Байланыс желілерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 08:41, курсовая работа

Описание работы

Цифрлы байланыс желілерінде цифрлы жалғау жүйелерін (ЦЖЖ) пайдаланып уш түрлі жалғау әдістері қолданылады.
Арналарды жалғау. Бұл әдіс телефон желісінде пайдаланылады, бұл жалғау әдісі сөйлесу кезінде абоненттер арналарды толық иемденеді де, сөйлесу накты уакыт өлшемінде өтеді, байланыс жолының пайдалану тиімділігі төмен.

Файлы: 1 файл

Жели технологиясы.docx

— 1.06 Мб (Скачать файл)

Жеңіл – 0,6 ккал энергия жоғалтатын адамның дене ширақтығын онша қажет етпейтін жұмыстар.

Орта ауыртпалықты – 0,6-1 ккал керек ететін жұмыстар (жүру, 10 кг жүк көтеру және т.б.).

Ауыр жұмыстар – 1 ккал керек ететін жұмыстар.

 

 

 

 

3.4 Жарықтандыру

 

 

Аумақ ішіндегі бөлме ішіндегі жұмысты камтамассыз ету үшін басты факторлардың бірі қалыпты жарықтандыру болып табылады.

Бөлмелер мен жұмыс орындарын рационалды жарықтандыру – қолайлы еңбек жағдайының басты элементтерінің бірі. Қалыпты жарықтандыру кезінде еңбек өнімділігі жоғарылайды, қауіпсіздік жағдайы көтеріледі, шаршағандық төмендейді. Жеткілксіз жарықтандыру кезінде жұмысшы айналасындағы заттарды нашар көреді және өндірістік жағдайға бейімделу қиындайды. Жұмысты ойдағыдай орындау үшін оған қосымша күш салу және үлкен назар аудару қажет. Дұрыс емес және жеткіліксіз жарықтандыру қауіпті жағдайдың пайда болуына әкеп соғады.

Қажетті жарықтандыру деңгейі көркемдік жұмыстардың дәлдік дәрежесімен анықталады. Жарықтандыруды рационалды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын жеткілікті жарықтандыру ғана емес, сонымен қатар жарықтандырудың тиісті сапалық көрсеткіштерін жасау керек. Жарықтандырудың сапалық көрсеткіштеріне келесілер жатады: жарық ағынының біркелкі таралуы, жарқылдауы, фон, объектінің фонмен карама – қарсылығы.

Өндірістік, қызмет, тұрмыс бөлмелерін жарықтандыру үшін табиғи жарықты және жасанды жарық көздерін қолданады. Табиғи жарық көзі – күн радиациясы, яғни жер бетіне күннен келетін сәуле энергиясының түзу және шашыраған жарығы. Табиғи жарық, яғни күннің жарығы терезелер арқылы бөлме ішіне кіреді. Табиғи жарық бір қалыпты емес тәулік және жыл мезгіліне, сонымен қатар атмосфералық құбылыстарға байланысты. Жарықтандыруға ғимараттардың орналасуы және құрылысы, шыны беттерінің үлкендігі, терезелердің формасы мен орналасуы, қарама – қарсы тұрған ғимараттардың арақашықтығы және т.б. әсер етеді.

Табиғи жарық аса гигиеналы болады және адамдардың көп шоғырланған бөлмелерге арналған.

Ең көп тараған жасанды жарықтандырудың бірі электрлік жарықтандыру болып табылады. Жасанды жарықтандыру табиғи жарық жетіспейтін немесе табиғи жарық жоқ кезде қолданылады. Жасанды жарықтандыру жалпы болуы мүмкін. Бүкіл өндіріс біртекті шырақтармен жарықтандырылады және бірдей қуаттағы лампалармен жарақталады. Рационалды бір қалыпты жарықтандыруды, кенеттен өзгеріссіз және пульсациясыз, жарықтық қолайлы спектралды құрамы және жеткілікті жарықтығы қарастырылған. Сондықтан бөлмелерді рационалды жарықтандыру үшін тұрғылықты және жалпы жарықтандыру жасау керек. Жалпы және тұрғылықты жарықтандырудың қосындысы қиыстырылған жарықтандыруды тудырады.

Функционалдық қызметіне қарай жасанды жарықтандыру жұмыстық, кезекшілік және авариялық болып бөлінеді

 

 

3.5 Электрқауіпсіздік

 

 

Электр қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін қолданылатын құрылғыларды жерлендіру жүйесі қолданылады. Бұл жағдайда артық тоқ қорғаныс жүйесі арқылы жерге кетіп, адам өміріне жұмыс уақытында қауіпті жағдайларды болдырмайды.

Электр қондырғыларында қорғаныс жерлеу ретінде алғашқы кезеңде табиғи жерлегіштер қолданылуы керек.

Өнеркәсіптік ғимараттардың темірбетон фундаментін табиғи жерлегіш ретінде алғанда, қосымша табиғи емес жерлегіштер қажет болмайды.

Жерлегіш қорғанысқа қолданылатын өткізгіш ретінде осы қызметке арнайы жасақталған құралдарды пайдалану керек немесе құрылыс металлдық, электромонтаждық конструкцияларды қолданған жөн. Жерлегіш қорғанысы қолданатын өткізгіштердің материалы, конструкциясы мен өлшемі жылдың барлық мезгіліне және механикалық пен химиялық әсерлерге тұрақтылықты қамтамасыз ету керек.

Металлдық құрылыс заттары мен өнеркәсіптік конструкциялар арасында потенциалдарды теңестіру үшін жерлегіш желілеріне қосылу керек.

 

 

Kесте 3.2

Тоқ әсерінің астында қалуының шекті (артық емес) мөлшері

 

 

Тоқ түрі

Тоқ әсерінің астында қалуының шекті (артық емес) мөлшері, с

0,01-0,03

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

1

1<

 

Айналмалы 50 Гц 

 

Айналмалы 400 Гц 

 

Тұрақты 

 

650 

 

650 

 

650

 

500 

 

500 

 

500

 

250 

 

500 

 

400

 

165 

 

330 

 

350 

 

125 

 

250 

 

300

 

100 

 

200 

 

250 

 

85 

 

170 

 

240 

 

70 

 

140 

 

230

 

65 

 

130 

 

220

 

55 

 

110 

 

210

 

50 

 

100 

 

200

 

366 

 

368 

 

410





 

 

 

 

Әртүрлі мақсатта электр тоғын қолдану, оның қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлуді қажет етеді. Себебі, электр тоғының әсерінің қауіптілігі адам өліміне дейін алып барады. Электр тоғымен зақымдану себептері:

·                ашық тоқ өткізгіш бөлшектерімен және сымдармен әрекеттесу салдарынан;

·                оқшауламасы зақымданған ток өткізгіш бөлшектермен жанасу салдарынан;

·                оқшауламасының кедергісі аз заттар арқылы;

·                қолымен істейтін электрлік саймандардың жарамсыздығынан. Электр тогының адам ағзасында әртүрлі электр жарақаттар (электрлік күйік) және электр соққы тудырады

Электрлік күйік тоқ өткізгішті бөлшектерді ұстағаннан пайда болады. Электр белгі температурасы 50-115°С кедергісінен үлкен, ауданы кіші бет арқылы үлкен тоқ өткен кезде жылулық әсерден пайда болады. Бұл кезде терінің ісуіне әкеліп соғады.

Элетроавтомия - ультракүлгін күшті ағынның нәтижесінде көздің ісуі. Электр соққы - адам денесі арқылы электр тізбектің пайда болуының әсерінен ағзаның зақымдалуы. Бұл электр өрістерінің әсерінен туған биофизикалық құбылыс.

Адамдарды электр желісіне қосылған тоқ өткізгіш бөлшектермен жанасудан қорғау үшін, келесі шаралар қолданылады:

-         электр қондырғылар бөліктерінің электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жермен қосу;

-         тұрақсыз ток жүретін жерлерге арнайы шектеуші аспаптарын құру;

-         станцияларда қауіпті жағдайда автоматты түрде өшетін құрылғыларды пайдалану;

-         қолымен істейтін электр саймандарының жұмысқа жарамдылығын тексеру;

-  қауіпті жерлерге қауіпсіздік белгілерін қолдану.

 

 

Электр қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру есебі

Жерлендіру типі – контурлы, яғни жерлендіргіштер бөлменің ішінде контур бойымен орналасады. Бөлменің өлшемдері келесідей: А= 4м , В= 3м.

 

 

1-бөлме ; 2-қабырға ; 3-есік

 

    Сурет 3.1 – Бөлме  жоспары

 

 

 

   Контур вертикальді  электродтардан тұрады. Электрод  ретінде түтікшелі болат алынады : ұзындығы lБ = 3 м, диаметрі d = 50 мм.

Олар бір-бірімен ұзындығы контур периметрімен тең болатын болат жолақпен горизонтальді қосылған.

 

 

 

           

мәндерін қоя отырып, бөлме периметрін табамыз.

 

       

м

 

 Горизонтальді электрод ретінде де қимасы 40´4 мм болатын жолақты пайдаланамыз. Тік электродтарды жерге енгізу тереңдігіt0 = 0.5 м. Жердің меншікті кедергісі P = 80 Ом·м. Жасанды жерлендіргіш ретінде Rжж = 20 Ом кедергісі бар темірбетонды түтікшелі қолданылады.

Жерге қатысты тұйықталу тогы Iж = 70 А.

 

 

Пайдалану коэффициенті әдісі бойынша есептейміз.

Жерлендіргіштің талап етілетін кедергісі:

 

 

Жасанды жерлендіргіштің талап етілетін кедергісі:

 

 

Тік электродтар саны:

 

 

,

 

 

мұндағы а - а/ lв = 1;2;3 шарты бойынша тік жерлендіргіштер арасындағы ара қашықтық, берілген жағдайда а=1 м қолданамыз.

Формулаға мәндерді қоя отырып,табамыз:

 

   

 

 

Тік және көлденең электродтар үшін жердің меншікті кедергісін есептейміз:

,

мұндағы kк - Қазақстанға сәйкес климаттық аймаққа тәуелді жердің кебуін және қатуын есепке алатын мезгілдік коэффициент -kк=1.4; kк' = 2.5.

 осы формулаға мәндерді қоя отырып, табамыз:

 

 

Rв тік электродтардың (вертикаль) есептік кедергісі:

 

 

Тік және көлденең электродтардың пайдалану коэффициенттерін кесте бойынша анықтаймыз:

ŋв=0.4; ŋк =0.21

 

 

Қабылданған топтық жерлендіргіштің кедергісін табамыз:

 

 

 

 

Жерлендіргіштің есептік пен талап етілетін кедергісінің арасындағы айырмашылықты табамыз:

 Ом.

3.2-суретте жерлендіргіштің  орналасу сұлбасы келтірілген. Жерлендіргіш  арасындағы ара қашықтық а = 1 м, жерлендіргіш саныnэс = 14 дана.

1 - жерлендіргіш

Сурет 3.2 – Жерлендіргіш контурдың орналасу сұлбасы.

 

 

Қорытындылай келе, оператор орнының электр қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында талап етілетін жұмыстар көлемі орындалды. Жерлендіргіш электродтар контур бойынша 1 метр аралықта орналастырылды. Бұл бізге байланыс құрылғыларын, қызметкерлерді артық тоқтан қорғауды толық қамтамасыз ете алатын жүйе болып табылады.

 

 

3.6 Өрт қауіпсіздігі

 

 

Өрт – бұл уақыт пен кеңістік аралығында басқаруға келмейтін материалдық шығындарға әкелетін және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жану болып табылады.

Өрттің қауіпті факторлары:

- от және ұшқындар;

- ауаның және қоршаған  заттардың температурасының жоғарылығы;

- түтін;

- ауада оттегі шоғырының  аз болуы;

- ғимараттардың, үйлердің  және қондырғылардың бұзылуы;

Жану – жылу мөлшері көп бөлінетін, тез арада болатын күрделі химиялық құбылыс болып табылады. Жану болу үшін жанғыш заттар қышқылдық және тұтану көздері болуы керек.

 

 

Байланыс бөлмелерінде өртке қарсы қойылатын талаптар

Өрттің алдын алудың бірден бір мақсаты өрт кезінде құрылыстық құрылымдардың бұзылудан сақтау және жоғары температуралар әсер еткенде қажетті тұрақтылықты қамтамасыз ету. Құрылымдардың белгілі бір уақыт бойы өз функцияларын сақтап тұру қабілетін өртке төзімділік шегі деп аталады. Оны арнайы пештерде стандартты температурамен үлгілерді сынау арқылы анықтайды.

Өрт сөндіру қауіпсіздігі және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету өрт қауіптілігінің алдын алу үшін барлық құрылғылар бәрін бір-ақ өшіру мақсатымен жалпы қорапқа қосылған. Аппаратурада қолданылатын қорғағыштар номиналды техникалық талаптарға сәйкес қойылған.

Өртке қарсы шара ретінде өрт дабылдамасы да қолданылады. Өрт болған жағдайда қызмет көрсетуші персонал және демалушылар ғимараттан уақытылы шығарылса, істің жартысы бітті деп есептесе болады. Себебі, адам өмірі бұл ғимаратта бардың ең қымбаты.

Cауда орталығында 60-тан  астам сауда дүкендері, үй құралдары  мен спорт жабдықтарын сату  комплекстері бар. Сонымен қатар, бірнеше залды кинотеатр, ресторандар  және кафелер орын алған.

Ас дайындау бөлмелерінде тікелей отпен және газбен жұмыс жасалатындықтан өрт шығу қаупі өте жоғары. Бұл жерлерде ОХП-10 химиялық көбікті қол өрт сөндіргіштері пайдаланылады. Ал кинотеатр комплексінде көптеген электр құрылғылары жұмыс істейді. Уақыт өте жабдықтардың тозуы және жұмыс барысындағы бұзылулар нәтижесінде тоқ жүретін сымдардан, құрылғылардың өзінен жалын шығу қаупі жоғары. Бұл жердегі құрылғылар электр тоғына жалғанғандықтан сумен өшіруді пайдалануға болмайды. Себебі, өрт сөндірушіні тоқ ұру қауіпі жоғары. Су орнына химиялық немесе ауа көбікті ОХП-10 және ОВП-10 қолмен сөндіру құралдары орналасады. Өрт қауіпсіздігі шарасының негізгі көңіл бөлінетін аймақтар осы. Сондай-ақ айтып кету керек, басқа да әртүрлі киім, аяқкиім және спорт жабдықтарын сату бөлімдерінде өрт шығу қаупі төмен болғанымен, бұл бөлімдер арқылы өрттің бүкіл комплекске таралып кетуі оңай. Сондықтан, оңай жанғыш заттарды сату бөлімі кинотеатр, кафе, ресторандардан алшақ орналасқан. Бұл құрылыс кезіндегі инженерлік өртке қарсы шара деп қарастырсақ болады және аумақ ішіндегі шығу жолдары жақсы ойластырылған.

 

 

3.7 Желдету жүйелері

 

 

Өндірістік бөлмелердің микроклиматын келесі сипаттамалар белгілейді: бөлмедегі ауа температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы. Бұл сипаттамалар адам ағзасына әсер етеді және оның жұмыс орнындағы мазасына ықпалын тигізеді.

Микроклиматтық талаптарды “Өндірістік және қоғамдық бөлмелердегі ауаның аэроиондық құрамына қойылатын гигиеналық”         (СНжЕ 2.2.4.1294-03) талабына сәйкес ұстау үшін және цифрлық құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуі үшін бөлмеде екі климатехникалық қондырғылар орнатылған. Микроклиматтың нормативті көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілген. Техникалық бөлімде және оператор орнындағы жұмыс орта ауыр дәрежеге жатады, себебі техникалық жабдықтарды басқару алшақтан енгізу-шығару құрылғыларымен іске асырылады: олар компьютерлер, принтерлер, модемдер.

Өндірістегі желдеткіш жүйесі негізгі санитарлық-гигиеналық шарттарының біріне кіреді. Өндіріс орындарындағы шаң-тозаңдарды, зиян газдарды, буларды және артық жылуды желдеткіш жүйесі арқылы сыртқа шығарады. Жұмысшылардың жұмыс істеуіне қолайлы, таза ауамен қамтамасыз етеді. Желдеткіштер жалпы алмасулық және жергілікті болып бөлінеді, ал жұмыс орнына таза ауа тарату жағынан табиғи және механикалық болады.

 

 

Кесте 3.3

Орта күрделілік жұмысы үшін өндірістік орынның     микроклимат нормалары

Информация о работе Байланыс желілерін талдау