Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:49, реферат

Описание работы

Тәжірибе АҚ «ҚазТелеРадио» телерадио хабарлау филиалында откізілді. Ол Қарағанды қаласы Жауынгер интернационалистер көшесі 16 А орналасқан жеке меншік мекеме. «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жер серіктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында«Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.

Файлы: 1 файл

otchet_perevod_tuzetilgen.docx

— 376.45 Кб (Скачать файл)

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тәжірибе  АҚ  «ҚазТелеРадио»  телерадио  хабарлау филиалында откізілді. Ол  Қарағанды қаласы  Жауынгер интернационалистер көшесі 16 А орналасқан жеке меншік мекеме. «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жер серіктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында«Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.

«Қазтелерадио» АҚ қызметінің 2011-2015-жылдарға басым бағыттарын айқындайтын негізгі мақсаттар:

Эфирлік сандық хабар таратуды енгізу үшін инфрақұрылымды дайындау,

Тұрғындарды эфирлік сандық телеарналармен қамту көлемін 2015-жылға қарай 95 пайызға жеткізу.

Халықты эфирлік радиохабар таратумен қамту көлемін ұлғайту,

«OTAU TV» тікелей жерсеріктік хабар тарату жүйесіне жазылушылардың санын 2015-жылға қарай 300 000 абонентке жеткізу.

Телерадиохабар тарату және мәлімет жіберу қызметтерінің тізілімі мен географиялық аумағын кеңейту.

Республикалық трансляция желісінің сенімділігі мен техникалық сапасын арттыру.

Аймақтардағы хабар таратуды дамыту.

 

 

 

1. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері

 Еңбекті қорғау бойынша қауіпсіздіктің жалпы талаптары

Байланыс телефонисті коммутаторға қызмет көрсетеді. Байланыс телефонисті барлық талаптарды міндетті түрде білуі керек және коммутаторға ағымдағы қызмет көрсету нұсқаулығы бойынша орындауы керек. Жұмыс кезіндегі қажетті әдебиетті пайдалана отырып міндетті түрде өзінің мамандығын жоғарылатып отыруы тиіс.

Коммутаторға қызмет көрсету жұмысына жасы 18 – ден асқан, арнайы оқытудан өткен және керекті емтихандарды тапсырған, коммутаторға қызмет көрсетуге құқығы бар деген куәлік алған, алдын ала медициналық зерттеулерден өткен жастар жіберіледі.

Байланыс телефонисті жұмысы электр жабдықтарымен болады, «тұтынушылардың электр жабдықтарына қызмет көрсету бойынша қауіпсіздк пен техникалық  тасымалдау ережелері» бойынша екінші группа маманы болуы шарт және оперативтң қызметкер саналады.

       Телефон байланысының телефонистерінің электр жабдықтарының қауіпсіз жұмыстарының әдістеріне байланысты білімін тексеру керек, мұндай емтихан әр ай белгілі бір комиссия мүшелерімен жүргізіледі. Кәсіпорынның белгілеуімен техника қауіпсіздігі бойынша арнайы куәлік беріледі.

Жұмыс режимі кәсіпорынның құрған кестесі бойынша жүреді, және жылына бір рет еңбек демалысы беріледі.

Жұмыс басындағы қауіпсіздіктің және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары

Алдын ала медициналық сараптамадан өтіп, сараптаманың нәтижесін арнайы кітапшаға өтілген күнін белгілеп жазу керек. Байланыс телефонистінің кезекшілікке шығуы ішкі еңбек тәртібіне сәйкес жүргілуі керек, сонымен қатар кәсіпорынның бас энергетигінің құрған ай сайынғы кестесіне сәйкес болуы керек.

Бекітілген кестеге сәйкес кезекшілікке кіріскенде ауыстыратын адам алдындағы кезекшілікте болған адамнан қабылдап алуы керек, алдыңғы ауысымның жұмысымен танысып, қабылдау-тапсыру журналына тіркелуі шарт.

Коммутатордың жұмысын тексеріп және апаттық жарықтандырудың жұмыс өнімділігін тексеру керек.

Кезекшіліктің қабылданғаны және тапсырылғаны жөнінде арнайы ауысымның қабылдау – тапсыру журналында жазылуы тиіс.

 Жұмыс барсындағы қауіпсіздіктің және еңбекті қорғаудың талаптары

Рұқсат етілмейді:

 Бекітілген жұмыс нұсқаулығына сәйкес телефон байланысынң телефонистінің міндеттеріне кірмейтін жұмыстарды орындау;

Бір аккумуляторлы батарейден басқа аккумуляторлы батарейге өтуге;

 Қоректену құрылғылары, жарықтандыру құралдарының жөндеуге жұмыстары және басқа аппаратураларды қосуға.

     Қоректену ортасынан кернеуді ағытуға, апаттық жарықтандыруды қосуға, аккумуляторлар жұмысына шақыру құрылғысын қосуға және байланыс шеберін алып кетуге.

  Зақымданған адамды электр тогынан ажыратқаннан кейін ғана ток жүргізгіш бөліктерден хабарландырып кернеуді ағытуға болады.

Абоненттерден телефондардың зақымдалғаны жөнінде алынған шағымдарды қабылдағанда оларды міндетті түрде шеберге хабарлап, бас тарту және сымдардағы зақымдалу тіркеу журналына жазылуы керек.

Әрбір телефонистке жеке нөмір беріледі.

Коммутаторға кіріс қоңыраулар келгенде телефонист берілген реттік номері және кәсіпорын атауын айтуы керек.

Апаттық жағдайлардағы қауіпсіздіктің және еңбекті қорғаудың талаптары

 

 

 

 

Апаттық жағдайлар немесе апаттар пайда болған жағдайда міндетті:

- электр жабдықтарын сөндіру;

- апаттың алдын алу үшін шаралар қолдану және адам өміріне қауіп төндірмеу;

- болған жағдайды міндетті түрде шеберге хабарлау;

- сәтсіз оқиға болған жағдайда алғашқы көмек көрсету, қажет болса зақымдалған адамды тез арада емханаға жеткізу.

Өрт болған жағдайда :

- жұмысты тоқтату;

- электр жабдықтарын сөндіру;

- басшылыққа хабарлау және өрт сөндірушілерді шақыру керек;

- өрт сөндіргіш құралдармен барынша өртті тоқтатуға кірісу;

        Сәтсіз оқиғаларда жарақат алған адамдарға алғашқы көмек көрсету керек, ал қажет болған жағдайда жарақаттанушыны жақын жердегі медициналық пунктке жеткізу керек және дәрігерді шақыру керек. Алғашқы көмек көрсеткенде «Электрлік токтан және басқа да сәтсіз оқиғалардағы алғашқы көмек» нұсқауларына сүйену керек.

 Жұмыс соңындағы қауіпсіздіктің және еңбекті қорғаудың талаптары

коммутаторды келесі ауысым кезекшілігіне дайындау.

         Бекітілген кестеге сәйкес ауысымды тапсырғанда қабылдайтын ауысыммен бірге коммутатордың және жарықтандыру жүйелерінің жұмыс өнімділігін тексеру керек. Апаттық бас тартулар мен абонеттердің шағымдары жайлы қабылдайтын ауысымды таныстып өту.

Жұмыс орнындағы техника қауіпсізідігі және еңбекті қорғауды оқыту

         Байланыс операторы жұмыс барысында пайда болатын қауіпті және зиянды факторлардың болмауы үшін қажетті қорғаныс қауіпсіздігін орындауы керек, 4 сағаттан астам экранға үзбей қарау жұмыстары кезінде, дауыс аппаратының көп жұмыс істеу кезінде, ауыр жұмыс уақытында қажетті қауіпсіздік техникаларын орындауы керек. Күнделікті жұмыс уақытында мәндетті түрде білу қажет: жұмыс орнындағы тәртіп және тазалық сақтау, жұмыс барысында барынша ықыласты және техника қауіпсіздігінде, еңбекті қорғауда тәртіп бұзушылықты болдырмау керек. Байланыс операторы міндетті түрде адам өміріне және денсаулығына қауіпті жағдайларды басшыларға хабарлап отыруы тиіс, әрбір сәтсіз оқиға болғаны жайлы және денсаулықтың нашарлауы жөнінде  хабарлануы тиіс, сонымен қатар улану болған жағдайда да басшылар білуі тиіс.

        Компьютердің кез келген қателерін жқндеуге тыйым салынады, компьютер ток көзіне  қосылып тұрғанда дискжетектен қалып қойған дискетаны алуға тыйым салынады.   Жұмыс уақытының әрбір 15 минуты сайын демалу керек және компьютер алдында күніне 4 сағаттан көп жұмыс істеуге тыйым салынады.

         Қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғау үшін оператор төмендегілерді білуі тиіс: компьютер жұмыс орнының санитарлық нормаларына сәйкес және талаптарға сай орнатылуы тиіс, жарықтандыру дұрыс болуы керек, экранның жарығын уақытымен орнатып отыру керек, экранға дейінгі ара қашықтық 50-70см болуы қажет, компьютер міндетті түрде жерге орналстырылуы тиіс, мониторды жылу көзінен алыс ұстау керек, монитордың желдеткіш құрылғыларын жаппау керек. Компьютерді қоспас бұрын міндетті  түрде тексеру керек: разьемдердің жұмысын, сымдардың қалпында тұрғанын, ашық жерлердің жоқ екенін тексеру керек.

         Жұмыс соңында оператор компьютерді желіден ағытып тастауға, өз жұмыс орнын қалыпқа келтіруге, жеке гигиена ережелерін сақтауға, барлық болған қателерді басшыларға хабарлауы тиіс.

                         

 

 

 

2. Ақ « ҚАзтелерадио» базалық кәсіпорынның құрылысымен танысу

АҚ «Казтелерадио»

Заңды мекенжайы: 050040, Алматы қ., Әл-Фараби данғ, 118

Сату орталықтардың мекенжайы:

Алматы қ. сату орталылығының мекенжайы: 050012, Алматы қ., Мәуленов көш., 85/91

Жұмыс тәртібі:

Дс – Жм – 9:00-ден 17:00-ге дейін 
Сн, Жк – демалыс

Тел.: +7(7172) 57 34 69, +7 (7172) 57 34 68, +7 (7172) 21 70 80

  Барлық сұрақтар бойынша: 193 немесе +7 727 2 581 500 телефондарына қоңырау шалуға болады.

    «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жер серіктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында«Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.

Басым бағыттары:

  • Эфирлік сандық теле және радио хабар тарату желісін енгізу мен дамыту;
  • Жерсеріктік телерадиохабар тарату ұлттық жүйесін дамыту;
  • Республиканың бүкіл аумағында техникалық жоғары сапалы теле және радиосигналдың үздіксіз қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
  • Мәлімет тарату қызметін ұсыну;
  • Телекөпір мен бейнеаралық өткізу бойынша қызмет ұсын у;
  • Ақылы негіздегі көпбағдарламалық жерсеріктік және эфирлік телеарналар көрсету қызметі бойынша Қазақстанда жетекші орынға шығу.

 

 

 

 

Мақсаттары:

«Қазтелерадио» АҚ қызметінің 2011-2015-жылдарға басым бағыттарын айқындайтын негізгі мақсаттар:

  • Эфирлік сандық хабар таратуды енгізу үшін инфрақұрылымды дайындау,
  • Тұрғындарды эфирлік сандық телеарналармен қамту көлемін 2015-жылға қарай 95 пайызға жеткізу.
  • Халықты эфирлік радиохабар таратумен қамту көлемін ұлғайту,
  • «OTAU TV» тікелей жерсеріктік хабар тарату жүйесіне жазылушылардың санын 2015-жылға қарай 300 000 абонентке жеткізу.
  • Телерадиохабар тарату және мәлімет жіберу қызметтерінің тізілімі мен географиялық аумағын кеңейту.
  • Республикалық трансляция желісінің сенімділігі мен техникалық сапасын арттыру.
  • Аймақтардағы хабар таратуды дамыту.

Тарихы:

  • Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдары Қазақ КСР байланыс министрлігінің қарамағында телерадио хабар қызу дамып келе жатқан саланы үйлестіру және басқару мақсатымен радио байланыс, радио хабар тарату және телевизия дирекциясы құрылды (РРХТТД).
  • 1974 жылы даму үдерісінде кәсіпорын Радио хабар тарату және телевизия республикалық торабы деген атқа ие болды, кәсіпорынға республиканың барлық магистралдық, аймақтық радиорелелі желілерінің, қуатты радиотелевизиялық орталықтардың және көптеген РС, РВ, ТД объектілерінің құрылысы мен пайдалануы тапсырылған.
  • 1993 жылы – «Радио және телевизия» біріккен өндірістік республикалық мекеменің мәртебесін алды (РТ РӨБ);
  • 1996 жылдан бастап Біріккен радио байланыс, радио хабар және телевизия болды (БРРТ);
  • РХТРТ негізінде 1997 жылдың қазанында РМҚМ (Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Мекеме) «Қазтелерадио» құрылды;
  • 2000 жылдың 24 ақпанында ҚР Үкіметінің №298 қаулысы негізінде 2000 жылдың мамырында «Қазтелерадио» ААҚ құрылды;
  • 2001 – 2004 жылдары – «Қазтелерадио» ЖАҚ;
  • 2004 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы 13.05.2003 жылғы №415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына және «Қазақстандық Хабар Тарататын Корпорация» ААҚ басқарушы компанияның шешіміне сәйкес «Қазтелерадио» АҚ.

 

3. Жұмыс орнымен  танысу

3.1. Техникалық дәрежелік мінездемесімен; құқықтары мен міндеттерімен танысу

Қызметтері:

Тұрғылықты емес бөлменi жалдау

Хабарлағыштардың жалдауы

Хабарлағыштардың техникалық қызмет көрсетулуі

Монтаж, антенна-фидерлік жүйелер

Өлшеу құралдарын тексеру

Өлшеу құралдарын тексеру

Корпоративтік клиенттерге арналған қызметтер

Жоба аумағындағы жұмыстар

Жерсеріктік телерадиохабар тарату қызметтері

«Қазтелерадио» Қарағанды, Астана және Алматы қалаларында ілкі жоба ретінде сандық хабар тарататын құрылғы орнатпақ

 «Қазтелерадио» компаниясы  Қарағанды, Астана және Алматы  қалаларында жоспарға сай ілкі  жоба ретінде сандық хабар  тарататын құрылғы орнататын  болады.

«Қазтелерадио» АҚ жоба бюросының көрсететін қызметі:

Жоба бюросының негізгі қызметі – «Қазтелерадио» АҚ мен оның объектісінде өзінің құрал-жабдығын орналастыратын басқа да ұйымдардың мұқтаждықтары үшін жобалы-сметалы құжатнаманы өндеу.

Информация о работе Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері