Дарындылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2013 в 18:37, дипломная работа

Описание работы

Өзектілігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен

Содержание работы

КІРІСПЕ 4

1ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ
ҒЫЛЫМИ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 10

1.1 Дарынды балаларды оқыту ерекшеліктерінің теориялық негіздері 16
1.2 Елімізде балалардың дарындылығын дамыту бағдарламалары 20
1.3 Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі 23
1.4 Дарынды оқушыны дамытудағы танымдық қызығуды белсендірудің жолдары 26

2 БАЛАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ БАСТАУЫШ
СЫНЫП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІГІ 30

2.1 Дарынды балалардың білімін жетілдірудегі негізгі тұлғаның бірі - педагогтық іс-әрекет 39
2.2 Дарынды баламен жұмыс істейтін педагогтың ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру жолдары 43
2.3 Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогтің өзін - өзі жетілдіру мәселесі 49
2.4. Баланың дарындылығын анықтау мен жетілдірудегі жұмыстар 50

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 63

ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

диплом дарын.doc

— 464.00 Кб (Скачать файл)

Баланың дарындылығы  оның жоғарғы жүйке саласының  туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Балаға белгілі бір жұмысты ойдағыдай  атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол саласында талант деп атайды[7].

Сонымен талантты адам дегеніміз  білікті шығармашылықпен жұмыс  жасайтын адам. Дарынды балаларды  іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу  қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды бала басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

 

    1. Елімізде балалардың дарындылығын дамыту бағдарламалары

 

      Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып, қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Педагог ерекше оқу бағдарламаларын игеріп қана қоймау керек, өз оқушыларының дарындылығына жекеленген қатынас тауып, оның әрбіреуінен жекедаралықты көру керек. Бізде осындай педагогтар көп пе, бізде олар дайындала ма? Дарындылықтың арнайы түрлерімен қатар, олардан едәуір ауқымды, ақылдың абыройы қажет болатын, бар жерде көрінетін ақыл- ой дарындылығы бар екендігін өмір үнемі көрсетуде. Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше интеллект белгілері бар  және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.

        Қазақстан Республикасының Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету мен дамыту» туралы жарлығына сәйкес талантты жастарды қолдау мен дамыту мақсатындағы ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысымен Республикалық ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы ашылды. Осы мәселені шешу үшін стратегиялық бағдарлама жасалған. 

Соңғы жылдары қосымша  білім беру мекемелерінің жүйесі арта түскендігін айта кету  жөн. Аудандар мен қалаларда  балалар  шығармашылықтарының орталықтары, спорттық-демалыс орталықтары, туризм және экскурсия орталықтары құрылуда, қызығушылықтары бойынша құрылған үйірмелер  саны да көбейіп келеді.  Егер 2000 - 2003 оқу жылында  75 мектептен тыс ұйым болса, 2003 - 2004 оқу жылында  олардың саны 85-ке жеткен. Қосымша білім берумен қамтылған  балалар құрамы осы кезеңде  2,1 мың адамға  артқан. Дегенмен, қосымша білім беру мекемелерінің мүмкіншіліктері оқушылар саны  мен олардың сұраныстарын  қанағаттандыра  алмауда.

       Облыстың қосымша білім беру  жүйесінде де шешімін таппай  отырған  мынадай проблемалар  бар:

       - баланың демалысын, бейімділігін, дарындылығын,  қызығушылығын т.б. қанағаттандыруға тегін қызмет көрсететін, кеңінен пайдалануға болатын мектептен тыс ұйымдар жүйесінің қысқаруы;

       - мектептен тыс мекемелерде   материалдық және  ақпараттық  базалардың  жетіспеуі;

       - көп жағдайларда қосымша білім  беру мекемелері  қызметтерінің  мазмұндары  мен  технологиялары  балалар мен жасөспірімдердің  мүдделеріне,   уақыт талабына  толық сәйкес келе бермеуі.    

Психологиялық педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдау балалардың дарындылығын дамыту мәселесінің өзектілікке 1975 жылы таланттар және дарынды балалардың Бүкіләлемдік кеңесі құрылды. 1988 жылы Еуропа Кеңесінде үкіметтік емес кеңестік ұйым статусына ие «Евроталант» ассоциациясы құрылды. Ол 22 мемлекеттің зерттеушілерін, педагогтарын, кәсіпкерлерін және мемлекеттік қызметкерлерін біріктіріп дарынды балалармен жұмыс принципі сәйкес заңдылық актылары және еуропа елдерінің білім беру тәжірибесінің негізі болуын қарастырады. Әлеуметтік тапсырысты шартты түрде қоғамдық, аймақтық, ұжымдық және индивидуалды деп бөлуге болады. 

Қазақстан үшін дарынды  балаларға қамқорлық – тек  қана психологиялық-педагогикалық  емес сонымен бірге әлеуметтік мәселе. Олардың қабілеттерін дамыту еліміздің  болашақ кадрлық базисін, интеллеуалдық және шығармашылық потенциалын қамтамасыз ету құралы ретінде қарастырылады.

«Білім туралы» Заңнын 3 бабында білім беру саласындағы  мемлекеттік саясаттың принципіне: «тұлғаның білімділігін және дарындылықты дамытуды стимулдау» жатқызылған. Бұл – нағыз гуманизм принципі, әр тұлғаның  ерекшелігін, оның қайталанбастығын мойындауда көрінеді.

1989 жылы КСРО-да  «Дарынды балалар» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Одақтың  ыдырауына байланысты бағдарламаны ары қарай жүзеге асыруды Қазақстанда білім беру Министрлігінің білім беру Комитетіндегі «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық Президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау» бұйрығына сәйкес үкіметтің 24.03.1998 жылғы қаулысына  байланысты өз басшылығына алды. «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталық дарынды балалармен жұмыс жасайтын  білім беру мекемелерінің  мәселенің теориялық  өңдеуін және іс-әрекетін бағыттап отырады. Аймақтық деңгей дарынды балалармен жұмыс жасауда факторлар кешенін  есепке алады: аймақтың экономикалық мамандануы тұрғындардың ұлттық құрамы, гемографиялық процестер және тағы басқалар жиынтығы аймақтың білім беру жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды.

Ақмола  облысы балалардың дарындылығын дамыту жұмысына  зейінділікпен қарады.  Бұған жаңа типті оқу мекемелері, олардың іс-әрекетін ұйымдастырушылық әдістемелік қолдау, әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар нәтижелері дәлел бола алады.  Ұжымдық және индивидуалды тапсырыстар әртүрлі әлеуметтік топтардың, ата-аналардың және оқушылардың өздерінің білім қажеттіліктеріне деген айырмашылықтарымен шартталады. Бүгінгі күнде бұл қажеттіліктердің  құрылымы кейбір пәндерді тереңдетіп оқытумен көрінетін  лицейлер, гимназиялар, мектептер және сыныптарға деген сұраныстан байқалады[8].

        Дарынды балаларға қолдау көрсету  бағдарламаларын жүзеге асыруда  шешілмей жатқан бірқатар проблемалар  бар:

       - балалар дарындылығының  құзыретті  диагностика жүйесінің жоқтығы  (әсіресе ауылдық жерлерде);

       - дарынды балаларды оқытып, дамыту  мазмұны мен технологиясының,  ұйымдастыру негізінің   әзірленбеуі;

       - облыста  «Дарын»  эксперименталдық  алаңдарының  аздығы;

       - балалардың дарындылығын дамытуда  білім беру мекемелерінің қызметінде  «балабақша-мектеп-жоғары оқу орны» жүйесінде сабақтастықтың жоқтығы;

       - басқа елдердің осы бағыттағы  іс-тәжірибелерін тиімді зерттеп,  пайдаланудың  жеткіліксіздігі. 

Балалардың  дарындылығын дамыту

  • әртүрлі әдістердің кең спектрі негізінде балалар дарындылығын анықтау мен диагностикалаудың кешенді ұстанымдарын іске асыру; 
  • дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыруда  үш түрлі нұсқаны  кеңінен қолдану:
  • жекелей оқыту – дарынды балаларды оқытатын арнайы білім мекемелерін құру;
  • дәстүрлі оқу орындарында (балабақшада немесе  мектепте) дарынды балалар үшін арнайы  қоса-жекеше оқыту топтары (сыныптар);
  • қоса оқыту – дарынды балаларды «табиғи ортада», яғни өз құрдастарынан оқшауламай бірге  оқыту;
  • жеделдетілген оқыту қарқынына бағытталған арнайы топтар мен сыныптар құру арқылы ақыл-ой, әлеуметтік және дене дамуының деңгейі жоғары балалар үшін нақты білім беру мекемелерінің  мүмкіндіктерін есекеріп «жеделдету» стратегиясын  қолдану;
  • дарынды балаларды дамыту проблемаларын шешуге бағытталған, дәстүрлі оқу жоспарын арнайы біріккен курстармен толықтыратын «көлденеңінен кеңейту» шаралар   жүйесін енгізу;
  • дарынды балаларды оқытуда оқу процесін дараландыру, проблемалық оқыту, танымдық әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың бастамасын қалыптастыру мақсатында зерттеу ұстанымдары принципін іске асыру;
  • пәндер бойынша олимиадалар,  интеллектаулдық-шығармашылық ойындар, конкурстар, зерттеу жобалар, фестивальдар мен жарыстардың рәсімі мен мазмұнын жетілдіру;
  • «балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» дарынды балаларды оқыту жүйесінде үздіксіздікті жүзеге асыру;
  • «Дарынды балалар» облыстық ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;
  • «Дарын» тәжірибелік алаңдарымен жұмыс түрлерін жандандыру мен жетілдіру және облыста олардың санын көбейту;
  • облыста дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау проблемаларын шешу аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

 

1.3 Мұғалімді  дарынды балалармен жұмысқа даярлау  маңызы мен ерекшелігі

 

      «Білім мен тәрбие жас ұрпақтың қос қанаты» деп ғұлама ғалым Әл-Фараби бабамыз айтқандай, білім айдынында біздің еркін жүзуімізге, тәрбиелі азамат болып өсуімізге бағыт сілтер – ол «Дарын»

«Білім мен тәрбие жас ұрпақтың қос қанаты» деп  ғұлама ғалым Әл-Фараби бабамыз айтқандай, білім айдынында біздің еркін  жүзуімізге, тәрбиелі азамат болып  өсуімізге бағыт сілтер – ол «Дарын».

Дарынды оқушылардың  танымдық іс-әрекетінің белсенділігі өте жоғары болуы керек.

Таным дегеніміз –  айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында  бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамның тәжірибе негізінде  іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

«Қызығу - әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, дарынды баланың белгілі бір  объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік»  деген пікір айтады ғалымдар М.Беляев, Н.Морозова, С.Рубенштейн. Қызығу баланы жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмарландырады. Сондықтан баланың қызығуы бір іспен шұғылданғанда, әртүрлі әрекеттерде көрініс табады.

Ойын қызметінің мүмкіндігін  сипаттау дарынды оқушылардың таным  қызығуының құрамын қалыптастыру маңызы және әлеуметтік құбылыс ғалымдардың  түсінігі бойынша объективті-субъективті  ұғым арқылы қабылданады.

Психология-педагогика ғылымдарының мәліметтеріне сүйенетін болсақ, қажеттіліктің ішкі түрткісі субъектінің байланысты іс-әрекеті мен өмір сүру себебі болып табылады.

Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады.Өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеу үшін оқушы  дүниені танып білгісі келеді.Алайда ол өзі үшін ешбір мәні жоқ нәрсеге қызықпайды. Дарынды оқушының қызығуы мен құндылық бағдары тығыз байланысты. Оқушы өзі үшін құнды, әрі қажетті нәрсеге, мысалы: оқу пәніне қызығады.Соңынан бұл нәрсе (пән) дарынды оқушы іс-әрекетінің мақсатына, қозғағыш күші -  мотивіне айналуы мүмкін. Осыған орай, кейбір ғалымдар қызығуды дарынды оқушының өзіндік дербес іс-әрекетке жұмыс мотиві ретінде қарастырады. Бұл жайында Б.Теплова «жақындағы мақсатқа жетіп алыстағы мақсатты көздейді» деп түйіндейді. Ал Н.Морозова «Іс-әрекет көздеген пайдалы мақсатқа жетуге түрткі болады» дейді. А. Леоньтевтің пікірінше танымдық қызығу – бір нәрсеге зейін қою арқылы эмоция тудыру.

Психологтер Л.Божович, Н.Морозова, Л.Славина себептің екі негізгі  құрамын көрсетеді:

- дарынды оқушылардың  оқу іс-әрекетіне түрткі болатын  қоршаған ортасы;

       - мазмұндық  және үрдістік сипаттан тұратын,  оқу іс-әрекетінің өзі түрткі  болатын таным қызығуы.

Қызығудың физиологиялық  негізін талдау оның мақсатының рефлекске  көбірек жақын екенін тұжырымдайды, себебі жеке баланың белгілі мақсатқа ұмтылуы, бағыты байқалады.

Қызығу іс-әрекетке деген  бір жақтылықтан пайда болып, объектіге әсер ету нәтижесінен  тартымды қарым – қатынас туғызады.

Жеке дарынды оқушының жан-жақтылығын, маңыздылығын, анықтамаларын салыстырмалы талдау арқылы қызығудың ғылыми түсіндірмесін табуға болады.

Бихевиорстикалық Перри  қызығу тұжырымдамасы, Мак-Ивераның динамикалық  бағалау теориясы, Паргонның әрекет пен бағыттық әлеуметтік теориясы, Маркузе теориясы қызығудың маңызды әрі тиянақты анықтамаларынан саналады. Американдық философ Р.Перри қызығу өз көзқарасымен, еліктеумен сипатталады деп көрсетеді.

Оқу-тәрбие жұмысында  ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынандай мәселелердің басы ашылды:

  • ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар психикалық үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;
  • жеке оқыту маңызының артуы;
  • оқу ойындарына қатынасушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы.

Мұғалім ойлауды қажет ететін әртүрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетіп, дарынды оқушыларға есептер мен жаттығулар бере отырып, шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Мұғалім мен дарынды оқушының осындай іс-әрекетін дидактикалық оқыту мен білім көздерін логикалық негіздей отырып классификациялау Н.Верзлиннің, А.Алексик пен И.Зверевтің еңбектерінен көрінеді.

Психологиялық тұрғыдан бақылау басқа әдістерге қарағанда  өздік белгілермен ерекшеленеді. Оның психологиялық құрылысы күрделі. Бақылау «толық жеке адамды» жұмысқа тартып, сезімдік қабілеттерін қолдануға, көрнекті ойлауға, сөйлеуге үйретеді.

Кесте 3

  

       С. Архангельский оқыту әдістері классификациясын қарастыра отырып ғылыми әдісті бөліп шығарады, сол әдістен оқып-үйренетін пәннің танымдылығы бөлініп алынып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру әдісін таңдайды.

Ғылыми әдіс дегеніміз  – ұстанымдар, ережелер мен құралдар, зерттеушінің жалпы және жеке мақсатқа жету жолындағы тиімді жиынтығы. Ғылыми әдіс ғылымдағы мүмкіндіктерді бағалауға  мүмкіндік береді[9].

Информация о работе Дарындылық