Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 20:22, реферат
Метеорология (гректің meteora – атмосфералық құбылыстар және logos – ілім деген сөзінен шыққан) - жердің ауа қабаты — атмосфера туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жататын физикалық және химиялық процестерді олардың жер бетімен әрекеттесуін және де ауа массасының қозғалыстарын зерттейді. Яғни, метеорологияның зерттеу объектісі - атмосфера.
Атмосферада сәулелі энергияның басқа энергия түрлеріне айналуы, жылу айналымы, су айналымы және ауа айналымы үздіксіз жүріп тұрады, сонымен қатар әртүрлі оптикалық, электрлік және тағы басқа құбылыстар дамиды. Атмосферанын қасиеттері біртекті емес және кеңістік пен уақыт бойынша өзгермелі келеді.
Кіріспе
3
1
Метеорология ғылымы
1.1
Метеорологияның қысқаша тарихы
1.2
Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы
1.3
Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері
1.4
Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық алаңда аспаптардың орналасу ерекшеліктері
1.5
Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері
2
Қазақстандағы метеорологиялық қызмет
3
Станциялардың физико-географиялық сипаттамалары
3.1
«Айдарлы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.2
«Үлкен Алматы Көлі» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.3
«Алматы Казгидромет» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
4
Метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі
4.1
Бұлттылық мөлшерінің мен ауа температурасының тәуліктік жүрісі
4.2
Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі
4.3
Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі
4.4
Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі
4.5
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі
5
әл-Фараби атындагы Қазақ Ұлттық университетінің метеостанциясының метеорологиялық элементтерінің күндізгі жүрісі
6
Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау
6.1
Алматы метеостанциясының ауа райы күйіне шолу
6.2
Айдарлы метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
6.3
Үлкен Алматы көлі метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
6.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеостанциясының жалпы ауа райы күйіне шолу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5 ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕТЕОСТАНЦИЯСЫНЫҢ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ КҮНДІЗГІ ЖҮРІСІ
Ауа температурасының күндізгі жүрісін сипаттаушы диаграмма:
Біздің бригадамыздың маусым айындағы ауа температурасына бақылау жүргізу барысындағы бір айлық қорытынды нәтижелерін диаграммаға кескіндедік. Осы алынған мәліметтер негізінде мынадай қорытындыға келдік: маусым айының орташа температурасы алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама төмендеген.
Біздің графикке қарайтын болсақ температура өскен уақыттарда жергілікті қысым төмендеуде. Осыған орай температура өскен сайын қысымның түсетінін білдік.
Ауа ылғалдылығы су буының парциальді қысымымен, қанығу тапшылығымен, салыстырмалы ылғалдылыөһқпен және шық нүктесімен сипатталады. Осы себепті графикте температура көтерілген сайынауа құрамындағы ылғалдылық төмендейді.
Топырақтың жылулық режимі топырақтың физикалық сипаттамаларына, механикалық құрамына және басқа да факторларға бағынышты болғандықтан топырақтың температурасы ауа температурасы өскен сайын өсе береді де , бірақ топырақ өзінің максимальді температурасын сақтап қалатынын байқаймыз.
Желдің жылдамдығы метеоалаңды қоршаған ғимараттарға, кедергілерге байланысты өзгермелі болып келеді. Сол себепті жел жылдамдығы әркелкі таралады.
6 МЕТЕОСТАНЦИЯДАҒЫ АУА РАЙЫ КҮЙІНЕ ШОЛУ ЖАСАУ
6.1 Алматы метеостанциясының ауа райы күйіне шолу
2014 жылдың мамыр айының
26 жұлдызында Алматы қаласының
Қазгидромет метеостанциясы
Түнгі уақытта жел жылдамдығы орташа болғанымен, таңертең жәнетүске таман жел жылдамдығы әлсіреді. Өткен түні егер, ауаның температурасы t = 18,2 ºC болса, ал күндіз ауаның максималды температурасы t = 29,3 ºC болды. Ауа ылғалдылық күндізгі уақытта 22 пайызды құраса, максималды ауа ылғалдылығы 41 пайызды, ал орташа ылғалдылық 34 пайызға тең болды.
Қысым түнгі 21 сағатта 919,5 гекта Паскальдан (гПа) түскі 15 сағатта ол 915,0 гПа-ға төмендесе, кешкі уақытқа қарай, яғни 18 са5атта 920,2 гПа қайта көтерілді.
6.2 Айдарлы метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
2014 жылдың мамыр айының 28 жұлдызында күндіз Айдарлы метеостанциясында аспан бұлтты болды, жауын-шашынсыз, жылы ауа райы байқалды, батыс бағыттан әлсіз жел соқты.
Жалпы бұлттылықтың мөлшері 10 балды құрады. Шарбы, биік будақ және будақ жаңбыр бұлттары байқалды, төменгі шекарасының биіктігі тәулік бойы 700 метр болды. Түскі уақытқа төменгі қабат бұлттарының мөлшері көбейді. Жауын-шашын байқалған жоқ. Күні бойы станцияда көрінуқашықтығы 20 километрді құрады.
Таңертегі менрзімде 03 сағатта батыс-cолтістік-батыс бағыттан жылдамдығы 2 метр/секунд, максималды жылдамдығы 3-4 метр/секунд жел соқты, түске дейінгі уақыттарда желдің жылдамдығы азайды. Ал температурасының ең максималды мәні 09 сағатта 32,1 ºC құрады. Ал минималды мәні 00 сағатта 21,4 ºC құрады.
Таңертең салыстырмалы ылғалдылық 19 пайызды құрады. Түске жақынғы уақытта салыстырмалы ылғалдылық төмендеді. 00 сағатта 24 пайызд құрады. Максимумы 15 сағатта 41 пайыз, минимумы 06 сағатта 17 пайыз байқалды.
03 сағаттан 12 дейінгі аралықта станцияда атмосфералық қысым 951,6-ден 950,9 -ға дейін төмендеді. 15 сағаттан бастап қысым қайтадан біртіндеп өсіп, сағат 21-де 954,2-ге дейін жетті.
6.3 Үлкен Алматы көлі метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
2014 жылдың 29 мамырда Үлкен Алматы көлі метеостанциясында бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы байқалды. 10 900 00 03 06, 15, 18, 21
ҚОРЫТЫНДЫ
2014 жылдың мамыр айының 26-жұлдызынан
маусым айының
Одан келесі күні, біз Қазақстанның Шу-Іле таулы-қыратты ауданының шөлейтті аумағында орналасқан Айдарлы елді-мекеніндегі Айдарлы метеостанциясына бардық. Онда Айдарлы метеостанциясымен таныстық. Ондағы метеоалаңдағы аспап-құралдарымен танысып, бақылаулар жүргізіп, бір күндік мәліметтерді алдық.
Содан кейін, Қазақстанның Іле-Күнгей-Алатау таулы ауданында, Алматы қаласынан оңтүстікке 20 километр Іле-Алатауының жота сызығымен жоғары 7-8 километр солтүстікте орналасқан Үлкен Алматы Көлі метеостанциясына барып, ондағы аспаптармен танысытырылып, бақылау жүргізіп, бір күндік бақылау мәліметтерін алдық.
Өлшеу барысында топырақ беті температурасы, ауа температурасы мен ылғалдылықты, бұлттылық, метеорологиялық көріну қашықтығы, атмосфералық қысым, жел өлшенді. Сол алынған мәндерді КМ-1 кітапшамызға жазып, оларға түзетулер енгізіп, телеграммалар құрастырып, оларға есептер шығарып, сол есептер мәндерінен графиктер тұрғызып, сол графиктерге талдау жасай отырып, ауа райына шолу жасалынды.
Берілген станциялар бойынша ауа температурасының күндізгі жүрісінің көрсеткіштері әркелкі таралуымен сипатталады. Бұның негізгі себептерінің бірі географиялық орынға байланысты болып келеді. Атап айтсақ, графикте көрсетілгендей ауа температурасының ең жоғарғы мәндері Айдарлы метеостанциясында байқалған, себебі метеостанция жазық далалы аймақта орналасқан. Сәйкесінше, күн сәулесі ешбір кедергіге ұшырамай тікелей түседі. Ал Үлкен Алматы көлі тау бөктерінде орналасқандықтан температура биіктеген сайын төмендей береді. Алматы метеостанциясына келер болсақ, мұндағы температура көрсеткіштері басқаларына қарағанда ауытқушылық жасайды. Бұл жағдайды метеостанцияның дәл қала ортасында орналасуымен түсіндіруге болады.
Біздің ұсынысымыз: бұл практика жүзінде біз шөлейтті жерде орналасқан Айдарлы метеостанциясы мен таулы-қыратта орналасқан Үлкен Алматы көлі метеостанцияларын салыстырып, оларда қандай айырмашылық болатынын көріп, ауа райларына шолу жасадық. Сол секілді, келесі жолы теңіз жағалауындағы метеостанция мен таулы аймақты осылайша салыстырып, ауа райына шолу жасап, графиктер тұрғызып, талдау жасағымыз келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
А.Г.Бройдо. Руководство к учебной практике по метеорологии. Ленинградский Гидромтеоинститут, - 1971 жыл
2. Байшоланов С.С. Метеорология және климатология (оқу-әдістемелік құрал)
Қазақ университеті, - 2000 жыл, 130 б.
3. Қожахметов П.Ж., Байшоланов С.С. Жалпы метеорология (1-бөлім)
Қазақ университеті, - 2005 жыл, 187 б.
4. Матвеев Л.Т. Физика атмосферы. Л:Гидрометеоиздат, - 2000 жыл.
Информация о работе Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау