Дарындылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:37, дипломная работа

Описание работы

Өзектілігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен

Содержание работы

КІРІСПЕ 4

1ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 10

1.1 Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерінің теориялық негіздері 16
1.2 Елімізде балалардың дарындылығын дамыту бағдарламалары 20
1.3 Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі 23
1.4 Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендірудің жолдары 26

2 БАЛАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ БАСТАУЫШ
СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІГІ 30

2.1 Дарынды балалардың білімін жетілдірудегі негізгі тұлғаның бірі - педагогтық іс-әрекет 39
2.2 Дарынды баламен жұмыс істейтін педагогтың ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары 43
2.3 Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогтің өзін - өзі жетілдіру мәселесі 49
2.4. Баланың дарындылығын анықтау мен жетілдірудегі жұмыстар 50

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63

ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

диплом дарын.doc

— 464.00 Кб (Скачать файл)

         Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеудің нәтижелерін оқытудың мазмұны мен тәсілдерін жетілдіру үшін оқулықтарға қосымша ретінде пайдалануға болар еді. Жұмыс дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік дайындығын дамытуға өзіндік үлес қосары сөзсіз.               

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы: Зерттеу материалдары бағдарламаларда, оқулықтарда, әдістемелік құралдарда әдіскер мамандарға мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Оқыту, тәрбиелеу әрекеттестік жағдайындағы мұғалім мен оқушының педагогикалық қарым қатынас ерекшелігін тереңірек зерделеу

Диплом жұмысының  құрылымы кіріспеден,екі бөлімнен,тәжірибелік жұмыстар барысы мен жұмысты зерттеу барысында пайдаланған ақпарат көздері мен қорытынды және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде дарынды оқушыларды дамытудың ғылыми методологиялық негіздері қарамтырылып, еліміздегі балаларлың дарындылығын дамыту бағдарламалары қамтылса, екінші бөлімде баланың дарындылығын жетілдірудегі педагогтың кәсіптік шеберлігі айтылады. Қорытынды бөлімде дарынды балаларды анықтаудың тұжырымдары жан-жақты көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ  

  

     Дарынды балалармен жұмыстың мақсаты иновациялық озық тәжірибесін тарату, дарынды балаларды анықтаудың, оқытудың және дамытудың жаңа әлеуметтік және психологиялық - педагогикалық  технологияларын енгізу, педагогтардың дарынды балалармен жұмысқа кәсіптік жеке дайындығын арттыру.

        Республика президенті Назарбаев Н.А. 27 мамыр 1996 жылғы жарлығында дарынды балаларға арнап арнайы оқыту жоспарын дайындауды ұсынған болатын. 1996 жылдан бастап Қазақстанда “Дарын” атты арнайы бағдарлама жұмыс істей бастады. Бірақта мұндай жұмысты балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттемей, білмей жүргізу мүмкін емес.

Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы №124 бұйрығына сәйкес «Дарын» Республикалық ғылыми - практикалық  орталығы 2004 жылғы желтоқсанның 11-12 күндері Астана қаласында дарынды  балалармен және жастармен жұмыс  саласындағы инновациялық әлеуметтік - педагогикалық жобалардың Республикалық ІІІ фестивалі өтті.

Фестивальға қатысу үшін республиканың барлық аймақтарынан барлығы 108, оның ішінде 12 ауылдық және 58 қалалық мектептерден тапсырыстар  түсті. Оның 20-сы «Дарын» РҒПО-ның желісі бойынша дарынды балаларға арналған білім ұйымдарынан, 50-і жалпы білім беретін ұйымдарынан. Фестиваль ауылдық мектептерде де дарынды балаларды анықтау, оқыту және дамыту бойынша белгілі дәрежеде жұмыстар жүргізілетіндігін көрсетті.

       Тапсырыс берілген жұмыстардың тақырыптары қабілетті және дарынды оқушылардың оқу мен оқудан тыс жұмысының әр алуан салаларының: инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылуын, қабілетті балалармен жұмыстың оқудан тыс нысандарын ұйымдастыру тәжірибесін, дарынды балалар үшін авторлық бейімделу бағдарламасын, оқушылардың өзінше білім алу және ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды, балалардың қабілеті мен шығармашылық ой-өрісін дамытуды қамтиды.

Ұсынымдық нысандары  жағынан жобалар алуан түрлі: дәстүрлі баяндамалар, жобаларды қорғау, сабақ өткізудің стандартты немесе нысандары, көрнекі құралдармен, материялдармен, сабақтар панорамаларымен, әдістемелік әзірлемелермен таныстыру, авторлық бағдарламалардың және мектепті басқарудың жаңа үлгілерінің тұсау кесері.

Фестивальға қатысушылар  санының жыл сайын өсе түсуі  мұғалімдердің бағдарламарды, оқулықтарды, оқыту технологияларын еркін  таңдау жағдайында мұғалімдердің өз жұмысына шығармашылықпен қарауына сұраныстың артып отырғандығын дәлелдейді.

Фестиваль жұмысы үш секция бойынша жүргізілді. «Оқушылар дарындылығын дамыту процесін педагогикалық басқару» деп аталатын 1-секцияның жұмысына 30 мұғалім, оның ішінде мектеп директорлары, ректорлардың ғылым бойынша орынбасалары, білім департаментінің (басқармаларының) уәкілдері жобаларымен қатысты.

Жаңа білімдік бағдарламаларды, инновациялық әзірленімдерді әзірлеу  және іске асыру өз шешімін талап  етіп отырған толып жатқан басқару  проблемалары мен міндеттердің көкейкестілігін  алға қойды. Педагогикалық ұжымның  жұмысындағы ғылымдық, ширақтық,  іскерлік сауатты басқарумен айқындалды.

«Сабақтарда және сабақтан тыс қызметте мұғалім  мен дарынды  оқушының бірлесе іске асыру» деп  аталатын 2-секцияның  жұмысына 50 мұғалім  қатысты (жұмыс мектептердің оқыту  тілдеріне  сәйкес 2 секция бойынша жүргізілді).Дарынды балаларға білім беру сапасын көтеруде қолда бар мүмкіндіктердің беті ашылды, әр мектепте өзіне тән, көп жағдайда жинақталған бірегей іскерліктің бар екенін дәлелдей отырып, әр мектеп өзінің жұмыс тәжәрибесін көрсете білді.

3-секция «Балалар мен жасөспірімдер дайындылығының психологиясы» деп аталды. Мұнда дарындылық феномені диагносткасының, қабілетті дамытудың, оқушылардың шығармашылықпен ойлана білуінің әдістері ұсынылды. Секция жұмысына 30-дан астам мұғалім қатысты. Фестиваль дарынды балалармен жұмыс істейтін мектеп педагогтарының шығармашылық әлеуметінің деңгейін көрсетті.

 Дарынды  балаларды бөлектеп оқыту,20 ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап Европа  елдерінде айқын қоғамдық сипат  алып, біріңғай саралап білім  беру ринципі арқылы жүзеге асырылды. Дарынды балаларды іріктеу және бөлектеп оқыту, о баста интеллектуалдық, ақыл-ой жағынан ерекше дарынды балаларды ғана өз алдына оқыту бағытында жүргізіліп, кейін ол жаппай балаларды өз қабілетіне қарай топтап білім беру принципіне ауысты.

Дарынды балаларға  білім беруді, әр ғылымның бүгінгі  даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір  жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан, ерекше дарынды балалардың өзіндік  интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда, дарынды балалардың қабілеттерін жоғарғы  деңгейде қанағаттандыратындай білім  беру, көптеген өркениетті елдерде  саралап оқыту принципінің негізінде  одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде[4].

Білім және ғылым  қызметкерлерінің Республикалық II –  съезінде сөйлеген сөзінде Президент  бүгінгі таңда жалпы білім  берудің алдында тұрған міндеттердің бірі «Дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептерді дамытуға ерекше көңіл бөлу» екендігі, ал ол Қазақстанның одан әрі дамуына ықпал ететін болады деп көрсеткен еді.

Сонымен қатар, қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына дарынды  балаларды оқыту үрдісін технологияландыру  мәселесін қойып отыр.

Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі  технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мысалы: академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық  оқыту әдісі, М.М.Жанпейсованың оқытудың модельді технологиясы және профессор Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына, өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылықпен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады. Қараев технологиясының құндылығы:

  1. 100% үлгерім;
  2. жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;
  3. оқушы «2» аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына жоғарғы ұпай жинау арқылы ынтасы артады. Оқушыға 4 деңгейлі тапсырма беріледі;
  4. оқушы оқу материалын өзі меңгереді, ал ұстаз өз пәнінен жұмыс дәптерін жасайды;
  5. педагогикалық технология  орта мектеп жүйесін ақпараттандыру принципін сақтай отыра жүргізіледі.

Педагогикалық технология мектептегі білім беру жүйесінің алдына келелі міндеттер қойып, оларды шешу үшін оқытудың мазмұны мен құралдарына әдіс-тәсілдеріне, ұйымдастыру түрлеріне өзгерістер енгізуді талап етеді.

Оқытудың мазмұнына  енетін өзгерістер:

  • оқу пәндерін интеграциялау;
  • білім мазмұнын модельдеу;
  • білімді ізгілендіру;
  • білімнің өмірдегі қолданылуы

Оқыту мазмұнын жетілдірудің бір жолы ретінде көлемді  тараулар мен тақырыптарды іріленген  бөліктерге (модельдерге) біріктіріп оқыту  жүзеге асырылып келеді.

Ірілендірудің өзі 20 ғасырдың екінші жартсында өмір талабынан пайда болды. Математика пәндерін оқытуда бұл мәселені П.М.Эрдниев, В.Ф.Шаталов, ал орта мектептегі химияны оқытуда химияны ірілендіріп оқыту әдістемесін П.Д.Васильева, дәріс, семинар жүйесін қолданудың негізін Н.П.Гузик, Л.И.Штепа негіздеді.

    Көптеген  мәліметтер  бойынша  дарынды  балалар   кемелденген, бейімделгіш  өз  еркімен  жұмыс  істей   алатын  болғанмен  де  көптеген  педагогтар  әлуметтік-эмоционалдық  саланың даму бағдарламасын   ұсынады. Бұл  бағдарламалар   коррекциялайтын,  дамытушы, интегративті  болып келеді.  Коррекциялау  бағдарламасы  эмоционалдық  және  тәртіп  жағынан қиындық көріп жүрген  дарынды балаларға арналады. Дамытуты  бағдарлама  эмоционалдық  жағдайдың жақсаруы үшін  құрылған,  онда рольдік және  сензититивті  тренингтер,  шағын  топтардағы  талдау  пайдаланылады.  Интегративті  бағдарламалар  эмоционалдық  және  танымдық  компоненттерді  біріктіреді. Оларды  былай болуга болады:  өмірлік  мақсаттарды  талдауға  және самоактуализация  проблемаларын  зерттеуге  бағытталған.

     Балалардың  шығармашылық  қабілетін,  интелектуалдық  инициативасын,  ой-санасын, әлуметтік   адаптация,  әлуметтік  жауапкершілік   және  лидерлік  қасиеттерін   дамытуға  көп  көңіл бөлу  керек. Дарынды  балаларды   арнайы  оқыту  қарапайым  бағдарламаны  кеңейту  немесе  жасы  үлкен  арналған  тапсырмалар  енгізумен  шектелмейді.

    Резинулли  /1977ж./  дарынды балаларды  оқытудың  сапалық  ерекшеліктерін  талдай  отырып  оларға  арналған  бағдарламаның   мазмұны  қалыптасқан  бағдарламадан  мүлдем  өзгеше,  яғни  білімді  игерудің стиліне  сәйкес  болу  керектігін,  сонымен  қатар  оқылатын  тақырыптың  негізіне  терең байлауға  ұмтылысын  шектеуге  болмайтындығы  туралы  жазды.

    Дарынды   балаларға  арналған  барлық  бағдарламалардың  негізгі  бөлігін  когнитивтік  және  аффективті  процестердің  жүйелі  түрде  дамуы  құрайды.

      Каплан /1980/  дарынды  балаларды   оқытудың  төмендегі  әдістемесін   ұсынады: 

Оқушылардың  ұсынған  материалы  жалпы  оқу  бағдарламасынан  асып  түседі  және  жаңа  және ерекше сапаға ие.

     Мүмкіндіктер:  Оқушыларға  қарапайым  оқу   бағдарламасынан  өзге  қосымша   уақыт пен  материалдар   негізінде  кең  алқымдағы  іс-шарамен  айналасу және  тереңірек  зерттеу  мүмкіндігі  беріледі.

    Дамыту:  Оқушылар ең алдымен  өздерінің  қызығушылығы  мен  қажеттігіне  жауап  беретін  оқыту  курстарымен  айналысады.

     Дарынды  балаларға  арналған оқу жоспарлары  үйлесімді  болу мүмкін  емес,  себебі  әр  бала  жеке-дара  тұлға. Төменде  дамытуға  арналған  кейбір  манызды  қабілеттер  келтірілген.

Танымдық  қабілеттер мен дағдылар

 Үлкен  көлемдегі   ақпаратпен  таныс.

-  Игерілген  материалдарды   жаңаға  ауыстыру

-  Себепті – терлеу  байланыстарын  бекіту.

- Жасырын  байланыстар  мен  тәуелділіктерді  анықтау 

-  Қорытынды  жасай   білу

-  Ақпаратты  интеграциялау   және  синтездей  алу 

-    Күрделі   проблемаларды  шешуге  қатысу

-  Ақпаратты  ұйымдастыру

-  Күрделі идеяларды   тез  қабылдап  алу.

-  Нәзік  айырмашылықтарды  көру қабілеті 

- Қарама-қайшылықтарды   сезіну

- Ақпаратты  іздеудің  альтернативтік  жолын  пайдалану

-  Жағдайдың  анализі

-  Процеспен  қатар   нәтижені  де  бағалай  білу

-  Туынды  жағдайларды   көре білу.

-  Пікір  алысу.

-  Гипотеза  құру.

-  Идеяларды  практикада  пайдалану.

-  Өзгеріске   ( жаңаруға)  қабілетті

-  Ойдың  сыншылдығы 

- Білімге құштарлық

Шығармашылық  қабілеттер

- Сурет салу

- Дивергендік  ой-сана

- Ойлау  мен әртүрлі   істерге  бейімділік

- Тез  олау

- Ерекше  идеяларды   айта алу  қабілеті,  жаңа  нәрселер (заттар) ойлап шығару  қабілеті

- Елестету  қабілеті  бай

-  Әртүрлі  (құбылыстарды)  заттарды  қабылдау

-  Жоғары  эстетикалық   құндылық 

-  Дамыған  интуиция

Эмоционалдық   саланың   ерекшеліктері

-  Шынайы  «Мен»   концепциясы

-  Басқаларды  сыйлау

-  Адамдарға  деген   эмпатикалық  көзқарас

-  Басқалардың  ерекшеліктерін  түсіну,  қабылдау

-  өзіне-өзі талдау  қабілеті

-  Сынды төзімдікпен   қабылдау

-  Идеяларымен  бөлісуге  дайын

-  Тапсырмаларды   орындаудағы  тиянақтылық

-  Мінездегі  және  ойлаудағы  тәуелсіздік

-  Марапаттауды  күтудегі  төзімділік

-  Жарысқа   түсу   (жарысты   қабылдау)

- Әділ – аспақты   сезіну  қабілеті 

-  Өнегелі   проблемаларды   талдаудағы  сергектік

Информация о работе Дарындылық