Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:49, реферат

Описание работы

Тәжірибе АҚ «ҚазТелеРадио» телерадио хабарлау филиалында откізілді. Ол Қарағанды қаласы Жауынгер интернационалистер көшесі 16 А орналасқан жеке меншік мекеме. «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жер серіктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында«Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.

Файлы: 1 файл

otchet_perevod_tuzetilgen.docx

— 376.45 Кб (Скачать файл)

«Қазтелерадио» АҚ жоба бюросының мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:

  • Жобалы-сметалы құжатнаманы өндеу.
  • EDX бағдарламасы шегінде ТВ хабар таратумен қамту аймағын есептеу.
  • Санитарлық төлқұжатты рәсімдеу үшін есеп-айырысуларды дайындау.
  • Құрылыстық-монтаждық жұмыстың сметаларын есептеу, монтажға керек шарттарды дайындау.

 

 

 

3.2.  Осы кәсіпорындағы жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен танысу

Автоматикалық телефон станцияларының іс-әрекеттерінің тиімділігі станция құралдарының техникалық жағдайына және дұрыстығына байланысты болады. Құралдардың жұмысы мен байланыстардың дұрыс өтуі үшін үзіліссіз бақылау керек. АТС қызмет көрсету персоналының негізгі міндеттері:

 - Осы аппаратуралардың және жабдықтардың жағдайы АТС-тың орнатылған техникалық нормаларға сәйкес болуы, кез келген уақытта АТС жабдықтары арқылы өтетін телефондық хаюарламалардың нақты және жылдам болуы керек, АТС-ғы қателердің жылдам табылуы және пайда болған қателерді жылдам жою, байланыстың өтуін бақылау, АТС жұмысының барысында пайда болған барлық техникалық олқылықтарын жою керек.

Мұндай ауыр жұмыстарды орындау үшін нақты еңбек ұжымы керек,автоматикалық тексеру керек, АТС қызмет көрсету персоналының жоғарғы дәрежедегі мамандар және абоненттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылату жұмыстраыүнемі жүргілуі керек.

Автоматты залға қызмет көрсететін барлық жұмыскерлер штаты станцияның тәулік бойы қызмет көрсету үшін арналған ауысымдық жұмыс енгізілген, істен шыққан құралдарды тез арада жөнге салатын бригада және қоғамдық персонал, станция инженерінен, техникалық шебер, жабдықтарды жөндейтін шеберлер, және жабдықтарды тазалайтын шеберлер. Машиналық жүйедегі АТС-та бақылау үстеліне қызмет көрсету үшін арналған штат бөлінеді.

Автоматты залдыың қызмет көрсету персоналының жұмыс кестесі станцияның күнделікті жүктемесіне байланысты болады.

Автоматты залда кейбір уақыттарды өте көп адамдар саны жиналады. Бұл уақытта кезекші ауысымнан басқа жөндеу бригадасы жұмыс істейді және станция инженері де жұмысқа кіріседі.

Автоматты залдың техникалқы штаты келесі жұмыстарды атқарады: автоматты залдың ағымдағы қызмет көрсету жұмыстарын жүргізеді, АТС-тың құралдар мен жабдықтардың профилактикалық тексеру және электрлік бақылау жұмыстарын жүргізеді, құралдардың жөндеу жұмыстарын жасайды, автоматты залды тазалықта ұстайды және тәртіпке жауап береді, АТС жабдықтарының және жұмысының алғашқы есеп жағдайын жүргізеді.

Кросстың техникалқы штаты келесі жұмыстарды орындайды: абоненттердің телефондарының істен шыққаны жайында қалдырған шағымдарын қабылдайды, осы қателерді жоюды жүргізу және бақылау жұмыстары, қосылу щиттерінің ағымдағы қызметі, қосылу щиттерінің сызықты және станционды жақтарының арасындағы әр түрлі кросстардың орындалуын бақылайды.

 Жоғарыда көрсетілген негізге жұмыстардан басқа кросс сызықты және станциондық зақымдалулардың барлығын есепке алады, барлық орнатылған телефондардың есебін қарастырады, абоненттік және біріктіру сызықтарына профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізеді және таксофондардың жұмысын бақылайды.

Электр қоректендіру құрылғыларына қызмет көрсету үшін арнайы жұмыскерлер бөлінеді (аккумуляторлы батарейлер және түзеткіштер), олар электр құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Станцияның жұмыс сапасы және қызмет көрсету персоналының жұмысын станция инженері бақылайды.

Кезекші ауысым өзінің жұмысына кіріскен уақытта ең негізгі сигнализация жұмысына аса мән беру керек, себебі АТС жұмысы нормадан тыс жұмысындағы зақымдалулар дауыстық және оптикалық сиганлдардың көмегімен байқалады.

 Автоматты залға қызмет көрсету кезінде кезекші ауысымдағы жұмыскерлер АТС-тың техникалық персоналының қателерді жоюына жауап береді. Көп мөлшердегі қателерді бірінші кезекте жою керек.

 Апаттық зақымдалуларға мыналар жатады: барлық станцияның әрекеттері бұзатын немесе бір ғана бөліктің жұмысын тоқтататын, бас, реттік және стативтік қорғағыштың жанып кетуі,барлық станциядағы зуммерлік және шақырылатын токтың тоқтатылуы, орнатылған шектен батарейлердің кернеуінің төмендеуі.

 

4.Кәсіпорынның қондырғыларын пайдалану бойыша жұмыс

Автозал басқа мекемелерден және ҚТС қызметтерінен алыс жерде орналасуы керек. Залды монтаждағанда станция едендері картонмен немесе фанермен жабылады. Автозалдың қабырғалары мен төбелері  10% эмалі бар майлы бояумен боялады, бірақ органикалық еріткіштерсіз.

 Бақылау аппаратуралары бар автозал және мекеме артық ауасы бар жерлерден және күн сәулелерінен алыстатылады. Автозалды жалпы жарықтандыру үшін люминесцентті шамдар қолданылады, ал штаивтегі жұмыстар үшін кернеуі 36В қозғалғыш шамдар қолданылады. Залдағы ауа желдетілген болуы керек, фрамугалар мен терезелерді ашуға тыйым салынады. Залдың желдеткіш жүйелері тәулік бойы жұмыс істеуі керек және жабдықтардың әрбір қатарына таза ауа беріп тұруы керек. АТС орналасқан ауданның тым ластанып кеткен жағдайда желдеткіш жүйелер құрғақ рулондық материалдардан жасалады. Автозалдағы ауаның тазалығы және ылғалдылық температурасы арьық қысыммен анықталады.

Бір уақыттағы жұмыс кезіндегі оның әрқайсысы өзінің 50% қуатын жұмсайды. Егер де қатардан бір құрылғы істен шықса, басқасы барлық қуатпен жұмыс істейді. Автозалдың жабдықтарының қатарларының арасындағы ауа температурасы 18-24 градустан аспауы керек.

Температура және ылғалдылық М16-Р термографпен және М21-Н гигрографпен анықталады. Термометр және гигрограф көрсеткіштері тәулік бойы ауысымның басында және соңында арнайы журналға тіркеліп отырады.

 Диаграммалық ленталар жыл бойы сақталады. МКС қалпақтары және релелік платтардың шаң-тозаңы ылғалды шүберектермен сүртіледі. Ауа жүргізгіштердегі, кабельдердегі және басқа қабаттардағы шаң-тозаң міндетті түрде шаңсорғыштың көмегімен тазаланады.

 Автозалдағы еден тәулігіне 2 рет ылғалды матамен сүртіліп отыруы керек, еденді мастикпен және балауызбен сүртуге болмайды. Қатарлардың арасын жабуға болмайды. Автозалдың шаң өткізбейтін есігі болуы керек, ол залға қарама қарсы ашылуы керек. Есіктің алдында биіктігі 1-2 см болатын тамбур орналасуы керек. Есіктің периметрі бойынша резиналық тығыздағыштар орнатылуы керек. Автозалдың басқа да шығатын орны болу керек. Ол есік әдетте жабық тұрады.

Автозалда халықтың саны аз болуы шарт, жұмысқа келген қызмет көрсету персоналы арнайы бөлмеде киімдерін ауыстырады. Автозалға тек қана арнайы киіммен кіруге рұқсат беріледі ( халат және ауысымды аяқ киім).

4.1.    Кәсіпорында бекітілген қондырғылардың принципиалдық сұлбаларын оқып білу

 Коммутационды құралдардың көмегімен, оның ішінде реле және МКС тағайындалуына және құралу тәсілдеріне қарай әр  түрлі коммутациялық жүйелер құрылады. Коммутациялық жүйелер әдетте іздестіру сатылары үшін қолданылады, ал қарапайым релелік коммутациялық жүйелер басқарушы және байланыстырушы құрылғылардың құрамына кіре алады. Коммутациялық жүйелер N кірісі және М шығысы болады және олардың қарым-қатынасын ұйымдастырады. Ең бірінші кіріс анықталады содан кейін қажет шығыс табылады да, олардың арасындағы байланыс орнатылады.

 Коммутациялық жүйелердің кіріс және шығысына абоненттік байланыстары қосыла алады, біріктіру сызықтары басқа станцияларға, сызықты жинақтар және регистрлер қосыла алады. Сызбалар бөлінген, бөлінбеген, аралас болып бөлінеді.

 Бөлінген коммутациялық жүйелерде бөлінген кірісі және шығысы болады. Бөлінбеген коммутациялық жүйелерде кірістер шығыстармен біріктірілген  және екі бағытта да біріктіруге болады. Бөлінбеген коммутациялық жүйелерде бір нүкте бағытына қарай кіріс немесе шығыс болып ессептеледі. Аралас коммутациялық жүйелерде кіріс жйне шығыстары болады және екі жақты кіріс шығысы болады.

         Коммутациялық жүйелерде кіріс және шығыс арасында бірінен соң брі орналасқан коммутациялар біріктірілген. Әрбір кіріс бірнеше сымдардан тұрады. Нүктеде әрбір кірістің сымдары шығыстың бір атаулы сымдарымен біріктіріледі.

 Сымдарды коммутациялау саны коммутациялық жүйенің ептілігі болып есептеледі. Коммутациялық жүйенің кеңейтілуі келесідей бөлінеді, шығысьтар саны кірістер санынан көп болған жағдайда, яғни, N<М және қысқанда N>М.

Коммутациялық жүйелердің құрылымы көбінесе шығыстың кіріске қосылғандағы атқаратын қызметтеріне байланысты болады. Коммутациялық жүйелерде шыңыстарды іздестірудің үш режимі бар. Топтық іздестіруде барлық шығыстар бағыттарға байланысты Н топтарға бөлінеді, орын алған кіріс бағытына сай кез келген бос және қолайлы шығыспен біріктірілуі керек. Кең іздестіру режимінде сызбаның барлық шығыстары бір бағытты құрады (Н=1). Бұл режимде орын алған кіріс кез келген бос және қолайлы сызбаның барлық М шығыстарымен біріктірілуі керек. Сызықты іздестірілу режимінде әрбір шығыс жеке тәуелсіз бір бағытты береді (М=Н). Коммутациялық жүйелерге абоненттік сызықтар қосылған. Бұл режимде нақты кірісті нақты шығыспен біріктіру керек. Көп буынды коммутациялық жүйелерде шығыстың кіріске біріктірілуі аралары бос сызықтар арқылы жүргізіледі олар белгілі бір біріктіру жолдарын құрады. Көп буынды коммутациялық жүйелерде шығытады іздестірудің кез келген режимінде орын алған кіріс және қажет шығыстың байланыс жолдарына негізделген.

 Көп буынды коммутациялық жүйеде топтық іздестіру режимінде орын алған кіріс берілген бағыттағы кез келген шығыспен келе бермейді. Бос байланыс жолдары бар шығысқа ғана біріктіріле алады. Сондықтан көп буынды сызбаларда жоғарыда көрсетілген іздестірудің барлық режимдері ескертілген қосымша режимдері болып саналады.

      Кез келген кіріспен байланыса алатын бағыттың шығыс сандары. Коммутациялық жүйенің қаралып отырған бағыттың тиімділігінде. Егер де әрбір кіріске барлық бағыттың шығыстары тиімді болса, онда коммутациялық жүйелер берілген бағытта жартылай тиімді болып есептеледі. Коммутациялық жүйелердің жартылай тиімді түрінде әрбір кіріске берілген бағыттағы белгілі бір шығыс сәйкес келеді. Бағыттың қалған шығыстары берілген кіріске келмейді және олармен байланыс құра алмайды. Басқа кіріске сәйкесінше басқа бағыттың шығысы сәйкес келеді. Бірнеше кіріске тиімді шығыстардың арасында жалпы және басқа да шығыстар бола алады. Бірақ коммутациялық жүйелердің кірістері міндетті түрде бағыттың барлық шығыстары келуі керек. Көп буынды сызбалардың тиімділігі сызбаның ағымдағы жағдайына байланысты, барлық шығыстарбір сызықты және барлық шығыстар бос болған кездерде. Коммутациялық жүйелерде жартылай тиімділік бірнеше қарапайым толық тиімді сызбалардан құралады.   

 

4.2. Тексеру құралдарымен жұмыс істеуді үйрену

ИКМ және РСМ синхронизация жүйелері сандық сызықты тракттарда пайда болған қателерді жою үшін және электронды станцияларда жүйелерді беру-қабылдау жиілігінің сәйкес келмегенінде жүйенің жұмысын тексеруде  қолданылады.

Синхронизация бойынша ИКМ, РСМ жүйелерінің баптаулары

Электронды АТС-да S12 типті ИКМ және РСМ синхронизация жүйелері электронды станциялардан құралады, яғни жүйе синхронизациясы кіріс ағынына байланысты орнатылуы керек (slave қабылдауы арқылы ).

Жүйе жүйеге сызбасы арқылы жұмыс істейтін синхронизация жүйесі ішкі генераторға бір жүйе (master) болып орнатылуы керек, басқасы қабылдау жүйесі бойынша. Ағымдағы жүйені ішкі генераторға орнату керек, кіріс жүйені қабылдау бойынша орнату керек, бірақ міндетті түрде емес.

ИКМ және РСМ жүйелерінің синхронизацияның орнатылуының дұрыстығын тексеру

Синхронизация жұмысын және орнатылуының дұрыстығын тексеру тасымалдау жылдамдығымен қатар 2Мбт ағында тексеріледі. Өлшемдерді РА-20, SunSet құрылғыларының көмегімен тексеру керек немесе ағындарды тасымалдау жылдамдығын бақылайтын басқа ағын анализаторы E1 арқылы тексеру қажет.

Ағынның тасымалдау және қабылдауда да бірдей жылдамдықты 2Мбт болуы керек және 2048000 +/-20 Бт/с шектерінде орналасуы керек немесе бас тарту 10 ppm көп болмауы керек. Егер де тасымалдау жылдамдығында ерекшеліктер туындаса онда жүйедегі генератордың жиілігін баптау керек болады, оның синхронизациясы ішкі генераторға орналасқан. Тасымалдау және қабылдау жылдамдықтары әр түрлі болса жүйелердің синхронизациясының дұрыстығын тексеру қажет. Егер синхронизация дұрыс орнатылған болса, онда жүйенің синхронизация блогын нұсқауларға сәйкес ауыстыру керек, содан кейін тасымалдау қабылдау жиіліктерін тексеру керек.

Жүйелердің синхронизациясының дұрыстығын тексеру уақыты

    Жүйелердің синхронизациясының ұстатқыштарының дұрыстығы кез келген жүйелердегі сараптамалық жұмыстарды бастамас  алдында тексерілуі керек.

    Жүйелердегі ағынының тасымалдау жылдамдығының өлшемі 2Мбт-тан аспауы керек және жүйе генераторының жиілігімен қоса алып жылына бір реттен кем емес тексерістен өтуі қажет.

    Жүйелердің синхронизациясының орнатылуының дұрыстығына және синхронизацияның әдістерінінің дұрыстығына ЛАЗ инженерлері  жауапты болып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3. Техникалық құжатнамамен жұмыс істеп үйрену

(ИКР-РСМ жүйелерінің мәліметтері бойынша мысал келтірілген)

Информация о работе Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері