Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау, қолдану әдістерін зерттейтін ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты адамның практикалық іс-әрекетінің дамып және кеңейіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.
Информатиканы оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері жайлы мағлұматты жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде әлемдік бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үрдістердің мәнін ашу, АКТ-ның қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы рөлін көрсету, АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
Теориялық бөлім
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Қайталау сабағы
Тәжірибелік бөлім
Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы
Қайталау сабақтарының жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Информатика курсы бойынша қайталау сабағы.doc

— 2.09 Мб (Скачать файл)

                                             Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Теориялық бөлім
    1. Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
    2. Сабақ түрлері және оның құрылымы
    3. Қайталау сабағы
  3. Тәжірибелік бөлім
    1. Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы
    2. Қайталау сабақтарының жоспары
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

                                 Кіріспе

                  

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау, қолдану әдістерін зерттейтін ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты адамның практикалық іс-әрекетінің дамып және кеңейіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.

Информатиканы оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері жайлы мағлұматты жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде әлемдік бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үрдістердің мәнін ашу, АКТ-ның қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы рөлін көрсету, АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар: білім беру, дамытушылық, тәрбиелік, практикалық.

Мектепте Информатиканы оқытудың білім беру мақсаты: әрбір оқушыға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы білім беру, сонымен бірге түрлендіру процестері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау мен пайдалану негізінде - оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін құрастырудағы ақпараттық процестердің  мәнін, сонымен қатар ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы ролін ашу.

Мектепте информатиканы оқытудың дамытушылық мақсаты: оқушыларға білім бере отырып жеке тұлғалық қабілеттіліктерін ескеріп дамыту қажет. Бұл қабілеттіліктер психолгия саласымен байланысты болады.  Мектептегі Информатиканы оқытудың практикалық мақсаты: оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейін еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылармен қаруландыру.

Информатиканы  оқытудың практикалық  мақсаты сонымен  қатар оқушыларды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға және басқа да ақпараттық, коммуникациялық технологияларды тұрмыста, күнделікті өмірде пайдалануға дайындауды да қарастырады.

Мектептегі  Информатиканы оқытудың тәрбиелік  мақсаты: информатиканы жаңа сапалы деңгейде оқып-үйренуде ой еңбегінің мәдениеті және өзінің жұмысын жоспарлай алу, оны ұтымды орындау,  іс-әрекетінің алғашқы жоспарын оның орындалуымен салыстыра білу сияқты жалпы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға негізделген.

«Информатика» оқу пәнінің міндеттері:

  • әлемдік бейнені қалыптастыруда, қоғамдағы ақпарат пен ақпараттық процестердің мәнін айқындайтын информатиканың  білімдерін меңгерту;
  • мектеп пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдана отырып, ақпараттық модельдерді нақтылы обьектілермен процестерді түрлендіру, талдау және оны қолдана білу дағдыларын игерту;
  • түрлі мектеп пәндерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары мен информатиканы оқыту әдістерін оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін және шығармашылық қабілетін дамыту.

«Информатиканы» оқыту мазмұны оқушылардың информатика бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне және кәсіптік оқытуды жалғастыруға бағытталуы. Курстың негізін құрайтын ұғымдар «ақпараттық процесс» болса, ал оның іргелі ұғымы – «ақпарат» болып табылады. Құрылымға бірыңғай бапты қолдану курстың мазмұнын нормативті құжаттарда көрініс тапқаны үшін ғана оқытылатын жеке-жеке дидактикалық бірліктер ретінде емес, жалпы мәдени сипаттағы дамушы, іргелі біртұтас пән ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Курс мазмұнына адамның жалпы мәдениетіне, сонымен қатар білімді жалғастыруына анағұрлым іргелі, әрі маңызды болып табылатын қоршаған шынайы өмірге деген қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге сәйкес келетін фактілер, теориялар, қағидалар және тәсілдер енуі керек. Сонымен қатар бағдарламада ғаламдық ақпараттық қоғам жағдайында өмір сүретін кез келген адам сауатты болуы тиіс және пәнді оқытудың инвариантты бөлігін құрайтын ұғымдар мен дидактикалық бірліктер сипатталуы керек.

Информатика курсының ұғымдарын іріктеу негізіне келесі талаптар қойылған: жүйелілік, тұтастық, пәндік саланың толықтығы, логикалық түрде жүйеленуі, минималды жеткіліктілігі, сабақтастығы, әдістемелік сәйкестілігі, иерархиялығы, аксиоматикалығы, көз жетерлігі, айқындығы.

Информатика курсы  ұғымдарының қалыптасуының бірізділігін оқу материалының тұтас ұғымдық құрылымын теориялық жағынан байытып, реттей отырып, ұғымдарды біртіндеп дамытуы, курстың себеп-салдар байланысын ескеріп, түрлі табиғат жүйелеріндегі ақпараттық процестердің тұтастығына ерекше көңіл аударуы және оқу материалын теориялық жағынан дамытуды  негіздеуден бастауға мүмкіндік беруі керек.

Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. «Информатика» термині 60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде «Информация» және «Автоматика» сөздерінен пайда болған. Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің көмегімен қол жету үшін қолданылады.

Кез келген пән  сияқты информатика да ақпараттарды оқып білудің жалпы пәні ретінде  біріктірілетін әртүрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған жататындар:

  • ақпараттар технологиясы;
  • кибернетика;
  • жасанды интеллект;
  • программалау;
  • ақпараттарды қолдау және т.б.

адамдар әрқашан  өз еңбектерін жетілдіруге тырысты. Ол үшін олар әртүрлі механизмдер  мен машиналар ойлап тапты. Бұл құраладар ой еңбегін емес дене еңбегін жеңілдетті. Қазіргі уақытта дене еңбегімен қатар ой еңбегімен айналасытындардың саны күрт артуда. Адам өзіне көмекші құрал ретінде ақпараттармен жұмыс істей алатын сақтау, өңдеу, жылдам іздеу жіне алмастыру жүргізілетін компьютерлерді ойлап тапты.

«Компьютер  – ақпаратты өңдеу құралы»  тақырыбының мазмұнын ашуда оқушылар информатиканың іргелі ұғымдары аумағы бойынша өз білімдерін тереңдетеді  және жүйелейді. Оқыту АКТ-мен толық  жабдықталған жағдайда, яғни компьютерлерден өзге әр түрлі перифериялық құрылғылары бар, соның ішінде процестерді визуализациялау, компьютерді басқаратын әр түрлі құрылғылары оқыту бар ортада жүзеге асатын болса, онда оқытудың тиімділігі артады. Бұл бөлімнің мазмұны инварианттықтың жоғары дәрежесіне ие. Есепті шығару негізінде, соның ішінде алгоритмдік тілдерді қолдану арқылы жүйелік және алгоритмдік ойлаудың дамуы жалғасады. Бұл іс-әрекеттің тікелей жалғасы практикалық жұмыс болып табылады.

Информатиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар және сандық білім беру ресурстары білім беру, дидактика және танымдық сипаттағы құралдар ретінде пайдаланылады. Оқу бағдарламасында оқушыларды ақпараттық орта құру бойынша ақпараттық саясатты жүргізу қажеттілігіне, сонымен қатар адамзаттың орнықты дамуын және «өмір бойы білім алу» мәселелерін шешу қажеттіліктеріне сендіретін оқытудың іс-әрекеттік және құзырлылық көзқарастары ерекше орын алады.

Аталған пәнді  оқып үйрену келесі біліктіліктердің одан әрі дамуына көмектеседі:

  • ақпаратты жүйелі түрде талдау,
  • әр түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу,
  • өз ойлары мен көзқарастарын жеткізе білу,
  • модельдеу,
  • болжау,
  • өзіндік және ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.

Қазақстанның  ақпараттық қоғамының дамуымен мектеп информатикасы пәнінің мазмұнына  келесі ұғымдар мен терминдер енгізілді: ақпарат, ақпараттық процесстер, ақпараттық модельдеу, ақпараттық мәдениет, ақпараттық ресурстар, алгоритм, орындаушы, программа, операциялық жүйе, программалық жабдық, аппараттық жабдық, ақпараттық-коммуникациялық технология және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     

 

 

        

 

 

 

             Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік         

 Информатиканы оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО барлық типтегі орта мектептеріне 1985 жылдың 1 – қыркүйегінен бастап енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және есептеуіш техника негіздері» деп аталады. Жалпы білім беру мектебінде бұл пән екі жоғарғы сыныпта (ол уақытта IX және X сыныптар) оқытылады. Информатика саласынан жалпы білім беру мектептерінің оқу жоспарына біртіндеп енуі бұрынырақ басталып, бұл үрдіс оқушыларды бағдарламалау және кибернетика элементтеріне оқыту тәжірибелерінен бастама алған еді.

ЭЕМ және бағдарламалауды  орта мектепке енгізудің негізгі  кезеңдері:

-      XX ғасырдың 50 – жж. басындағы алғашқы ЭЕМ пайда болуы;

-      математиканы тереңдетіп оқитын мектептерді бағдарламалау бойынша мамандандыру;

-      оқушыларды кибернетика элементтеріне оқыту;

-      арнаулы факультативті курыстар енгізу;

-      оқу - өндірістік комбинаттар (ОӨК) базасында мамандандыру;

-      жалпы білім беру тұрғысын дамыту;

-      көпшіліктің қолданылуына арналған ЭЕМ пайда болуы.

Алғашқы электронды есептеуші машиналары (ЭЕМ) біздің елде XX ғасырдың 50 – жж. басында пайда  болды. Олармен қатар адам қызметінің жаңа саласы – ЭЕМ үшін бағдарламалау қарқынды дами бастады. Осылайша, алғашқы ЭЕМ ғылыми – зерттеу мекемелері мен ірі жоо – дың орталықтарында пайда болғаннан кейін, аса қызығушылық танытқан мамандар мен оқушылар ЭЕМ арналған бағдарламалаудың бастамаларын оқуға ниеттенген шәкірттер тобын құрды. Мысалы, алғашқы мектептік информатиканы енгізуді ұйымдастырушы, КСРО Ғылым Академиясының академигі А.П. Ершов (1931–1988) Академқалашыққа тиісті есептеуіш техникасының базасында Новосибирскінің бір қатар мектептерінде осындай топтарға жетекшілік етті.

Орта мектеп оқушыларға бағытталған бағдарламалау  курсы бойынша алғашқы ресми  оқу бағдарламаларын жасауға 1960 – жж. басындағы орта білім беру базасындағы есептеуіш – бағдарламалаушылардың  кәсіптік даярлығын қарастыратын математикалық мамандандырылған мектептердің ашылуы себепші болды. Мысалы: Мәскеудегі Первомай ауданының №425 мектебінің есептеуіш – бағдарламалаушы сыныптары, мұнда Кешендік автоматизациялаудың ғылыми – зерттеу орталық институты бірлесіп шеф – кәсіпорын ролін атқарады. Мамандандырылған мектеп желілердің дамуы бағдарламалау саласына игі әсерін тигізді – оқушыларға бағдарламалауды оқыту мәселелеріне арналған мақалалар мен әдістемелік әзірлемелері жарияланды. Бұл жылдары А.Л. Брудно, С.И. Шварцбурдтің математикалық мамандандырлған мектептерге арналған арнаулы оқулықтар, материалдар жоғарғы әдістемелік деңгейде жазылып, кеңінен таратылды.

Мектептік информатиканың негіздерінің келешегі зор мазмұнды - әдістемелік саласы оқушыларды кибернетика  элементтеріне оқыту бойынша  тәжірбиелер жүргізуге байланысты 1960 – жж. басынан бастап дамыды. Бұл зерттеу бағытын 1961 жылы В.С. Леднев көтерді. Кейін кибернетика негіздерін орта мектеп курсына енгізу бойынша жаңа ғылыми - әдістемелік зерттеулер бағытына В.С. Леднев шәкірті А.А. Кузнецов та белсенді араласып, орта білім берудегі кибернетика негіздерінің политехникалық маңызы туралы жүйелі аргументтер келтірілді.

1966 жылдан бастап  оқушылардың жан–жақты қызығушылықтары  мен қабілеттерін дамыту және  білімдерін тереңдету мақсатында  оқу жұмысының жаңа формасы ретінде «Бағдарламалау», «Есептеуіштік математика» және «Векторлық кеңістіктер және сызықты бағдарламалау» факультативтік курстары бір қатар орта білім беру мектептеріне енгізілді. Мұндай арнаулы факультативтік курстар аясында ЭЕМ және кибернетика үшін бағдарламалау элементтерін оқытудың мазмұны мен әдістерін әзірлеумен байланысты негізгі әдістемелік мәселелер И.Н. Антипов, В.М. Моназов, В.С. Леднев, А.А. Кузнецов, В.Н. Касаткимн және М.П. Лапчиктің еңбектерінен өз шешімін тапты.

1970 – жж. басында мектеп және оқу - өндірістік комбинат аралық жүйелерінің дамуы аясында мектептің жоғарғы сынып оқушыларын есептеуіштік техниканы қолдану саласындағы кәсіптік даярлық курстарында оқыту қолға алынып, аз уақыт ішінде бүкіл елде қалалық, аудандық мектеп және оқу - өндірістік комбинат аралық жүйелердегі есептеуіштік техниканы қолдану саласындағы кәсіптік даярлық курстары ашыла бастады.        

1960 – 1970жж. микропроцессорларды  өндіру игерілгенен кейін ЭЕМ  парк құрлымын түпкілікті өзгерісіне  әкелді. Отандық есептеуіш техника дамуының жаңа кезеңі мектепке ЭЕМ және бағдарламалау негіздерін енгізу мәселесі бойынша көптеген зерттеулердің жүргізілуіне себепкер болды.

Әдіс (гректің metodos - қандай да бір нәрсеге жол сөзінен шыққан) мақсатқа жету тәсілі дегенді білдіреді.

         Оқу пәнінің әдістемесі - белгілі бір оқу пәні бойынша оқыту теориясы болып табылады.

1985 жылы орта  мектепке жалпы бiлiм беретiн «Информатика және есептеуіш техника негіздерін» жеке пән ретiнде енгізілуіне байланысты -   информатиканы оқыту  әдістемесі деп аталатын педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды. ИОӘ орта мектеп  (лицей, гимназия) оқушыларына информатиканы оқыту мазмұны, әдістері, құралдары және оқыту түрлері мәселелерімен айналысады.  ИОӘ - информатиканы оқыту процесiнiң заңдылықтарын қарастыратын педагогиканың бөлiмi. Әдістеме жалпы және жекеше болып бөлінеді. «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқытудың мақсаты:

Информация о работе Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы