Жыл мезгілі |
Температура, °С |
Оптимальді ылғалдылық, % |
Ауа қозғалысының жылдамдығы,
м/с |
Опт. |
Қос. |
Опт. |
Қос. |
Опт. |
Қос. |
Жылдың суық мезгілі |
18–20 |
17–23 |
40–60 |
<75 |
<0.2 |
0.1 артық емес |
Жылдың ыстық мезгілі |
21–23 |
18–27 |
40–60 |
65 –
26 °С |
0.3 |
0.2–0.4 |
Жұмыс орнында тұрақты микроклиматтық
жағдайды ұстап тұру үшін оператор бөлмесінде
тұрмыстық терезеге орнатылатын Қыс-жаз
желдеткіштерін орнату көзделеді. Желдеткішті
таңдау үшін әрбір бөлменің жылу бөліну
мөлшерін есептеу қажет. Бұл жылу мөлшеріне
жұмыс істеп тұрған құрылғылар саны, жұмыс
істейтін адамдар саны, күннен түскен
жылу, бөлменің жарықтандырылуы және тағы
басқа әсер етеді. Желдеткіштерді суыту
қуаты осы бөлінген жылуға тең келетін
немесе көбірек мөлшердегі мәнге ие болатынын
таңдайды.
Жұмыс орнында тұрақты микроклиматты
қамтамасыз ету үшін Қыс-жаз типті желдеткіштері
ұсынылады. Бөлменің көлемдік өлшемдеріне
сәйкес жағымды әрі тұрақты микроклиматтық
жағдайды ұйымдастыру үшін HITACHI фирмасының қыс
– жаз типті 1 желдеткіші жеткілікті.
Жұмыс орнын қыс уақытында желдету
кішігірім өзгешеліктермен сәйкес келеді.
Бұл жерде қысты күнгі күн радиациясынан
бөлінетін жылу мөлшері басқа және бөлмедегі
жылыту жүйесінен бөлінетін жылу мөлшері
ескеріледі. Біз ұйымдастырған желдету
үшін қажетті желдеткіш қыста
да қолданыла береді. Адамның іскерлігі
үшін оптималды микроклимат параметрлері
сәйкес келеді. Таза және қалыпты микроклиматты
желдету көмегімен іске асырылды.
3.8 Қәсіпорында еңбек тіршілігі
Қызметкерлер үшін ең қауіпті
жағдай байланыс қондырғыларының жұмыс
істеп тұрғанда туындайды.
Бұл үрдістің жергілікті жөндеу
кезінде де қауіпті жағдай күшейетіндіктен,
бұл кезде қауіпсіздік ережелері нақты
шаралар қолдануды ұсынады.
Жөндеу жүріп жатқан қондырғылар
айналасына сигнал беретін жалаушалар
ілінеді, ал түнде қызыл шамдар жанып тұрады.
Қондырғылар тұрған жерде " Қондырғы
жөндеуде", "Жүруге тыйым салынады",
"Мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр"
деп жазылған плакаттар ілінеді. Жөндеу
кезінде бас троллей токсыздандырылып,
айырғыш қорапшасы жабылады және оған
"Іске қосылмасын" деп жазылған плакат
ілінеді.
Тұрақты қоршаулары жоқ қондырғыларға
жолына шыққан кезде және олардағы металдан
жасалған конструкцияларға жөндеу жасаған
кезде жұмысшылар сақтандырғаш белбеу
тағуы керек. Диірмендерге шығып-түсу
кезінде жүмысшылардың қолдары бос болуы
шарт. Ал жөндеуге қажетті құралдар арнаулы
сөмкелерге немесе жеңіл заттарды салатын
қапшықтарға салынады. Ауыр қосалқы бөлшектер
арқанмен, жіппен немесе т.б. құралдар
көмегімен көтеріліп, түсіріледі.
Заттарды төмен қарай лақтыруға
тыйым салынады.
Жөңдеу жұмыстары басталмай
тұрып жұмысшылар қауіпсіздік шараларымен
танысқандығы жайлы тілхатқа қол қояды.
Магистралді арналардың жергілікті
құрылыстарының жүмысының қауіпсіздігін
жоғарылату үшін оларға қауіпсіздік аспаптары
орнатылады. Оларды орнатуға қойылатын
талаптар арнаулы ережелерде белгіленген.
Оларға сәйкес жүк көтеру диірмендердің
барлығы шеттік ажыратқыштармен, шектегіштермен
т. б. құралдармен жабдықталады. Шеттік
ажыратқыштар жүк қармайтын бөлік ең шеткі
жоғары қалыпқа барғанда, диірмен мен
арбаша рельстік жолдың ең шетіне барғанда
және диірмендердің автоматты түрде кернеуді
ажырату қажет болған жағдайларда іске
қосылады.
Техникалық қызметкерлерді
қорғау үшін жеке қорғаныс құралдары қолданылады.
3.9 Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлардың
пайда болуы, халықты олардың
салдарынан қорғау
Қазақстанның оңтүстік және
шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер
сілкінісі және олар тудырған құбылыстар
(сел, опарылма, сырғыма, қар көшкіні, тоғандардың
бұзылуы, мұнай-химиялық жарылғыш және
өрт қауіпі бар кәсіпорындарындағы апатты
және т.б. аса қауіпті).
Егер жер сілкінісі мен олардың
салдарына алдын ала даярланса, әлеуметтік-экономикалық
залалды айтарлықтай төмендетуге болады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жер сілкінісі
қауіпі бар аймақта тұратын әрбір тұрғынға
жер сілкінісі туралы белгілі бір білім
қажет, өзін қауіпсіз ұстау ережесінбілуге
және олар пайда болған кезде сауатты
қимылдай білуі тиіс.
Жер сілкінісі геологиялық құбылыс.
Олар кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.
Жер сілкінісі ошақтары жер қыртысында
пайда болады. Жер сілкінісінің пацйда
болуына геологиялық ортадағы күрт бұзылушылықтар:
қозғалыс, жарылыс себеп болады. Әрбір
жер сілкінісі – бұл «жарылыс», оның нәтижесіңде
жер қойнауында жинақталған энергияның
бір бөлігі сыртқа шығады. Жер бетінің
қозғалысы сейсмикалық толқындарды тудырады.
Әр елдерде жер сілкінісі жиілігін
бағалау үшін пайдаланатын көптеген сейсмикалық
шкалалар (50-ге жуық) жасалынды.
Рихтер шкаласына сәйкес (Колифорния
технологиялық институтының профессороы
Чарльз Ф. Рихтер) бұрынырақта тіркелген
күшті жер сілкіністерінің магнитудасы
8,9 болған. Салыстыру үшін: 1988ж. Армян (Спитак)
жер сілкінісінің магнитудасы 7,0; 1920 ж.
Қытай (Гань су) жер сілкінісінің магнитудасы
8,6.
Жапонияда жергілікті архипилак
жағдайындағы жер сілкінісі жиілігін
анықтау үшін 7-баллдық шкала жасалынған.
1964ж. С.В. Медведеев(КСРО), В. Шпонхойер
(ГФР) және В. Карник(ЧССР) 12 баллдық
халықаралық М К-64 жасады. (Оның
авторлары тектерінің алғашқы
қаріптері бойынша). ТМД және бірқатар
еуропа елдерінде ол осы күнге
дейін пайдаланылады.
Жер сілкінісі жер бетінде жарықшақтарды
туғызады. Аляскадағы апатты жер сілкінісінде
(1964ж.) мұндай жарғышақ 1000 шақырымға жеткен.
Сілкініс деңгейінің шегі (жер
сілкінісінің жиілігі) ғимараттардың
бұзылуы дәрежесімен, жер бетінің өзгеруі
сипатымен анықталып, балл бойынша бағаланады.
Сейсмикалық толқындардың жалпы энергиясының
шегі ретінде жер сілкінісінің магнитудасы
қызмет етеді. Магнитуда – бұл топырақтың
бір бөлігінің жылжуының ең жоғарғы амплитудасының
логарифміне сәйкес сандардың шартты
берілу. Жердің энергия ұстауын есептегенде
жер сілкінісінің магнитудасы 9-дан аспайды.
Магнитуда, жер сілкінісінің жиілігі және
ошағының бойлау тереңдігі 20-30 шақырым
болды.
4 Экономикалық бөлім
4.1 Жобаның экономикалық
негіздемесі
Берілген дипломдық жұмыста
Шымкент қаласының орталығында орналасқан
аумақ ішіндегі байланыс желісімен қамтамасыз
етудің инвестициялық жоспары қаралады.
Аумақ ішіндегі күніне 15 000 адамға, ал жылдың
ыстық уақытында 25 000 адамға қызмет көрсетеді.
Нақтылы кәсіптік–жоспар жұмыста
аумақ ішіндегі орналасқан әртүрлі фирмалардың
интернетке шығу мүмкіндігін, олардың
басқа нүктелері арасында шапшаң ақпарат
алмасу қажеттілігін іске асыруды негіздейді.
Нарықтық қатынасқа өтуге байланысты
қазіргі экономикалық жағдай кәсіпорындарға
ішкіфирмалық жобалаулардың жаңа түрін
қолдануға әкелді. Олар қабылданатын шешімдердің
максималды тиімділікті қамтамасыз ететін,
жобалаудың жаңа моделдері мен формаларын
іздеуге мәжбүр болды.
Мұндай жетістіктерге жетудің
оптималды нұсқасы жаңа озық жоба түрі
– бизнес жоба болып табылады. Ол кәсіпорын
алдына қойылатын жақын арадағы және ары
қарайғы болашағының мақсаты мен мәнінің
зерттеулерінен, ағымдағы экономика жағдайының
бағасының, өндіріс орнының басым және
әлсіз жақтарының, нарық анализі мен клиенттер
туралы ақпараттарды зерттеуден тұрады.
Сонымен қатар, мұнда қойылған мақсаттарға
жету үшін керекті қорға және бәсекелес
жағдайына баға беріледі. Бизнес жоспар
ұсынылатын жобаның пайдасын және тиімділігін
көрсетуге және қаржы әріптестерді қызықтыру
мүмкіндіктерін береді. Ол инвесторларды
сіздің ұйғарымдарыңызды тиімді іске
асыруға мүмкіндік беретін, кәсіпорынның
дамуының қызықты мүмкіндіктерін тапқаныңызды
дәлелдеу және кәсіпорын жобаның мақсаттары
мен міндеттерін тиімді, ақиқатты және
тізбектелген бағдарламасын орындау мүмкіндігін
береді.
Жұмыс шешімінің нәтижелілігі
Соңғы жылдары ақпарат тарату
жылдамдығының өсуі, қолданыстағы желіге
қатынас құру арналарының өткізу қабілетіне
жетіспеушілік байқалатындай жағдайға
әкелді. Егер, корпоративті деңгейде бұл
мәселе біртіндеп шешілгенімен (деректер
таратудың жоғары жылдамдықты арналарын
жалға алу арқылы), шағын және орта объектілерде
бұл мәселе бар.
Бүгінгі күнге аяққы пайдаланушыларды,
жекеменшік желілермен және ортақ қолданыстағы
желілермен байланыстырудың негізгі әдісі,
абоненттік аналогты телефон желілері
бойынша санды ақпарат таратуды қамтамасыздандыратын
телефон желілерін, модемдерді және құрылғыларды
қолдану арқылы қатынас құру болып табылады.
Мұндай байланыс жылдамдығы үлкен емес,
максималды жылдамдық 56 Кбит/с-ты құрайды.
Әзірше Интернетке қатынас құру үшін осы
да жетеді, алайда, парақтардың графиктермен,
бейнелермен, үлкен көлемдегі электрондық
жәшіктермен және құжаттармен қанығуы
жақын уақыттарда, тағы да, өткізу қабілетін
болашақта арттыру жолдары жайында сұрақ
туындатады.
Неғұрлым перспективті болып
қазіргі уақытта ATM over ADSL (Asymmetric Digital Subscriber
Line) технологиясы саналады. Бұл, стандартты
абоненттік телефон желілерін, жоғары
жылдамдықты қатынас құру желілеріне
айналдыратын жаңа модемді технология.
ATM over ADSL технологиясы ақпаратты абонентке
8 Мбит/с жылдамдықта таратуға мүмкіндік
береді. Кері бағытта 640 Кбит/с жылдамдық
қолданылады. Бұл, барлық желі қызметтерінің
жаңа спектрінің абоненттен деректер
таратудың шамасы аз жылдамдығын ұсынуымен
байланысты. Мысалы, MPEG-1 форматында бейне
алу үшін, өткізу қабілетінің 1,5 Мбит/с
болғаны аса қажет. Абоненттен таралатын
қызметші ақпараттар үшін, 64 -128 Кбит/с
толығымен жетеді.
Соңғы уақытта байқалған бүкіл
дүние жүзіндегі Internet-ті қолданушылар
санының қарқынмен өсуінің Казахстанда
да байқалуы, ATM over ADSL нарығының перспективасына
оптимистік көзқараспен үңілуге алып
келеді. Бұл оптимизм ATM over ADSL-қатынас құру
желісін өрістетуді бастаған провайдерлерді
бөледі. Бірақ, олардың потенциалды абоненттік
базаға қатынасы жайында не айтуға болады?
Бүгінгі күні қазақстандық Internet
қолданушылар саны 4,2 млн. адамға бағаланылады
(Dataquest деректері бойынша).
Айына бір рет пайда деген нені
білдіреді? Желінің жұмыс істеу ұзақтығы
шамамен 4—5 сағатты құраса, онда коммутирлі
қатынас құру құнында сағатына 1 долл.,
сонда, 50—60 долл. жылына кетеді. сөз жоқ,
провайдерді жоғары деңгейде кіріс кіргізетін
қажеткерлер қызықтырады.
«Тиімді» пайдаланушылардың
саны Қазақстанда 2007 ж. (тиімді абонент
желіде айына 20 сағаттан кем уақыт өткізбейді
деп санасақ) 350—450 мың деңгейінде бағаланады.
Мұндай консервативті бағалау, компьютерлендірудің
төмен қарқынына және тұрғындардың төмен
табысты екеніне қарамастан, абонент қорының
тез өсу қарқыны орташапшаң болашағы бар
деп бағалауға алып келеді. Алматы нарығында
коммутирлі қатынас құру 2007 жылы орташа
айлық модемдік пуланы жүктеудің өсуі
айына 5—6% деңгейінде бақыланды. Бұл тиімді
Internet пайдаланушылардың, соның ішінде,
кеңжолақты қатынас құру абоненттерінің
санының өсуін күтуге мүмкіндік береді.
Осы әдіспен, Қазақстанда, дүние
жүзіндегі сияқты, Internet-қызметі аймағында
кеңжолақты жүйеге қарай бетбұрыс басталады.
Асимметриялық санды абоненттік желі
(ATM over ADSL) технологиясы негізінде Internet-ке
жоғары жылдамдықты қатынас құрудағы
күрделі мәселелердің бірі болып, әсіресе,
бастапқы кезеңде, жабдық таңдаудағы сұрақ
болып табылады.
Internet ауқымды желісіне ATM
over ADSL желісімен қатынас құру
үшін жоба жасауда, Alcatel фирмасы
мен Cisco Systems компанияларының аппараттық
және бағдарламалық құралдары
мен жабдықтарының мүмкіндіктерін
талдау шешімі қабылданды. Талдау,
иерархиялық талдау әдісі арқылы
жүргізіледі (ИТӘ).
Иерархиялық талдау әдісі –
бұл көпкритерилі оптимизация есебін
шешуге арналған математикалық аппарат.
ИТӘ элементтерді иерархиялық
түрде ұсынатын жүйелік үрдіс, кез-келген
мәселенің мәнісін анықтайды.
Нәтижесінде, иерархиядағы элементтердің
әсерлесуінің салыстырмалы дәрежесі өрнектеледі.
Бұл пікір артынан сандық өрнектеледі.
ИТӘ көптеген пікірлердің синтез
үрдісін, критерилердің артықшылықтарын
алуды және альтернативті шешімдерді
табуды өзіне қосады. Осындай әдіспен
алынған мән қатынастар шкаласында және
қатал баға беру болып табылады.
Нарықтық қатынасқа ауысу Қазақстандағы
сапалы байланысқа мүдделі кіші және орта
бизнес кәсіпорындарының санын көбейтті.
Сұраныстың ұсынысты туғызатыны бәрімізге
мәлім, сондықтан да қолданыстағы мемлекттік
байланыс желісімен қатар жаңа байланыс
қызметімен қамтамасыз ететін компаниялар
пайда болды.
Мұндай компанияларға пейджингті
фирмалар және ұялы байланыс қызметін
көрсететін фирмалар, Интернетке кіру
жүйесін ұсынатын фирмалар жатады. Компаниялар
арсындағы қатал бәсеке абоенттерге жаңа
қызмет түрін көрсетуге және оларға деген
тарифті төмендетуге, сонымен қоса барлық
жаңа аймақтарды өзінің қызметімен қамтуға
мәжбүр етеді.
Қазіргі таңда интернетке қосылуда
ATM over ADSL технологиясы нарықта нақты орынға
бекініп, негізгі жолдардың бірі болып
табылады.
Компания баға саясаты
цифрлық байланысты Қазақстан тұрғындарына
аса әмбебапты түрін ұсыну. “Қазақтелеком”
компаниясының баға саясаты цифрлық байланысты
Қазақстан тұрғындары үшін одан тиімді
жеткізуде. Компания қаңтардың соңында
жаңа тарифті жоспар енгізді. Біріншіден
желі ішіндегі тарификация өз брендерінің
барлық тарифті жоспары бойынша енгізілді.
Екіншіден бұл ыңғайлы және бай таңдау
түрі. Мысалы желі абоненттерінің өзінде
тариф жоспарының бірнеше түрін таңдау
мүмкіндігі бар. Мысалы, ATM over ADSL технологиясы
арқылы қосылған желі Интернет жылдамдығы
орташа, бірақ ұзақ уақытқа қажет болатын
кезде “Шектеусіз” тарифын ұсынады. Ал
егер жылдамдығы өте жоғары болсын десеңіз,
“СуперХит” тарифтері ұсынылады.
Қызмет түрлері
ATM over ADSL жүйесі келесі
қызмет түрлерін көрсетеді:
а) интернетке қосылуды ұйымдастыру
;
б) цифрлық телефондық байланыс;
в) цифрлық факсимиьді желі;
г) конференц-байланыс, яғни
үш немесе бірнеше абоненттердің бір уақытта
сөйлесуі;;
д) интернет тарифтерінің бірнеше
түрлері;