Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 08:51, курсовая работа
«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау, қолдану әдістерін зерттейтін ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты адамның практикалық іс-әрекетінің дамып және кеңейіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.
Информатиканы оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері жайлы мағлұматты жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде әлемдік бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үрдістердің мәнін ашу, АКТ-ның қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы рөлін көрсету, АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Кіріспе
Теориялық бөлім
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Қайталау сабағы
Тәжірибелік бөлім
Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы
Қайталау сабақтарының жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Информатиканы оқыту үрдісінде әдістерді қолдану сабақтың типологиясына байланысты болады.
Оқыту әдістері - мұғалімнің оқушыға жаңа білім, білік пен дағдыларды меңгертуге, сонымен қатар олардың дүниетанымын қалыптастыруға және танымдық күштерін дамытуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстың әдіс-тәсілі.
Оқыту әдістері әр алуан және
жыл сайын кемелденіп жетіліп
тұрады, себебі оқыту процесі
ұдайы дамып,оқытудың жаңа
Әдістерді сараптау
Практикалық мақсаттарға сарапт
танымдық қасиеттерінің сипатын толық қамти алмайды. Оқушылардың танымдық қызметтерінің дербестік дәрежесіне қарай, оқыту әдістерін сараптай отырып, М.Н. Скаткин мен И.Я. Лернер оларды: 1) түсіндірме-иллюстрациялық немесе информациялық-нұсқау; 2) қайта жаңғырту; 3) проблемалап баяндау; 4) эвристикалық немесе ішінара іздену; 5) зерттеу әдістерін айырып көрсетеді.
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқыту
Мектеп информатикасының бастауыш курсы ақпараттың алғашқы ұғымынан адамның табиғатпен өзара қатысы туралы білімдерін біріктіретін оқытушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыратын курсқа айналады.
«Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін
2015 жылға дейін дамыту»
Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. Сондықтан, заман талабына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы уақытта информатика пәнін қай сыныптан оқыту дұрыс – деген сұрақтарға пікірталас да аз емес. Міне осының негізінде информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап оқыту практика жүзінде тиімділігін дәлелдеді. Балаларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу қажет. Баланың психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктері бойынша да есте есте сақтау қабілеті, қызығушылығы, ой-өрісінің дамуы, машықтылығы, танып білуге деген талпынысы, оқуға деген құлшынысы да дәл осы кезде(5-11 жаста) өте жоғары болады.
Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру қазіргі уақыттың көкейкесті мәселесіне айналды. Бастауыш білім беру жүйесінде басты мақсат – әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальды білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Информатика пәні 1-сыныптан бастап оқытылғанымен, оны әр түрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері бүгінгі таңда мектептегі информатика пәнінің бірнеше кезеңге бөліп оқытылғаны жөн екені дәлелденіп отыр.
Бірінші кезең – пропедевтикалық. Бұл кезеңде, төменгі сынып оқушыларын компьютермен алғаш таныстыру өтеді, қарапайым компьютерлік ойындар мен жаттығулар программаларын қолдану арқылы оқушыларда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезең – базалық курс, информатика пәні бойынша оқушылар дайындығының жалпы білім деңгейімен қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде оқушылар ақпараттық-технология құралдары мен әдістерін меңгеріп, компьютерді қолдана білу біліктілігі қалыптасады.
Үшінші кезең – информатика саласы бойынша көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы оқу бағдарламалары бойынша, қызығушылықтары мен бағыттарына қараай кәсіптік даярлыққа дейін білімдерін жалғастырады.
Информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізудің негізгі мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін ерте бастан бастап қалыптастыру, ғылым мен техниканы толық меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу. Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик- мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
Ресей ғалымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары:
1.Қолданушылық. Бұл бағытта оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтар қалыптасады. Осы бағытта қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай-ақ техникаға сауатты, ұқыпты қарауы. Қолданушылық бағыттағы пропедевтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларға төмендегідей білім мен іскерліктер қалыптасуы тиіс:
- оқу, ойын программаларымен жұмыс істей білу;
- программамен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен еркін жұмыс жасау;
2.Ақпаратты-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар бақағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Баланың алгоритмдік ойлау қабілетін ерте жастан қалыптастыру қажеттілігі өзінен-өзі туындайды.
3.Шығармашылық. Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен дамуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады.
4.Дәстүрлі
курсқа информатика
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу – тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық – жекелей өзара қарым – қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар, бір жағынан, тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру,тәрбие,даму)жүйесі ретінде дайындайды.
Мектепте сабақ сынып – сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А. Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне:
1) оқу топтарының тұрақты құрылымы;
2) әр сыныптың оқу мазмұны;
3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі;
4) жеке немесе ұжымдық оқыту;
5) мұғалімнің
жетекшілік және
6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады.
Бүгінгі күні сабақ – білім беру мен оқушы іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі – сабақтың құндылығы. Сабақтың құндылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс - әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.
Кез – келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың іс - әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда оқушылардың іс - әрекетін түрлендірііп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сыныптарда керісінше, іс - әрекеттің жүйелілігі, олардың қайталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.
Оқу сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл – ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.
Оқыту әдістерін
қолдануда, а) оқу материалының мазмұны;
ә) оқытудың дидактикалық мақсаты; б) оқушылардың
білім деңгейі; в) мұғалімнің шеберлігі
сияқты психологиялық-педагогикалық факторлар
ескеріледі. Аталған факторлар оқыту әдістерін
тиімділігіне таңдап алу мен оны іс жүзінде
қолданудың ғылыми – теориялық негізін
қалайды.
Осы орайда Л.Н. Толстойдың «... мұғалімнің
өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақта
жан – жақты ойластырса және оны оқушының
шама – шарқымен салыстыратын болса, оқушының
ой - өрісін көбірек қадағалайтын болса,
жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек
шақыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым
жеңіл соғады» - деген пікірі әлі де мәнін
жоймағаны байқалы.
Сабақ түріне қай дәстүрлі
және дәстүрлі емес сабақ болып бөлінеді. Дәстүрлі сабақ қалыпты жағдайда
өтілетін сабақ болып табылады. Дәстүрлі
оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік,
алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық)
тек алғашқы екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде
материалдар жеткілікті дәреже меңгерілмейді,
білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды.
Компьютердің көмегімен тақырыпты оқу,
зерттеу негізінде меңгеруді эвристикалық
және шығармашылық деңгейге жатқызуға
болады. Дәстүрлі емес сабақта оқуды меңгерудің
төрт деңгейі де қамтылады. Дәстүрлі емес
сабақтың өзі бірнеше түрге бөлініп топталады.
Дәстүрлі емес сабақ шығармашылық
сабақ болып табылады.
Дәстүрлі сабақ мына кезеңдерге бөлінеді:
- ұйымдастырушылық (3-5 мин.) - сәлемдесу,
орын-жайдың сабаққа әзірлігі, оқушылардың
сабаққа даярлығын тексеру, келмегендерді
белгілеу, белсенді іс-әрекетке тарту;
- үй тапсырмасын тексеру (5-7 мин.) - үй тапсырмаларының
орындалуын сынып бойынша талқылау, күрделі
тұстардың орындалмау себептерін анықтап,
айқындау, қателерді түзету;
- оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға
даярлау (3–5 мин.) –оқушылармен бірге
өтілетін жаңа материалдың мақсаты мен
міндеттерін белгілеу;
- жаңа материалды ұсыну немесе жаңа білімді
игеру, тақырып мазмұнына әдепкі ену, оқулықпен,
графикалық кестемен немесе тақырып жоспарымен
жұмыс жүргізу (15-20 мин.);
- жаңа білімді бекіту, шәкірттердің оқу
материалын тереңдей зерделеуін ұйымдастыру
(10–15 мин.).
Информация о работе Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы