Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:49, реферат

Описание работы

Тәжірибе АҚ «ҚазТелеРадио» телерадио хабарлау филиалында откізілді. Ол Қарағанды қаласы Жауынгер интернационалистер көшесі 16 А орналасқан жеке меншік мекеме. «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жер серіктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында«Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.

Файлы: 1 файл

otchet_perevod_tuzetilgen.docx

— 376.45 Кб (Скачать файл)

1 номер пунктін  толтыру

Өлшемдерді жүргізбес бұрын төменде көрсетілген мысалдарға қарап 1 пункт паспортын толтырыңыз ( 1 қосымшада келтірілген паспорт бланкісі):

 

  • Орнатылған жабдықтар

Жүйе типтері

Себет типтері (корзина)

Заводтық номер

Инвентарлық номер

Іріктеп жинақтау

ИКМ30-4

ОСА-13А

000493

13003960

СИ-13

ОСА-13Б

032393

13003960

СИ-13

АЦО-11

381792

13003960

 

 

Орнатылған жабдықтар туралы кесте толтырылғаннан кейін паспорт нәтижелерін толтыру үшін жүйеге өлшемдер жүргізу керек.

         ИКМ30-4 жүйелеріндегі екінші қоректендіру өлшемдеріннің тәртібі .

Бұл пунктта 2 және 3 паспорттың кестелерін толтыру тәртіптері қарастырылады.

РСМ -30 типті жүйелерде екінші қоректенудің өлшемдері қарастырылмайды, сондықтан паспортта бұл пункттар толтырылмайды.

ИКМ30-4 жүйесінде өлшемдер жүргізгенде арнайы тақшалар қолданылады, ол ОСА-13А және АЦО-11 себеттеріндегі бос слоттарға қойылады.

 Берілге тақша ИП-11 тақшасынан құрастырылады оған тақшаның бет жақтағы үш разьемдары орналастырылады.

ОСА-13А себетіне тақша бос слот орнына қойылады 03. Берілген себетте кернеу және 5В пульсация өлшенеді.

 Кернеу кез келген тексерілген ЛАЗ мультиметрмен өлшенеді.

Пульсация осциллографпен өлшенеді. Егер де қуат көзі немесе пульсация нормаға сәйкес келмесе онда себеттегі қуат көзін ауыстыру керек және қайтадан өлшеуді жүргізу қажет.

                               4.4. Өндірістік құжаттарды жүргізу

 

       "Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683  P990683_  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

       1. "Қазтелерадио" телехабарларды, радио хабарларын тарату және  радио байланысы республикалық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  мен "АРТБС" республикалық мемлекеттік  кәсіпорны мемлекеттің 100 проценттік  қатысуымен "Қазтелерадио" ашық  акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "Қазтелерадио" ААҚ) қайта ұйымдастырылсын.

       2. Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің Мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру комитеті  заңдарда белгіленген тәртіппен:

       1) "Қазтелерадио" ААҚ-ның Жарғысын  бекітсін және оны әділет органдарында  мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз  етсін;

       2) <*>

       3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі  өзге де шараларды қабылдасын.

       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.19. N 751 қаулысымен.  P000751_

       Ескерту. 2)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.11.17. N 1474

                қаулысымен.  P011474_

       3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім  министрлігі екі апта мерзімде  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің Мемлекеттік мүлік  және жекешелендіру комитетіне:

       1) "Қазтелерадио" ААҚ-ның құжаттарына  қол қоюға және мемлекеттік  тіркеу үшін ұсынуға уәкілетті  адамдардың кандидатуралары;

       2) "Қазтелерадио" ААҚ Директорлар  кеңесінің құрамы бойынша ұсыныс  табыс етсін.

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі "Қазтелерадио" ААҚ-мен және "ҚТК - Қазақстан Тарату Корпорациясы" ашық акционерлік қоғамымен бірлесіп бір ай мерзімде

Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамытудың

бағдарламасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге

ұсынсын.

Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.19. N 751

 қаулысымен.

5. Осы  қаулы қол қойылған күнінен  бастап күшіне енеді.

 Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

Құжатты өңдеуші қажетті түзетулерді құжаттың мәтініне енгізеді де оны бекітуге тапсырады.                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

5. ALCATEL-1000 S-12 САНДЫҚ СТАНЦИЯСЫ

 

Alcatel  1000  S -12  біріңғай сандық станция  болып табылады.Станцияда барлық  сандық мүмкіншіліктер орнатылып, сандық сигналдарды түрлендіруді  іске асырады. Жүйе бірнеше аппаратты  және ақпараттық модульдерден  тұрады.Негізгі ерекшелігі болып  станцияның қосымша аппараттар  арқылы каналдар санын тығыздап, ақпарат беру  жолын кенейтуі.Бұл  ерекшелігі белгілі бір желіні  байланыспен қамтамасыз етуді  жоспарлауға мүмкіншілік береді.

 S 12 жүйесінің беретін мүмкіншіліктері:

• Кіші, үлкен, орташа жергілікті станциялар

• Халықаралық және қалааралық байланыс

• Желіге қызмет көрсетуші операторлар мен орталықтар

• Телефон трафигін орнату орталығы

• Ұялы телефон байланыс орталығы

• Дабыл жүйесінің транзитті пунктері.

Alcatel  1000  S  12 жүйесінің негізгі сипаттамасы:

1. Абонент саны 200 000 нан асады;

2. 85 000 нан астам байланыс  желісі  бар;

3. Коммутациялық мүмкіншілігі 35 000 Эрл:

4. Желінің дабыл жүйесін  №7 ОКС аппаратурасы басқарады;

5. Тұрақты токтағы электр қорегі -48В -60В  аралығында.

Жүйе құрылымы

Alcatel  1000  S 12 жүйесі мына төменгі  негізделген  қағидалар бойынша  жұмыс істейді:

1. Ішкі коммутациялық элементтер  желінің жұмысын тездетіп, кілтке түсуден қорғайды;

2.  Ақпарататы бір қалыпты түрде таратуына байланысты микропроцессорлардың әр түрлі түрлерін қолдануға мүмкіндік береді.

3.  Станцияның сыйымдылығына және арналуына байланысты  байланыс орнатудың ортақ  түрін қолдануға болады.

4. Модульдердің ЭЕМ арқылы жұмыс істеуі.

Alcatel  1000  S  12   коммутациялық жүйесі  коммутациялық өріске (DSN), жалғанған  терминальды модульдерден (ТСЕ) тұрады.Барлық  модульдер біркелкі схемалар  ретінде орналасқан. Модульдердің  әрқайсында микропроцессор арқылы  басқарылатын  басқару құрылғысы  болады. Мұндай құрылымдық жүйеде  орташа және үлкен станция  болып екіге бөлінеді. Сыйымдылығы  аз аймақтарда модульдер саны  аз болғандықтан мұндай станцияны  кіші станция деп те атайды.

Alcatel  1000  S 12 жүйесінің ТСЕ модульдерінің  бірі ішкі желілерге жалғанады. Ішкі желілерге жалғанбаған  модульдер  қосымша басқару элементі (АСЕ) деп  аталады. Мұндай типті модульдер  ЭЕМ  басқаруын қажет етеді. Барлық  модульдер бір бірімен DSN арқылы  жалғанады.Станцияның сенімділігі  үшін  модульдер қайталануы да  мүмкін. Бәр модуль  белсенді түрде  жұмыс істесе, екінші модуль өз  сыйымдылығына байланысты жұмыс  істейді.  Сондықтан бірнеше модульдер  бір қызмет атқаруы мүмкін.

(Сурет 3,4,5 . 9 тарау , 43,44,45 бет)

 

 

 

 

 

 

6. Электр қоректену цехының жұмысы

        ҚТС станционды құрылғысының электр қондырғыларының құрамына төмендегілер кіреді:

Энергетикалық жүйенің электр торабын электр жабдықтау құрылғысы, кернеуі 10 немесе 6 кВ болатын электр тасымалдау сызықтардан тұрады, жоғарғы кернеуді қабылдайтын трансформаторлы қосалқы станциясы және оның кернеуін 380/220 В – қа айналдыру құрылғысы және айнымалы токтың электр энергиясын есептейтін құрылғыдан құралады. Қосалқы станцияның екі немесе одан да көп екі тәуелсіз жоғарғы вольтты кірістері  анықталса, онда төменгі кернеу есебінде автоматикалық резерв (АКР) кірісін қолданып, екі трансформатормен жабдықталады. Егер де  электр тасымалдау сымдарының біреуі зақымдалған жағдайда АВР ауырлық күшін алғашқы сызыққа жылдам жеткізеді.

        Меншікті немесе суырмалы (передвижная) дизельді электростанция (ДЭС), мұндай электростанция электрлік тораптардың ішкі электр жабдықтарының үзілісінде апаттық режимдегі электр қоректендіру РАТС көмегімен жүзеге асады.

Электр күштерінің құрылғысының тораптары және электр жарықтандыру тораптары, копрессорлы-сигналды қондырғаларды электрэнергиясымен қамтамасыздандырады, желдету жүйесінің электр қозғалтқыштары, жұмысқа жарамды, кепілі бар дизельді электр станциялары (ДЭС) және  атом электр станцияларының (АТС) апаттық жарықтандыру .

Электр қоректендіру қондырғысы (ЭҚҚ), ол қабылдау құрылғысынан және ішкі немесе сыртқы электр жабдықтау жүйесінен алынатын айнымалы үш фазалық токты бөлуден тұрады, айнымалы токты тқрақты кернеуге 60 В – қа түрлендіретін түзеткіш құрылғылар, тұрақты токты бөлетін және аккумуляторлық батарейлерді бөлетін құрылғыдан тұрады. Электр қоректендіру қондырғысы станцияларды тұрақты токпен қамтамсыз етуі керек, оның номиналды кернеуі жер астындағы полюстің оң есебімен 60 В болуы тиіс.

        Электр қондырғыларының ережелері классификациясына сәйкес көлемі 300 номерден тұратын аудандық АТС және ҚТС коммутациялық түйіндер электр жабдықтарының талаптарына және тиімділігі бойынша ерекше топтың бірінші категориясына жатады. Сондықтан РАТС және КУ станционды құрылғысының жұмысын жеңілдету мақсатында энергожүйенің электрлік тораптардың тәуелсіз екіден бастап үшке дейін қоректендірудің қөзі болуы тиіс. Тәуелсіз қоректендіру көзі  шиналардың бірінен екіншісін ағытып тастағанда да кернеу сақталатын қосылу нүктесі болып есептеледі. Сонымен қатар тәуелсіз қайнар көз екі қосалқы станция немесе шиналардың екі жүйесі немесе бір қосалқы жүйенің шиналар секциясы бола алады, егер де олар өздері токқа қосылған болса және тәуелсіз  көздермен қоректенген жағдайда.

        Көлемі 2000 номерден тұратын РАТС үшін аудандық тораптарда суырмалы дизельді станцияларды қолдану ғана жіберіледі. Көлемі 2000 номерден тұратын және 3000 номерде тұратын КУ және РАТС үшін аудандық емес тораптарда жеке меншікті дизельді станциялары болған дұрыс. Энерго жүйенің энергия тораптарының қоректену көздері 3 тен асып кетсе, онда РАТС және КУ үшін жеке дизельдік электр станциясы қарастырылмайды.

6.1. Түзеткіш құрылғылар

 Айнымалы токты тұрақты токқа айналдыру үшін түзеткіш құралдар қолданылады. Түзеткіш құрылғының вентильдері ( диодов) болады, олар белгілі бір схемаға сүйеніп жасалынады. Вентиль дегеніміз бір өңді өткізгіштікпен қожалық етуші құрал, яғни бір бағытты ток үшін төмен кедергіні береді, ал кері бағыттағы ток үшін жоғарғы кедергіні береді. Түзеткіштен қабылданатын түзетілген ток кқлемі бойынша тұрақты болып саналмайды, ондай токта діріл болады, байланыстың нашарлауы осындай себептерге байланысты төмендейді. Аппарат және түзеткіш арасындағы  пульсацияны жою үшін тегістеу фильтрі қосылады.

         Телефон станцияларын қоректендіру үшін қолданылатын түзеткіш құрылғылардағы вентель ретінде жартылай өткізгішті вентильдер қолданылады    (селендік, гермнийлік, кремнийлік).

  Вентильдерден басқа түзеткіш құрылғылардың құрамына трансформаторлар,өлшеуіш құралдар, сигналдық лампалар, қорғағыш құралдар, токты және кернеуді өлшейтін әр алуан қаламдар, сүзгілер, конденсаторлар, резисторлар, дроссельдер және т.б  кіреді.

   Схемада 220 В кернеулі айнымалы ток қалалық электр желісінен трансформатордың алғашқы орамасына келіп түседі Тр және дроссельге келіп түседі Др. Екінші ораманың Тр және Др түзеткіш көпірге керекті біркеліктілікті және ең төменгі түзеткіш кернеудегі пульсацияны қамтамасыз ету үшін қолданылады. Түзеткіштің шығысындағы қосымша тегістеу үшін екі сүзгі орналасқан. Әрбір сүзгі дроссельдер құралады ДФ және электрлік конденсаторлардан С1, С2 тұрады.

   Тұрақты токтың кернеуі вольтметрмен бақыланады және сигналды лампалармен бақыланады. Жүктеме тогы амперметрмен бақыланады. Айнымалы ток тәрізді тұрақты ток та қорғағыш қабатпен қорғалған. Айнымалы токты қолдануды тоқтатқан кезде жүктеме релені төмендеткеннен өшіріледі Р, олардың контактісі тұрақты токтың сымына біріктіріледі.

   Темірден сөре түрінде жасалған құрылымды түзеткіш құрылғылареденге орнату үшін арнайы жабдықталған. Өлшегіш құралдар. Сигналды лампалар. Батырмалар, токтың және кернеудің көлемін есептейтін қаламдар беткі жағында орналасқан, ал қалған элементтер сөренің ішкі жағында орналасқан. Кәсіпорынның телефон жүйесініңэЭлектр қоректендіру қондырғыларында барлық түзеткіш құрылғылар қолданылады ВСС (селендік стационарлы) және ТҚ (түзеткіш құрылғылар).

    Кейінгі жылдарда қалалық АТС үшін электр қоректендіру қондырғылары жабдықтала бастады, олар түзеткіш құрылғыларсыз жасла бастады және щиттердің орнына ауыстыру типтер панелі қолданыла бастады, олар аккумуляторлардың қосымша топтары үшін коммутация жоғарғы ток көлемдері жіберіле бастады. Өнеркәсіппен 600,1200,1800 А токтарына ПНВ панельдері шығарыла бастады.

(Сурет 2. 9 тарау 42 бет)

6.2. Аккумуляторлар

   Электрлік аккумулятор – өзіне электр энергиясын жинай алатын, сыртқы көздерден алынатын энергия, оны сақтайтын және сыртқы сымдарға тасымалдайтын  құрал. Аккумуляторға энергияны жинау зарядтың көмегінен болады, аккумулятор ішіндегі сыртқы энергия химиялық энергияға айналады. Аккумулятордың заряды біткен кезде химиялық энергия қайтадан электрлік энергияға айналады.

 Аккумуляторлар токтың екінші көзі болып саналады, сонымен қатар олардың тиімді жұмысы үшін басқа да көздер керек болады себебі алғашқы ток көздерінің көмегімне аккумулятор заряд алады. Мұндай қайнар көздер айнымалы токтың түзеткіш құрылғылары болып табылады.

Информация о работе Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері