Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:49, реферат
Тәжірибе АҚ «ҚазТелеРадио» телерадио хабарлау филиалында откізілді. Ол Қарағанды қаласы Жауынгер интернационалистер көшесі 16 А орналасқан жеке меншік мекеме. «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жер серіктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында«Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.
Аккумуляторлар құрылысы бойынша екі негізгі топқа бөлінеді:қышқылдық (свинцтік) және сілтілік (щелочные). Осы топтың өзі әрқайсысы бірнеше типтерге бөлінеді, олар бір – бірінен көлемі мен құрылысы бойынша ажыратылады.
Ең қарапайым қышқылдық аккумулятор екі свинцтік пластинадар тұрады, олар күкірт қышқылының сұйықтығына жіберіледі. Осылай оның пластиналарының арасында ешқандай потенциалдар болмайды. Аккумуляторда электр күштері пайда болу үшін оны зарядтау керек, яғни оны тұрақты токтан өткізу керек. Аккумулятор заряды кезінде күкірт қышқылының химиялық бөлінуі жүреді, теріс полюсінде су, ал оң полюсінде ауа бөлінеді. Соңғысы оң пластинаның қабатын қышқылдатады, және ол свинц қышқылының бетімен жабылады теріс полюсі толықтай свинцтік болып қалады. Нәтижесінде қышқылдың сұйықтығына малынған екі әр түрлі пластиналар бар элемент пайда болады.
Аккумулятор заряды кезінде ток бағыты заряд тогының бағытына кері болады. Сондықтан разряд кезіндегі химиялық процесстер кері бағытта жүреді: оң пластинада су бөлінеді, ал теріс пластинада ауа бөлінеді. Белгілі бір уақыттан кейін екі пластинаның қабаты химиялық құрамы бойынша бірдей болады және аккумулятор заряды азаяды.
Жоғарыда сипатталғанға қарағада телефондық станцияда қолданылатын қышқылдық аккумуляторлардың құрылымы күрделірек болып келеді.
Теріс пластиналар бір типті болады. Пластина квадраттарға (ұяшық) бөлінген, әрбір ұяшықтың ішінде белсенді салмақ орналастырылған (свинц сульфаты). Пластинаның екі жағы да свинцтің жұқа тесік беттерімен жабылған, осының көмегімен салмақ түспейді, ал қышқылдың сұйықтығы (электролит) қайтадан пластинаның тесігінен өтеді.
Оң пластиналар екі типті болып келеді:: С және СК, таза свинцтан дайындалған және ала-ала қабаты бар, СП және СПК типтері, электролит өтуі үшін жұқа саңылауы бар эбониттік трубкалар қойылған. Пластиналарды шыны, керамика немесе свинцтік бактарда жинайды.
Әр түрлі пластиналар бір-бірінен арнайы фанер беттерімен және ағаш таяқшалармен бөлінеп тұрады. Аккумулятор көлемі пластиналардың саны мен олардың өлшеміне байланысты болады. Электролит ретінде тығыздығы 1,84 болатын, таза суда ерітілген химиялық таза күкірт қышқылы қолданылады. Стационарлы аккумуляторлар үшін электролит тығыздығы 1,18 болуы шарт.
Батарейдегі аккумуляторлар санын ток бөлгіш желілердегі кернеудің ең төмен автоматты залдағы кернеудің төменгі шегімен анықтайды. Аккумулятордың АТС қоректендіру үшін қадамдық жүйесі 30-34шт болуы керек.
Сілтілік аккумуляторлар салмағы бойынша жеңіл, механикалық жағынан тиімді, қысқа тұйықталуларда бүлінбейді, ұзаққа шыдайды және зияны жоқ. Электролит ретінде улы калий немесе улы натрий қолданылады.
Батарейді зарядтаған кезде оның кернеуң жылдам жоғарылайды. Егер батарейді бір мезгілде байланыс аппаратының қоректендіру блогымен зарядтау керек болса, қоректеніп жатқан аппараттың жоғары кернеуін пайда болмас үшін бақылайды. Кернеуді төмендету үшін аппараттың сымына қарсы элементтер қосу керек, олар артық кернеуді өштіреді. Қарсы элементтерден ток өткен кезде батарейдің кернеуінің таңбасына қарсы кернеу пайда болады. Көлемі 2000 номерден асатын АТС – да кернеуді бақылау қосымша элементтердің жүйесі көмегімен жүзеге асады.
Қарсы элементтерді қосу үшін және сөндіру үшін және қосымша элементтер үшін сәйкесінше сілтілік қарсы элементтердің контакторлы жасақтамасын қолданады немесе қосымша жлементтердің щиттерін қолданады. Қарсы элементтер ретінде сілтілік аккумуляторлар қолданылады. Олардың саны 6-дан аспауы керек.
Түзеткіш құрылғылардың, аккумуляторлы батарейлер арасындағы тұрақты токтың ток жүргізгіш сымдарын коммутациялау үшін батарейлік щиттер қолданылады. Олар аккумуляторлы батарейледің ток бойынша қызып кетуінің сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді.
7.КРОССТЫҢ ЖҰМЫСЫ
Кросс абоненттік кабельдерді және станция арасындағы кабельдерді станциялық кабельдерге қосу үшін қолданылады. Кросста зерттеулер жүргізіледі, немесе қосылымдар және абонеттік, біріктіргіш сымдардың қосылуларын жүргізеді.
Кросс жабдықтары қамтамысз етуі керек:
- станцияға сызықты кабельдерді енгізу;
- станционды кабельдерді қосу;
- сызықты және станционды кабельдерді кросстық сымдардың көмегімен біріктіру;
- сызықты кабельдердің бірінен абоненттік комплекттердің қосылуы;
- белгіленген сымдардың транзиттік бірігулерін ұйымдастыру;
- өлшеулер жүргізу үшін қол және автоматты құралдарды кез келген абоненттік сызықтарға қосылу, байланыстың өтуін және қателерді тексеру үшін.
Құрылымды кросстық жабдықтама өзіне қосу керек;
металлдық құрылымдар;
сызықты және станциондық диаметрі 0,4 және 0,5мм болатын кросстық сымдарға шектік құрылғылар қосу үшін;
Ал жабдықтарының электрлык қорғанышының модульдері немесе элементтері және сымдарда пайда болатын қауіпті кернеу мен токтың элементтері болады.
Кросс құрылымы әр түрлі функционалдық тағайындалулардағы элементтерді орнатуда мүмкіншілік бере алады (ток бойынша).
Кросстық құрылыстар құрылымы және қорғаныс модельдері келесі мүмкіндіктерді қарастыруы қажет:
- қорғаныс модульдерінің жұмыс өнімділігін қолмен бақылауды периодты түрде жүргізу.
Кросстың модулінің көлемі станция көлемінің көрсеткішіне тең болуы керек. Кросстың сызықты жағының ең жоғарғы көлемі 128-ден жоғары болмауы тиіс. Кросстың жабдықтарының бу құрылымы секциялы болуы шарт.
Кросттың жоғарғы металлды құрылымы 3 метрден кем болмауы керек ( кабельдердің ұзындығын есепке алмағанда).
Кросстың сызықты және станционды жақтарында бір контактқа қосылу рамкасында екі желіден көп болмауы керек. Мыс желілердің қосылуы және кросстық сымдардың жөнделуі кросстық жабдықтардың көмегімен жасалады.
Жақтық кросстар кросстың төменгі немесе жоғарғы бөлігіне салынады.
Кросстың жабдықтарының бөліктерінің арасындағы ток изоляциясының кедергілері, сонымен қатар ток бөліктері мен корпустың арасындағы ара қашықтық кем болмауы керек:
1 000 Мом – орташа автоматикалық шарттар үшін;
200МОм – жоғарғы температурада;
20МОм – жоғарғы ылғалдылықта.
Кедергі изоляциясы арасындағы өлшемдер ерекшелігі +/-10%-дан кем болмауы керек. Кросстың жабдықтарының электрлік изоляциясы орташа климаттық жағдайларда жабдықталуы тиіс, сонымен қатар ток жүргізгіш пен корпустың арасындағы 1 мин сыртқы жабулары мықты болуы керек, 50Гц –ті токтың кернеуі 2000-нан кем болмауы тиіс. Зерттелетін кернеудің рұқсат етілетін қателігі 10% кем болмауы керек.
Кросстың төрт полюсті өткізгіш сөнуі арасындағы кіріс және шығыс аймақтарында кросстауды қоса алғанда кем болмауы керек:
- 100дБ 0,3 – 3,4кГц диапазонында;
- 80 дБ 3,4 – 192 кГц диапазонында;
- 70дБ 192 – 1024кГц диапазонында.
Кросстың жабдықтарының құрамына мыналар кіруі керек: бөлгіш жұмысқа қабілетті маркерленген штекерлер, екі сымнан тұратын шнурлардың саны, сонымен қатар монтаждық құралдар мен құрылғылардың жинағы.
Қорғаныш жерлердің болттарының және кросстың металл құрылысының кез келген нүктесінінің арасындағы контактылардың тұрақты тогы 0,1 Ом-нан кем болмауы тиіс. Жіберілетін қателік +/- 10%-дан кем болмауы тиіс..
Кросстың барлық металлдық бөліктері жерге көмілген.сызықтырды байланыстыратын кабельдердің барлық қалыптары жер асты кабельдермен біріктірілуі қажет. Кросстың жабдықтарының жер асты сызбасы тұйықталған контурларға бөлінуі керек. Кросстың ішінде шырша немесе кірпі сызбасымен жер астына өткізілуі тиіс.
Кросстың барлық шеттетілген бөліктер отқа төзімді пластмассадан дайындалуы керек.
Барлық байланыс тасымалдайтын сызықты тізбектердің ток жүргізгіш элементтірн қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін персоналдардың қолдары тимеу керек.
Транспорттаудың климаттық шарттары, сақтау және тасымалдау Халықаралық электротехникалық комиссия орнатқан стандарттарға сай орындалуы керек
Кросстың жабдықтарының алатын өндірістік көлемі (сымдарды санамағанда) 10000х2 есебінен алғанда 3кв.м-ден көп болмауы тиіс. Кросстың беттеріндегі меншікті жүктеме, кабельдер мен кросстауды санамағанда 750 кГ/кв.м аспауы керек.
(Сурет 1. 9 тарау 41 бет)
8. байланыстың желілік кабельді құрылғыларын оқып білу
Қалалық телефон байланыстарының құрамына телефондық станциялардың жабдықтары, сызықты ғимараттар және телефондық аппараттар кіреді.
Кішігірім қалаларда және аудандық орталықтарда телефондық желілер бір телефондық станциялармен құралады. Мұндай желілер аудандырылмаған деп аталады.
Республикалық және облыстық орталықтарда, ірі өндірістік қалаларда телефондық желілердің көлемі бірнеше мың телефон номерлерімен саналады. Мұндай жағдайда желілердің құрамына әр түрлі қалаларда орналасқан және бір-бірімен «әрбіреуі әрбіреумен» принципі бойынша байланыс сызықтарының көмегімен орналасқан бірнеше телефон станциялары кіреді. Мұндай желілер аудандық деп аталады, ал әрбір желі станциясы аудандық станция деп аталады.
Станциялар арасындағы кабельдер станция аралық байланыс немесе байланыс сызықтарының кабельдері деп аталады. АТС станицяларымен телефондық аппараттардың арасындағы біріктіру үшін әр қалалның ауданының арасына көп жұпты кабельдер орналастырады. Белгілі жерлерде бұл кабельдерді дәнекерлейді – аз мөлшердегі кабельдермен қосады, олардың құрамына бөлгіш құрылғылар кіреді.
Ғимараттардан шкафтарға кішкентай мөлшердегі кабельдер орналастырады, (50-ден бастап, жиі 100 данаға дейін), олар бөлгіш жәшіктерде аяқталады. Бөлгіш жәшіктерден телефондық аппараттарға бір жұпты сымдарды жалғайды.
АТС-тан басталып бөлгіш жәшіктерге дейінгі кабельдер магистральді деп аталады, шкафтан бастап бөлгіш жәшіктерге дейінгі кабельдер бөлгіш деп аталады. Бір жұпты сымдар жәшіктен басталып телефондық аппаратқа дейінгі сымдар абоненттік сымдар деп аталады. Телефондық аппараттан АТС-қа дейінгі барлық сызықтарды абонеттік сызықтар деп атайды.
Бөлгіш шкафтардағы магистральді кабельдердің кез келген жұптары бөлгіш кабельдің кез келген желілердің жұбымен біріге алады. Абоненттік сымдардың желісінің әрбір 10 жұбы, яғни 10 телефондық аппаратпен келе береді. Осылай бөлгіш шкафтар және жәшіктер магистральді , бөлгіш кабельдердің арасындағы желілерді жылдам және қарапайым түрде ауыстырып бере алады.
Қалалардың шетінде, абоненттер аз жерлерде және телефон станциялары бір-бірінен алыс жерде орналасқан жерде жер асты кабель жабдықтарын телефон станциясын қосуға ыңғайсыз және экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан мұндай жерлерде ауадағы сызықтарды құрады, олар негізінен тіректерден,арматуралардан және сымдардан тұрады.
Тіректегі әуелік байланыс сызықтарының сымдарын изоляциялау үшін фарфорлық изоляторлар қолданылады. Изоляторларды құрыштан жасалған ілмектерге бірігеді. Егер де әуелік-тіреулік сызықтарда 10 сым орналастыру керек болса, онда изоляторлар траверсаларға беріктік қасиет береді. Әуелік сымдарды кабельдер желісімен біріктіру үшін кабельдік жәшіктер қажет болады, олар сымдарды тіреу үшін керек.
Әуелік – тіректік сызықтар қала кварталдарында, абоненттер саны көп емес аз қабатты үйлерде құрылады. Тіректік сызықтар көше қозғалысын жүктемейді, ұзаққа шыдайды және қысқа жолдарға дейін құрылады. Әуелік-тіректік сызықтар тіректерден, изоляторлардан және сымдардан тұрады. Әуелік-тіректік сызықтарда сым ретінде диаметрі 1,2-1,5 мм болатын биметаллдық сым қолданылады.
8.1 Қолданылатын кабельдердің түрлері
(ТППэп, ТППэпЗ, ТППэпЗП Қалалық телефондық кабельдер)
Техникалық сипаттамалары:
Қалалық телефондық кабельдер ГОСТ 22498-88 стандартына сәйкес болады.
- бекітілген жөндеу шарттарын сай шектік рұқсат етілетін жұмыс -50 бастап +60°С дейін;
- номиналды кернеу жиілігі 50Гц U бастап 225 В
- 1 мин ішіндегі желілер мен жұмыс жұбының арасындағы тұрақты токтың сынау кернеуі 1500 В, ал желі мен экран арасындағы кернеу 750 В;
- 1км ұзындықтағы жиілігі 0,8 немесе 1кГц болатын жұмыс көлемі, гидрофобтық толтырусыз 45±5 нФ, гидорфобтық толтырумен 50±5нФ;
- сауытталмаған кабельдердің –диаметрі 10 және сауытталған кабельдердің – диаметрі 12 минимальді бүгілуі.
Кабельдердің құрылымы
ТППэп маркасы
Мыстан дайындалған желілер ГОСТ 22483-77 стандартына сай болады:
- полиэтиленнен дайындалатын желі изоляциясы ГОСТ 16336-77 стандартына сай болады;
- екі желі жұпқа оралады, онда элементарлы шоқтар пайда болады, содан кейін ортаға келеді;
- желінің жұптағы тағайындалуы және түстері ГОСТ 22498-88 стандартына сай болады;
- белдеулі изоляция (ПЭТ лентасы немесе ПВХ);
- алюминийлік полиэтиленнен дайындалған экран . Экранның астында мыстан жасалған сымдар болады;
- полиэтилен қабықшасы ГШОСТ 16336-77 стандартына сай болуы керек.
ТППэпЗ маркасы – орталығы гидрофобты толтырумен;
ТПппЗП маркасы – жұқа қабықшалы изоляциямен;
Информация о работе Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері