Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:49, реферат
Тәжірибе АҚ «ҚазТелеРадио» телерадио хабарлау филиалында откізілді. Ол Қарағанды қаласы Жауынгер интернационалистер көшесі 16 А орналасқан жеке меншік мекеме. «Қазтелерадио» Акционерлік Қоғамы – республика халқын телеарналар мен радиоарналар бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасындағы эфирлік хабар тарату саласындағы ең ірі оператор. Жер серіктік байланыс операторы «Қазақстан телекоммуникациялары» АҚ-мен бірігуі аясында«Қазтелерадио» АҚ бүкіл ел аумағын қамтып хабар тарату кепілдігін беретін Қазақстандағы эфирлік және жерсеріктік желілер арқылы телерадиобағдарламалар тарататын жетекші оператор атанды.
ТППэпБгто маркасы – ТППэп тәрізді, сауытталған құрыш ленталарымен жабылған.
Қолдануы:
Жұпты шиырщықты кабельдер номиналды кернеуі 225 және 145 В болатын алғашқы байланыс желілерінде айнымалы токтың жиілігі 50 Гц немесе кернеуі 315 немесе 200 В болатын тұрақты ток қолданылады. ТППэп, ТПппЗП кабельдері телефон канализациясындағы төсеулерде, коллекторларда, шахталарда, әуелік байланыс сызықтарында және ғимараттардың қабырғаларында кеңінен қолданылады. ТППэпЗ жоғарғы ылғалдылық шарттарында қолданылады. ТППэпБг коллекторлардағы, тоннельдердегі және шахталарға төсеу ретінде қолданылады.
8.2 Талшықты оптикалық кабель
Оптикалық талшық — оптикалық мөлдір материалдан дайындалған жіп (шыны,пластик), ол өзінің ішіндегі жарықты толықтай мөлдір ету үшін қолданылады.
Талшықты оптика — осындай талшықтарды сипаттайтын машина құрылысының және қолданбалы ғылымның бөлімі. Оптикалық талшықтың негізінде жасалған кабельдер ақпараттарды алыс ара қашықтықтардажоғарғы жылдамдықпентасымалдау үшін талшықты-оптикалық байланыста қолданылады. Сонымен қатар олар механизмнің дұрыс істеп тұрғанын тексеретін аспапты құруда қолданылады. Талшықты оптикада қоднылатын жарықты тасымалдау принципі ең алғаш рет XIX ғасырда көрсетілген болатын, бірақ жаңа талшықты технологияның дамуы 1950 жылдары дамыған. Лазерлерді ойлап табу тасымалдаудың талшықты-оптикалық сызықтарын құруға көп септігін тигізді, ол өзінің байланыстың сипаттамаларына ие болды.
Шыны оптикалық талшықтар кварцтық шыныдан дайындалады, бірақ келесі инфрақызыл сәулелер үшін басқа материалдар қолдынылады, фторцирконат, фторалюминат және халькогенидті шынылар. Басқа шынылар тәрізді олардың сыну көрсеткіші 1,5 жуық.
Қазіргі уақытта пластиктік оптикалық талшықты шыныларды қолдану даму үстінде. Мұндай талшықтағы орта полиметилметакрилататан дайындалады (PMMA), ал қабықшасын фторланған материалдардан жасайды PMMA (фторполимерлер).
Оптикалық талшықтың ереже бойынша дөңгелек кесегі болады және екі бөліктен - өзек және қабықшадан тұрады. Толықтай сыртқы шағылысуды қамтамасыз ету үшін өзектің сынудың абсолютті көрсеткіші қабықшаның сыну көрсеткішінен біреше есеге жоғары болады. Мысалы, егер де қабықшаның сыну көрсеткіші 1,474-ке тең болса, онда өзектің сыну көрсеткіші 1,479-ға тьең болады. Өзекке қарай бағытталған жарық көзі өзі бойынша қозғалады.
Күрделі құрылымдар да болуы мүмкін: өзек және қабықша ретінде екі өлшемді фотондық кристалдар қолданады, сыну көрсеткішінің сатылық өзгертулер орнына әдетте градиентті талшықтар қолданылады, өзектің формасы цилиндрліктен өзгеше болуы мүмкін.Мұндай құрылымдар талшықтарға ерекше арнайы қасиеттер береді: таралатын жарықтың полярлігін ұстап қалу қасиеті, жоғалтуларды азайту және талшықтың дисперсиясын өзгерту және т.б.
Телекоммуникацияда қолданылатын оптикалық талшықтар 125±1 микрондық диаметрге ие болады. Өзектің диаметрі талшықтың типі және халықаралық стандарға байланысты ерекшеленуі мүмкін.
Оптикалық талшықтың негізгі ерекшелігі мынада:оптикалық-талшықты ортада тасымалдау әр түрлі сатылардан өтеді, континент аралықты магистральдан бастап дербес компьютерлерге дейін. Байланыс сызықтары ретінде оптикалық талшықтарды қолдану рұқсат берілмеген жерлерге қорғаныс ретінде, ақпаратты алас жерлерге тасымалдағанда сигналдың тез арада өшуін және жылдамдықты жоғарылатуда қолданады. 2006 жылға қарай модуляция жылдамдығы жоғарылай бастады 111 ГГц, ол уақытта ақпарат тасымалдау жылдамдығы 10 және 40 Гбит/с стандартты болып саналды. Әрбір талшық каналдардың спектрлі тығыздығын қолдана бастады яғни бірнеше миллионға дейінгі каналдарды бір уақытта тасымалдау мүмкіндігі болды. Секундына жоғарғы жылдамдықпен ақпараттар тасымалданды.
8.3. АТС тың кабельді шахталарының қондырғылары
Телефондық кабельдер тікелей жерге орнатылуы мүмкін, телефондық канализацияға да құбырлар ретінде тартылуы мүмкін. Белгілі бір ара қашықтықтарда (әдетте 100 м кем емес) құбырлық сымдарда көріністік құрылғылар орнатылады (құдықтар), олар кабельге рұқсатты орнатады.
Қалалық телефондық желілерде кабельдерді жер асты жұмыстарын құрмай ақ жаңа кабельдерді желіге қосу үшін каналдарға орнатады, егер де ескі кабель істен шықса немесе жаңа кабельдерге ауыстыру керек болса. Телефондық канализация жер асты орнатылған жоғарғы құбырдан жерге дейінгі ара қашықтығы 0,6 көлемінде орналасқан жеке дара құбырлардан тұрады. Құбырлар бір-бірімен тығыз орналасқан, ал саңылаулар тиімді қойылған.
Телефондық канализацияның құбырлары материалдары бойынша ерекшеленеді, олар формасына және мөлшеріне байланысты жасалған. Құбырлар асбоцементтік, бетондық, керамикалық және пластмассалық болуы мүмкін.
ҚТС-та кеңінен қолданылатын бетондық және асбоцементтік құбырлар болып саналды; бетондық құбырлардың формасы – тік төртбұрышты. Құбырда бір немесе үш каналға дейін болады. Асбоцементік құбырлар– бір саңылаулы, диаметрі 93 немесе 100мм болатын бір ғана цилиндрлік каналдан тұрады.
Сынық құдықшалары тағайындалуы бойынша бөлінеді:
станциондық – кроссқа магистральді кабельді енгізу үшін арналған АТС-ғы алғашқы құдық;
өткізгіш, әрбір 100-150м сайын өтетін канализация аймағындағы сызықтар;
бұрыштық және бұтақты канализайия бағыты өзгеретін аймақ немесе бірнеше бағытқа бөлінетін жерлерде орнатылған.
Енгізілетін каналдардың санына байланысты құдықтар үш негізгі типтерге бөлінеді: үлкен, орташа және кіші.
Құдықты дайындай материалы және әдісіне байланысты кірпішті, толық темір бетонды және құрама бетонды болып бөлінеді. Үлкен қалаларда , аудандарда коллекторлар құрады – әр түріл мақсаттағы кабельдерді орнату үшін және басқа да жер асты коммуникацияларды орнату үшін жер асты ғимараттар (туннелдер) салынады (су құбырлары, жылу құбырлары).
8.4. ҚТС ның ақтық құрылғылары
Байланыстағы кабельдердің соңын шеткері құрылғыларға қосады, оларға АТС кроссында орналасатын қорғаныш сызықтары, бөлгіш шкафтағы бокстаржәне жәшіктердегі плинталар жатады.
Қосылу щиттерінің сызықты жақтарындағы қорғаныш сызықшалары станциялық құрылғыларды және қызмет көрсету персоналын жоғарғы дәрежедегі кернеу мен токтан қорғау үшін керек.
Телефондық бокстар. Бокс дегеніміз – ауыстырылатын артқы крышкасы бар шойындық жәшік. Бокстың беткі жағында пластмассалық құдықтар бекітілген терезелер жасалған, олар өткізгіш клеммдары бар плинт деп аталады. Плинттың сыртқы жақтарында өткізгіш клем сілтеуішті біріктіру үшін арнайы винт қажет болады, ал басқа жағынан бокстың іші металлдан дайындалған пластинкадан құралады, оған кабельдің желісін дәнекерлейді. Бокстың төменгі бөлігінде саңылау болады,осы саңылау арқылы кабельдің соңын боксқа енгізеді және оны дәенкерлейді.
Әрбір плинт жиырма клеммамен жабдықталған, олар он жұп желілерді қосу үшін екі қатарға орналасқан.
Бокстардағы плинттардың және жұптардың номерлері нөлден басталады, солдан оңға қарай және жоғарыдан төменге қарай. Бокстарды әдетте арнайы шкафтарда орнатады, олар бөлгіш шкафтар деп аталады.
Бөлгіш бокстар. Қалалық телефондық желілерді аймақтарға бөледі. Әрбір аймақта магистральді кабельді және бөлгіш кабельдерді біріктіру үшін бөлгіш сөрелер орнатады.
Бөлгіш сөрелер металлдық шойын корпустан дайындалады, оларда екі есігі болады (соңғы шығыстар) немесе бір есіңті ( ескі шығыстар). Сөренің ішінде сызықтық болаттан жасалған бокстарды бекіту үшін арнайы каркас болады. Бөлгіш сөрелерде 100*2 жұпты бокстар орнатылады.
АТС кроссындағы магистральді кабельдердің желілері қорғаныш сызықтарымен біріктірілген, ал сөрелерде магистральді бокстармен плинттар біріктірілген, сондықтан магистральді бокстардың номерлері кросстың қорғаныш сызықтарынынң номерлерімен сәйкес келеді, яғни бірінші қорғаныш қабаты бірінші магситральді бокстқа енгізіледі. Бөлгіш сөреден бөлгіш кабельдер шығады, олардың желілері бөлгіш бокстардың плинтарына жалғанған. Әрбір бөлгіш сөрелерге номер беріледі, ол сөре мен АТС индексінің реттік номерінен тұрады. Әрбір сөредегі магистральді бокстардың саны әр түрлі болады, ал бөлгіш бокстардың номерлері сөредегі алатын орнына сәйкес бірдей болады.
Сызықты ақпараттар бөлгіш сөрелердің номерінен тұрады, магистраль және бөлгіш номерлерден. Мәскеулік ГТС-тың сызықты ақпараттарының мысалы: 28103-17-34-216; 28103- алғашқы сандар АТС индексі, соңғы екі сан бөлгіш сөренің реттік номері, магистарльді бокстың 17-номері, магистральді бокстағы жұптың номері. 2016-2-ші бөлгіш бокс, бірінші плинт осы бокста, ал 6 берілген плинттың жұбы.
Бөлгіш жәшіктер. Бөлгіш кабельдің абонеттік сыммен жағануы бөлгіш жәшіктерде жүзеге асады. Бөлгіш жәшіктер қақпағы бар корпустан тұрады, оның ішінде пластмассалық плинт орналасады. Плинттың жоғарғы жағында 10 жұп клемм орналасқан, олар бір-бірімен бір жұпты кабельдермен біріктірілген. Қаламұшқа абоненттердің телефондық аппаратына баратын бір жұпты кабель желісін дәнекерлейді.
Әуе сызықтарында бөлгіш жәшіктердің орнына кабельдік жәшікетр орнатады, оларда қатты токтан және жоғары кернеуден қорғайтын қорғаныс құрылғылары болады ( қорғағыш және көмір қатарлары)
КС-МК 10 кабельді жәшіктері.
Қолдану
КС-МК10 кабельді жәшіктер аз мөлшерлі шеткері кабельді құрылғы және кабельдерден телефондың жүйелерді және қала байланысын еәу сызықтарына тасымалдау үшін қолданылады.
Негізгі сипаттамалары
Кабельді жәшікте 10 біріктіретін DCM модульдері орналасады. Жәшіктің корпусы қағаздық болаттан полимерлі қабат төселіп дайындалады, ол жәшікті коррозиядан қорғайды және реңін жақсартады. Қақпақты ыңайлы ашу үшін қақапақ жоғарыға қарай ашылады. Рұқсатсыз ашуға арналған кілт тұрады. Кабельдерді енгізу саңылауларында және сымдарда резиналық тығыздағыштар бекітілген.
Біріктіргіш модульдерде ажырату сымдары қарастырылған, тесттік және өлшегіш құрылғыны қосу, өлшеулерді екі жақпен жасау мүмкіндігін береді, сонымен қатар жоғары ток пен кернеуді қадағалау үшін электр тізбегін өлшейтін аспапты қосуға болады. Әр түрлі диаметрдегі кабельдерді сілтеуіштермен біріктіру рұқсат етіледі, сызықты және абоненттік біріктіргішпен біріктіруге болады.
9.ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Сурет.1 Кросстағы әуелік абоненттік сызықтады қосу сызбасы
Сурет. 2 Түзеткіш құрылғының қарапайым сызбасы
Сурет 3 . ALCATEL-1000 S-12 Сандық станциясының
құрылымдық сұлбасы
Сурет.4 ALCATEL-1000 S-12 САНДЫҚ СТАНЦИЯСЫ
Сурет.5 ALCATEL-1000 S-12 Сандық станциясының платалары
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәжірибеде кәсіпорынның құрылысымен, жұмыскерлерімен, жұмыс орнымен таныстым. Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін және еңбек қорғау бойынша ережелерді сақтадым. Кәсіпорынның міндеттері мен құқықтарымен таныстым. Тексеру құралдарымен және техникалық құжаттармен таныстым. Кәсіпорын радиотелевизиялық хабар таратады. Қалада радиотелевизиялық хабар тарататын кәсіпорындар бірнеше, олар бір орталықтан басқарылады.
Кәсіпорынның басым бағыттары:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Жұмыс орнындағы қауіпсіздік ережелері және еңбекті қорғау бойынша Ережелері