Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 20:22, реферат
Метеорология (гректің meteora – атмосфералық құбылыстар және logos – ілім деген сөзінен шыққан) - жердің ауа қабаты — атмосфера туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жататын физикалық және химиялық процестерді олардың жер бетімен әрекеттесуін және де ауа массасының қозғалыстарын зерттейді. Яғни, метеорологияның зерттеу объектісі - атмосфера.
Атмосферада сәулелі энергияның басқа энергия түрлеріне айналуы, жылу айналымы, су айналымы және ауа айналымы үздіксіз жүріп тұрады, сонымен қатар әртүрлі оптикалық, электрлік және тағы басқа құбылыстар дамиды. Атмосферанын қасиеттері біртекті емес және кеңістік пен уақыт бойынша өзгермелі келеді.
Кіріспе
3
1
Метеорология ғылымы
1.1
Метеорологияның қысқаша тарихы
1.2
Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы
1.3
Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері
1.4
Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық алаңда аспаптардың орналасу ерекшеліктері
1.5
Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері
2
Қазақстандағы метеорологиялық қызмет
3
Станциялардың физико-географиялық сипаттамалары
3.1
«Айдарлы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.2
«Үлкен Алматы Көлі» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.3
«Алматы Казгидромет» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
4
Метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі
4.1
Бұлттылық мөлшерінің мен ауа температурасының тәуліктік жүрісі
4.2
Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі
4.3
Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі
4.4
Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі
4.5
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі
5
әл-Фараби атындагы Қазақ Ұлттық университетінің метеостанциясының метеорологиялық элементтерінің күндізгі жүрісі
6
Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау
6.1
Алматы метеостанциясының ауа райы күйіне шолу
6.2
Айдарлы метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
6.3
Үлкен Алматы көлі метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
6.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеостанциясының жалпы ауа райы күйіне шолу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
МАЗМҰНЫ |
|
Кіріспе |
3 | |
1 |
Метеорология ғылымы |
|
1.1 |
Метеорологияның қысқаша тарихы |
|
1.2 |
Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы |
|
1.3 |
Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері |
|
1.4 |
Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық алаңда аспаптардың орналасу ерекшеліктері |
|
1.5 |
Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері |
|
2 |
Қазақстандағы метеорологиялық қызмет |
|
3 |
Станциялардың физико-географиялық сипаттамалары |
|
3.1 |
«Айдарлы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы |
|
3.2 |
«Үлкен Алматы Көлі» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы |
|
3.3 |
«Алматы Казгидромет» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы |
|
3.4 |
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы |
|
4 |
Метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі |
|
4.1 |
Бұлттылық мөлшерінің мен ауа температурасының тәуліктік жүрісі |
|
4.2 |
Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі |
|
4.3 |
Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі |
|
4.4 |
Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі |
|
4.5 |
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі |
|
5 |
әл-Фараби атындагы Қазақ Ұлттық университетінің метеостанциясының метеорологиялық элементтерінің күндізгі жүрісі |
|
6 |
Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау |
|
6.1 |
Алматы метеостанциясының ауа райы күйіне шолу |
|
6.2 |
Айдарлы метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу |
|
6.3 |
Үлкен Алматы көлі метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу |
|
6.4 |
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеостанциясының жалпы ауа райы күйіне шолу |
|
Қорытынды |
||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
КІРІСПЕ
Метеорология (гректің meteora – атмосфералық құбылыстар және logos – ілім деген сөзінен шыққан) - жердің ауа қабаты — атмосфера туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жататын физикалық және химиялық процестерді олардың жер бетімен әрекеттесуін және де ауа массасының қозғалыстарын зерттейді. Яғни, метеорологияның зерттеу объектісі - атмосфера.
Атмосферада сәулелі энергияның басқа энергия түрлеріне айналуы, жылу айналымы, су айналымы және ауа айналымы үздіксіз жүріп тұрады, сонымен қатар әртүрлі оптикалық, электрлік және тағы басқа құбылыстар дамиды. Атмосферанын қасиеттері біртекті емес және кеңістік пен уақыт бойынша өзгермелі келеді.
Метеорологияның негізгі шешетін мәселелеріне атмосферада жүріп жатқан процестер мен құбылыстарды зерттеу, олардың пайда болу заңдылықтарын анықтап, болашақта дамуын болжау және оларды басқару мүмкіндіктерін анықтау жатады.
Қандай ғылымның болмасын түпкі мақсаты адамзаттың қажетін қанағаттандыру болып табылады. Атмосфераның физикалық күйі адамзат тұрмысының барлық жағына әсер тигізеді. Әсіресе, ауыл және су шаруашылығы, авиация, құрлық және су транспорты, энергетика, құрылыс шаруашылығы, медицина және т.б. атмосфералық процестерге бағынышты.
Халық шаруашылығына қолайсыз метеорологиялық құбылыстар қуаңшылық, су тасқыны, қар көшкіні, қарлы және құмды борасын, көктайғақ, үсік, бұршақ және т.б. орасан зиян келтіреді. Сондықтан да метеорологияның практика жүзінде атқаратын жұмыстарына келесілер жатады:
Берілген уақыттағы атмосфераның төменгі бөлігінің метеорологиялық өлшемдермен және атмосфералық құбылыстармен сипатталатын физикалық күйін ауа-райы деп атайды. Ауа-райы ұғымымен климат ұғымы тығыз байланысты. Климат деп берілген жердің өзіне тән ауа-райының көпжылдық орташа режимін айтамыз. Калимат ауа-райына қарағанда тұрақты және маңызды физико-географиялық сипаттама болып табылады.
Белгілі бір ортаның қалыптасқан ауа-райы күйін, яғни климатын зерттеу мақсатында метеорология ғылымының дамуы ықпалымен көптеген орындарда метеостанциялар қызмет атқарады.
Бүгінгі таңда ғылымның кез-келген түрін жете түсініп, мамандықты жақсы меңгеру үшін практикалық жұмыстардың маңыздылығы ерекше. Осы себеппен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология мамандығының студенттерін оқытуға арналған оқу бағдарламасына сәйкес аталмыш бөлімнің студенттері 2-разрядты Үлкен Алматы Көлі метеостанциясының және Айдарлы метеостанциясының жұмысымен танысып қайтты. Төменде көрсетілетін мәліметтер жоғарыда аталған студенттерінің практикалық жұмыс негізінде зерттеліп жасалған жұмыстарының есебі болып табылады.
1 МЕТЕОРОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ
Метеорология - жер атмосферасы, яғни ауа қабығы жайлы ұғым. Ол физика заңдарының негізінде, географиялық қабықтың бір бөлігін зерттейді. Сонымен, метеорология атмосфераның құрамын, құрылысын, ондағы жүріп жатқан алуан түрлі процесстер мен құбылыстарды зерттеп, оларды физикалық тұрғыдан түсіндіріп, атмосфералық жағдайларды болжау және мүмкіндігінше әсер ету.
Метеорология - грек сөзінен аударғанда: «мета» - тұстағы айнала, «эора» - көру, «логос» - ілім деген мағынаны білдіреді.
Метеорологияның негізгі шешетін мәселелеріне атмосферада жүріп жатқан процестер мен құбылыстарды зерттеу, олардын пайда болу заңдылықтарын анықтап болашақта қалай дамитынын болжау және оларды басқару мүмкіндіктерін анықтау жатады. Атмосфера күйіне сандық және сапалық сипаттама беру үшін әртүрлі метеорологиялық өлшемдер қолданылады. Негізгі метеорологиялық өлшемдерге келесілер жатады: ауаның температурасы, қысымы, тығыздығы және ылғалдылыгы, желдін жылдамдығы мен бағыты, бұлттың мөлшері, биіктігі және қалыңдығы, жауын-шашынның мөлшері мен қарқындылығы, сәулелік және жылулық энергия ағындарының мөлшері, метеорологиялық көріну қашықтығы, бұлттар мен тұманның сулылығы, қар жамылғысының биіктігі, тығыздығы және ондағы су қоры, т.б. Атмосфера күйін метеорологиялық өлшемдерден бөлек, белгілі бір физикалық процестермен анықталатын атмосфералық құбылыстар да сипаттайды. Оларға тұман, мұнар, шық, қырау, боран, дауыл, жауын, найзағай, поляр шұғыласы және т.б. жатады.
1.1 Метеорологияның қысқаша тарихы
Метеорологияның даму тарихы.
Атмосфералық құбылыстарды бақылауға
ежелгі кездерде Қытай, Үндістан, Жерорта
теңізі маңында алғашқы қадамдар жасалған.
Орта ғасырларда аса маңызды күрделі атмосфералық
құбылыстар тіркеліп отырған. Бірақ, ғылыми
бақылаулардан алыстау, көбінесе құбылыстардың
табиғатын түсінбеу, байқалған ақпараттар
болды. Ал өлшеу жүргізетін аспап құралдар
болған жоқ. Мысалы, ежелгі Мысыр елінде
Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде 15, 16 ғасырларда жаңа ашылған жерлердің алғашқы климаттық cипаттамалары болды. Қазіргі ғылыми метеорология 17 ғасырда басталды. Ол кезде физика ілімінің негізі қалана бастады. Ал метеорологияны атмосфералық физика деп түсінуге болады. Алғашқы аспаптарды Галлиллей мен оның оқушылары жасады (термометрді 1597 жылы – Галиллей жасаса, ал барометрді 1643 жылы - Торричели). Сөйтіп, инструменталды бақылаулар жасауға мүмкіндік туды. 17- ғасырдың аяғында, 18- ғасырдың басында Еуропада алғашқы болып метеорологиялық бақылаулар жүргізе бастады. Бірақ олар жүйесіз, ретсіз жүргізіледі. 18- ғасырдың ортасында орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносов (1711-1765) метеорология дамуына елеулі үлес қосады, ол анемометр және теңіздік барометр ойлап шығарып, найзағай табиғатын түсіндіріп, ауа райы болжамының маңыздылығын дәлелдейді.
Ресейде метеорологиялық бақылаулар жүргізу негізін Петр І қалайды. 1725 жылы Петербургте бақылаулар жүргізу қадағалайтын Академия ашылды.
1849 жылы дүние жүзі
бойынша алғашқы
1930 жылы орыс ғалымы П.А.Молчанов радиозонд ашып, аэрологиялық бақылаулар жасауға мүмкіндік туғызады. Ресейлік ғылыми метеорологтар: Г.И. Вильд, А.И. Воейков, П.И. Броунов, Я.Д. Захаров, Б.П. Мультановский, Б.И. Срезневский т.б. әлемдік метеорология мен климаталогия дамуына үлкен еңбек сіңірді.
20- ғасырдың басында норвегиялық Бьеркнес мектебінің ғалымдары ауа массалары атмосфералық фронттар жайлы ғылыми теория енгізді өз үлесін АҚШ ғалымы Б.Феррель, неміс ғалымдары Г.Гельмгольд. В.Кеннен, австриялықтар Ю. Ханн, М. Маргулес, швециялық К. Россби, ағылшындық В. Нэпир - Шоу тағы басқа сол сияқты көптеген ғалымдар қазіргі метеорология мен климаталогия негіздерін қалаушылар деуге болады.
Кеңес Одағында метеорология ілімі одан әрі қарқынды дами бастайды. 1921 жылы В.И.Ленин «РСФСР метеорология қызметін ұйымдастыру жайлы» атты 10 декретке қол қойды. 1929 жылы халықтық Комиссарлар Кеңесі метеорологиялық, сонымен қатар гидрологиялық қызметтің бірігіп, біртұтас гидрометеорологиялық қызмет құрылуы жайлы үкім шығарды. Ол қызмет үздіксіз, жүйелі бақылаулар жүргізіп, халық шаруашылығын керекті де маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Армиясының жауға қарсы тұру, шабуыл жасауәрекеттері метеорологтардың үлесісіз болған жоқ. Олардың да еңбектері медальдар мен ордендермен белгіленді. Одан кейінгі кезеңдерде ұлы ғалымдар О.Д. Хвольсов, С.И. Савинов, Н.Н. Калитин, В.Н. Оболенский, Л.С. Берг, А.А. Каминский метеорологияның түрлі қолданбалы салаларын дамытады.
Қазақстан территориясында ең алғашқы метеорологиялық бақылаулар 1855 жылы Семей және Қазалы қалаларында жүргізіле бастады. 1917 жылы метеостанциялар саны 49-ға, постылар саны 123-ке жетті. 1922 жылы Орынбор қаласында облыстық метеорологиялық бюро ашылды. Ол басты физикалық обсерваторияға қарайды. 1931 жылы Қазақ гидрометеорологиялық комитет болып құрылады. Оның негізінде Қазақ гидрометеорологиялық қызметінің бірыңғай басқармасы 1933 жылы құрылады. Бұл қызметті бірінші басқарған Ораз Жандосов.
Қазір Қазақстанда 750-ге жуық метеостанциялар, агрометеорологиялық, гидрологиялық станциялар мен бекеттер негізгі жұмыс атқаруда. Бақылаулар нәтижелері Қазақ гидрометеорологиялық институтында жиналып, мониторинг құрылып, талданады.
Метеорология саласындағы жоғары білімді мамандарды әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті география факультеті «Метеорология» кафедрасы даярлайды. Ол кафедраның ірге тасын қалаушысы З.П. Коженкова, ал үлесін қосқандар Т.А. Есеркепова, Ю.А. Ключников, Э.Н. Гашинская және т.б.
1.2 Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы
Метеорология океанологиямен және гидрологиямен тығыз байланысты. Өзара салалас бұл ғылымдар негізінен жердің географиялық қабығындағы жылу мен ылғал алмасу процесін зерттейді. Сонымен қатар метеорология геологиямен, геохимиямен, физикамен, аэрологиямен де салалас болып келеді. Метеорологияның басты міндеттерінің бірі – ауа райын алдын ала анықтау.
Атмосфералық процестерді зерттегенде әртүрлі физикалық заңдылықтар қолданылады. Атмосфера әрдайым жер бетімен әрекеттесіп жататындықтан географиялық фаторлардың әсері де ескеріледі. Сонымен қатар метеорология гидрологиямен, океоналогиямен және басқа да қолданбалы сипатты пәндермен тығыз байланыста. Метеорология пәнін игеру үшін математика, теориялық механика, гидромеханика, география, астрономия және химия негіздерін білу керек.Атмосфералық процестер мен құбылыстар туралы білімнің тереңдеп және кеңуі нәтижесінде метеорология ғылымы бірнеше ғылыми пәндерге бөлінді.
Метеорологияны практика жүзінде қолдану процесінде бірнеше қолданбалы ғылыми пәндер пайда болды. Олардың негізгілері: авиациалық метеорология, гидрометеорология, агрометеорология, теңіз метеорологиясы, медициналық метеорология, ядролық метеорология, т.б.
1.3 Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері
Метеорологияның зерттеу объектісі Жердің ауа қабығы, ал зерттеу тәсілдері келесі:
1) бақылау - негізгі зерттеу тәсілі, яғни метеорологиялық элементтерді өлшеу және метеоқұбылыстарды анықтау. Бақылау арқылы төменгі атмосфера жағдайына сандық және сапалық баға беріледі.
Информация о работе Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау