Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2013 в 08:51, курсовая работа

Описание работы

«Информатика» пәні қоршаған ортаны талдауға жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, сонымен қатар ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау, қолдану әдістерін зерттейтін ақпараттық технологияларды қолданумен байланысты адамның практикалық іс-әрекетінің дамып және кеңейіп келе жатқан ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.
Информатиканы оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың ақпаратты түрлендіру, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері жайлы мағлұматты жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде әлемдік бейнені қалыптастырудағы ақпараттық үрдістердің мәнін ашу, АКТ-ның қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы рөлін көрсету, АКТ құралдарын өздерінің оқу әрекетінде, кейінірек бағдарлы бағытта саналы, әрі тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
Теориялық бөлім
Информатиканы оқыту әдістемесі пәні туралы түсінік
Сабақ түрлері және оның құрылымы
Қайталау сабағы
Тәжірибелік бөлім
Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы
Қайталау сабақтарының жоспары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Информатика курсы бойынша қайталау сабағы.doc

— 2.09 Мб (Скачать файл)

Оқушылардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда қайталау сабақтарының берері мол. Қайталау арқылы оқушы алған біліміндегі олқылықтардың орнын толтырса, мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтайды. Қайталау сабақтары оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыруға, білім дағдысын арттыруға, оқушылардың ойлау қабілетін логикалық – абстракциясын дамытуға жағдай жасайды.

Кез-келген ұстаздың басты мақсаты-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез келген балада адамның мәдениеті ойын арқылы дамиды. Ал, бүгінгідей ақпараттандыру ғасырында, оқу процессінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Қазіргі таңда  қайталау сабақтары жиі өткізіле бермейді. Әйтседе, әр мұғалім өзінше ерекшелеп қайталау сабақтарын өткізеді. Бір мұғалімдер қайталау сабағын тоқсан соңында қорытынды қайталау сабағы ретінде жүргізеді, яғни әр тоқсанда бір рет өткізіліп отырады. Екінші бір ұстаздар қайталау сабағын кей сабақтың соңында уақыт қалған жағдайда тест түрінде немесе сұрақ-жауап түрінде алады. Тіпті мүлдем сабақтың бұл түрін жүргізбейтінде мұғалімдер де бар.

 

 

                                 

 

                                Практикалық бөлім

Курстың практикалық бөлімі оқушылардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру ғана емес, басқа да оқу пәндерін меңгеру тиімділігін жоғарылату, сонымен қатар пәнаралық, жалпы оқу біліктіліктерін қалыптастыру үшін  қажетті ақпараттық технология құралдарын пайдалану дағдыларын меңгеруіне бағытталады. Осыған байланысты материалды оқып-үйрену реті бүкіл оқу үдерісінің тиімділігін және оқу себебін жоғарылату үшін оқушыларға маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың барынша кең ауқымын ертерек қолдану мүмкін болатындай етіп құрылған. Мысалы, «ақпарат» ұғымы ең алдымен технологиялық ортаға қатыссыз, алайда бірден бейнесін және дыбысын жазу арқылы практикалық жұмыста бекітіледі. Содан кейін ақпаратты компьютерде өңдеудің практикалық мәселелері қарастырылады, оқушылардың әр түрлі ақпараттық объектілерді жайлы түсініктері толықтырыла түседі. Мұнда ақпараттық объект ұғымы оқушыларға алдағы уақытта кездесетін әр түрлі объектілер: мәтін, дыбыс, бейне және т.б.  үшін жалпылау ретінде пайдаланылады.

Жалпы орта білім  беретін мектептің информатика  курсының теориялық және практикалық  мазмұны 50-де 50 пайыздық қатынасы бойынша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 минут теориялық бөлімге, ал 25 минут практикалық бөлімге бөлініп, оқытылады. Осыған орай компьютерлік сыныптағы компьютерлер санына байланысты сыныпты 2 топқа бөліп оқыту қажет.

Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті ақпараттық процестердің құрылу және қолданылуы және қызметінің жалпы заңдылықтарын оқып үйрену.

 

Информатика курсы бойынша қайталау сабағының  маңыздылығы.

  Қайталау сабағына оқушыларды жақсы  ұйымдастыру үшiн оның сұрақтары  мен пайдалануға тиiстi əдебиеттерiн оқу жəне сабақ барысында қолданылатын қажеттi құралдарын əзiрлеу жұмыстарын алдын ала белгiлеу керек. Қайталау сабағын əр түрлi тəсiлдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары жəне саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалiм оның нəтижесiн қорытындылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруi мүмкiн. Мұғалiм оқушылар бiлiмiндегi басты жетiстiктерi мен кемшiлiктердi басымырақ көрсетiп, келешекте қандай мəселелерге көбiрек көңiл бөлу қажеттiгiне оқушылардың назарын аударады.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері  — мұғалімнің түсіндіріп отырған  материалын оқушылардың аса зор  ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын  балалардың оқуға, еңбекке деген  белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы  басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Ал  мұғалімнің міндеті — балаларды  ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен  қатысуын қамтамасыз ету.

Ойын  мен адам мәдениетінің өзара байланысы  ғылыми түрде анықталды. Олардың  тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.

Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық  ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең  көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:

Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше  түрлерін атап көрсетуге болады.

Бастауыш  сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі — дидактикалық ойындар.

Ойын  элементтерін қолдана отырып мұғалім  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі  әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.

Бастауыш  сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру  барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу  сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

ОЙЫН  АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ

1. Оқушылар  нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар  тек бақылаушы ғана емес, өздері  қатыса отырып қиын мәселелерді  өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу  процесінде алған білімді нақты  істе қолдана білуге мүмкіндік  береді.

4. Оқушы  әрекетіне негізделген оқу көлемін  басқарады.

5. Уақытты  үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар  үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын  барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар  үшін қауіпсіз.

9. Кейде  қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда  көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын  материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен  салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір  ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

12. Ойын  нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде  оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене  білуге, қажетті материалдарды іріктей  білуге үйренеді.

Ойын  әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды  ор Халық жасаған мұралар сан  алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.

Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері  мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.

Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын  күшейтеді, оқушылардың сабаққа  ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға  көңілді, жеңіл келеді.

Ойынды  іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады»,- десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі — ойын.

Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.

Енді  қайталау  сабағында жиі қолданылатын ойын түрлерін қарастырсақ:

  1. «Кім миллион алады?» ойыны
  2. «Брейн-ринг» ойыны

Сонымен қатар «Кім миллион алады?» телеойынның компьютерлік нұсқасын пайдалануға болады. Бұл программа білім беру жүйесіне бейімделіп құрылған яғни, оқушылар ойын арқылы өз білімдерін шыңдайды. «Кім миллион алады?» программалық терезесі сабақта оқушылардың білімін бақылау мен бағаланады. Тақ, тоқсандық бақылау сұрақтарын оқушылар тапсырып болғаннан кейін, нәтижесін тез арада көріп, жіберген қателерін анықтап, олармен қосымша жұмыс жүргізіп, білімдеріндегі олқылықтарды дер кезінде жоямыз. Терезеде көрсетілггендей оқушы өзінің толық аты-жөнін, мектебін, сыныбын енгізеді де, тапсыратын пәнінің нұсқасын таңдайды. «Ок» батырмасын шерткеннен кейін терезе пайда болады. Оқушылар бұл ттерезедегі сұрақтарға толық жауап берген соң «нәтиже» терезесі шығады. Соның көмегімен оқушылар өздерінің нәтижелерін салыстыра отырып даму тенденциясын көре алады.

10-сыныпта информатиканы  оқытуда алгоритмдеу мен программалау  тілдеріне баса назар аудару  керек. Мемлекеттік стандарт бойынша  программаллау тілі ретінде үйренуге  жеңіл және тартымды  Qbasic алгоритмдік  программалау тілі енгізілген. Оқушылар есепті Qbasic тілінде шешіп, нәтижелерін талдау барысында,сол себептің Turbo Pascal, Visual Basic программасын тілдерінде құрып, талдап көрсету керек.

Информатиканы оқытудың бұл жолы оқушылардың сабаққа, информатика пәніне, программа құруға деген қызығушылығын арттырады және оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен қоса оқушы болашақта осы тілдердің айырмашылығын, ұқсастығын салыстырып отырып, өзіне ыңғайлы тілді таңдай алады. Тағы бір артықшылығы – оқушы бір тілден басқа тілге еркін  өте алады.

Сабақтардың 2-сағаттарында көбіне «Өзара оқыту» сабағын ұйымдастырайық. Сабақта жұмыс жұпқа бөлініп жүргізіледі.

1/ әрбір оқушы  тапсырма алады: PAINT  графикалық  редакторы. Тақырып бойынша материалды  пысықтап, басты ұғымдарды бөліп  атап, жоспар-конспект жасау. Жұптарды әр мүшесінде өз тапсырмасыы бар. Дайындалуға 10-15 минут беріледі.

2/ Дайындалған  соң оқушы конспектісін пайдалана  отырып, өз меңгергенін  серігіне  айтып береді, яғни «мұғалім»  рөлінде болады: ал қалған нұсқадағылар  тыңдайды.

3/ енді рольдермен  ауысады.

4/ Тапсырмалары  бар парақтар таратылады немесе  тапсыррмалар тақтаға жазылады. Оқушылар таңдаған материалы  бойынша  тапсырмалар орындайды.

5/ бірін-бірі  тексереді. Тапсырма тексерілгеннен  кейін «оқушы» мен оны оқытатын  «мұғалімге» түрлі-түсті жетондар беріледі. Барлық жұптар бір уақытта жұмыс істейді. Сабақ соңында қорытынды шығарылады. Баға жетондардың түсіне қарай қойылады.

«Брейн  ринг» ойынын да сабақта жиі қолдануға болады. Бұл ойынды «Білім іскерлік дағдыларын дамыту» мақсаттында өткіземін.

Құрал-жабдықтары:

1.нөмірлері және атқаратын ролы жазылған жетондар

2. тапсырмаларға арнап алты бөлікке бөлінген жаймалар

3.сандар жазылған жаймалар

4.сары, жасыл, көк, түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар.

5.үстелдердің сілтемесі.

6.ортақ бағалау парағы

7.үш күрделілік деңгейдегі тапсырмалар жазылған карточкалар: ойынның екінші нұсқасына мұндай карточкалар  түрлі-түсті – көк, жасыл, қызыл және сары түсті қатырма қағаздан жасалады.

8.жауап үлгілері жазылған карточкалар.

Ойынның жұру барысы:

Сыныпты 7 адамнан  тортарға бөлінеді: мұнда 6 ойыншы және 1 жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға  нөмір жазылған жетондар таратылады. әрбір топ жеке үстел басында  отырады. Үстелдің үстінде  - үстелдің сілтемесі және 6 бөлікке бөлінген жаймалар. Осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында бірінші деңгей сұрақтары, оның үстіне екінші деңгей сұрақтары, ең үстінде үшінші деңгей сұрақтары. әр бөлікте бір сұрақтан. Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі, екінші сұрақтарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі оларға 7-10 минут уақыт беріледі.

Информация о работе Информатика пәнін оқытуда қайталау сабағының маңыздылығы