Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Июля 2015 в 07:12, лекция
Көптеген фосфорлы және комплексті минералды тыңайтқыштарға ортофосфор қышқылының әр түрлі тұздары жатады. Олардың генетикалық өндірісіндегі технологиялық процесс - фосфор қышқылын, фосфор оксидін (V) және элементті фосфорды өндіру процесімен байланысты. Олардың барлығы табиғи фосфатты шикізаттан өндіріледі және ұқсас технологиялық аппараттар базасына ие. Осы өндірістердің бір-бірімен байланыстылығы 5.3 суретте көрсетілген.
Ауыр түсті металдар сульфидин автогендік балқыту процесінде құрамында 80 – 90% SО2, 2 – 6% О2 бар газдар шығады. Мысалы, бір комбинатта оттегімен факелді – балқыту кезінде (КФП- процесі) өте жоғары шоғырлы SО2 газ бөлінед, оны ауамен және конвертордан шыққан газбен араластыру арқылы 6-7 SО2, газдан күкірт қышқылын өндіреді. ДК – жүйеісін қолданса, газдағы SО2 шоғырын көтеруге болады.
Цинкті гидрометаллургиялық жолмен өндіруде құрамында 29 – 34% күкірт бар концентратты ҚҚ пешінде оттегімен байытылған ауамен күйдіргенде is&&fy газдық құрамында 10 – 12% SО2, 8-10% О2, 60 – 130 г/м3 шақ болады. Қорғасын өндірісінен шыққан газда 2 – 2,5% - ден 4-5% SО2 дейін болады. Қорғасын цинк комбинатында КИВЦЭТ (кислородно – электротермическая циклонная плавка) агрегатынан шыққан газда 30 - 60% SÎ2, 5-15% CО2, 1-7%О2, 3-4% О2О, 0,01-0,05% SО3 болады. Никель және кобальт өндірісінде үздіксіз конверторды қолданғаннан шығатын газда 6,2 – 11, 2% SО2 болады.
Бокситтен алюминий өндіргенде төмен шоғырлы SО2, газдары болады. Алуинитті күкіртпен күйдіргенде және тотықсыздырғанда шығатын газда
24% SO2, 3,5% О2, 11% О2 О, 2,5% NО2, 59% N2. Газды тазалау кезінде SО2 шоғырлы 7 – 8% дейін төмендейді.
Түсті метталургия өндірісінен шығатын газ құрамында әртүрлі қоспалар (мысалы, рений, селен, германий, теллур, галлий, индий, таллий, алтын, күміс, платина, т.б, болады. Оларды бөліп алудық экономикалық маңызы күшті.
Өндіріс газдарының құрамында катализаторды уландыратын қоспалар да болады. Газда (мг/м3): Аs-30 дейін; F – 20-50; Se-10-20; Hg-10-15; Zn, Pb, Cu, Cd, Fe-0,2-0,6; сульфаттары және тотықтары; органикалық заттар 0,1-0,3%. Кейбір жағдайларда газда 2 г/м3 Аs, 0,5 F дейін болуы мүмкін
Оттық және жанар газдар.Оттық газдар. Көмірді оттықтарда жаққан кезде көмірдегі күкірт жанып, SO2 түзеледі де, ол оттықты газдармен бірге атмосфераға шығарылады. Санитарлық ережелер бойынша мекен жай маңындағы ірі жылу электр орталықтарының оттықты газдардан SO2 айыру үлкен шығындармен байланысты, сондықтан қазир оттықты газдардың азғана үлесі тазаланады.
Жанар газдардың көбісінің (коксты, генераторлы, жолайы, табиғи, мұнай өңдеу газдары) құрамында қажетсіз қоспа болып саналатын күкіртсутегі болады. Мысалы, мартен пештерінде күкіртсутегі сұйық металмен сіңіріліп, оның құрамында күкірт түрінде қалып қояды да, болаттың сапасын едәуір төмендетеді. Мұнай өңдеу газдары, жолайы және табиғи газдар негізінен түрлі өнімдерді синтездеу үшін, сонымен қатар тұрмыстық мұқтаждарға пайдаланылады. Осы екі жағдайда да газдардағы Н2S мөлшері 20 мг/м3 аспауы қажет, сондықтан құрамында едәуір күкірсутегі бар жанар газдың сіңіргіш ерітіндімен (моноэтанолами, сода және т. б.) шаю жолымен тазаланады. Осындай ерітіндіні қыздырғанда одан жоғары шоғырлы (90% Н2S дейін) күкіртсутекті газ бөлінеді де, ал оны күкірт күкірт қышқылын немесе элементті күкірті өндіру үшін пайдалануға болады.
Сондай – ақ құрамында FeSO4, АI2(SO4)2 заттардан да күкірт қышқылын өндіруге болады. Металдарды күкірт қышқылымен өндегенде қалдық ретінде өңдеу ерітінділері алынады. Олардың құрамында 2 - 4 % бос және 25%- ке дейін болады. Өңдеу ерітінділерінен темір сульфатының көп бөлігін түрінде бөліп алады, ал қалған өзекті ерітіндіні күкірт қышқылына қосқаннан кейін бөлінетін темір купоросты тауарлыөнім ретінде шығарады.
Кейбір қондырғыларда күкірт қышқылын темір купоросы алдын – ала бөлінбеген өңдеу ерітінділерден күкірт қышқылын балқынды шығымның мөлшерімен бейтараптандырып, осы қоспаны пеште көмірмен тотықсыздандырады. Түзілген кейін күкірт қышқылын өндіру үшін пайдаланылады.
Алуниттер. Алуниттер күкірт қышқылын өндіру үшін болашағы бар шикізат болып табылады. Алуниттің таза минералы химиялық құрамды формуласымен сипатталады . Алунит кенінде бұл минералдың мөлшері 50% жетеді. Қоспалар ретінде кенде кремнезем, темір мен титанның тотықтары және 0,2% дейінР2О5 болады. 5000С дейін қыздырғанда алунит барлық кристаллизациялық cesy жоғалтады. 6500 С асқанда бөлінуі мен минералдың ыдырауы басталады.
Алуниттің газ тәрізді тотықсыздандырғыштармен әрекеттесуі нәтижесінде келесі өнімдер түзеледі:
Бөлінетін газдағы мөлшері 75% (көл) (құрғақ газға есептегенде). Газды ауамен сұйылтады да, күкірт қышқылыныңконтактілі әдіспен слу үшін пайдаланылады. Глиноземді алюминий өндірісіне жібереді, калий сульфаты тыңайтқыш ретінде қолданылады.
Пайдаланылған қышқылдар. Мұнай өнімдерін тазалау үшін органикалық заттарды сульфирлегеннен кейін су тартқыш ретінде және басқа мақсаттарға күкірт қышқылын пайдаланғаннан кейін құрамында едәуір мөлшерде бар қалдықтар түзеледі. Мұндай қалдықтардың болуы үлкен қиындықтарға акелип соғады, өйткені оларды бірден (бейтараптандырмай және тазаламай) ағынды суға тастауға болады. Көптеген жағдайда пайдаланылған қышқылдардан күкірт қышқылын бөліп алу мүмкін және тиімді.
Пайдаланылған қышқылдарды қайта өңдеу тәсілдері олардың құрамына байланысты. Әрі оңай, әрі тиімді тәсілдердің бірі – осы қышқылдарды олардың құрамындағы қоспалар процеске де, соңғы өнімнің сапасына да едәуір ықпал жасамайтын өндірістерде тікелей пайдалану, мысалы, минералды тыңайтқыштарды өндіруде, металдарды және т. б. Пайдаланылған қышқылдарды тікелей пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда оларды қажетсіз қоспалардан тазалау керек. Кейде осы мақсатта пайдаланылған қышқылды сұйылтады да, кейін қайта шоғырлайды. Пайдаланылған қышқылдардан қоспаларды бөліп алудың тиімді тәсілдері болмаған жағдайда оны термиялық өңдеуде қайта пайдаланады.
Бақылау сұрақтары
11 ЛЕКЦИЯ. Хлор және сілті өндірісі
Электролизерден 70 - 900С кезінде шығатын хлор құрамында су буы болады, оның коррозиялық активтілігі өте жоғары. Сондықтан хлорды таза кептіру қажет. Хлорды 20-300С дейін салқындатқанда графиттік немесе титаннан жасалған аппаратта су буы суға айналады, ал хлор газын жоғары шоғырлы күкірт қышқылымен абсорберде жуады. Құрғақ хлорды компрессорда 0.15 МПа дейін қысымдайды. Сұйық хлор алу үшін түрлі әдістерді пайдаланады:
- қысым 1 – 1.2 МПа, температура 250С сұйыққа айналдыру,
- қысым атмосфералық, температура минус 500С кезінде сұйыққа айналдыру;
- қысым 0.3 – 0.6 МПа, температура минус 5 - 250С кезінде сұйыққа айналдыру.
Сурет 9.6 Хлоргазды өңдеудің принципті сызбанұсқасы.
Сұйық хлорды болаттан жасалған баллонда немесе цистернада сақтайды (тасымалдайды). Өндірістік қосалқы өнім сутекті активті көміртегімен арнайы тазалаудан өткізеді, товарлы өнім ретінде 99%-тік сутек алады.
Өндірістің жалпы сызбанұсқасы.Натрий гидроксиды мен хлорды натрий хлоридінің сулы ерітіндісінен электрохимиялық өндіру өндірістің біріккен комплекстің келесі операцияларынан тұрады.
- тұздықты алу және оны тазалау;
- электролиз;
- алынған ерітіндіні тазалау, буландыру және күйдіргіш натрды балқыту;
- хлорды өңдеу және сутекті ұстап алу.
Өндірістің нақты технологиялық үлгісі шикізат қажетіне электролизер түріне байланысты болады. Жер астынан алынатын тұздықты арнайы тазалаудан кейін жинағышта сақтайды. Қатты тұздарды ерітеді, тазалауға жібереді.
Электролиз цехынан шыққан ерітіндіні 42-50%-ке дейін буландырады, қоймада сақтайды. Ылғалды хлорды кептіргеннен кейін компрессормен қысымдап тұтынушыларға жібереді. Сутек тауар ретінде тұтынушыларға жіберіледі. Электрохимиялық өндірістің сызбанұсқасы 9.7 суретте келтірілген.
Сурет 9.7. Күйдіргіш натрды, хлорды және сутекті электрохимиялық өндірудің жалпы сызбанұсқасы.
№12 ЛЕКЦИЯ. Тұздар және тыңайтқыштар технологиясы
Минералды тыңайтқыштардың агротехникалық мәні. Минералды тыңайтқыштар деп - тұздар, басқа органикалық, табығы немесе өнеркәсіптік жолмен алынған заттарды айтады, құрамында өсімдікті қоректендіруге қажетті заттар және тұқымдардың ұрықтануын жақсартатын заттар болады, оларды жоғары және тұрақты ауылшаруашылық өнімдерін алу мақсатында қолданады.
Өсімдік талшықтарын түзуде, оның өсуінде және дамуында шамамен жетпіс элемент қатысады, олар атқаратын рольдері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
- органогендер элементтері ( көміртек, сутек, қышқыл, азот);
- зольды элементтер ( фосфор, калий, кальций, магний);
- микроэлементтер (бор, молибден, мыс, мырыш, кобальт)
- хлорофилль және әртүрлі фермент құрамына кіретін элементтер (темір, марганец).
Осы элементтердің ішінен көміртегі, сутегі және оттегі өсімдіктегі құрғақ заттың шамамен 80%-ін түзеді, 8-9%-ін азот, фосфор, күміс, магний, кальций және калий құрады. Қалған элемент үлесіне, оның ішінде өмірге аса қажеттісі бор, темір, мыс, марганец және басқалары 1-2%-дай келеді.
Өсімдіктің қоректенуі үшін аса маңыздысы азот, фосфор және калий, өсімдікте зат алмасу мен оның өсуі осыларға байланысты. Азот ақуыздар мен хлорофилл құрамына кіреді, фотосинтезге қатысады. Фосфор қоспасы өсімдіктің демалуында және көбеюінде маңызды роль атқарады, азотты заттарды және көміртекті айналдыру процесіне қатысады. Калий өсімдіктегі өмір сүру процестерін және сулы қалыпты реттейді, өсімдік талшығында зат алмасу мен көміртектің түзілуіне әсер етеді.
Оттегі, көміртегі және сутегінің қалған бөлігін өсімдік ауа мен судан алады, қалған элементтер тұқымнан бөлінеді. Мәдени жерлендірудің қазіргі масштабтарына қоректендіру элементтерінің шынайы айналымы табиғатта бұзылады, осылайша олардың бір бөлігі егістікпен енгізіледі және тұқымға қайтып оралмайды, сондай-ақ жерден жаңбыр суымен жуылады немесе әрекетсіз үлгіге өтеді. Мысалы, азот микроорганизмдердің өзара әрекетімен ионнан NО3- -N2- және N2О–ға дейін орнатылады. Мұндай жағдайда неғұрлым жоғары егістік болса, соғұрлым қоректік элементтерді көп шығарады.
Кесте 5.1. Жерден қоректік элементтер алу .
Элемент және оның қоспалары |
Егістік кезінде шығару ( кг/га) | |||
Бидай 30 ц/га |
Қант қызылшасы 270 ц/га |
Жүгері 600 ц/га | ||
Азот (N) |
||||
Калий (К2О) |
||||
Фосфор (Р2О5) |
||||
Бұл жағдай бүршіктегі қоректік элементтердің жоғалуын компенсациялауды (орнын толтыруды), осы элементті құрайтындар, яғни минералды тыңайтқыштар, олар ауылшаруашылық жұмысының жоғары егістігін қамтамасыз етеді. Осылайша жерге толығымен енгізуде, яғни азот, фосфор, калийден тұратын тыңайтқыштар енгізілсе, егістік өнімі 1,5-3 есе көтеріледі, олар еңбек түріне байланысты болады.
Кесте 5.2. Егістікке минералды тыңайтқыштардың әсері.
Заттар |
Егістік, ц/га |
||
Мақта |
8-9 |
27-30 |
|
Бидай |
7-8 |
20-40 |
|
Қант қызылшасы |
100-120 |
200-500 |