Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Августа 2015 в 22:05, курсовая работа
Ақпараттық жүйелерді құруды қарастырған кезде мәліметтер қорының алатын орны ерекше. Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы.
Кіріспе……………………………………………………………………………...3
1. Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйелері…………………….5
1.1 Мәліметтер қоры туралы жалпы ақпарат……………………………………5
1.2 Мәліметтер қорын жобалау және оны іске асыру ………………………….9
1.3 SQL сұранымдарды құру тілі…………………………………………….…13
2. Қосымшаны құруға арналған орталар туралы………………………………19
2.1 Microsoft SQL Server МҚБЖ………………………………………………..19
2.1.1 Microsoft SQL Server 2008 ортасы………………………………………..19
2.1.2 Мәліметтер қорын құру…………………………………………………...20
2.1.3 SQL Server серверіндегі мәліметтердің типтері…………………………21
2.1.4 SQL Server ДҚБЖ және Oracle ДҚБЖ салыстырмалы талдау………….23
2.2. Delphi бағдарламаларды құру ортасы……………………………………..25
2.2.1 Delphi туралы түсінік……………………………………………………..25
2.2.2 Object Pascal тілі………………………………………………………....27
2.2.3 Клиент/сервер және көпдеңгейлі мәліметтер қоры…………………….31
2.2.4 Delphi - де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру……………31
3. Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру………………………………………………………………..39
3.1 Пәндік облысты талдау……………………………………………………...39
3.2 Мәліметтер қорының құрылымын анықтау………………………………..41
3.3 Қосымша жұмысын жоспарлау…………………………………………...43
3.4 Delphi ортасында MS SQL SERVER мәліметтер қорын басқару жүйесімен байланыс орнату ……………………………………………………………….44
3.5 Бағдаpламаны сипаттау……………………………………………………49
Қорытынды………………………………………………………………………61
Пайданылған әдибиеттер тізімі…………………………………………………62
TQRBand – мәліметтердің, тақырыптардың, титулдардың орналасуын дайындайды, есеп беру негізінен TQRBand компонентінен құрылады:
TQuickRep компоненті
TQuickRep компоненті есеп берудің сипаттамасын толығымен анықтайды. Бұл компонентті формаға орналастырғанда есеп берудің торы пайда болады. Содан кейін бұл торда қосымша бөліктер орналасады, мысалы, TQRBand тобы.
TQuickRep компонентінің
негізгі тәсілдерін және
Қасиеті: property Bands: TQuickRepBands;
Көптеген логикалық мәндерден (False/True) тұрады ;
Property DataSet: TDataSet; Мәліметтер жиынына сілтейді, осының арқасында есеп берулер құрылады. Есеп беруді үлестіру үшін жалғыз мәліметтер жиыны қолданылады.
Бірнеше мәліметтер қорының кестелеріне байланысты ақпараттарды шығару қажет болса, SELECT операторының көмегімен жалғыз мәліметтер жиынына біріктіріледі. Бұл жағдайда есеп беру үшін мәліметтер жиыны орнына TQUERY компонентін қолдануға болады.
Бірнеше байланысқан мәліметтер жиыны ақпараттарын есеп беруге қосуға болады, егер бұл мәліметтер жиыны Master-Detail қатынасымен байланыста болса. Бұл жағдайда мәліметтер жиыны орнына Master-жиыны көрсетіледі, ал Detail-жиынына сәйкес келетін сілтеме TQRSubDetail компонентінде жүзеге асады. Егер есеп беруді мәліметтер жиынының байланыс баған ақпаратына қосу керек болса, онда компазитті есеп беруді қолданамыз, ол дегеніміз басқа топтардан құралған есеп беру.
Procedure Preview; есеп беруді терезеге жуықтап шығарады.
Есеп беруді өңдеу уақытында жуықтап көру терезесінде баспаға шығарғымыз келсе онда төмендегілер қажет;
Қарапайым есеп беру формасын құру.
Delphi 7 бағдарламасын ашып, Form1-ге BDE бетінен Table1 компонентін, Data Controls бетінен DBGrid1 және DBNavigator компоненттерін, Data Access бетінен DataSource1 компонентін, ал Additional бетінен BitBtn1 компонентін және Standard бетінен Button1 компонентін орналастырайық. Содан кейін компоненттер арасында байланыс орнатайық. Мен бұл мысалда «BCDEMOS» деректер қорында орналасқан дайын кестелермен жұмыс істеуді көрсетемін. Мында мен «Employee.db» кестесімен жұмыс жасаймын. Енді компоненттер арасында байланыс орнатайық. Table1-дің DatabaseName қасиетіне «BCDEMOS»-ты, TableName қасиетіне «employee.db»-ны, Active қасиетін «True» деп өзгертеміз. Ал DataSource1-дің DataSet қасиетін «Table1»-мен, DBGrid1-дің DataSource қасиетін «DataSource1»-мен, DBNavigator1-дің DataSource қасиетін «DataSource1»-мен, Button1-дің Caption қасиетіне «Есеп беру» деп жазамыз, BitBtn1-дің Caption қасиетіне «Жабу» деп жазамыз және Kind қасиетіне «bkClose»-ті қойып байланыстырамыз. Осыларды орындағаннан кейін мына суреттегідей (Сурет-2.1) болады:
2.1-сурет. Қарапайым деректер қоры кестесінің көрінісі.
Осылардан кейін File→New→Form деп Form2-ні жобаға қосамыз. Form2-ге QReport бетінен QuickRep1 компонентін орналастырып, оны File→Uce Unit→Unit1→Ok деп Form1-мен байланыстырамыз да, оның DataSet қасиетін «Form1.Table1»-мен байланыстырамыз. Осы QuickRep1 компонентіне QRBand1 компонентін, QRBand1 компонентінің үстіне TQRLabel (статикалық текст) компонентін QRLabel1 атымен орнатамыз. Осы компоненттің Caption қасиетін 'Қызметкерлер туралы деректер' мәнін орнатамыз, Font қасиетіне 18 пунк биіктіктегі жуан майлы шрифті қоямыз. Енді есеп беруге мәліметтерді Employee.db кестесіне сәйкес орналастырамыз. Ол үшін QuickRep1 компонентіне жаңа компонент TQRBand2-ні орнатып, оның BandType қасиетіне rbDetal мәнін орнатамыз. Содан кейін топқа төрт TQRDBText компонентін QRDBText1 ... QRDBText6 аттарымен орналастырамыз. Олардың DataSet қасиеттерін Form1.Table1-мен, ал DataField қасиеттерін керекті өрістермен байланыстырамыз. Ӛріс аттарын жазу үшін QuickRep1 компонентіне тағы бір TQRBand3 компонентін орнатып, оның BandType қасиетіне rbColumnHeader мәнін таңдаймызмыз. Осы TQRBand3 компонентіне ТQRLabel компонентін ТQRLabel2 ... ТQRLabel7 аттарымен орналастырамыз да олардың Caption қасиеттеріне сәйкесінше өріс атауларын жазып шығамыз. Есеп беру кезінде сол кездегі уақыт пен күнін және беттің нөмірін көрсетуге болады. Ол үшін QuickRep1 компонентінің төменгі жағына TQRSysDatal ... TQRSysData2 компоненттерін орналастырамыз.
2.2 – сурет. Есеп беруді жуықтап көру терезесі
TQRSysDatal -дің Data қасиетіне qrsDateTime (ағымдағы дата және уақыт) мәнін, ал TQRSysData2 - нің Data қасиетіне – qrsPageNumber мәнін (есеп беруде сол беттің нөмірі) орналастырамыз. Осылардың бәрін орналастырып, араларында байланыс орнатып, кейін алған есеп беруді қарау үшін тышқанның оң жағын басамыз да жылжымалы менюдан Preview элементін таңдаймыз. Осылай есеп берудің жуықтап көру терезесін аламыз. (2-сурет) №1 формадағы ―Есеп беру‖ компонентін екі рет шертіп келесі кодты жазамыз.
Form2.QuickRep1.Preview;
3. Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру
3.1 Пәндік облысты сипаттау
Тұтынушыларды қолдау бөлімі кәсіпорындағы барлық ДК-ді қолданушылардың өзара әрекетін жүзеге асырады, сұраныстарды қабылдап және қолданушылардың техникалық(ДК бұзылуы, оргтехника жұмыс жасамауы, картридж таусылуы және т.б.) және программалық(ОЖ жұмысын қалпына келтіру, почтаны баптау, ДК-ге қажет программаларды қондыру және баптаужәне т.б.) түрдегі қиындықтарын шешуге көмектеседі.
Жүйенің ішкі бөлімдерінің бағыты, мақсаты және өзара әрекеттері:
Құрылатын тұтынушыларды қолдау орталығының қызметін басқаруға арналған мәліметтер қоры қосымшасы қолданушыға ыңғайлы және түсінікті түрде құрылуы қажет.
Тұтынушыларды қолдау процесі келесі кезеңдерден тұруы керек:
ДК-ң, оргтехниканың бұзылуы немесе бағдарламамен қамтамасыз ету қажет болса қолданушы сұраныс құрады немесе қоңырау шалып өзіндегі қиындықтар туралы хабардар етеді(бұл жағдайда мамандар өздері сұраныс құруы қажет).
2) Cұранысты қарастыру.
Инженер сұранысты қабылдағаннан кейін, сұраныстың түрін анықтап, сұраныстың сол түрімен айналысатын басқа инженерге жібереді.
3) Сұранысты нақтылау.
Сұранысты алған техник, қолданушының мәселесін қашықтықтан немесе қолданушыға бару арқылы шешуді қарастырады. Егер анықталған мәселе сұранысты алған техниктің жұмысынан өзгеше болса, сол сұраныспен айналысатын басқа инженерге сұранысты жібереді.
4) Сұранысты орындау және жабу.
Материалдық қамтамасыз ету бөлімінен қажеттілігінше бөлшектерді алып, жөндеу арқылы сұраныс орындалып, қолданушыға қайтарылады да сұраныс жабылады.
5) Cұранысты жою.
Біраз уақыт өткен соң, егер қолданушыдан ешқандай шағым түспесе сұраныс жойылады.
Тұтынушыларды қолдау орталығындағы қолданушылармен байланыс сызбасы:
Ішкі бөлімдер арасында өзара ақпарат алмасу жүргізілуі керек:
1) Қолданушылар- колл-орталық:
- колл-орталыққа техниканың бұзылуы, қажет болса ауыстыру жөнінде ақпарат келіп түседі;
- сұраныстың орындалуы туралы ақпарат қолданушыға қайтарылады.
2) Колл-орталық - Қашықтықтан қолдау орталығы:
- мамандардың айтуы бойынша қашықтан шешуге болатын мәселелер сұранысын қашықтықтан қолдау орталығына жібереді;
- колл-орталыққа орындалғаны жөнінде хабар беріледі.
3) Колл-орталық - Барып қызмет көрсету бөлімі:
- қашықтықтан шешілмейтін мәселелер сұранысын барып қызмету бөліміне жібереді;
- колл-орталыққа орындалғаны жөнінде хабар беріледі.
4) Қашықтықтан қолдау орталығы - Барып қызмет көрсету бөлімі:
- сұранысты қашықтықтан орындау мүмкін болмаса, қашықтықтан қолдау орталығы келген сұранысты, барып қызмет көрсету бөліміне кері қайтарады;
- сұранысты қашықтықтан орындау мүмкін болса, барып қызмет көрсету бөлімі қашықтықтан қолдау орталығына келген сұранысты кері қайтарады.
5) Барып қызмет көрсету бөлімі – техникалық бөлім:
- техникалық бөлімге темірмен жасалатын жұмыстарға қатысты сұраныстар жіберіледі;
- жөнделген немесе жиналған техника туралы ақпарат барып қызмет көрсету бөліміне қайтарылады.
6) Барып қызмет көрсету бөлімі – материалдық қамтамасыз ету бөлімі:
- материалдық қамтамасыз ету бөліміне сұранысты орындауға қажетті бөлшектер туралы ақпарат беріледі;
- барып қамтамасыз ету бөліміне сұранысқа қажетті бөлшектер туралы ақпарат беріледі.
7) Қашықтықтан қолдау орталығы - қолданушылар:
- қолданушыларға сұраныс бойынша көмек көрсетіледі.
8) Барып қызмет көрсету бөлімі - қолданушылар:
- инженерлер қолданушыларға барып, көмектерін көрсетеді.
9) техникалық бөлім - материалдық қамтамасыз ету бөлімі:
- материалдық қамтамасыз ету бөліміне сұранысты орындауға қажетті бөлшектер туралы ақпарат беріледі;
- техникалық бөлімге сұранысқа қажетті бөлшектер туралы ақпарат беріледі.
3.2 Мәліметтер қорының құрылымы
Логикалық жобалаy кезеңінде деpекқоp моделі жүйені іске асыpy кезінде қолданылатын белгілі біp ДҚБЖ (MS SQL Server) үшін жаpамды фоpматқа тpансфоpмаланады.
Логикалық жобалаyдың мақсаты pеляционды кестелік құpылымдаpды құpy болып табылады. Жобаланатын деpекқоpда кестелеpдің және байланыстаpдың құpылымдаpын MS SQL Server көмегімен жасаймыз.
Кестелеp CREATE TABLE командасымен құpылады. CREATE TABLE кесте атын және бағандаp аттаpын анықтайды. Сонымен қатаp ол деpектеpдің типін және бағандаpдың өлшемін анықтайды. Ең ыңғайлы бұл генеpацияланған скpиптті Query Analyzer-де (МS SQL Server) қосy. Кестелеpді құpyға аpналған скpипт В қосымшасында келтіpілген.
Концептyалды моделді деpекқоpдың сәйкес құpылымына енгізілy тәсілі қандай болса да, ДҚ pеляционды сұлбасы жобаға сәйкес болy кеpек. Төменде dar мәліметтер қорының кестелері көрсетілген:
Suranys кестесі
Өрістер |
Мәліметтер типі |
Сипаттамасы |
Сураныс коды |
tinyint |
Сұраныстың қайталанбас коды |
Клиент |
varchar() |
Клиенттің аты-жөні |
Куалик номери |
nchar(10) |
Клиенттің жеке куәлік нөмері |
Техника атауы |
varchar() |
Қабылданған техника атауы |
Техника акауы |
varchar() |
Техника ақауы |
Кабылдау куни |
date |
Қабылданған күні |
Орындалуы |
varchar() |
Сұраныстың орындалу туралы белгісі |
Орындалган куни |
date |
Сұраныстың орындалған күні |
Болим |
varchar() |
Сұранысты орындаған бөлім |
Bbolim кестесі
Өрістер |
Мәліметтер типі |
Сипаттамасы |
Болим аты |
nchar(20) |
Бөлім аты |
Инженер аты |
varchar(20) |
Бөлімде жұмыс жасайтын инженердің аты-жөні |
Тапсырыс алган кун |
date |
Тапсырыс алған күні |
Орындалуы |
nchar(10) |
Сұраныстың орындалу туралы белгісі |
Сураныс коды |
tinyint |
Сұраныстың қайталанбас коды |
Tbolim кестесі
Өрістер |
Мәліметтер типі |
Сипаттамасы |
Болим аты |
nchar(20) |
Бөлім аты |
Инженер аты |
nchar(20) |
Бөлімде жұмыс жасайтын инженердің аты-жөні |
Тапсырыс алган кун |
date |
Тапсырыс алған күні |
Детальдер |
nvarchar(50) |
Қажетті детальдер |
Орындалуы |
nchar(20) |
Сұраныстың орындалу туралы белгісі |
Сураныс коды |
tinyint |
Сұраныстың қайталанбас коды |
Информация о работе Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру