ОҚО Жетісай ҚТЖ тасымалдау желісін жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 16:08, дипломная работа

Описание работы

Жетісай қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан. Мақтаарал ауданы - облыстың қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы.1927 жылдан бастап қала болған. Ал 1997 жылы 3 аудан: Мырзакент, Атакент, Асықата қосылып ірілендірілген. Қазіргі аудан орталығы - Жетісай қаласы. Жетісай қаласының облыс орталығы Шымкент қаласына дейін 220 км құрайды. Қазір Жетісай қаласының халқының саны 2009 жылғы санақ бойынша тоқсан төрт мың бес жүз, ал жалпы аудан көлемінде үш жүз алпыс бес мың адам тіркелген.

Файлы: 1 файл

n1.doc

— 300.00 Кб (Скачать файл)

Бұл базалық топология  желідегі трафик қарқындылығы аса көп  болмағанда және қол жететін арналарды енгізуге болатын жолдағы нүктелер қатарына тармақталу қажеттілігі туған кезде қолданылады. Ол 1.4 суретте көрсетілгендей резервсіз қарапайым реттелген сызықты тізбек түрінде немесе 1.5 суретте көрсетілген күрделі 1+1 типті резервтелген тізбек түрінде де ұсынылуы мүмкін.Соңғы нұсқадағы топологияны көбінесе «қарапайымдатылған сақина» деп атайды.

1.4 сурет - «Реттелген сызықты тізбек» топологиясы

1.5 сурет - 1+1 қорғанысы  бар «қарапайымдатылған сақина»  типті «реттелген сызықты тізбек»

Концентратор функциясын жүзеге асыратын «жулдызша» топологиясы.

Бұл топологияда коммутация орталығымен ( мысалы, цифрлық АТС ) байланысы бар жиелі тораптардың қашық орналасқандарының біреуі немесе орталық сақинадағы SDH желісінің торабы концентратор немесе хабтың ролін ойнайды, мұнда графиктің бір бөлігі қолданушылар терминалдарына шығарылып отыруы мүмкін, ал оның қалған бөліктері басқа қашық орналасқан тораптар бойынша таратылуы мүмкін (1.6 сурет).

1.6 сурет - «Жулдызша»  топологиясы 

 

«Сақина» топологиясы.

         Бұл топология (1.7 сурет) SDH иерархиясының  бірінші екі деңгейлерінің (155 және 622 Мбит/с) SDH желілерін құру үшін кең қолданылады. Бұл топологияның негізгі артықшылығы – 1+1 типті қорғанысты ұйымдастырудың жеңілдігі .

SMUX синхронды мультиплексорларда  оптикалық агрегатты шығыстардың  (қабылдап/ таратушы арналардың): шығыс  – батыс екі жұптың бар болуының арқасында кездесуші ағындары бар екі сақинаны түзуге мүмкіндік береді.

 

 

1.7 сурет - 1+1 қорғанысы  бар «сақина» топологиясы

 

Сақина тәрізді топологияның бірнеше қызық қасиеттері бар, олар желіге өзімен өзі қалыпқа келуіне, яғни біраз айтарлықтай сипаттамалы істен шығу тұрлерінен қорғануына мүмкіндік береді.

 

 

 

 

1.6 Жобаны іске асыру үшін қолданылатын технологияны, байланыс жолын және топологияны таңдау.

 

Қазақстан Республикасының  қазіргі уақытта қолданылып жүрген  заманға сай талаптарға жауап беретін және болашақта даму тенденциялары жоғары технологиялардың бірі – SDH технологиясы болып табылады. Сондықтан Жетісай қаласында дәл осы технологияның негізінде тасымалдау желісін қайта құру жобаланып отыр. Бұл технологияның басқа да қалалардың тәжірибесінде қолданылуының табысты болуы -  менің  осы технологияны таңдауыма себеп болды. Сонымен қатар жоғарыда салыстырылған топологиялардың ішінен «сақина» топологиясын таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені оның артықшылықтарының бірі, екі оптикалық сызықты шығыстарының (қабылдап/тарату арналарының), агрегатты шығыстары деп аталады және жүз пайыздық қосымша арналардың немесе 1+1 сұлбасы бойынша қорғанысы арқылы сенімділігін арттыру. Бұл шығыстар (желі топологиясына байланысты) негізгі және қосымша (сызықтық топология) немесе шығыс және батыс (сақина топологиясы) деп аталады. «шығыс» және «батыс» терминдері SDH желісінде екі тіке қарама-қарсы жолдары арқылы сигналдарды «сақина» топологиясында: бірі солға қарай сақина бойымен – «батыстық», ал екіншісі оңға қарай сақина бойымен – «шығыстық» таратады. Ал құрылғысына келетін болсақ, Қазақстан Республикасында SDH желісін орнатуда Израиль елінің ECI және Siemens фирмалары атқарып келген. Уақыт өте келе бұл фирмалар шығарған өнімдердің сапасы төмендей бастады. Қазіргі таңда елімізде Қытай елінің Huawei компаниысының шығарған өнімдерін қолдану үстінде. Бұл құрылғы SDH мультиплексорларын өндіруде көп тәжірибе жинаған. Компанияның шығарған өнімдерінің сапасы жоғары, ал бағасы төмен (басқа компаниялармен салыстырғанда) болғандықтан тез қолданыс тапқан. Бұл жобаны іске асыру үшін SDH сақинасының мультиплексоры ретінде мен Optix Metro 3100 мультиплексорын ұсынар едім. Өйткені мультиплексор мәліметтерді таратуда барлық стандарттарда жұмыс істейді, сандық крос-коммутациясында жұмыс істейтін технологияларға STM-1 96 арнасын өңдеуге мүмкіндік береді. Қарастырып отырған бөлімде SDH технологиясының жабдығын, сонымен қатар тарату жүйесінің талаптарын (жылдамдық, ақпарат көлемі және т.б.) орындайтын, ақпаратты тасымалдайтын физикалық орта ретінде талшықты-оптикалық кабелді таңдадым. Кестеден (1.3) көріп отырғанымыздай Жетісай қаласының станция арасында ең  тиімді байланыс жолы болып- оптикалық кабель таңдалады, себебі:

-ауданда оптикалық  кабельді техникалық жұмысқа  пайдалануға  машықтанған техниктер мен жұмысшы кадрлері бар;

- оптикалық кабельдің  кең ауқымдылығы іс жүзінде  дәлелденген.

 

 

 

 

 




Информация о работе ОҚО Жетісай ҚТЖ тасымалдау желісін жетілдіру