Мәліметтер базасын жобалау кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 13:07, реферат

Описание работы

Ақпараттық технологиялардың жаңа әлемге ауқымды әсер етуі әр түрлі салаларында айқын көрініс тапты. Осы технологиялардың арқасында миллиондаған адамдардың еңбек әрекеттерінің шарттары мен мазмұны өзгеруде, күрделі өндірістік тапсырмалардың шешілуі түбегейлі тездетілуде, басқарудың тиімділігі анық өсуде. Жаңа мамандықтар және жаңа жұмыс орындары пайда болуда, бұрын болмаған өндіріс салалары құрылуда, дәстүрлі формалардың қызметтері өзгеруде.
Менің дипломдық жобамның тақырыбы ««Темір жол бекеті» деректер базасын жобалау». Кадрлар бөлімі жұмысын автоматтандыру кадр жұмысымен байланысты шығындардың азаюына мүмкіндік береді.

Файлы: 1 файл

ТЕМРЖО~1 Онделген тур..DOC

— 1.72 Мб (Скачать файл)

Decision Cube – мәліметтерді талдау;

Dialogs – « Файлды ашу » типіндегі  сұхбаттар, жүйелік сұхбаттар;

   Win 3.1 – Windows 3.x стиліндегі компоненттер.

 

 

 

 

 2.2 BDE Administrator

 

DELPHI қолданбасы деректер  базасына қатынауды BDE (Borland DataBase Engine - Borland фирмасының деректер базасының поцессоры) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.

Деректер базасымен  жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows – тің жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.

STANDART типті драйверлерді  тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері үшін  қолдануға болады.        

Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE  деректер базасының  процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске.

 

2.3 Database Desktop

 

Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта  тұрады.  Кестелер    файлдарда   сақталып ,  бөлек    құжаттарға   немесе  электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б  құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал  Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.

Өріс мүмкін болатын  типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін  оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір  кестенің кем дегенде бір өрісі  болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:

өріс сипаты

кілт

индекс

өрістің мәтініне шек  қою

кестелер арсындағы  біртұтастықты сақтау

парольдер

кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде  кесте  және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін  деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.

Ал енді мәліметтер базасымен  жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде D/Poezd/Bilet. Деректер базасын құру DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.

Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: Пуск\Программы\Borland Delphi7\Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты  таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working Directory және көрсетілген терезеден D/Poezd/Bilet. каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда кестесні құру үшін  File\New\Table. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.

 

 

Сурет 2.1 Create Table терезесі

 

ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз. Экранда келесідей сурет шығады:

 

 

Сурет 2.2 Конструктор терезесі

 

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді.  Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің  типін анықтайды.  Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды,  Key–«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.

Кестенің қасиетін беру:

Validity Checks – бұл қасиет  кестенің мәндерінің дұрыстығын  тексереді. Бұл бөлімнің оң  жақ терезесі 2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:

 

Required Field

Бұл индекаторда әрбір  жазбада керекті жолдар белгілену  керек.

Minimum

Мәннің минимумы. Бұл  қасиет сандық өріске берілу тиімді.

Maximum

Мәннің максимумы. Бұл  қасиет сандық өріске берілу тиімді.

Default

Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.

Picture

Енгізілетін мәннің түрін  корсетуге болады. Мысалы, телефон  номерінің шаблоны (## - ## - ##).

Assist

Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.




 

Кесте 2.1 Кесте қасиеттері

 

Table Lookup – бұл бөлім  берлген кестенің өрісін басқа  көрсетіліп отырған кестенің  өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup – ті таңдағаннан кейін  Define – анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.

Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.

Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның cол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі

.

Unique

Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір – біріне ұқсас өрістер болса.  

Descending

Бұл опция кестені  кему бойынша реттейді. 

Case Sensitive

Бұл опция енгізілген символдардың регистріне назар аударады.

Maintained

Егер бұл опция тұрса, онда кестеде өзгерістерден кейін индекс ауысып тұрады.


Кесте 2.2 Index Options радиобатырма панелінің қасиеттері

 

Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.

Referential Integrity – бұл  бөлім әртүрлі кестелердің арасында  бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал басқасы – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай  бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.

Update rule – радиобатырмалар  тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit – ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс блады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.

Strict Referential индекаторын  орнатқанда Paradox – тың алғашқы  версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жолбермейді.

Барлық операциялар  біткеннен кейін құрылған сілтеме  атын беру керек.

Password Security бөлімі Paradox –  та құрылған кестелерге және  оның әр өріс жазбасына пароль  қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын басу керек, сонда диалогтық терезе шығады. Диалогтық терезеде басты парольді (Master password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға (Verify master password) мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша парольдар) батырмасын бассақ қосымша парольдарды тағайындауға және өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.

Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас  болуға тиісті емес), бұл пароль  арқылы сіз қатынау ережесін  құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы) радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.

 

All

Барлық операциялар  қабылданады, кестені өшіру, құрылымын  өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру. 

Insert & Delete

Кестедегі жазбаларға барлық операциялар қолданылады (редактірлеу, қою, өшіру), бірақ кестенің құрамын өзгертуге және жоюға тиім салынады.

Data Entry

Мәліметтерді редактерлеуге  және жазбаларды қоюға болады, бірақ  оларды өшіруге және кестенің құрылымын  өзгертуге, өшіруге тиім салынады. 

Update

Кестені көруге және кілті  жоқ өрістерді өзгертуге береді.

Read O

Nly

Тек кестені көруге болады.


 

Кесте 2.3 Table Rights – кестеге қатынау құқығы

 

Table Language – бұл бөлім  BDE Administrator арқылы кестенің тілін  көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.

Dependent Tables – бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.

Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге енгізілгеннен  кейін Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows – тағы стандартты сақтау терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізмнің болуында. Бұл тізімде әр түрлі мәліметтер базасының псевдонимдері бар. Сіз тізімнен керекті псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.

Paradox форматының кестелері:

Paradox кестесі деректер  базасын құруға және онымен  жұмыс істегенде ыңғайлы болып  табылады .

Оның  негізгі артықшылықтарын  атап өтейік :

  • деректердің  тұтастығын
  • әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
  • енгізілген деректерді тексеруді
  • кестенің парольдық қорғанысын қамтамасыз етеді .

 

Тип   

Белгіленуі                     

Мәннің мазмұны

Alpha

A

Символдар қатары. Ұзындығы 255 символ

Number

N

Жүзбелі нүкте саны

Money

$                         

Ақшалық қосынды

Short

S

Бүтін сан . Диапазон -32768...32767

Longinteger

I

Бүтін сан . Диапазон -2 147 483 648...2 147 483 647

BCD

#

Екілік – ондық  жүйедегі сан

Date  

D

Күн

Time

T

Уақыт

Timestampt

@

Күн мен уақыт

Memo

M

Символдар қатары.  Ұзындығы шенелмеген .

Formatted     

F

 Символдар қатары. Memo типінен айырмашылығы, қатар құрамында  форматталған текст болады

Graphic

Графиктік көрініс.Форматтары BMP,PCX,TIF,GIF.

OLE

O

OLE технологиясын қамтитын деректер

Logical 

L

Логикалық мән

Autoincrement

+

Автоинкрементті өріс

Binary

B

Байттар тізбегі.Ұзындығы шенелмеген

Bytes

Y

Байттар тізбегі. Ұзындығы 255 символдан аспайды.


 

Кесте 2.4 Paradox 7 кестесінің өрістік типі тізімі

 

Paradox кестесінде өріс аты әріптен басталып , әріптер мен сандар құрылуы тиіс . Өріс атының максимал ұзындығы 25 символдан аспау керек . Өрістің атын бергенде пробел ," # " ," $ " символдарын қолдануға болады . Бірақ , "." , " ! " , " | "  символдарын қолдануға болмайды . Себебі , бұл символдар DELPHI – де басқа мақсаттарда қолданылады .

Paradox кестесінің кемшілігі болып , кестелік деректерді сақтайтын типтік файлдардың  көптігі болып саналады . Бір каталогтан келесі каталогқа қандай да бір кестенің орнын ауыстырғанда немесе көшіргенде , осы кестені қамтитын барлық файлдарды көшіру немесе орнын ауыстыру керек . 

Информация о работе Мәліметтер базасын жобалау кезеңдері