Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 00:20, курсовая работа
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы, мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары, мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған. Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары қарастырылған.
Кіріспе...................................................................................................................3
1тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны ...........................5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы................................................5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы.......................................8
2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны..................17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары.................................17
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары....................26
3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру...............................29
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру.....................................29
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру..................................33
Қорытынды........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................39
Мазмұны
Кіріспе.......................
1тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны ...........................5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы
және маңызы........................
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы
мен құрылымы......................
2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны..................17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері
және шығыстары.....................
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары....................26
3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы
базасын жетілдіру.....................
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды
жетілдіру.....................
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы
базасын жетілдіру.....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан басталады, ал бақылау – тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.
Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.
Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы – экономикалық жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының көлеміне және сипатына шектен тыс қарама – қайшы көзқарастардан туындайды.
Экономиканың ырықтандырылуы, нарық қатынастарының дамуы мемлекет үшін ақшалай ресурстардың ағымына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігін нақты көрсетеді.
Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:
Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан бастап қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін «мемлекет қалтасы» жағдайына жалпы, ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды.
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы, мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары, мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған. Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары қарастырылған.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып – мемлекеттік бюджеттің экономикадағы маңызы, оның қаржы жүйесіндегі рөлі, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т.б. табылады.
Курстық жұмыс жазу барысында басты назар келесі мән – жайларға аударылды:
- мемлекеттік бюджеттің экономидағы алатын орны;
- мемлекеттік бюджеттің құрамы және құрылымы;
- мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және жою жолдары;
- мемлекеттік бюджеттік
Бұл курстық жұмыста мемлекеттік бюджеттің мәнін, оның экономикадағы рөлін, құрылымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылығын толықтай және де көбірек қамтыдым және де бұл курстық жұмыстың әдістемелік нұсқамасы болып, жетекші мамандардың монографиялары, газет – журналдар, әдебиеттер, нормативтік – құқықтық актілер және т.б. табылады.
1.Мемлекеттік бюджеттің экономикадка алатын орны.
Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы
Сан алуан қаржы байланыстарында жекелеген ерекшеліктері бедерленетін айрықша салалар бар. Мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «Мемлекеттік бюджет» деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды1[1].
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруін қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономика жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени шаралар өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етеді2[2].
Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы өндірістің қажеттіліктерінен, мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік туындайтын болып табылады.
Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтіп құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қызмет етеді.
Нақты объективті бөліс қатынастардың формасы болғандықтан айрықша қоғамдық арналымды орындай отырып, мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар: бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді.Сонымен қатар бюджеттік қатынастардың белгілі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады:
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық-заттай көрініс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорында – бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда жүріп жатқан нақты экономикалық бөліс процестері мемлекет жұмылдырып, пайдаланатын қаражат тасқынынан көрінеді. Бюджет қоры- қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына түскен бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану, бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді3[3].
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономикаға ықпал құралы ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі- мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге асырылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншіктің әзірше, басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты- елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары- мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді. Мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика үкіметінің «Мемлекеттік бюджет туралы» заңына сәйкес міндетті түрде орындалуы тиіс.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен, өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы жеке жеке кәсіпорындар шеңберінде және қоғамдық бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлар қозғалысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдар мен айналым қаржысын бюджеттен қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке кәсіпорындардың өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз бірқалыпты жүруіне мүмкіндік береді.
Өндірістен тыс салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі дамуының басты көзі. Бұл салалардағы мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ болғандықтан, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы мемлекеттің шығындары- жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы базасы. Өндірістік емес салалар құрылымын ұтымды құрауда бюджеттің маңызы орасан зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстары мен қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін қалыптастыруға, оны пайдалануда аумақтық пропорцияға әсер етуі мүмкін.
Мемлекеттік бюджет –бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың көпсалалы қызметтерін бейнелейтін құжат деуге болады. Ол мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде немесе муниципалдық жиналыста қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару үкіметінің өкілетті өкілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинақтау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді
Информация о работе Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру