Дарындылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:37, дипломная работа

Описание работы

Өзектілігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен

Содержание работы

КІРІСПЕ 4

1ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 10

1.1 Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерінің теориялық негіздері 16
1.2 Елімізде балалардың дарындылығын дамыту бағдарламалары 20
1.3 Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі 23
1.4 Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендірудің жолдары 26

2 БАЛАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ БАСТАУЫШ
СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІГІ 30

2.1 Дарынды балалардың білімін жетілдірудегі негізгі тұлғаның бірі - педагогтық іс-әрекет 39
2.2 Дарынды баламен жұмыс істейтін педагогтың ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары 43
2.3 Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогтің өзін - өзі жетілдіру мәселесі 49
2.4. Баланың дарындылығын анықтау мен жетілдірудегі жұмыстар 50

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63

ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

диплом дарын.doc

— 464.00 Кб (Скачать файл)

-  Күші мен  қабілеттеріне  сенімді

- Ішкі  мотивация

Кесте 1


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кесте 2


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

Дарын дегеніміз адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс. Дарын – адамның белгілі бір  дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде  анықтап, оны одан әрі дамыта білу қажет. Жалпы  адам баласы табиғатында қабілетсіз болмайды. Біреулердің қабілеті жоғары, екінші біреулердің қабілеті орташа, ал үшінші біреулердің қабілеті төмен болады. Өз қабілетіне сай бала көздеген мақсатына қол жеткізе алады.

Дарындылық данышпандыққа жеткізген деп халық бекер айтпаған. Әлемдегі аты шулы данышпандықтардың бәрі балалықты бастан кешірген, бірақ ешбір адам анадан данышпан болып тумайды, тек қабілет иесі, дарын иесі болып дүниеге келеді. Демек, осы дарын иесін шеберлікке жеткізетін қоғам, мектеп. Әрине өте сирек те болса, өмірде дарынджылықтың туа пайда болатын жағдайы кездеседі. Әлемнің ірі композиторы Моцарт 4 жасында күрделі музыкалық шығармалар жаза бастаған. Бетховен тас құлақ саңырау бола тұра ұлы музыкаларды жазған. Мұндай дарын иелері өте сирек кездеседі. Дегенмен адам қабілетінің дамуына мектептегі оқу мен білімнің, тәрбиенің маңызы зор.

Психологиялық зерттеулердің анықтағанындай, бала қабілеті, санасы, өмірге көзқарасы  әр түрлі. Мұғалімнің басты міндеті  осы ерекшелікті дұрыс түсіне білуде жатыр. Педагогика ғылымының талабы бойынша мұғалім, ұстаз жан-жақты сауатты, мәдениетті болуы тиіс. Яғни, мұғалімнің психологиялық танымы, сезімі, көзқарасы ерекше болып, осы қасиеттеріне сүйене отырып, мұғалім ата-ананы, алдындығы балаларды дұрыс танып, қарым-қатынасты дұрыс жолға қоюы мұғалімнің жоғары маман иесі екендігінің белгісі. Оның үстіне бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті мұғалім танып, соған бағыттап білім мен тәрбие берсе баланың болашағының ірге тасы дұрыс қаланады.

 

1.1 Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерінің теориялық негіздері

Бүгінгі жаңа ғасыр мектептерінің  алдында тұрған көп міндеттердің ең бастыларының бірі – дарынды  балалармен жұмыс. Осы балаларға  тән қасиеттер: зеректік, өз бетімен өсу, даму, біліктілік, білімділік. Сондықтан мұғалім дарынды балалармен жұмыс істеуге дайын болу керек, ол тек өз білімін, тәжірибесін беріп қоймай, жан-жақты болуға оқушыны икемдеу керек.Тіпті керек жерде мұғалім өз көзқарасын өзгертіп, дарынды оқушымен қарым-қатынас жасаудың жаңа түрлерін іздестіруі керек. Мұның бәрі мұғалімнің жеке қасиеттерінен басқа, кәсіптік өсуін керек етеді. Яғни, әдістемелік жұмыстың жаңа түрлерін іздеуге мәжбүр етеді. Дарындылықтың өз табиғатына тән ерекшеліктері болады. Ғалымдар дарындылықтың туа біткен сондай-ақ жүре пайда болатын сипаты жөніндегі көзқарасты қуаттайды.

Мамандардың пікірі бойынша дарынды балаларға арналған оқу бағдарламалары орта қабілеті бар  балаларға арналған бағдарламадан  өзгеше болуға тиісті. Сонымен қатар, бұл өзгешелік оқытылатын материалдың көлемінің үлкендігімен немесе білім-біліктілік процестің жоғары темпінен анықталмайды. Дарынды балалар әлемнің ерекше бөлігін құрайды, сондықтан оларға өзгеше оқыту процесі қажет екендігін ескерген дұрыс[5]. Көбінесе дарынды балалар өзіндік қабілеттері мен диапозондары  және жеке мінездері бір-біріне ұқсамайды. Бағдарламада танымдық процестердің дамуы және таңдалынып алынған жұмыс стильінің кейбір дағдылары арасындағы айырмашылықтар ескеріледі. Дегенмен дарынды балалардың кейбір ортақ қасиеттері де бар, сондықтан оқу бағдарламаларында осы жағдайлар ескерілуге тиіс. Ортақ қасиеттерге, ерекшеліктерге  мыналар жатады:

- принциптің, түсініктің  жағдайдың мағынасын тез қабылдау  қасиеті. Бұл ерекшелік   пысықтауға  арналған материалдың және тақырыптың кеңдігін талап етеді;

  • проблеманың ұтымды жағынан көңіл бөлу және оларды шешуге ұмтылу қажеттігі. Дәстүрлі оқытуда  бұл қажеттілік сирек қанағаттандырылады, оған арнайы  оқу бағдарламаларында  өзіндік жұмыстар, ашық типтегі тапсырмалар, қажетті танымдық қабілеттерін дамыту арқылы жүзеге асыру қажет;
  • түсініктерді ескеру, талдау және ұсыну қабілеті       арнайы оқу бағдарламаларында жоғары танымдық процестердің мақсаты түрде дамуы бұл қабілеттерді сапалы жаңа деңгейге көтерді және белгілі жағдайдың шексіз қайталануынан сақтайды;
  • өз замандастарына ұқсас еместігін түсінуден туған мазасыздық, қобалжу.

Оқу бағдарламасына аффектілік компоненттің кіруі балаға өзін және басқаларды түсінуге мүмкіндік береді, өзінің ойларын ашық көрсетуге сонымен қатар өзін және басқаларды қабылдауға үйретеді.

Дарынды балаларды оқытудың әртүрлі формада іске асатын сан  түрлі стратегиялары бар.

Бұл үшін арнайы бағдарламалар  жасалынады. Дарынды балаларды оқытудың негізгі бағыттарына темппен  байытуды, толықтыруды жылдамдату жатады.

Дарынды баланы қарапайым сыныпта оқыту біршама  уақыт өткеннен кейін оның сыныптастарының  істеріне бейімделуі себепті олардан  айырмашылығы болмай қалуға әкеліп соғады. Ол жұмыстарының сапасын және санын  мұғалімнің күнделігіне сәйкес орындай бастайды.

Жылдамдату әдісін пайдаланып оқушыларды оқу бағдарламасына бағыттаудың  негізгі талаптары болып мыналар  саналады:

  • оқушының жылдамдату қызығушылығы, нақты қызығушылық және жылдамдату қолданылатын сферада жоғары қабілет таныту;
  • кемелденген әлеуметтік – эмоцианалдық жағдай;
  • ата-аналардың келісімі, бірақ олардың қатысуға белсенділік танытуы міндет емес;
  • жылдамдату математикаға және шет тілдерге қабілеті бар балаларды оқытудың ең жақсы стратегиясы болып табылады.

Жылдамдатудың бірнеше  ұйымдастыру формалары бар:

Мектепке ерте бару, қарапайым  сыныптағы жеке бағдарлама бойынша  жылдамдату, басқа сыныптағы оқыту (өзінен жасы үлкен балалармен бірге  оқыту), сыныптан-сыныпқа секіру, арнайы оқу бағдарламалары бар және таңдалынып алынған балалар тобынан құралған профильдік сыныптар.

Оқытудағы байыту стратегиясы  білім кеңістігін кеңейтуге бағытталған. Дарынды бала тез дамып кетпейді, ол дәстүрлік курстарға қосымша  материал алады, ойлау қабілетін, креативтілігін дамытады, өз бетімен жұмыс істеуге  дағдыланады.

Дамыту стратегиясы бірнеше бағытты қарастырады: ой-өрісін кеңейтеді, өзін-өзі тану және қоршаған орта туралы білім; осы білімдерді тереңдету және білім алудың құрал – жабдықтарын   дамыту.

Қосымша материал мен  одан күрделірек мазмұнға арналған байыту бағдарламасы білімнің нақты көбеюіне және ақыл-ойдың дамуына бағытталады. Осындай бағдарламалардың мысалы ретінде тақырып, проблема немесе жеке дағдылар бойынша мини курстар болып табылады.

Оқытудың модулдік жүйесін  пайдалану оқытудың дайындық сапасын  жақсартып, оқушы білімін бағалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді және білім сапасын арттыруға ықпал жасайды.Бұл жүйемен оқыту барысында оқушы жыл бойы барлық тақырыптар бойынша үздіксіз жұмыс істеуіне мәжбүр. Сондықтан оқушылардың білімін бағалауда субъективті қателердің болуына жол бермейді.

Бағалаудың бір түрі – рейтинг. Рейтинг арқылы оқушылардың жұмыстың қандай түрімен  айналысқандығы туралы толық мағлұмат алып отыруға болады. Рейтинг – білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы сапалылығының  жиынтығы. Ұпайлар саны жинақтала бергенде қорытынды бағаның көтерілуіне мүмкіндік беріледі. Оқушының әртүрлі жұмыстарын саралап өткізу (тыңдап-түсіну, жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы бақылау оқушының не жақсы, не нашар қабылдағанын бірден аңғартады. Мұғалім рейтингшілік жүйе арқылы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін, интелектілік деңгейін білуге болады.

Мұғалім сабақта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етуге, оқушыларды сұрақ  қоюға, оған жауап іздеуге, бірлесе  білім алуда жауапты бірігіп  әзірлеуге, мәселені талқылауды үйретуге тиіс. Бұл әдістің бір түрі – жобалау. Жобалау жұмысы ойлана білуді үйретіп, белсенділікке баулиды. Соның нәтижесінде оқушы өз білімін, түсінгенін белсенді ойлау тұрғысына сөйлеу, жазу арқылы жеткізеді. Бұл мұғалімге оқушының жеке басына көбірек көңіл аударуға және оқушының тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады. Жеке ерекшеліктері анықталып болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құрылады[6].

Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру: оқу бағдарламасын жасау, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүзгізудің арнайы әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетіндік білім алуға жетелу. Апталық жүктемеге міндетті түрде мән берілуі керек. Тапсырмалар бала жасына, деңгейіне сай болсын.  Түпкі нәтижеге жету жолында білім мен тәжірибені ұштастыра білуі керек. Жалпы мектеп үшін қазір дарынды балаларды даралап, саралап оқыту әдістері қойылуда.

Ж.Қараевтың “Деңгейлеп оқыту” әдісі бойынша 4-ші деңгей тапсырмаларын берген уақытта мұғалім бала ерекшелігіне сай құруға болады. Сол кезде шартты даралау қолданылады да, баланың бөліп алынғаны басқаларға елеусіз болып қалады. Осы жерде мұғалімге үлкен міндет жүктеледі: мұғалім тапсырманы  алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементін пайдаланатындай етіп құруы керек. Тесттік формада тапсырма беруде де зерттеленуші бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Тапсырмалар ойлауға, талдап-жинақтауға, абстрактілеуге құрылады. Бұларды ақыл-ой гимнастикасы деп те атауға болады. Жеке тұлғаға баға берілетін сыныптан тыс шаралардың ұйымдастырылуы: пәндік олимпиадалар, байқаулар, клубтар, үйірмелер, секциялар. Жоғарыда айтып өткендей, түпкі нәтижеде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеу жүргізеді, теорияны тәжірибе арқылы талдауға талпынады.

Оқу-тәрбие  үрдісіне қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық ұғымдарды өз мәнінде  түсіне алмау мұғалімдерді педагогикалық қателерге ұшыратуы мүмкін. Мұғалім оқушы өзгешеліктеріне зер сала білуі керек. Мұғалімнің жеке бір шығармашылық табысы болса тіпті жақсы. Мысалы : орындаушылық, сурет өнері немесе музыкадан.

Бала әрекетіндегі, қимылындағы  саналы күштерді ақырын, нәзік түрде шақырып, оятып отыру керек. Мысалы: ол сурет салып отырғанда, бояумен жұмыс істегенде, баланың санасын оятатын мақсат қоя білген жөн. Қызыл түспен басымырақ сурет салынса, көгілдір түспен не салар едің деген сияқты сұрақтар қойып, жетелеген жөн.

Дарынды балалармен жұмыс барысында мұғалім әр қырынан көрінуі керек. Алдымен кәсіптік қабілеті күшті болуы керек:

  1. Бақылау жүргізу қабілеті. Тест анықтауда, бағдарлама құра білуі.
  2. Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс істеу бағдарламасын құра білуі.
  3. Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу.
  4. Оқушының икем бағытын нақты ажырату, оған ықпал ету жолдарын сәтті талдаудағы ептілік.
  5. Арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі.
  6. Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы.
  7. Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.

Мұғалім оқыту барысында  кездесетін терминдермен, ұғымдармен таныс болуы керек. 

Дарынды оқушымен жұмыс  істейтін әрбір  мұғалімнің көкейінде  мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. “Дарындылық, данышпандақ, қабілеттілік дегеніміз не?”, “Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?”, “Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?”, “Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?”, “Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль, Моцарт, Гаус, Гете, Архимед, т.с.с.) қабілеті ерте жасынды байқалады, ал тағы басқа біреулердікі (Ньютон, Гегель Дарвин, Менделеев, Декарт, т.с.с.) ересек жаста пайда болады?”. Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ.

Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан  анық.

Көбіне “Дарынды оқушы  – бұл жақсы оқитын оқушы” деген  пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын  психологі П. Торранстың зерттеулері  бұл пікірдің мұғалімдер арасында  да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе  алатын оқушылар  көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін  және оның нашар оқитын оқушылардың арасында  да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есте ұстағандары жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Қабілет деген не? Қабілет  – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттің өзі жалпы және арнаулы болып 2-ге бөлінеді. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамда тиісті білім жүйесі икемдік пен дағды болуы керек. Қабілеттің дамуында адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі ерекше орын алады. Іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды.

Қабілеттілік – адамның  өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен  жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы – дарындылық.

Информация о работе Дарындылық