Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:37, дипломная работа
Өзектілігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен
КІРІСПЕ 4
1ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 10
1.1 Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерінің теориялық негіздері 16
1.2 Елімізде балалардың дарындылығын дамыту бағдарламалары 20
1.3 Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі 23
1.4 Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендірудің жолдары 26
2 БАЛАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ БАСТАУЫШ
СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІГІ 30
2.1 Дарынды балалардың білімін жетілдірудегі негізгі тұлғаның бірі - педагогтық іс-әрекет 39
2.2 Дарынды баламен жұмыс істейтін педагогтың ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары 43
2.3 Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогтің өзін - өзі жетілдіру мәселесі 49
2.4. Баланың дарындылығын анықтау мен жетілдірудегі жұмыстар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63
ҚОСЫМША
Оқу әдістері әртүрлі сипатта болып, оқып-үйренетін пәннің мақсаты мен міндеті дарынды оқушыға қойылатын талаптарға, білімнің тереңдігі мен кеңдігіне, қабылдаған дағды мен шеберліктің сапасына тәуелді. Оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтары оқу үрдісін, мазмұнын, оқу құралдары мен формаларын жан-жақты қамтиды.
1.4 Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендіру жолдары
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі -білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан Республикасының Білім туралы" заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. «Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді қазақ мәтелі. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді және ол сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы-тәрбие. Ұрпақ тәрбиесі - қай заманның, қай қоғамның болмысын көкейкесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қазіргі жас ұландар-болашақтағы еліміздің тіректері, еліміздің болашақ өкілдері болып табылады.
Ел Президенті 2030-жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға тарта отырып, «Біздің жас мемлекеттіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»-дейді. Ендеше, біздер ұстаздар қауымы 2030 жылдары еңбек етіп, ел басқаратын болашақ жастарымыздың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Президентіміздің үкілі үмітін атқаруға барлық іс-әрекет, күш- жігерімізді жұмылдырғанымыз жөн. Жолдауда атап көрсетілгендей, өз болашақ ұрпағының жауапты да жігерлі болып, өресі биік жеткішекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекеті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні заңдылықтарын жетік білу, жаңа оқу технологиясын жетік білу және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған. Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты-дарын иелерін жастайынан таңдай білу.
Талабы таудай, қабілеті - қарым мол ізденімпаз жастар көбейіп адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, іліміз үшін абырой. Жалпы дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейсіз. Мектепке оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқупшлардың сана-сезімі, ақыл-ойын мақсат ететін болғандықтан олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Дарынды балаларға білім беруді әр ғалымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарыңдылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз парызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту — бүгінгі күіннің басты талабы.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. "Дарындылық, даныпшандық, қабілеттілік дегеніміз не?, "Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?", "Оқушы дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға басады?", "Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?", "Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гете, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Нъютоп, Гегель Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с.) ересек жаста пайда болады?" Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ. Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық[10].
Көбіне "Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы" деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік туғызатын, қиялы, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететіні және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған. Мектепте мұғалімдер мен психологтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжірибелері жеткіліксіз. Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады. Сондықтан арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынандай келеңсіз жағдайларға душар болады:
Ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:
Бұл-ұстаз парызы. Дарынды
оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге
қойылатын педагогикалық-
1.Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
2.Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
3.Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар: