Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 14:58, курсовая работа
Негізгі ластаушы заттардың әсерін зерттеу кезінде оның химиялық-физикалық қасиеттеріне мән берумен қатар, осы заттардың таралу қашықтықтары, таралу бағытына ауа райы жағдайларын ескеру өте қажет. Сонымен қатар, хромның табиғат компоненттерінде көп жылдық жинақталуын көрсету де өте маңызды.
КІРІСПЕ ........................................................................................................ 3
ӘДЕБИ ШОЛУ............................................................................................. 4
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ....................................................................................... 5
1.1 Атмосфера туралы жалпы түсінік................................................... 5
1.2 Атмосфераның ластануы. Ластануының негізгі көздері……….. 9
1.3 Ауаны таза сақтаудың ұйымдық шаралары...............................12
1.4 Хром туралы жалпы сипаттама....…………...….………………15
1.5 АХҚЗ-ң өндірістік мониторингі................................................. 18
1.6 Негізгі химиялық қосылыстарға сипаттама…………………….. 20
ІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ………………………..…………………… 24
2.1 Күкірт диоксидін анықтау..................................................................... 24
2.2 Азот диоксидін анықтау........................................................................ 27
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................... 32
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР.................................................................. 33
Атмосфералық ауаның тіршілік үшін маңызы. Экологиялық жағдайлардың біртұтастығын кеңінен көрсету үшін «қоршаған орта» және «тіршілік ортасы» деген түсініктемелер қолданылады. Бұл жағдайда ең алғашқы болып адамның тіршілік ортасы көрсетіледі.
Адамды қоршаған орта Н.Р.
4 компонент-подсистемалардан
құралған:
Адамдарды қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер, басқа да тірі жәндіктер өмір сүретін мекен-жай, ондағы жер-су, ауа, жел, жылы мен суық, ас пен қорек кіреді.
Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланысы бар біртұтас жүйе. Табағатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.
Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған орта бүлініп, істен шығу оңай екінін адамдар XV ғасырдың алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.
Қоршаған ортаға әлі адамның аяғы жетпеген де ғана таза күйінде сақталады. Өйткені ол жерлерге адамдардың жетуі өте қиын. Жер бетінің 48051840км2 жеріне адамның іс-әрекеттері жетпеген. Мұндай жерлерге Антарктидада – 100%, Солтүстік Америкадағы – 37,5%, Ресей және ТМД елдеріндегі – 33,6 %, Австралия және мұхиттар – 27,9%, Африка – 27,5%, Оңтүстік Америка – 20,8%, Азия - 13,6%, Еуропадағы – 2,8% құрлық беттері жатады.
Атмосфера – Жер ғаламшарының ауа қабаты және ол биосфераның құрамды бір бөлігі болып та саналады. Адам ағзасына әсер етуші факторлардың ішінде ең маңыздысы – ауа. Себебі, ағзаға үздіксіз әсер етеді. Атмосфералық ауаның адамның тіршілігіндегі маңызы зор:
Атмосферадағы ауа қабаты түрлі газдардың жиынтығынан құралған, олардың ішіндегі ең көп мөлшері, яғни 78,08 % азоттың (N) үлесіне сәйкес келеді. Атмосферадағы ауа құрамының 20,95 % - оттегі, 0,9 % - аргон, 0,03 % - көмірқышқыл газы, ал қалғаны неон, гелий, сутегі, метан және т. б. газдар.
Атмосфера қабатындағы температуралық өзгерістерге байланысты жер бетінің биіктікке көтерілген сайын бірнеше қабатты ажыратады.
Бірінші, Жер бетіне ең жақын қабаттар ретімен - стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера деп аталады.
Атмосфераның Жер бетіндегі жалпы тіршілік қабаты - тропосфера. Атмосферадағы ауа массасының 90 % - ға жуығы тропосфера қабатында шоғырланған. Тропосфера қабатының орташа қалыңдығы Жер шарының түрлі ендіктерінде түрліше аумақты қамтиды. Мысалы поляр шеңберінің үстінде тропосфера 8-10 шақырым биіктікке дейінгі аралықты қамтыса, ал қоңыржай белдеулерде ол 10-12 шақырым, ал тропикалық белдеулерде 16-18 шақырым биіктікке дейін аралықты қамтиды. Тропосфера қабаты литосфера мен гидросфера қабаттарымен өте тығыз байланысты.
Атмосфера қабаты өзінің физикалық, химиялық және механикалық әсерлері арқылы жер бетіндегі жылу мен ылғалдылықты үнемі реттеп отырады.
Химиялық құрамы бойынша атмосфералық ауа газдардың қоспасы болып табылады (О2, N2, СО2 және инертті газдар). Оттегі атмосфералық ауаның ең маңызды компоненті, адам ағзасында гемоглобинмен байытып оксигемоглобин түзеді. Осы күйінде қандағы эритроциттер арқылы тасымалданады. Табиғатта оттегі тірі ағзаларда тотықтыру процесінде пайдаланады және жану кезінде тұтылады. Оттегінің қоры атмосферада жеткілікті және мұхиттың фитопланктондары мен құрлық өсімдіктерінің тішілігі арқасында үздіксіз ауаға О2 мөлшері ауытқымайды, 20,7; 20,95% арасында біршама тұрақты сақталады. Медицинада О2 –ң меншікті қысымын жасанды түрде аздап жоғарылатуды емдеу шараларында қолданады. Таза оттегі – улы. Егер жануарларды таза оттегімен дем алдырса, 24 сағаттан соң тыныс алуы тоқталады.
Жер ғаламшарының атмосфера
қабатының түзілуіне
Ауа - адамның тішілігі олардың аса маңызды компоненті. Ауаның сапасы адамның денсаулығына ұрпақ жалғастыру қабілетіне, ауруларға төзімділігіне және өмір сүру ұзақтығына әсер етеді.
1.2 Атмосфераның ластануы. Ластанудың негізгі көздері.
Қазіргі
кезде Қазақстан
Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаны ластаушы негізгі заттар: шаңтозаң, СО, NO, NO2, Н2S, SO2, NH3, Pb және тұрақты органикалық ластаушылар. Бұл қалдықтар адам ағзасына спецификалық әсер етеді. Мысалы:
Шаңтозаң –тынысалу жүйесіне, бауырға, қан құрамына зиянды әсер етеді, лейкоцитозға апарады. Аллергиялық ауруларды дамытады.
СО - концентрациясының артуы – нерв жүйесіне күшті әсер етеді, бас ауруларын дамытады, есте сақтаудан айырылады.
NO, NO2-ң артуы – тыныс алу жүйесінің ауруларына апарады. Аллергиялық ауруларды дамытады.
Н2S – тыныс алу ауруларын дамытады, асқорыту жүйесінің, жүрек тамыр жүйесінің бұзылыстарына апарады, көз аурулары пайда болып, ағзаның инфекциялық ауруларға төзімділігі төмендейді.
SO2 – концентрациясының артуы еңбек қабілеттілігін төмендетеді, нерв жүйесі қозғыш болды, бас ауырады, тыныс алу жолдарының аурулары пайда болады.
Қорғасын – балаларда ақыл-ойдың дамуын кешеуілдетеді, ересектерге қан жасаушы мүшелерде асқорыту жүйесінің мүшелеріне, нерв ұлпарына зиянды әсер етеді. Органикалық ластаушылар СОЗ (галогенді көмірсутектер, пестицидтер, формальдегид, асбест) анкологиялық психикалық және гармональды ауруларға апарады, зат алмасу процестерін бұзады, иммунитетті нашарлатады.
Ауаның ластануы атмосфераның ластану индексімен (АЛИ) көрсетеді. Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануымен байланысты аурулардың ішінде тыныс алу жолдарының аурулары бірінші орында. Анкологиялық, жүрек тамыр жүйесінің аурулары, асқорыту, зәр шығару жүйесінің аурулары бірінші бестікте. Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның ластануын қадағалау және зиянды әсерін азайту мақсатында жүйелі түрде іске асыру ұсынылады:
1.2.1. Қара металургия. Өндіріс орындары атмосфералық ауаны белсенді ластаушылардың бірі - қара металлугия атмосфераға темір руданың шаңы SO2, СО, NO2, метал оксидтерін, тағы басқа заттарын шығарады. Мысалы: 1 тонна болат балқыту нәтижесінде атмосфераға 3000-4000м3 газ бөлінеді. Оның ішінде 60кг СО, 3кг SO2 бар.
1.2.2. Түсті металлургия. Оның қалдықтарында мырыш, қорғасын, шаңтозаң, SO2, фтор қосылыстары, ауыр металдардың оксидтері т.б. кездеседі. Таралу аймағы 4-5км. Сондықтан олар қауіпті болып саналады. Электролиз арқылы металдық аллюминий шығарған кезде электролизді ванналардан атмосфералық ауаға газ тәрізді және шаңның түрлі фторлы қосылыстары көп мөлшерде түседі. 1тонна аллюминий алғанда 33/47кг фторға дейін жұмсалады, оның 65%-ы атосфераға түседі.
1.2.3. Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай химиялық өзгерістер. Мұнай өңдеу зауыттары атмосфералық ауаға зиянды заттардың тасталуы қондырғылардың толық емес герметизациясынан болады. Оның ішінде ең қауіптілері ацетилен, хлорлы көмірсутектер, бензопирен, сақиналы көміртек.
Синтетикалық каучук өндіретін зауыттар атмосфераға стирол, дивинил, толуол, ацетон және т.б. зиянды заттар тастайды.
1.2.4. Химиялық өндіріс. Бұларға өнеркәсіп орындарының үлкен топтары жатады. Олардың өндірістік қалдықтарының тасталуының құрамы алуантүрлі химиялық қосылыстардың көбісі адам ағзасы үшін токсикалық болып табылады. Өнеркәсіптің негізгі тастандыларына көміртегі, азот қышқылы, күкірт ангедриді, аммиак, бейорганикалық өндірістің шаңдары, органикалық заттар, күкіртсутегі, хлорлы қосылыстар, фторлы қосылыстар және т.б. жатады.
1.2.5. Автокөліктердің тастандылары. Қазіргі кезде АҚШ, Жапон елдерінің ірі қалаларында атмосфералық ауаның автокөліктер арқылы ластануы 90%-ға жеткен. Автокөліктердің түтіні, адамның тыныс алу деңгейіне де таралады. Қалалық жерде түтіннің ауада сейілуі қиындау. Бір автокөлік жылына 800 кг СО, 220кг СхНу, 40кг NO, NO2 бөлінеді.
1.2.6 Ауыл аймақтарында атмосфераны ластайтын негізгі көздер. Ауыл аймақтарында ауаны ластайтын негізгі көздерге мал, құс фермалары, ет өндіретін өндірістік кешендер, энергетикалық және жылу өндірістері, ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтер жатады. Мал және құс орналасқан аумақта атмосфералық ауаға үлкен қашықтыққа дейін аммиак, күкіртсутегі және тағы басқа иісі бар газдар таралады. Сонымен қатар атмосфералық ауаны негізгі ластайтын алқаптарда қолданылатын пестицидтер мен минералды тыңайтқыштар да зор ықпал етеді. Пестицидтерді атмосфераға олардың ШМК-нан аспаған жағдайда ғана қолдануға болады.
1.3 Ауаны таза сақтаудың ұйымдық шаралары
Ауаны ластаушы заттарды зерттегенде туатын қорытынды – бұл тірі организмдер үшін таза ауаның зор маңызды екендігі. Егер ауаның құрамындағы шаң мен тозаң 0,02 мг/м3-ден артық болмаса, ондай ауа таза болып есептеледі. Көп жылдар бойына жиналған мәліметтерге қарағанда ауылдық жердегі ауада шаң-тозаң 0,05-0,1 мг/м3, ал қалаларда 2,5-3 мг/м3 болады.
Өкінішке орай, кейбір өндіріс орталықтарында бұл көрсеткіш 100 мг/м3-ге дейін жетіп жатады.
Атмосфералық ауаны таза сақтау шараларын жүзеге асырғанда мына жағдайларды ескеру қажет:
Атмосфералық ауа мемлекеттік шекарамен санаспай, ластаушы заттар бір орында тұрмай, үнемі көшіп жүреді. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында ауа көлденең бағытта сағатына 100-150 км. жылдамдықпен, қозғалып алыстағы елдердің үстіне жетіп жатады.
Мысалы: батыс шекара арқылы
Ресей, Украйна, Беларусь
Арал теңізінің кеуіп қалған
түбінен жыл сайын, 140 миллион
тонна шамасында шаң-тозаң, тұз
қышқылдары ауаға көтеріледі.
Олардың мөлшері үлкен,
Екібастұз көмір алқабынан жыл сайын 150 миллион тонна шамасында шаң-тозаң, күл мен күйе ауаға көтеріліп Орта Азия, Сібір, Монголияға жеріне дейін тарайды.
Жер жүзінде осындай ауаны көп ластайтын өндіріс орындары толып жатыр. Сондықтан ауаның тазалығын сақтау жеке елдің ғана емес, дүние жүзіндегі барлық мамлекеттер бұған ат салысуы керек, әрине, бұл мәселені әр мемлекет өз мүмкіншілігіне қарай шешеді. Атмосфералық ауаны таза сақтау үшін мынадай ұйымдық шаралар жүргізіледі.