.Торренс, Ф.Баррен, К.Тейлор.

       Ресей психологтары: Л.С.Выгодский, Б.Т.Ананьев, Н.С.Лейтес, В.М.Теплов,М.Матюшкин,С.Рубинштейн,В.Э.ЧудновскийВ.А.Крутовский, Л.А.Венгер т.б.

Сол сияқты өзіміздің Қазақстан  жерінде туып, өскен қазақтың жантанушы, ағартушы ғалымдары: Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, Ж.Қоянбаев және қазіргі кезде дарынды балалар жөнінде еңбегі сіңіп жүрген Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшысы  Үміт Жексенбаева.

        Зерттеудің теориялық маңызы: Дарынды балаға өзінің қабілетін еркін танытуға мүмкіндік беретін, өзінің дарынына қарай бірегей тұлға ретінде дамуына жол ашатын білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Талантты тани білу, дарындылықтың белгілерін дамыту осыған дайын мұғалімнің ғана қолынан келеді. Бастауыш сыныптарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының ыждағаты мен бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс.

Информация о работе Дарындылық