Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Августа 2015 в 22:05, курсовая работа

Описание работы

Ақпараттық жүйелерді құруды қарастырған кезде мәліметтер қорының алатын орны ерекше. Мәліметтер қорын жобалау және құрастыру өнерлілікті, іскерлікті талап етеді. Қолданушының талаптарын түсініп, оны тиімді мәліметтер қорының жобасына айналдыру шығармашылықты процесс болып табылады. Ал осы шығармашылық процесті толық-қанды және жоғары өнімді қосымшалар көмегімен физикалық тұрғыдағы мәліметтер қорына айналдыру – инженерлік процесс болып табылады. Екі процесс те бас ауыртарлық, қызықты интеллектуалдық күрделілікке толы.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………………...3
1. Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйелері…………………….5
1.1 Мәліметтер қоры туралы жалпы ақпарат……………………………………5
1.2 Мәліметтер қорын жобалау және оны іске асыру ………………………….9
1.3 SQL сұранымдарды құру тілі…………………………………………….…13
2. Қосымшаны құруға арналған орталар туралы………………………………19
2.1 Microsoft SQL Server МҚБЖ………………………………………………..19
2.1.1 Microsoft SQL Server 2008 ортасы………………………………………..19
2.1.2 Мәліметтер қорын құру…………………………………………………...20
2.1.3 SQL Server серверіндегі мәліметтердің типтері…………………………21
2.1.4 SQL Server ДҚБЖ және Oracle ДҚБЖ салыстырмалы талдау………….23
2.2. Delphi бағдарламаларды құру ортасы……………………………………..25
2.2.1 Delphi туралы түсінік……………………………………………………..25
2.2.2 Object Pascal тілі………………………………………………………....27
2.2.3 Клиент/сервер және көпдеңгейлі мәліметтер қоры…………………….31
2.2.4 Delphi - де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру……………31
3. Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру………………………………………………………………..39
3.1 Пәндік облысты талдау……………………………………………………...39
3.2 Мәліметтер қорының құрылымын анықтау………………………………..41
3.3 Қосымша жұмысын жоспарлау…………………………………………...43
3.4 Delphi ортасында MS SQL SERVER мәліметтер қорын басқару жүйесімен байланыс орнату ……………………………………………………………….44
3.5 Бағдаpламаны сипаттау……………………………………………………49
Қорытынды………………………………………………………………………61
Пайданылған әдибиеттер тізімі…………………………………………………62

Файлы: 1 файл

1.docx

— 1.51 Мб (Скачать файл)

 

Mbolim кестесі

Өрістер

Мәліметтер типі

Сипаттамасы

Болим аты

nchar(20)

Бөлім аты

Жауапты адам

nchar(20)

Қоймадағы детальдерге жауапты адам

Деталь

nchar(20)

Деталь аты

Кимге

nchar(20)

Деталь берілетін инженердің аты-жөні

Саны

bigint

Деталь саны

Куны

nchar(6)

с


 

Zap4asti кестесі

Өрістер

Мәліметтер типі

Сипаттамасы

Деталь

nchar(20)

Деталь аты

Саны

bigint

Деталь саны

Куны

nchar(10)

Деталь саны

Жауапты адам

nchar(20)

Қоймадағы детальдерге жауапты адам


 

Kyzmetkerler кестесі

Өрістер

Мәліметтер типі

Сипаттамасы

Аты-жони

nvarchar(30)

Қызметкердің аты-жөні

Кызмет болими

nchar(20)

Жұмвыс жасайтын бөлімі

Логин

nchar(10)

Логині

Пароль

nchar(10)

Паролі


 

3.3. Қосымша жұмысын жоспарлау

 

Сызба – 1.Бағдарламаның жұмыс жасау сызбасы

 

Ең алдымен қолданушы түскен сұранысты құрып оны тіркейді. Сұраныс өзінің жеке қайталанбас кодын алып, бөлімдерге реттеледі. Керекті бөлім таңдалғаннан кейін ол сәйкес бөлімде орындалады.

Бағдарламалық бөлімге түскен сұраныс орындалғаннан кейін орталыққа қайтып жіберіледі. Орталықтан ол сұранысқа орындалғаны туралы ақпарат тіркеліп,қолданушы оны біле алады.

Техникалық бөлімге түскен сұраныс материалдық бөлімнен қажетті детальдермен қамтамасыз етіледі.

 

Сызба – 2. Тұтынушыларды қолдау бөлімінің бағдарламасының жұмысының блок-схемасы.

 

 

3.4 Delphi ортасында MS SQL SERVER мәліметтер қорын басқару жүйесімен байланыс орнату

Өз өнімдеріне ADO технологиясын бейімдеген Microsoft – қа қарағанда Borland фирмасы әр түрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін түрлі құралдарды берді.

Data Access бетбелгісінде мәліметтерге қатынаудың  негізгі құрауыштары орналасқан. Бұл құрауыштар барлығына ортақ  және басқа да құрауыштар топтарымен  бірлесіп қолданылуы мүмкін.

 

 

3.2-cурет – Құрауыштар палитрасының Data Access бет белгісі

 

Data Controls бетбелгісінде кестелердегі мәліметтерді  шығару және редакциялау үшін  қажетті құрауыштар орналасқан. Бұл құрауыштар да сол сияқты мәліметтерге қатынаудың қолданылатын технологиясынан тәуелсіз қолданылуы мүмкін.

 

 

3.3-cурет – Құрауыштар палитрасының Data Controls бетбелгісі

 

BDE бетбелгісі мәліметтер қорына қатынауға мүмкіндік туғызатын Borland фирмасымен құрастырылған Borland Database Engine атауы бар технологияға құрауыштардан тұрады. Бұл технология ескіріп кетті, бұрынғы нұсқалары үшін үйлесімділікке қойылады. Осыған қарамастан ол мәліметтер қорының Paradox, dBase сияқты ескі типтерімен жақсы жұмыс істейді.

 

 

3.4-cурет – Құрауыштар палитрасының BDE бетбелгісі

 

DBЕxpress – Borland фирмасының мәліметтерге қатынаудың  жаңа технологиясы. Ол ерекшеленеді  және мәліметтер қоры қолданатын  клиент серверлік қосымшаларды  бағдарламалауға арналған. Бір бетбелгілі  құрауыштарды серверлік технология  бойынша құрылған Oracle, DB2 немесе MySQL сияқты мәліметтер қорына қолдану  керек.

Delphi – де мәліметтер қорымен жұмыс істеудің альтернативті мүмкіндігі енгізілген. Бұл Microsoft фирмасында құрылған Activex Data Objects (ADO) технологиясы. ADO- бұл реляциялық және реляциялық емес МҚ электрондық пошта, жүйелі, мәтінді, графикалық файлдардан тұратын мәліметтерден кез келген типіне сәйкес келетін қолданушы интерфейсі мәліметтермен байланысу OLEDB технологиясының қатысуымен жүзеге асырылады.

ADO –  ны қолдану мәліметтермен жұмыс істеуге қамтамассыз етеді. ADO – мен жұмыс істеу үшін компьютерде ADO 2.1 және одан жоғары нұсқалы жүйесі орнатылуы қажет.

 

 

3.5-cурет – Құрауыштар палитрасының АDО бетбелгісі

 

SQL Server мәліметтер қорымен жұмыс істеу компьютерге Office бағдарламасымен бірге орнатылуы мүмкін болатын немесе жеке орнатылатын арнайы АDО баптауы арқылы жүреді. Егер біздің бағдарламамыз клиенттің компьютерінде жұмыс істемейтін болса, АDО-ны компьютерге орнатуды қамдау қажет. Бұл жұмыста құауыштардың барлығын жазып қажеті жоқ, бірақ мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған кәсіптік қосымшалар жазу мүмкін болатын қажетті ақпаратты беруге болады.

Мәліметтер қорымен байланыс орнату үшін ADO бетбелгісінен ADOConnection құрауышы алынып, ConnectionString қасиеттінде жазылатын сервермен байланысты баптау орындалады. Ол үшін ConnectionString жолында екі рет шерту қажет және бізге ADOConnection 4.5-суретінде көрсетілгендей терезе ашылады.

 

 

3.6-cурет – Мәліметтер қорына қосылуды құру терезесі

 

Бұл жерде төмендегідей таңдау жасау қажет:

1.Арнайы файлды қолдану (Use Data Link File);

2.Қосылу жолын таңдау (Use Connection String)

Екіншісі, қосылу жолын қалай құру керек. Ол үшін Build батырмасына бассақ 3.7-суретінде көрсетілгендей тағы бір терезе ашылады.

 

3.7-cурет – Қосылу жолын құру терезесі

 

Provider бетбелгісінде  мәліметтер қорына қатынау мүмкіндігі  бар бар ADO драйверлер көрсетілген. Егер қандай да бір драйвер  жоқ болса, онда үнсіздікте ерекшеленген  «Microsoft OLE DB Provider for SQL Server»-ті қолдану  болады. Бұл драйвер ODBC драйвер арқылы  мәліметтер қорына қатынас жасауға  мүмкіндік береді. Біздің жағдайымызда SQL Server мәліметтер қорына қатынауға  «Microsoft Jet OLE DB Provider» қолданылады. Мұндай  драйвер машинаға міндетті түрде MS Office –мен бірге орнатылады, ал Windows-тың соңғы нұсқаларында ол  үнсіздіктен орнатылады.

Жалпы компьютерлерде бұл драйвердің екі нұсқасы да орнатылған, сондықтан біз оның жаңасы - «Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider» -ді таңдаймыз. Бұдан кейін Next батырмасына басылып, «Connection» бетбелгісіне өту орындалады.

«Connection» бетбелгісінің түрі таңдалған драйверге байланысты болады(3.8-сурет).

Ең алдымен бұл терезеде мәліметтер қорының атауын (қажет болса жолды да) «Select or enter a database name» жолына енгізу қажет. Егер мәліметтер қоры жүктелетін файлмен бір директорияда орналасатын болса жолды көрсетіп қажеті жоқ. Біз мәліметтер қорын жүктелетін файлмен бір директорияда орналастыру туралы кеңес береміз. Егер файлдар жүктелетін файлдан бөлек сақталса, онда толық жолды көрсету қажет, ал ол бағдарламаны басқа компьютерге көшірген кезде қиындық туғызады. Өйткені бағдарлама мәліметтер қорын көрсетілген жол бойынша іздейді. Егер файлдарды басқа директорияда сақтағымыз келсе, онда ағымдағы директорияға қатысты жолды көрсетеміз.

 

 

3.8-cурет – «Connection» бетбелгісі

 

Мәліметтер қоры файлын жеңіл таңдау үшін енгізу жолының оң жағында орналасқан нүктелерге шерту қажет. Сонымен қатар бізге келесі өрістерді толтыру қажет:

1) қолданушы есімі (User name) үнсіздіктен  қоюға болады, егер MS Access –ті құрғанда  басқа есім берілмесе;

2) пароль (Password) – егер мәліметтер  қорында пароль болса, онда оны  көрсету қажет;

3) бос пароль (Blank password) – егер  пароль қажет болмас, онда бұл  жерде қанатбелгіні орнату орынды;

4) парольды  сақтау мүмкіндігін беру (Allow saving password). Егер бұл жерде қанатбелгіні  орнатсақ, онда пароль сақталынуы  мүмкін.

Мәліметтер қорын таңдағаннан кейін байланысты тестілеу үшін батырмасын бас. Егер барлығы дұрыс көрсетілсе, біз «Test Connection succeeded» хабарламасын көреміз. Қосылу жолын құру терезесін жабу үшін ОК батырмасын басу керек және қосылу жолының редактор терезесін жабу үшін тағы да бір рет ОК батырмасын басу керек. Енді ADOConnection құрауышының қасиеттерінде LoginPrompt қасиетін алып тастап, false деп орнатайық. Бұл мәліметтер қорына енуде қайта-қайта пароль енгізбес үшін қажет. Ал енді мәліметтер қорымен байланыс орнатылуы үшін Connected қасиетін True деп берелік.

Сонымен, байланысты аяқталған деп есептеуге болады. Енді бізге өзіміз құрған «Справочник» кестесіне қатынау алу керек. Ол үшін формаға құрауыштар палитрасынан ADO бетбелгісінен ADOTable құрауышын қоямыз. Бірден оның Name қасиетін BookName деп өзгертейік.

TADOTable.

Бұл құрауышта да ConnectionString қасиеті бар, оны да тура солай баптауға болады. Неге олай болады? Өйткені, олай жасамас үшін біз формаға  ADOConnection құрауышын қойдық. Енді біз BookName құрауышындағы Connection қасиетінде өзіміз құрастырған мәліметтер қорымен байланысу құрауышын көрсете аламыз.

Connection қасиетіндегі  төмен созылған тізімді шертіп  жалғыз ADOConnection1 пунктін таңда. Енді  бізге ConnectionString қасиетін толтырмай-ақ  қоюға да болады.

TableName қасиетінде  біздің кестеміздің атауын (Справочник) таңдау керек. Кестемен байланыс  көрсетілді, енді қосылуға болады. Ол үшін Active қасиетін true деп орнат.

TdataSource.

Кестедегі мәліметтерді бейнелеу үшін формаға құрауыштар палитрасынан Data Access бетбелгісінен DataSource құрауышын орнату керек. Енді бұл құрауышқа қандай кестені бейнелейтінін көрсету керек. Ол үшін DataSet қасиетінде төмен созылған тізімнен біздің BookTable кестесін таңдау қажет. Дайындықтар бітті, мәліметтерді шынайы бейнелеуге кірісуге болады. Кестені бейнелеудің ең қарапайым тәсілі – DBGrid құрауышын орнату.

DBGrid.

Бұл мәліметтерді кесте түрінде бейнелеуге арналған құрауыш-тор. Бұл құрауышта біздің кестеміздің жолдарын қосуға, жоюға және редакциялауға болады.

Және біздің қосымшаны құрудың соңғы кезеңі – құрауыш торды кестені бейнелеу құрауышымен байланыстыру. Ол үшін DBGrid құраушының DataSource қасиетінде өзіміз құрастырған DataSource құрауышын көрсету керек.

 

3.5 Бағдаpламаны сипаттаy

 

Жоғаpыда айтылғандай, жобаның интеpфейсі Delphi 7 бағдаpламалаy оpтасында оpындалды. Қосымшаның бағдаpламалық коды Б қосымшасында келтіpілген. Бағдаpламаны қосy кезінде, алдымен бағдаpламаның алғашқы беті ашылады.

 

 

 

Сypет 3.9 – Бағдарламаның сплэш формасы

 

 

 

Сypет 3.10 – Бағдаpламаның тіpкелy теpезесі

 

Қолданyшылаp:

- администpатоp;

- оператор;

- инженер;

- жауапты адам.

 

Мұнда сұраныстар тypалы мәліметтеp баp. Яғни сұраныс коды, техника атауы,ақауы,клиент аты-жөні және  т.с.с. Бұл жеpде оператор сұраныстарды қабылдап инженерлерге жібереді. Инженерлер сұранысты орындап болған соң,орындалғынын белгілеп операторға сәйкес ақпаратты жібереді. Оператор тексеру бөлімі арқылы оны тексеріп клиенттерге сұраныс жағдайынхабарлап отыра алады.

 

 

Сypет 3.11 – Жүйеге қызметкер ретінде кіpy теpезесі

 

Жүйеге администpатоp pетінде кіpy аpқылы жасалып жатқан жұмыстаpды басқаpyға болады. Орталықтағы сұраныстарды бақылаy мүмкіндігі баp. Жаңа жұмысшылаpды қабылдаy кезінде мәліметтеpді енгізy мүмкіндігі баp. Жұмысшылаpға кілт сөзін тағайындаyшы қызметін атқаpады.

Орталық операторы жүйеге өз атымен және индивидyалды кілт сөзімен жүйеге енеді. Оператор сұраныс қабылдап алy қызметін атқаpады. Жаңа сұраныс жасаy,қосy, өзгеpтy және тексеру фyнкциялаpын атқаpады.

 

Авторизация батырмасының коды:

 

procedure Tlogin.Button1Click(Sender: TObject);

begin

if combobox1.ItemIndex=0 then  // қолданушыны анықтау

begin

titul.n1.visible:=true;

titul.n4.visible:=false;

titul.n5.visible:=false;

titul.n7.visible:=false;  // Mainmenu компонентіндегі батырмалардың көріну – көрінбеуін анықтау

titul.show;  // форманы көрсету

end

else if combobox1.ItemIndex=1 then  // қолданушыны анықтау

...

end

end;

 

 

 

Сypет 3.12- Сұраныс қабылдау бөлімі

Енгізу батырмасының коды:

 

Информация о работе Тұтынушыларды қолдау бөлімі орталығының клиент-серверлік қосымшасын құру