Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2015 в 18:38, курсовая работа
Процестің дамуына біршама түрде атсалыса, қоғамның игілігіне қызмет ете отырып, өнеркәсіптің мұнай және газ саласы халық шаруашылығында алдыңғы алғашқы қатарлардан орын алды.
Мұнай және газ өнеркәсібінің жұмышыларының алдында мұнай және газды жоғарғы деңгейде өндіруді қамтамасыз етуде үлкен жұмыстар тұр, жер қойнауларын толығымен пайдалану, қолайлы біртұтас болуға күш сала отырып, сол күшті ескі мұнай- газ өндіру аудандарындағы жер қойнауларын толық түрде зерттей отырып, перспективасы бар аудандарды меңгеру бағытында қолданбақ.
КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ..............................................................................
1.1. Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер......................................................
1.2. Кен орнының геологиялық зерттелуінің және игерілуінің тарихы...................
1.3. Стратиграфия........................................................................................
1.4. Тектоника..............................................................................................
1.5. Мұнайгаздылық.....................................................................................
1.6. Сулылық...............................................................................................
1.6.1. Қабат суларының физика – химиялық қасиеттері......................................
2. ТЕХНИКА – ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ...............................................
2.1. Арматура және бақылау – өлшеу аспаптары.................................................
2.1.1.Тұрба тізбектік арматура........................................................................
2.1.2.Терең сораптық скважиналардағы жуатын құрылымның қондырғысының тереңдігін анықтау..........................................................................................
2.2. ГДРП – ны өткізу үшін скважиналарды сайлау..............................................
2.2.1. ГДРП – ның технологиялық барысы......................................................
2.2.2. Скважинадағы дайындық жұмыстары....................................................
2.2.3. Полимерлі су айдау..............................................................................
2.2.4. Полимерлі су айдау кезіндегі игеру көрсеткішінің есебі..........................
2.2.5. Жанар – қышқыл, хлор кальцийын қолдану............................................
2.2.6. Жұмыстарды жүргізудің мерзімдері мен ұйымдастыру...........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................
Қазіргі кезде ыстық су айдау қондырғыларда дайындалады. Ыстық суды дайындауға көп шығын шығатын болғандықтан ыстық су айдаудың циклдік әдісі игерілген. Оның мағынасы өнімді қабатқа берілген көлемде бірде ыстық, бірде салқын су айдалады. Ыстық су айдау процесінде қабаттың жабыны мен табаны қыздырылады. Бұл жағдайда салқын су қабаттың қызған жабыны мен табанынан келетін жылу арқылы жылиды, ал артынан салқын су айдағанда ыстық су қабатқа қарай ысырылады.
Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрлымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Өзен кен орнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор шөгінділері
байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. I-XII горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-газды, XIII-XVIII горизонтар – жоғарғы және орта юра – кен орнының негізгі мұнай – газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX – XXIV горизонттары мұнайгазды.
Пермь – триас (РТ) шөгінділері Өзен кен орнының ең көне жыныстары болып табылады.
Пермь – триас жүйесі (РТ)
Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.
Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды туфтар қабатшалары бар қара және қарасұр аргиллиттер, әктастар, алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл шөгінділері жалпы қалыңдығы1500 – 1600м болатын біртұтас оңтүстік Маңғыстау тобына бөлінген.
Юра жүйесі (J)
Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі: төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300м.
Төменгі бөлім (J1)
Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмтастарға ауысады.
Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды немесе сазды – кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар әдетте аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған. Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы негізінен қиғаш қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрлымы дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге ұшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120 – 130 м. Төменгі юра қимасында XXIV – XXV екі өнімді горизонт айқындалған.
Ортаңғы бөлім (J2)
Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шөгінділері мұнайгаздылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың корреляциясын айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдылығы 700 м аален,байос және бат ярустары айқындалады.
Аален ярусы (J2 а)
Аален ярусы негізінен мортсынғыш, құмды – галькалы жыныстардан құралған және орта юра қимасының базальді қабаты ретінде қарастырылуы мүмкін. Ярустың қимасында сұр және қоңыр әртүрлі түйіршікті құмтастар басым, олардың арасында орта және ірі түйіршіктілері кең жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады. Аален құмтастары мен гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама көп жұқа қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте , сұр, қарасұр, кейде қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас.
Ярустың жалпы қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары арасындағы шекара XXII горизонттың табанымен өтеді.
Байос ярусы (J2 b)
Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде тараған. Байос ярусының шөгінділері негізінен арасында көмір қабатшалары бар алевролиттер мен саздардан құралған континентальды фациялармен белгіленді. Байос ярусы қимасының төменгі бөлігінде сазды және алевролитті жыныстар жоғарғы бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың қалыңдығы 500 – ден 520 м-ге дейін өзгереді. Зерттеулер кешені бойынша байос ярусының шөгінділері екі подярусқа бөлінеді.
Төменгі байос (J2 b1)
Бұл подярустың шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 470м, және саздар, құмтастар мен алевролиттердің, көмір тектес заттың қабатшалары алмасуымен көрінеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен қатталады. Құмтастар мен алевролиттердің түсі негізінен сұр және ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да болады. Сирек қарасұр түсті құмтас-алевролит жыныстар да кездеседі. Саздар көбіне қарасұр, тіпті қара, кейде қоңыр түсті.
Өзен кен орнының төменгі байос шөгінділерінде XXII, XXI, XX, XIX, XVIII және XVII горизонттар орналасқан.
Жоғарғы байос және бат ярустары (J2 b2+bt)
Олардың шөгінділері арасында саз қабатшалары бар біршама қалың құмтастар мен алевролиттер қабаттарынан тұрады. Құмтастар сұр, қоңыр-сұр, нашар және орташа цементтелген.
Алевролиттер сазды, құмтасты, ірі түиіршікті және құрамы айқын емес. Саздар қара қоңыр-сұр. Байос және бат шөгінділерінің арасындағы шекара шартты түрде XV горизонттың табанымен өтеді. Жоғарғы байос-бат шөгінділерінің қалыңдығы 100-150 м.
Жоғарғы бөлім (J3)
Жоғарғы юра бөлімінде негізінен теңіз шөгінділері мен
жануарлар қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфод және
кембридж ярустары ерекшеленеді.
Келловей ярусы (J3 k)
Құмтастар, алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары араласқан сазды қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының саздары сұр, қарасұр, күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті. Құмтастар мен алевролиттердің түсі сұр, жасыл-сұр, кейде қарсұр және қоңыр. Құмтастар арасында ұсақ түйіршіктілері көп. Келловей ярусында XIV горизонттың жоғарғы бөлігі мен XIII горизонт орналасқан. Оның қалыңдығы 50-135 м.
Оксфорд-кембридж шөгінділері (J3O-km)
Юра шөгінділерінің мұнайгаздылығын бағалағанда оксфорд-кембридж шөгінділері аален-келловей кешені мұнайлы қабатының үстін жапқан сазды-карбонатты жабын ретінде. Ол саз-мергель жыныстарының біршама қалың қабатынан құралған, ара-арасында құмтастар, алевролиттер мен әктастар жұқа қабатшалар түрінде кездеседі. Оксфорд-кембридж шөгінділерінің қалыңдығы төменгі будақ үшін 50-55 м, жоғарғысы үшін 30-97 м.
Бор жүйесі (K)
Бор жүйесінің шөгінділері жоғарғы юра шөгінділерінің шайылған бетінде орналасады және төменгі, жоғарғы бөлімдері мен барлық ярустарымен орын алған. Литологиялық және генетикалық белгілері бойынша бор шөгінділері үш бөлікке бөлінеді: төменгі терриген-карбонаттық, ортаңғы терриген (альб, сеноман) және жоғарғы карбонат (турондат) ярусттары. Төменгі бөлікке XII горизонт, ал ортаңғы және жоғарғы бөліктерге І, ІІ, ІІІ,IV, V, VI, VII, VIII, IX, X және XI газды горизонттар жатады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы 1100 м шамасында. Бор шөгінділерінің өнімді қалыңдығы алевролит және саз қабаттары мен будақтарының біртекті астарласуы ретінде көрінеді.
Кайнозой тобы (KZ)
Кайназой тобында палеоген және неоген жыныстары орын алған. Палеоген шөгінділеріне мергель-әктас жыныстары мен саздардың бірқалыпты қабаты жатады. Палеоген шөгінділерінің қалыңдығы 150-170 м. Неоген жүйесі тортон және сармат ярустарымен көрінеді. Тортон ярусының қалыңдығы 19-25 м, сармат ярусы – 80 –90 м.
Палеоген жүйесі (P)
Палеоген шөгінділеріне эоцен және олигоцен бөлімдері жатады. Эоцен бөлімі саз қабатшалары араласқан мергель және әктастар түрінде. Олигоцен бөлімі сұр және ақшыл сұр түстес саздардың бірқалыпты қабаты түрінде. Палеогеннің қалыңдығы 150-170 м.
Неоген жүйесі (N)
Неоген шөгінділері тортон және сармат ярустарының шөгінділері түрінде кездеседі. Тортон ярусына саздар, мергелдер, құмтастар мен әктастар қабатшалары кіреді. Сармат ярусы әктастар, мергелдер мен саздардың астарласуынан тұрады. Неоген жүйесінің жалпы қалыңдығы 115 м-ге жетеді.
Төрттік жүйесі (Q)
Төрттік жүйе эмовиаль-демовиаль текті құмдар, саздар, суглиноктармен көрінеді. Шөгінділер қалыңдығы 5-7 м.
Оңтүстік Маңғыстау ойыстары жүйесінің солтүстік қанатына жататын Жетібай-Өзен тектоникалық баспалдағының шектерінде қазіргі уақытта біршама құрылымдар шоғырлары айқындалған, олармен мұнай және газ кен орындары байланысты. Олардың қатарына Өзен, Жетібай, Қарамандыбас, Теңге, Тасболат, Асар, Оңтүстік Жетібай, Ақтас, Шығыс Жетібай кіреді.
Солтүстігінде Өзен құрлымы
оңтүстік – шығыс антиклиналь аймағымен
шектеседі, олардың арасында
жіңішке Қызылсай ойысы жатыр,
солтүстік қанатта жыныстардың
құлау бұрышы 3º. Жыныстардың
құлау бұрышы 5-6º болатын
оңтүстік бөліктің қатпары да
осындай жіңішке ойыспен Теңге
көтерілуінен бөлінеді. Ауданның
батыс бөлігінде Өзен қатпарының
периклиналі үлкен емес белес
арқылы Қарамандыбас құрылымымен
жалғасады. Ауданның шығыс бөлігінде,
Түнқарақшы ойпатының шығыс
шегінде Өзен көтерілуі күрт
төмендейді.
Өзен кен орны ірі брахиантиклиналь қатпарына жатады, оның өлшемдері 9х39 км. Қатпар пішіні симметриялы емес. Оның күмбезі шығысқа ығысқан, соның нәтижесінде шығыс периклиналь қатты созылған солтүстік-батыс периклиналге қарағанда қысқа. Оңтүстік қанат шамалы тіктеу. Мұнда XIV горизонттың жабыны бойынша құлау бұрышы 6–8º. Қатпардың солтүстік бөлігі біршама жайпақтау. Солтүстік қанаттың батыс жартысында XII горизонтың жабыны бойынша құлау бұрышы 1- 3º. Құрылымының батыс бөлігінде мұнай кеніштері бар күмбездер ерекшеленеді: Солтүстік – батыс және Парсымұрын.
Өлшемдері үлкен емес Парсымұрын күмбезі Өзен құрылымының оңтүстік қанатын күрделіндіреді. XVIII горизонттың жабыны бойынша көтерілу амплитудасы 30 метрге жетеді, және соңғы 1300 м тұйық изогипс бойынша құрылым өлшемдері 2.9-0.9 км. Солтүстік-батыс күмбез
Өзен құрылымының солтүстік қанатын күрделілендіреді. 1300 м изогипс
бойынша көтерілу өлшемдері 3.5-2 км, амплитудасы 32 м.
Қатпар периклиналы де симетриялы емес. Солтүстік-батыс периклиналдің оңтүстік бөлігінен басқа жағы төмендеген, өте жайпақ, қатты созылған. Өзен қатпарының периклиналдық аяқталуы мұнда XIII горизонт жабынында 1700 м изогипспен ерелекшеленеді. Келесі изогипстер Өзен және Қарамандыбас қатпарларын 58 скважина ауданында кішкене ойпат арқылы тұтас көтерілімге біріктіріледі. Шығыс периклиналь ендік бағытта созылған. Мұнда XIII горизонттың жабыны бойынша құлау бұрышы 3-4º.
Құрылым өсінің ундуляциясы назар аударады, оның нәтижесінде негізінен құрылымның ұзын өсіне тураланған күмбез тәріздес көтерілулер қатары белгіленеді. Өзен көтерілуінің орталық бөлігіне Құмұрын күмбезі кірігеді, онда да мұнай кеніштері бар. XIV горизонт жабыны бойынша күмбез өлшемдері 10.8-4.5 км, амплитудасы 105 м.
2002 ж. Өзен кенорнынан 4883000 т мұнай өндірілді. Мұнай өнімінің горизонттар бойынша бөлінуі төмендегідей (%): XIII горизонт – 27,5; XIV горизонт – 39,9; XV горизонт – 12; XVI горизонт – 10,9; XVII горизонт – 5,7; XVIII горизонт – 1,7; Құмұрын күмбезі – 1,2; Парсымұрын күмбезі 1,2. 1980 жылдарда Құмұрын, Солтүстік-батыс және Парсымұрын күмбездерінің өнімді горизонттары қарқындата бұрғыланды. Бұл олардан мұнай өндірудің сәйкес 4, 66 және 58%-ке өсуіне әсер етті. XIII-XIV горизонттардан мұнай мен сұйықтықтың басым бөлігі өндіріледі. Олардан өндірілген мұнай барлық кен орны өнімінің 64 %-ін құрайды. Кен орнында горизонттар бойынша бір өндіру скважинасының орташа тәуліктік шығымы мұнай бойынша 3,1-5,4 т/тәулік, сұйықтық бойынша 6,7-15,8 т/тәулік. XIII-XIV горизонттар айдау скважиналары қатарларымен 64 жеке игеру бөліктеріне бөлінген. Тіпті бір горизонттың бөліктері бір-бірінен бастапқы баланстық, игерілген қорларымен және өнімді қабаттарының қасиеттерімен, бұрғылану дәрежесімен ерекшеленеді және сондықтан мұнай мен сұйық өндіру кең аралықта өзгереді. 1.01.97 ж. мұнай мен газ өнімінің өндіру сипаттамасына қарасақ, кен орнынан мұнай негізінен механикалық тәсілмен (97%) өндіріледі: терең сорапты (ШТС) және газлифт. Газлифт скважиналарының қоры барлық өндіру қорының 9,2% - ін құрайтынына қарамастан, газлифт тәсілімен мұнай өндіру 16,6 %, ал сұйықтық өндіру 24 %. Бұл газлифт скважиналарындағы мұнай мен сұйықтық шығымының мөлшері өндіру қорының 90 %-ін құрайтын терең сорапты скважиналар шығымынан 3-3,5 есе көптігімен түсіндіріледі.
Информация о работе Жұмыстарды жүргізудің мерзімдері мен ұйымдастыру