Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 20:22, реферат

Описание работы

Метеорология (гректің meteora – атмосфералық құбылыстар және logos – ілім деген сөзінен шыққан) - жердің ауа қабаты — атмосфера туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жататын физикалық және химиялық процестерді олардың жер бетімен әрекеттесуін және де ауа массасының қозғалыстарын зерттейді. Яғни, метеорологияның зерттеу объектісі - атмосфера.
Атмосферада сәулелі энергияның басқа энергия түрлеріне айналуы, жылу айналымы, су айналымы және ауа айналымы үздіксіз жүріп тұрады, сонымен қатар әртүрлі оптикалық, электрлік және тағы басқа құбылыстар дамиды. Атмосферанын қасиеттері біртекті емес және кеңістік пен уақыт бойынша өзгермелі келеді.

Содержание работы

Кіріспе
3
1
Метеорология ғылымы

1.1
Метеорологияның қысқаша тарихы

1.2
Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы

1.3
Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері

1.4
Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық алаңда аспаптардың орналасу ерекшеліктері

1.5
Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері

2
Қазақстандағы метеорологиялық қызмет

3
Станциялардың физико-географиялық сипаттамалары

3.1
«Айдарлы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

3.2
«Үлкен Алматы Көлі» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

3.3
«Алматы Казгидромет» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

3.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

4
Метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі

4.1
Бұлттылық мөлшерінің мен ауа температурасының тәуліктік жүрісі

4.2
Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі

4.3
Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі

4.4
Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі

4.5
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі

5
әл-Фараби атындагы Қазақ Ұлттық университетінің метеостанциясының метеорологиялық элементтерінің күндізгі жүрісі

6
Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау

6.1
Алматы метеостанциясының ауа райы күйіне шолу

6.2
Айдарлы метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу

6.3
Үлкен Алматы көлі метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу

6.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеостанциясының жалпы ауа райы күйіне шолу


Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

брагада 2.docx

— 1.59 Мб (Скачать файл)

4) Қазақстан Республикасы территориясының табиғи орта жағдайы және климаты туралы, агрометеорологиялық жағдай мен су ресурстары туралы ғылыми-техникалық және ғылыми-қолданбалы әдебиеттер дайындау;

5)  гидрометеорологиялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

6) метеорологиялық жағдайлар мен климаттың халық денсаулығына, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне әсері бойынша анықтамалық-ақпараттык қызмет көрсету;

7)  жалпы метеорологиялық сипаттамаларды ескере отырып кұрылыстық жобалау нормалары мен ережелерін дайындауға қатысу және т.б.

Қазгидрометтің негізгі міндеттері: республикада гидрометеорологиялық және қоршаған орта мониторингісі саласында біріңғай ғылыми техникалық саясат жүргізу; әртүрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, мемлекет                 халқын қазіргі және болашақтағы климат пен қоршаған орта мәліметтерімен қамтамасыздандыру; болған қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін анықтап, ұсыныстар жасау және т.б.

Бұл міндеттерді орындауды Қазгидрометтің барлық облыстарда орналасқан гидрометеорологиялық орталықтары жүзеге асырады. Қазіргі таңда Қазгидромет жүйесінде метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық, гидрологиялық, көл және теңіз станциялары мен бекеттерінің саны 700-ден астам (1985 жылы 1050 болған).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ФИЗИКО-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

 

3.1 «Айдарлы» метеостанциясының  физико-гоеграфиялық сипаттамасы

 

 

Айдарлы елді-мекені Қазақстанның Шу-Іле таулы-қыратты ауданының шөлейтті аумағында орналасқан. Батыс бағыттан оңтүстік-шығысқа қарай Жусаңдала жазығы созылып жатыр.

Шығыс және солтүстігінде Саты-Тау-Құм құмдары орналасқан, ал солтүстік батысында Тау-Құм шөлі созылып жатыр. Елді-мекеннің оңтүстік және оңтүстік-батысына қарай жерлігікті рельеф ірі төбешіктерге айналады. Елді-мекеннен 50 километр шығысқа қарай Күрті өзені (Іле өзенінің саласы) оңтүстіктен солтүстік-шығыс бағытқа қарай ағып жатыр. Одан басқа ауылға жақын маңда су көзі жоқ.

Айдарлы тоғайлысы топырақтардың сипаты бойынша белдік тасты-шөлдерінің аймағына жатады. Топырағы бурыл шөлді-сахаралық. Өсетін өсімдіктер түрі: жусан, бетеге тағы да басқа түрлері кездеседі. Ірі ағаш текті өсімдіктер жоқ. Өсімдіктер күзгі, қысқы және көктемгі уақыттарға мал шаруашылығында қорек ретінде пайдаланылады. Мәдени өсімдіктер өсірілмейді.

Метеорологиялық алаң станцияның ұйымдастырылуымен 1947 жылы желтоқсан айында ашық жіне тегіс аймақта орналастырылды. Айдарлы метеостанциясына ең жақын құрылыс аймақтар: метеоалаңнан 50 метр солтүстік-батысқа қарай, биіктігі 5 метр болып келетін метеостанциялық үй орналасқан. Солтүстік-шығысқа қарай 10 метр қашықтықта 3 метрге дейін тасты дуалмен қоршалған отарлы мал шаруашылығының штабының ауласы үйлерімен орналасқан. 1948 жылы метеостанция алғашқы орнынан 200 метр шығысқа қарай көшірілді. Ал 1958 жылы метеоалаң батыс-солтүстік-батыс бағытқа қарай 120 метр жерге, бұрынғы орнынан биіктеу жерге көшірілді. Метеоалаңнан батыс және солтүстік батысқа қарай 20-30 метр қашықтықта 3-5 метр болатын биік ағаштар, бақшалар орналасқан. Үйлер мен дүкендер 50-60 метр арақашықтықта орналасқан. Метеоалаңнан оңтүстікке қарай 100 метр қашықтықта құдық бар.

Метеоалаңның беткі қабатына биіктігі 10-15 сантиметрлік шөлейтті өсімдік өседі, олар жазғы маусымда күйіп кетеді.

Топырақ қабаттары келесідей:

1. 0-40 - құм және қиыршық  тастың түбегейлі қоспасы саз;

2. 40-100 - тасты құм және  қиыршық там;

3. 100-130 - әк пен тас қабаттарының  қоспасы;

4. 130-240 - қиыршықты құм;

5. 240 - одан төмен қиыршықты  құмды тасты қабат.

Грунт суларының деңгейі біркелкі емес. Метеоалаңда 8 метрден төмен болса, алаңнан 100-200 метр оңтүстікке қарай құдық орналасқан аймақта                    4-5 метр көктемгі қар еру мерзімінде грунт суларының деңгейі көтеріліп, құдықтарлың бетіне дейін көтеріледі. Келесі Айдарлы станциясының орналасу картасы 2-суретте және Айдарлы метеотсанциясының сыртқы көрінісі                                      3- суретте көрсетілген.

 

 

2 сурет - Айдарлы станциясының орналасу картасы

 

Жоғарыдағы 2-суретте Айдарлы елді-мекені Қазақстанның Шу-Іле таулы-қыратты ауданының шөлейтті аумағында орналасқаннын бейнелейтін карта. Батыс бағыттан оңтүстік-шығысқа қарай Жусаңдала жазығы созылып жатыр. Шығыс және солтүстігінде Саты-Тау-Құм құмдары орналасқан, ал солтүстік батысында Тау-Құм шөлі созылып жатқанын жоғарыдағы сызба картасынан көруімізге болады.

Төменде корсетілген 3-суретте Айдарлы метеостанциясының қызмет алаңының сыртқы бейнесі көрсетілген. Бұл суретте бейнеленгендей, метеоалаң негізнен шөлейтті аумақта орналасқанын көруімізге болады. Ондағы өсімдіктер шөл және шөлейтті зонаға тән өсімдіктер болып келеді.

 

3 сурет - Айдарлы метеостанциясының қызмет алаңының сыртқы көрінісі

 

Айдарлы метеостанциясының аспап құралдарына келетін болсақ, қазіргі заман талаптарына сай құралдармен бірге істен шыққан құралдардың орны жаңа құралдармен алмастырылған.

 

 

3.2 «Үлкен Алматы Көлі»  метеостанцияның физико-географиялық сипаттамалары

 

 

Үлкен Алматы Көлі метеостанциясы 1915 жылы ашылды. Бұл метеостанция 2-разрядты. Ол 14.01.1916 жылдан 14.07.1925 жылдар аралығында қадағаланбады. 1925 жылдан бастап көңіл бөлінді. Метеостанцияның биіктігі 2516,456 метр, барометрі 2506,455 метр. Желді өлшегіш және М-63 құралы бойынша бақылайды, ол 1980 жылы құрылған. М-63 құралы орналастырылған биіктік 8,8 метр, ал желді өлшегіш бойынша 9,9 метр биіктікте орналастырылған. Третьяков жауын-шашын өлшегіші 2 метр жоғарыда орналасқан. 2007 жылдан бастап құрылды және автоматты метеорологиялық станцияда тәжірибелі режимде жұмыс істеп тұр.

Метеостанция Үлкен Алматы Көлі Қазақстанның Іле-Күнгей-Алатау таулы ауданында, Алматы қаласынан оңтүстікке 20 километр Іле-Алатауының жота сызығымен жоғары 7-8 километр солтүстікте орналасқан. Ауданы жіңішке үлкен емес, таулы шұңқырлы, үлкен таулармен қоршалған және Үлкен Алматы өзенінің солтүстік бойымен, солтүстік–солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай шығып кетеді. Өзен ағып өтетін таулы шатқалда солтүстіктен оңтүстікке ағып өтетін ұзын көлді Сүлекті өсімдік - тау баурайындағы  шыршалы орман.

Метеостанцияның ауданында өсімдіктердің түрлері - альпі жуасынан бастап таулы-жуалы әртүрлі өсімдіктер кездеседі. Топырақтың үлгісі – тасты, қатпарлы, топырақтың тілігі - 0-15сантиметр, таулы чернозем, 15-30 сантиметр құм, 30-50 сантиметр галька, 50 сантиметр тұрғылықты тұқымдар.

Топырақ суының терңдігі - 10-15 сантиметр.

Өзен ағып өтетін таулы шатқалда солтүстіктен оңтүстікке ағып өтетін ұзын көл. Көлдің ауданы 1 километрден үлкен, тереңдігі 40 метр. Балдыр және балық жоқ. Шығыс және солтүстік жағалауы 50-жылдары Гидрологиялық республикалық электрлік станция (ГРЭС) құрылыс кезінде бетонмен қапталған.

Батыс беткейден өзенге жағалауында шыршалы орман, оңтүстігіндегі тауда - тасты-тасқорымдар болып келеді. Батыстан өзенге қарай Серке - Бұлақ жалғасы құлап ағады. Көлден шығаберісінде өзен екі сарқырамаға бөлінеді, бірі көлге жақын, екіншісі ағыс бойымен 15 километр төменде. Көлден батысқа қарай,                       3 километрде теңіз деңгейінен 3584 метр биіктікте Алматы шоқысы орналасқан. Іле-Алатауы шоқысы бойымен 5-8 километр оңтүстік-батысқа, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жеке шыңдары 4000 метрге жетеді. Осы бағытта тау аралықтарында көптеген өзеншелер мен жылғаларды қоректендіретін шатқалдар және мұзды, қарлы жондар орналасқан.

Метеостанция стандартты 20х20 метр. Метеостанция шағын ғана күншығыс баурайда, батыстан шығысқа қарай қиыстау, 15-20 метр теңіз деңгейінен биікте орналасқан. Метеостанциядан 50 метр қашықтықта оңтүстік және оңтүстік-батыста ұзындығы 15 метрге жететін шыршалар бар. Метеостанция беті альпі жуасы тектес тығыз шөптермен жабылған.

 

 

4 сурет - «Үлкен Алматы Көлі» метеостанциясының сыртқы көрінісі

Жоғарыдағы келтірілген 4-суретте «Үлкен Алматы Көлі» метеостанциясының сыртқы көрінісі бейнеленген. Теңіз деңгейінен 3584 метр биіктікте орналасқаны көрініп тұр. Табиғаты өте керемет, адам аяғы баспаған, биіктікте орналасқан метеостанциялардың қатарына жатады. Батыс беткейден өзенге жағалауында шыршалы орман, оңтүстігіндегі тауда - тасты-тасқорымдар болып келеді. Батыстан өзенге қарай Серке - Бұлақ жалғасы құлап ағады.

 

3.3 Алматы қаласы бойынша ҚазГидромет метеостанциясы орталығының физико-географиялық сипаттамасы

 

Теңіз деңгейінен метеорологиялық алаңның биіктігі 671 метр. Теңіз деңгейінен барометр биілтігі 676,7 метр, ал жеңіл тақтайшалы флюгер биіктігі 9,8 метр, ауыр тақтайшалы флюгер – 9,6 метр. Алматы станциясында метеорологиялық бақылаулар 1935 жылы қазанда екінші разрядты метеостанция бағдарламасы бойынша жүргізіле бастаған. Метеостанция 1947 – 1953 жылдар аралығында екі рет аз арақашықтыққа көшірілді. Бірақ, станция атауы, биіктігі және координаттары өзгерген жоқ. Третьяков жауын өлшегіші 9 сәуір                             1953 жылы, ауыр тақтайшалы флюгер орналастырылды. Алматы қаласы станциядан 12 - 15 километр солтүстік ,солтүстік – шығыста, Тянь – Шань тау массивінің етегінде Іле Алатау жотасында орналасқан. Жотаның кейбір шыңдары теңіз деңгейінен 3500-4500 метр жетеді және мұзбен жабылған. Солтүстік беткейі тасты, шатқалдармен кесілген, беткейінің ортаңғы бөлігінде ағаш тектес өсімдіктер көп өседі, жоғарғы бөлігінде Тянь-Шань шыршасы, төменіректе жеміс-жидек ағаштары: өрік, шие, алма ағаштары өседі. Қоршаған аймақ оңтүстіктен солтүстікке қарай аз ғана ылдилы, тегіс төбелермен кесілген болып келеді, олардан кіші өзендер, тау жылғалары ағады. Батыстан                           1-1,5 километр арақашықтықта терең емес Кіші Алматы өзені ағып өтеді, оның артында 2-4 километрде елді мекен орналасқан. Батыс пен солтүстік-батыста ағаш тектес өсімдіктер отырғызылған өрістер бар. 2 километр жерде кішкентай Қатыр-Бұлақ өзені ағады. Метеорологиялық алаң тегіс жерде орналасқан,                   жан-жақты 10-15 метрге жететін ағаштар мен құрылыспен қоршалған. Ең жақын құрылыс оңтүстік және оңтүстік-шығыста 20 метр, биіктігі 10 метр ағаш аллеялары солтүстік және солтүстік-шығыста созылып жатыр. Топырағы – ашық қоңыр, ашық сұр гумус қабаты анық бөлінген. Топырақ беткейі дәнді өсімдіктермен, ағаш тектес өсімдіктермен жабылған. Алма, шие, терек ағаштары өседі. Ағаш тектес өсімдіктер суармалы жерлерде өседі, терек және жеміс-жидек бақтары жасанды отырғызылған. Өсімдік жамылғысы – жусанды өсімдіктер болып келеді. Грунтты су 6 метр тереңдікте орналасқан.

 

 

5а сурет - Алматы метеостанциясының сыртқы бейнесі

 

 

 

5б сурет - Алматы метеостанциясының ішкі бейнесі

 

Жоғарыда 5a және 5б суреттерінде Алматы метеостанциясының ішкі және сыртқы бейнелері көрсетілген. Бұл суреттерге қарап, метеостанцияның талаптарға сай емес орналасқанын көреміз.

3.4 әл-Фарабиатындағы ҚазақҰлттық университетінің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқу метеостанция алаңы 1962 жылы, яғни метеорология кафедрасы құрылғаннан бастап жұмыс істеп жатыр. Алаңның орны университеттің оқу корпустары секілді бірнеше рет өзгерген.

1988 жылдан бастап қазіргі  уақытқа дейін оқу метеорологиялық  алаңның орны әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университеті аумағындағы  спорт комплексінде орналасқан, яғни орталық Алматының батыс  бөлігінде. Қоршалған жері оңтүстіктен  оңтүстік-шығысқа қарай біркелкі көтеріледі. Осы бағыттан                   3-4 километр жерінен бастап қиылысқан, көп тау бөктерлері басталады, кейіннен бұл тау бөктерлері биік Іле Алатау жотасына өтеді. Жота шығыстан батысқа қарай созылып жатыр, оның максимальді ұзындығы 5 километр. Таудың шыңы мәңгі қармен жабылған. Биік аңғарларында көлдер мен мұздықтар бар, көптеген таудағы өзендер солармен қоректенеді. Беткейдегі тауларда Тянь-Шаньдық шыршалар өседі, ал тау етегінде көптеген жеміс бақшалары, тоғайлар және көптеген жабайы өсімдіктер өседі. Қаланың солтүстік жағынан бастап және әрі қарай рельеф төмендей бастайды және жартылай шөлді аймаққа өтеді.

Метеоалаң келесі географиялық координатаны қарастырады: ені – 43’14’, ұзындығы – 76’56’. Оның теңіз деңгейіндегі биіктігі 882,4 метр. Алаңның үстінгі қабатының орналасуы біркелкі, шөптік, ол торлы, металдық дуалмен жабылған, оның көлемі 26х34 метр. Станцияның ауданындағы топырақтың құрамы қара, ұсақ тас араласқан болады. Солтүстік бөлігінде және алаңнан 40 метр жерінде трибуналық стадион орналасқан. Ал батыс бөлігінде спорткомплекстің ішіндегі теннистік корттар орналасқан. Оңтүстік бөлігінде метеостанциядан 500 метр жерінде автомобиль трассасы орналасқан, әрі қарай тау бөктерлері басталады. Станцияның шығыс бөлігінде үй комплекстері және администрациялық ғимараттар орналасқан.

 

.

 

6 сурет - метеоалаңның сыртқы көрінісі

6-суретте Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқу метеостанциясы бейнеленген. Алаңның орны университеттің спорт комплексінің ауласында орналасқанын көруімізге болады.

 

Информация о работе Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау