Жұмыстарды жүргізудің мерзімдері мен ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2015 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Процестің дамуына біршама түрде атсалыса, қоғамның игілігіне қызмет ете отырып, өнеркәсіптің мұнай және газ саласы халық шаруашылығында алдыңғы алғашқы қатарлардан орын алды.
Мұнай және газ өнеркәсібінің жұмышыларының алдында мұнай және газды жоғарғы деңгейде өндіруді қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар тұр, жер қойнауларын толығымен пайдалану, қолайлы біртұтас болуға күш сала отырып, сол күшті ескі мұнай- газ өндіру аудандарындағы жер қойнауларын толық түрде зерттей отырып, перспективасы бар аудандарды меңгеру бағытында қолданбақ.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ..............................................................................
1.1. Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер......................................................
1.2. Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы...................
1.3. Стратиграфия........................................................................................
1.4. Тектоника..............................................................................................
1.5. Мұнайгаздылық.....................................................................................
1.6. Сулылық...............................................................................................
1.6.1. Қабат суларының физика – химиялық қасиеттері......................................
2. ТЕХНИКА – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ...............................................
2.1. Арматура және бақылау – өлшеу аспаптары.................................................
2.1.1.Тұрба тізбектік арматура........................................................................
2.1.2.Терең сораптық скважиналардағы жуатын құрылымның қондырғысының тереңдігін анықтау..........................................................................................
2.2. ГДРП – ны өткізу үшін скважиналарды сайлау..............................................
2.2.1. ГДРП – ның технологиялық барысы......................................................
2.2.2. Скважинадағы дайындық жұмыстары....................................................
2.2.3. Полимерлі су айдау..............................................................................
2.2.4. Полимерлі су айдау кезіндегі игеру көрсеткішінің есебі..........................
2.2.5. Жанар – қышқыл, хлор кальцийын қолдану............................................
2.2.6. Жұмыстарды жүргізудің мерзімдері мен ұйымдастыру...........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

Файлы: 1 файл

Рнм.doc

— 452.50 Кб (Скачать файл)

АтМГИ. Мамандық – 5В070800–МГІ. Топ – РН–12–2 қ/т


Ермекқали Ризабек


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

 

 

 

 

«МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ» КАФЕДРАСЫ

 

КУРСТЫҚ ЖОБА

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: ӨЗЕН КЕН ОРНЫНДА ПОЛИМЕРЛІ СУ АЙДАУ КЕЗІНДЕГІ ИГЕРУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

ТОП: РН–12–2 қ/т


 

 

 

 

 

 

 

ОРЫНДАҒАН: студент Кенжеев М.М.

ТЕКСЕРГЕН:   доцент Абдешова Г.Ғ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АТЫРАУ 2015

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................

4

  1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ..............................................................................

5

    1. Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер......................................................

5

    1. Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы...................

6

    1. Стратиграфия........................................................................................

8

    1. Тектоника..............................................................................................

11

    1. Мұнайгаздылық.....................................................................................

12

    1. Сулылық...............................................................................................

15

      1. Қабат суларының физика – химиялық қасиеттері......................................

16

  1. ТЕХНИКА – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ...............................................

17

2.1.    Арматура және бақылау – өлшеу аспаптары.................................................

22

2.1.1.Тұрба тізбектік арматура........................................................................

22

2.1.2.Терең сораптық скважиналардағы жуатын құрылымның қондырғысының тереңдігін анықтау..........................................................................................

23

2.2.   ГДРП – ны өткізу үшін скважиналарды сайлау..............................................

25

2.2.1. ГДРП – ның технологиялық барысы......................................................

25

2.2.2. Скважинадағы дайындық жұмыстары....................................................

26

2.2.3. Полимерлі су айдау..............................................................................

26

2.2.4. Полимерлі су айдау кезіндегі игеру көрсеткішінің есебі..........................

28

2.2.5. Жанар – қышқыл, хлор кальцийын қолдану............................................

35

2.2.6. Жұмыстарды жүргізудің мерзімдері мен ұйымдастыру...........................

36

ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................

37

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.....................................................................

38


 

АҢДАТПА

 

Бұл курстық жұмыс 2 негізгі бөлімді құрайды.

- геологиялық бөлім;

- технико-технологиялық бөлім;

Геологиялық бөлімде кен орнының жалпы мәліметтері, стратигрофиялық, мұнай-газ және судың физико-химиялық тектоникасы қаралған.

Технико-технологиялық бөлімде ұңғыманың толық қоры, игерудің қабатты сұйықпен жарылуын жобалау жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

АННОТАЦИЯ

 

Данная курсовая работа состоит из 2 основных частей.

- геологическая часть;

- технико-технологическая часть;

В геологической части рассматривается общие сведения о месторождении, стратиграфии, тектонике, физико-химические свойства нефти, газа и воды.

В технико-технологической части подробно описывается фонд скважины, приведен анализ текущего состояние разработки, а также анализ внедрение ГРП.

                   

 

 

КІРІСПЕ

 

Процестің дамуына біршама түрде атсалыса, қоғамның игілігіне қызмет ете отырып, өнеркәсіптің мұнай және газ саласы халық шаруашылығында алдыңғы алғашқы қатарлардан орын алды.

Мұнай және газ өнеркәсібінің жұмышыларының алдында мұнай және газды жоғарғы деңгейде өндіруді қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар тұр, жер қойнауларын толығымен пайдалану, қолайлы  біртұтас болуға күш сала отырып, сол күшті ескі мұнай- газ өндіру аудандарындағы жер қойнауларын толық түрде зерттей отырып, перспективасы бар аудандарды меңгеру бағытында қолданбақ.

Өзне кенорынның құнарлы қабаттарының геологиялық құрылысын тиянақты зерттеу кезінде коллектор (сұйық затты бойына сіңіруші тау жынысы) қабаттарының таралуының сипаттамасын анықтауға, коллектор- жыныстардың үлкен әрі тектілік және үзілмелік тегіне орай, мұнайдың орналасу дербес құрылымының аумағы кең төмен өнімді екенін ашуға жол берілді.

Қазіргі  кезеңде Өзен кенорнын  пайдалану өте күрделі жағдайларда өтуде. Кен орындардың табиғи геологиялық ерекшеліктеріне қазіргі ТМД елдеріндегі меншік формасы мен сол меншіктің иелерінің өзгерулері қосылды. Бұл өзгерулер уақытында төлейтін төлемдерді төлемеу, барлық ТМД елдерінің мұнай индустриясының жаппай бұзылуына әкеліп соқты. Кен орынды пайдалануды жақсарту мақсатында техникалық мәселелерді шешу үшін техникалық ұйымдастыру шаралары жасақталды.

ХІІІ қабат үшін мұнай өндіру мен түпкілікті мұнай бергіштікті ұлғайту мақсатында қолданылатын ұйымдастыру- техникалық шаралар берілді. Қазіргі уақытта кен орнында өндіріліп жатқан бай, өнімділігін қабаттарды арттыратын жаңа технология, қабаттардың аумақтарын ұлғайта отырып өнімді ығыстырып шығару және түпкілікті мұнай бергіштікті жетілдіруге жұмыс- жасап жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ  БӨЛІМ

 

    1. Өзен  кен  орны  жайлы  жалпы  мәліметтер

 

              Өзен  кен  орны  Маңғыстау  түбегінің  геологиялық  әдебиеттерде  Оңтүстік  Маңғыстау  ойысы  деп  аталатын  оңтүстік  шөл  дала  бөлігінде  орналасқан.

              Әкімшілік  жағынан  кен  орны  территориясы  Маңғыстау  облысы  құрамына  кіреді.  Ең  жақын  елді  мекен  Жаңаөзен  қаласы,  ол  кен  орнынан  оңтүстікке  қарай  8 – 15 км – де  орналасқан.  Батысында  80 км – Жетібай  қаласы,  ал  150 км – Ақтау  қаласы.

              Орографиялық  жағынан  Оңтүстік  Маңғыстау  ауданы  теңіз  жаққа,  оңтүстік-батысқа  қарай  сәл  көлбеуленген,  төмпешікті  үстірт  түрінде,  оның  абсолютті  белгілері  солтүстігінде  +260 м  және  оңтүстігінде  +24 м.  Ауданның  орталық  және  оңтүстік  бөлігінде  үлкен  ойпаттар  бар,олардың  ішіндегі  ең  ірісі  минималды  абсолюттік  белгісі – 132м "Қарагие"  ойпаты.

              Аудан  рельефі  өте  күрделі  құрылысымен  сипатталады.  Орталық  бөлігін  Өзен  және  Түнқарақшы  ойпаттарының  ортасында  жатқан  үстірт  алады.  Үстірттің  абсолюттік  белгілері  солтүстігінде  +260 м  және  оңтүстігінде  +200 м.  Батысы  мен  солтүстік-батысында  кен  орнының  аумағы  шегінде  үстірт  Өзен  ойпаты  жағынан  қарай  кемерлер  түрінде  күрт  үзіледі.

              Өзен  ойпаты  500км²  ауданды  алады.  Ойпаттың  түбі  жыралармен  кескіленген.  Минималды  абсолюттік  белгісі  +31 м.

              Қарастырылып  отырған  аудан  топырағы  мен  өсімдіктерінің  сипатына  қарай  шөлді  аймаққа  жатады.  Ауданның  шөл  далалары  негізінен  су  көзі  жетіспеушілігінен  және  өсімдік  жабынының  маусымдылығынан  пайдаланылмайды.   Аудан  климаты  күрт  континенталды,  шөлейтті,  тәуліктік  температураның  күрт  өзгеретіндігімен,  ыстық,  құрғақ  жазымен  және  салыстырмалы  суық  қысымен  сипатталады.  Жазда  максималды  температура +45 ºС,  минималды  температура  қыста  -30 ºС.

              Ауданда  күшті  желдер  соғады.  Қыста  қар  аз.  Атмосфералық  жауын-шашын  сирек  және  негізінен  көктем-күз  мезгіліне  келеді.

              Атмосфералық  жауын- шашынның  орташа  жылдық  мөлшері  100 мм  шамасында,  және  қардан  жаңбыр  көп  жауады.

              Жаңаөзен  қаласына  ауыз  су  Сауысқан-Бостанқұм  массивтеріне  бұрғыланған  геологиялық  скважиналардан   70 км  суөткізгіш  құбырлармен  тасымалданады.  Техникалық  сумен  қамтамасыз  ету  альб-сеноман  горизонттарының  жер   асты  сулары  арқылы   іске  асырылады.

              Ауданның  елді  мекендерін  тас  жол   байланыстырады.  Облыстың  аудан  орталықтарын  байланыстыратын  темір  жол  бар.

              Кен орнында  өндірілген  мұнай  Атырау  қаласына  және  одан  ары  Ресейге  жөнелтіледі. Өндірілген  мұнай  ілеспе газы   және  табиғи   газ  Қазақ  газ  өңдеу  зауытына,  және  сондай-ақ  Ақтау  қаласының  пластмасса   зауытына,  маңғыстау  энерго  комбинатына (МАЭК)  тасымалданады.   

                

1.2 Кен  орнының  геологиялық  зертелуінің  және  игерілуінің

тарихы

 

              Маңғыстауды   зертеу  өткен  ғасырдың  аяғында  басталған.  Маңғыстау  мұнайының  алғашқы  белгілерін  1899-1901 жж.  Таспассорлары  мен  құдықтарының  ауданында  А.А.Насибьянц  тапқан.

              Өзен  көтерілуі  1937-1941  жж.  С.Н.Алексейчик  далалық  геологиялық  зерттеулер  жүргізгенде  анықталған.

              1941-1945  жж.  арасында  Маңғыстауда  геологиялық  зерттеулер  жүргізілген  жоқ.

              1950  ж.  ВНИГРИ  Б.Ф.Дьяков,  Н.Н.Черепанов  және  Н.К.Трифоновтың  жетекшілігімен  Маңғыстауға  ірі   кешенді  геологиялық-геофизикалық  экспедиция  ұйымдастырды.  Бұл  коллектив  ауданды  зерттеуге  үлкен  үлес  қосты.  1951  ж.  "Казнефтеобъединение"   бас  геологы  Н.А.Кадин  Батыс  Қазақстанның  геологиясы  мен  мұнайлылығы  бойынша  кең  мәлімет  берді,  барлық  геологиялық  материал  талданды  және  Маңғыстаудың  мұнайгаздылық  болашағы  ерекше  атап  көрсетілді.

              1951  ж.  Казахстаннефтеразведка  трестінің  геологиялық-іздестіру  басқармасы  (директоры  К.Н.Тулин,  бас  геологы  А.П.Черняева)  Маңғыстау    түбегіне  бұрғышылар  партиясын  бағыттады,  олар  Түбіжік   алаңында  құрылымдық-іздестіру  бұрғылау   жүргізе  бастады.

              1957-1961  жж.  Маңғыстаудың  өндірістік   мұнайгаздылығы  жөніндегі  мәселелер  шешілді.  Бүл  мақсатта  ВНИГРИ  мұнайды  іздеу   және  барлауға  үш  аудан  ұсынды.  Қазан  құрылымын  бұрғылаудың  нәтижесі  болмады,  Түбіжік  алаңында  мұнай  кен  орны  анықталды,  бірақ  ондағы  мұнай  ауыр,  шайырлы  және  барлауға  тиімсіз  болып  шықты,  ал  Жетібай  және  Өзен  құрылымдары  аумағында  мұнайгаз  кен  орындары  анықталды.  1961  ж.   желтоқсанның   басында  1248-1261 м  аралығындағы  1 скважинаны  сынағанда  10 мм  штуцерден  тәуліктік  шығымы  80 м³  фонтан  алынды.  Горизонттың  өндірістік  бағалануы   1962  ж.  сәуірде  3  режимде  сынаумен  берілді.  1963  ж. наурыздың  басында  осы  горизонттағы   2  және   22   скважиналардан   мұнай   фонтандары   атқылады.

              Өзен  кен  орны  өнеркәсіптік  меңгеруді  жеделдету  мақсатында  КСРО  үкіметінің  1963  ж.  7  қыркүйектегі  қауылысымен  Шевченко  (қазіргі  Ақтау)  қаласында  "Мангышлакнефть"  бірлестігі  құрылды  да,  Өзен  экспедициясы  соның  құрамына  енді.

              1965  ж.  ВНИИ  Өзен  кен  орнын  игерудің  Бас  схемасын  жасады  және  ол  Миннефтепром  комиссиясымен  бекітілді.  Онда  мынадай  жағдайлар  қарастырылды:

• кен  орнын  игерудің  басынан  бастап  қабат  қысымы  мен                  

  температурасын  көтеріп  ұстау;

• 4  пайдалану  обьектілерін  бөліп  алу:  І  обьект – XIII+XIV  гори-

  зонттар; II  обьект – XV+XVI горизонттар;  III  обьект – XVII  гори-

  зонт;  4 обьект – XVIII  горизонт;

• негізгі  пайдалану  обьектілері  (І-ІІ)  бойынша  кен  орнын  айдау скважиналарымен  4 км  блоктарға  бөлу;

• барлық  обьектілерді   біруақытта  жеке  блоктармен  игеруге қосу;

• ІІІ  обьектіні  нұсқа  сыртынан  су  айдау  жүйесімен  игеру;

• IV  обьектіні  қабат  қысымын  көтерусіз,  аралас  режимде игеру.

 

              Бірақ  кен  орнының  су  айдауға  дайын  еместігіне   байланысты  XIII-XVIII  горизонттар  2.5  жыл  бойы  ешбір  әсер  етусіз,  табиғи  серпінді  су  арынды   режимде  игерілді.

              Өзен  кен  орнының  барлық  өнімді  горизонттары  бойынша  әсер  етудің  қолданылудағы  жүйесінің  тиімсіздігінен   скважиналар  шығымы  төмендей   берді.  1971  ж.  дейін  су  айдау  көлемінің  өсуіне  қарамастан  жылдық  өндіру   өсіміне  тек  өндіру  скважиналары   қорының  артуы  арқылы  ғана  қол  жеткізілді.

              Негізгі   алаңдар  мен  горизонттар  бұрғыланып  біткенен  соң  мұнай  өндіру  төмендеді  және  скважиналар  өнімінің  сулануы  қарқындады.  Мұнай  өндірудің   құлау  коэффициенті  1976  ж.-5,  1977-1979  жж.  15.6...10%.

              1974  ж.  жасалған  игеру  жобасында  келесі  жағдайлар  қарастырылды:

•әрбір  горизонт  жеке  игеру  обьектісі  болып  табылады;

•өнімді  горизонттар  ені  2км  блоктарға  айдау  скважиналары қатарларымен бөлінеді;

•жаңа  скважиналар  әрбір  горизонтқа  жеке  бұрғыланады;

•ыстық  су  айдаудың  жобалық  көлемі  ұлғайтылды   және  кен орнын  1979 ж.  қарай  толығымен  ыстық  суға   көшіру  ұйға –

 рылды.   

              Соңғы  шарттың  орындалуы  қосымша  49.3 млн.т. мұнай  алуға   мүмкіндік  берер  еді.  Бірақ  жоба  орындалмады  да,  ыстық  суға  көшу  толығымен  1983 ж.  ғана  аяқталды.

             Өнімді  горизонттардан  мұнайды  алу  ерекшеліктері  мұнайдың  қорын  игеру  сипатының  күрделі   екенін  көрсетті.  Күрделі  жағдайларда  тек  блоктық  су  айдау, жеткіліксіз  болғандықтан  кейін  сатылық  термалдық  су  айдау  фигуралық  су  айдау  сияқты  технологиялар  қолданылды.  Бұл  технологиялар  кен орнын  игерудің  тиімділігін  арттыруға  жәрдемдесті.

Информация о работе Жұмыстарды жүргізудің мерзімдері мен ұйымдастыру