Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 20:22, реферат
Метеорология (гректің meteora – атмосфералық құбылыстар және logos – ілім деген сөзінен шыққан) - жердің ауа қабаты — атмосфера туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жататын физикалық және химиялық процестерді олардың жер бетімен әрекеттесуін және де ауа массасының қозғалыстарын зерттейді. Яғни, метеорологияның зерттеу объектісі - атмосфера.
Атмосферада сәулелі энергияның басқа энергия түрлеріне айналуы, жылу айналымы, су айналымы және ауа айналымы үздіксіз жүріп тұрады, сонымен қатар әртүрлі оптикалық, электрлік және тағы басқа құбылыстар дамиды. Атмосферанын қасиеттері біртекті емес және кеңістік пен уақыт бойынша өзгермелі келеді.
Кіріспе
3
1
Метеорология ғылымы
1.1
Метеорологияның қысқаша тарихы
1.2
Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы
1.3
Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері
1.4
Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық алаңда аспаптардың орналасу ерекшеліктері
1.5
Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері
2
Қазақстандағы метеорологиялық қызмет
3
Станциялардың физико-географиялық сипаттамалары
3.1
«Айдарлы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.2
«Үлкен Алматы Көлі» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.3
«Алматы Казгидромет» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
4
Метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі
4.1
Бұлттылық мөлшерінің мен ауа температурасының тәуліктік жүрісі
4.2
Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі
4.3
Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі
4.4
Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі
4.5
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі
5
әл-Фараби атындагы Қазақ Ұлттық университетінің метеостанциясының метеорологиялық элементтерінің күндізгі жүрісі
6
Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау
6.1
Алматы метеостанциясының ауа райы күйіне шолу
6.2
Айдарлы метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
6.3
Үлкен Алматы көлі метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
6.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеостанциясының жалпы ауа райы күйіне шолу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
7 сурет - метеоалаңдағы аспаптардың орналасу схемасы
7-суретегі схемада бейнеленген сандар аспаптардың алаңдағы орналасқан орнын көрсетеді. Ол көрсеткіштер төмендегідей:
1) станцияның геодезилық репері;
2) қақпа;
3) анеморумбометр бағаны;
4) психрометрлік будка;
5) қосымша психрометрлік будка;
6) өздігінен жазатын құрал;
7) гелиограф орналасқан баған;
8) плювиограф орналасқан баған;
9) Третьяков жауын өлшегіші;
10) топырақ термометрлері;
11) Савиновтың иінді термометрлері;
12) градиенттік бақылауға арналған баған;
13) актинометриялық құралдар
14, 15, 16 – қар өлшегіш рейкалар;
17) гальбанометр будкасы;
18) автоматты метеостанция.
4 МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ТӘУЛІКТІК ЖҮРІСІ
Метеорологиялық алаңдағы ережелер мен тәртіптерді ескере отырып Үлкен Алматы Көлі , Айдарлы, Қазгидромет метеостанцияларының мәліметтері алынды . Алынған мәліметтерді сараптай келе негізгі көрсеткіштерді іріктей отырып, метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісіне сипаттама берілді. Ол сипаттамалар төмендегідей.
4.1 Бұлттылық мөлшері мен ауа температурасының күндізгі жүрісі
Бұлт деп – атмосферадағы белгілі бір биіктікте орналасқан көрінетін конденсация немесе сублимация өнімдерінің жиынтығын айтады. Бұлттардың мөлшері барлық аспан әлемінде бұлттармен жабылып тұрған аспан үлесі жинағымен анықталады.
Температура – дегеніміз молекулалар қозғалысының кинетикалық энергиясы. Ауа температурасы дегеніміз – атмосфералық ауамен жылулық байланысы жағдайындағы термометрдің көрсететін температурасы.
2 кесте - Үш станция бойынша алынған мәлімет негізінде ауа температурасының тәуліктік жүрісі, КМ-1 кітапшасынан алынған мәліметі
Бақылау мерзімі |
00 |
03 |
06 |
09 |
12 |
15 |
18 |
21 |
Алматы МС |
18,2 |
22,5 |
27,2 |
29,3 |
28,5 |
23,4 |
21,2 |
20,4 |
Айдарлы МС |
21,4 |
29,5 |
30,7 |
32,1 |
30,4 |
24,4 |
24,4 |
21,6 |
Үлкен Алматы көлі МС |
9,5 |
12,8 |
8,3 |
6,0 |
9,1 |
7,9 |
9,2 |
10,0 |
2 кестеге сәйкес график құрылды
1 график - Станциялардағы ауа температурасының күндізгі жүрісін сипаттаушы график
Берілген станциялар бойынша ауа температурасының күндізгі жүрісінің көрсеткіштері әркелкі таралуымен сипатталады. Бұның негізгі себептерінің бірі географиялық орынға байланысты болып келеді.Атап айтсақ, графикте көрсетілгендей ауа температурасының ең жоғарғы мәндері Айдарлы метеостанциясында байқалған, себебі метеостанция жазық далалы аймақта орналасқан. Сәйкесінше, күн сәулесі ешбір кедергіге ұшырамай тікелей түседі. Ал Үлкен Алматы көлі тау бөктерінде орналасқандықтан температура биіктеген сайын төмендей береді. Алматы метеостанциясына келер болсақ, мұндағы температура көрсеткіштері басқаларына қарағанда ауытқушылық жасайды. Бұл жағдайды метеостанцияның дәл қала ортасында орналасуымен түсіндіруге болады.
3-кесте Станциялар бойынша бұлттылық мөлшерінің күндізгі жүрісі, КМ-1 кітапшасынан алынған мәліметтер
Бақылау мерзімі |
00 |
03 |
06 |
09 |
12 |
15 |
18 |
21 |
Айдарлы МС |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
7 |
8 |
ҮАК МС |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
10 |
2 |
3 |
3 кестеге сәйкес график тұрғызылды
2 график - cтанциялардағы бұлттылық мөлшерінің күндізгі жүрісін сипаттаушы график
Жоғарыда, 2-графикте көрсетілген графикке назар сала отырып бұлттылық мөлшері Үлкен Алматы көліндегі метеостанцияда (ҮАК МС) біршама жоғары. Мұның негізгі себебі, ҮАК МС-сы тауда орналасқан,ал біз білетініміздей бұлттылық негізінен таулы аудандарда конденсация және сублимация процестері нәтижесінде құрылады. Ал Айдарлы метеостанциясы жазық аймақта болғандықтан бұлттар еркін қозғалыста болып,бір орында тұрақтамайды.
4.2 Атмосфералық қысымның күндізгі жүрісі
Атмосфера қысымы – барлық жоғары ауа қабаттары салмағы арқасында жасалатын атмосферадағы ауа бағанының гидростатикалық қысымы болып табылады.
4 кесте - Станциялар бойынша атмосфералық қысымның күндізгі жүрісінің КМ-1 кітапшасынан алынған мәліметтері
Бақылау мерзімі |
00 |
03 |
06 |
09 |
12 |
15 |
18 |
21 |
Алматы МС |
919,5 |
919,2 |
917,8 |
916,1 |
914,8 |
915,0 |
920,2 |
919,5 |
Айдарлы МС |
951,5 |
951,6 |
951,8 |
951,2 |
950,9 |
951,9 |
953,2 |
953,2 |
ҮАК МС |
754,8 |
753,8 |
754,8 |
755,2 |
754,9 |
755,5 |
750,0 |
754,6 |
4 кестеге сәйкес график құрылды
3 график - Cтанциялардағы атмосфералық қысымының күндізгі жүрісін сипаттаушы график
Графикте көрініп тұрғандай ең төменгі қысым Үлкен алматы көлінде 750,0 гПа құрағаны белгілі болды. Мұны былайша түсіндіруге болады: атмосфералық қысым температура мен биіктікке тура пропорционал, яғни биіктеген сайын атмосфералық қысым температура секілді төмендей береді, сол себептіде бұл метеостанцияда ең төменгі қысым аймағы байқалды.
4.3 Жел жылдамдығының 10-12 метр биіктіктегі күндізгі жүрісі
Жер бетіне қатысты ауаның горизонтальді қозғалсын – жел деп атайды. Метеорологиялық бақылауларда жел деп – жел жылдамдығы векторның горизонтальді құаушысын айтамыз. Жел жылдамдығын метр/секундпен, авиацияда километр/сағатпен, теңіз флотында баллмен өлшенеді. Метеорологияда жел бағытын 16 румб бойынша анықтайды.
5 кесте - cтанциялар бойынша жел жылдамдығының 10-12 метр биіктіктегі тәуліктік жүрісі (КМ-1 кітапшасынан алынған мәліметтер)
Бақылау мерзімі |
00 |
03 |
06 |
09 |
12 |
15 |
18 |
21 |
Алматы МС |
0 |
2 |
3 |
2 |
1 |
0 |
2 |
0 |
Айдарлы МС |
2 |
1 |
4 |
2 |
3 |
4 |
0 |
2 |
ҮАК МС |
1 |
2 |
2 |
3 |
4 |
3 |
3 |
5 |
5 кестеге сәйкес график құрылды
4 график - Cтанциялар бойынша жел жылдамдығының 10-12 метр биіктіктегі күндізгі жүрісін сипаттаушы график
Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісінің ең жоғарғы мәндері Айдарлы метеостанциясында байқалды. Себебі метеостанция жазық далалы шалғай аймақта орын тепкен. Сәйкесінше желдің горизонтальді қозғалысына ешбір кедергі келмей еркін қозғалысқа түседі.Ал ҮАК МС-да жел иірімдері тау бөктерлеріне соқтығысып желдің қозғалысына әсер етеді.Сол сияқты Алматы метеостанциясында да желдің қозғалысына әсер ететін факторлардың бірі ретінде қала ортасында орналасуы, жан жағы биік ғимараттармен қоршалуын атасақ болады.
4.4 Топырақ температурасының және салыстырмалы ылғалдылықтың күндізгі жүрісі
Төселме беткей – ол жер беті,яғни атмосферамен тікелей қарым-қатынаста болып жылу және су айналым процестеріне қатысып, топырақтың жылулық режимін реттейтін, күн мен атмосфера радиацияларын жұтып және өзі де сәуле шашатын топырақ, қар, өсімдік, мұз және тағы басқа беткейлер. Яғни, төселме беткей деген осылар. Топырақтың жылулық режимі сонымен қатар топырақтың физикалық сипаттамаларына, механикалық құрамына және басқа да факторларға бағынышты болады.
6 кесте - cтанциялар бойынша топырақ температурасының күндізгі жүрісін сипаттау үшін КМ-1 кітапшасынан алынған мәліметтер
Бақылау мерзімі |
00 |
03 |
06 |
09 |
12 |
15 |
18 |
21 |
Айдарлы МС |
18,0 |
35,5 |
40,7 |
45,8 |
30,8 |
20,6 |
20,0 |
18,5 |
ҮАК МС |
6,3 |
13,7 |
12,1 |
9,3 |
10,3 |
7,2 |
6,4 |
4,5 |
6 кестеге сәйкес график құрылды
5 график - cтанциялар бойынша топырақ температурасының күндізгі жүрісін сипаттайтын график
5-графикте көрсетілгендей топырақ температурасының минимум мәні Айдарлы метеостанциясында 00 сағатта 18,0°C, ал Үлкен Алматы көлінде 21 сағатта 4,5°C болды. Максимум мәндері Айдарлы метеостанциясында 09 сағатта 45,8°C болса, Үлкен Алматы көлінде 03 сағатта 13,7°C болып тіркелген.
4.5 Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі
Ауа ылғалдылығы салыстырмалы ылғалдылықпен сипатталады. Салыстырмалы ылғалдылық (f, %) – су буының парциалды қысымының сол температурағдағы қанығу қысымына қатынасы:
Ауа ылғалдылығын салыстырмалы ылғалдылықпен қоса су буының парциалды қысымы, қанығу қысымы, ылғалдлық тапшылығы, шық нүктесі және шық нүктесінің тапшылығы сипаттайды.
7-кесте Станциялар бойынша
салыстырмалы ылғалдылықтың
Бақылау мерзімі |
00 |
03 |
06 |
09 |
12 |
15 |
18 |
21 |
Алматы МС |
39 |
26 |
22 |
22 |
24 |
41 |
37 |
32 |
Айдарлы МС |
24 |
19 |
17 |
14 |
18 |
41 |
30 |
26 |
ҮАК МС |
59 |
43 |
74 |
84 |
59 |
72 |
43 |
59 |
7 кестеге сәйкес график құрылды
6 график - cтанциялар бойынша салыстырмалы ылғалдылықтың күндізгі жүрісін сипаттайтын график
Жоғарыда көрсетілген графикте станциялардың салыстырмалы ылғалдылығының күндізгі жүрісі сипатталған. Алматы метеостанциясында салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарғы мәні 15 сағатта 41 пайыз құрады,ал минимумы таңғы 06 сағатта 22 пайыз тіркелген. Айдарлы метеостанциясында максимумы 15 сағатта 41 пайыз құраса, минимумы 09 сағатта 14 пайыз құраған. Үлкен Алматы көлінде салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарғы мәні 09 сағатта 84 пайыз құраса,төменгі мәні 03 және 18 сағаттарда 43 пайыз құраған. Яғни салыстармалы ылғалдылықтың ең жоғарғы мәні Үлкен Алматы көлінде тіркелсе,ең төменгі мәні Айдарлы метеостанциясында тіркелген.
Информация о работе Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау