Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 20:22, реферат
Метеорология (гректің meteora – атмосфералық құбылыстар және logos – ілім деген сөзінен шыққан) - жердің ауа қабаты — атмосфера туралы ғылым. Оның құрылысын, құрамын, қасиеттерін, онда жүріп жататын физикалық және химиялық процестерді олардың жер бетімен әрекеттесуін және де ауа массасының қозғалыстарын зерттейді. Яғни, метеорологияның зерттеу объектісі - атмосфера.
Атмосферада сәулелі энергияның басқа энергия түрлеріне айналуы, жылу айналымы, су айналымы және ауа айналымы үздіксіз жүріп тұрады, сонымен қатар әртүрлі оптикалық, электрлік және тағы басқа құбылыстар дамиды. Атмосферанын қасиеттері біртекті емес және кеңістік пен уақыт бойынша өзгермелі келеді.
Кіріспе
3
1
Метеорология ғылымы
1.1
Метеорологияның қысқаша тарихы
1.2
Метеорологияның басқа ғылымдармен байланысы
1.3
Метеорологияда қолданылатын зерттеу әдістері
1.4
Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық алаңда аспаптардың орналасу ерекшеліктері
1.5
Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері
2
Қазақстандағы метеорологиялық қызмет
3
Станциялардың физико-географиялық сипаттамалары
3.1
«Айдарлы» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.2
«Үлкен Алматы Көлі» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.3
«Алматы Казгидромет» метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
3.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқу метеостанциясының физико-географиялық сипаттамасы
4
Метеорологиялық элементтердің тәуліктік жүрісі
4.1
Бұлттылық мөлшерінің мен ауа температурасының тәуліктік жүрісі
4.2
Атмосфералық қысымның тәуліктік жүрісі
4.3
Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі
4.4
Топырақ температурасының тәуліктік жүрісі
4.5
Салыстырмалы ылғалдылықтың тәуліктік жүрісі
5
әл-Фараби атындагы Қазақ Ұлттық университетінің метеостанциясының метеорологиялық элементтерінің күндізгі жүрісі
6
Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау
6.1
Алматы метеостанциясының ауа райы күйіне шолу
6.2
Айдарлы метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
6.3
Үлкен Алматы көлі метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу
6.4
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеостанциясының жалпы ауа райы күйіне шолу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2) эксперимент - шектеулі мөлшерде ғана қолданылады, себебі табиғи жағдайда атмосфералық құбылыстарды адам тәжірибе ретінде жүргізе алмайды. Бірақ кейбір құбылыстарға аздап әсер ете алады, мысалы бұлттардан бұршақ жаудыру, тұманды сейілту, тайфун "шақыру" т.б.
3) теориялық тәсіл - барлық ілімдерде кеңінен қолданылады, қойылған мақсатына қарай метеорологияда келесі түрлері қолданылады:
a) статистикалық талдау - көптеген жылдар бойы жүргізілген бақылаулар мәліметтерін бір жүйеге келтіру үшін, әсіресе климатологияда көп қолданылатын тәсіл;
ә) корреляция тәсілі - көпжылдық метеорологиялық мәліметтер ретіндегі ауытқуларды немесе бірегейлікті сипаттайтын байланыс дәрежесін қолдану;
б) эмпирикалық теңдеу тәсілі дегеніміз – метеоэлементтердің немесе метеоқұбылыстар арасындағы байланыстарды теңдеулер арқылы, ал олардың коэффициенттері көп жылдық салыстырмалы бақылаулар нәтижесінде таңдалып, қолданылады;
в) физика-математикалық талдау дегеніміз – динамикалық (теориялық) метеорологияда атмосфералық процестердің дамуын дифференциалды теңдеулер арқылы сипаттап, түсіндіру;
г) модельдеу - яғни атмосфералық процестердің дамуын компьютер арқылы құру.
4) картографиялық – метеорологиялық мәліметтер жиынтығын кеңістік пен уақыт бойынша таралуын көрсету.
1.4 Метеорологиялық алаң. Метеорологиялық аспаптардың орналасу ерекшеліктері
Метеорологиялық алаң атмосфераның жерге жақын қабатында метеорологиялық бақылау жасау үшін қажетті құралдар мен қондырғыларды орналастыру үшін қажет.
Метеорологиялық алаң қоршаған ортаға сипатты және төселме беткей мен атмосфера арасындағы жылу айналым және су айналым жағынан одан ешқаңдай айырмашылығы жоқ жерден тандалады.
Метеорологиялық алаңның сипаттылығы, оның орналасқан жері сол ауданда басым кездесетін рельеф түріндей болуымен және су көзі жағасынан (теңіз, көл, канал, өзен, су қоймасы) максимальді жоғары су деңгейі кезінде 100 метрден артық қашықтықта орналасуымен қамтамасыздандырылады.
Метеорологиялық алаң онша биік емес кедергілерден (бір қабатты үйлер, жеке ағаштар, т.б.), олардың 10 есе биіктігіңдей қашықтықта орналасуы тиіс. Алаң ұзындығы біршама кедергілерден (орман, үйлер, қала көшелері, т.б.) олардың 20 есе биіктігіндей қашықтықта орналасуы тиіс.
Терең арық, ор және т.б. рельеф жырықтарына метеорологиялық алаңды жақын орналастыруға болмайды.
Стандартты метеорологиялық алаң 26х26 метрлік квадрат пішінді және оның бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталуы қажет.
Топырақтың терең қабаттарының температурасын өлшемейтін станцияларда және алаңда стандартты мөлшерде орналастыруға мүмкін болмағанда алаңды 26x16 метрлік мөлшерге дейін кішірейтуге болады.Жалпы метеорологиялық бақылау бағдарламасында ескерілмеген аспаптар мен қондырғыларды қосымша орнату қажет болған жағдайда негізгі метеорологиялық өлшемдерді өлшеу нәтижесіне сол қондырғылардың әсері болмайтындай етіп, метеорологиялық алаңды үлкейтуге болмайды.
Метеорологиялық аланда аспаптар мен жабдық-тарды арнайы жобаға сәйкес орналастыру керек. Анеморумбометр немесе флюгер орнатылатын баған және мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде, будкалар мен жауын өлшегіш, плювиограф пен М-53 аспабы ортаңғы бөлігінде, гелиограф пен топырақ термометрлері - оңтүстік бөлігіңде және олар көрші аспаптармен көлеңкеленбейтіндей етіліп орналастырылады. Актинометриялық және жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң оңтүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық және градиенттік қондырғыларды топырақ күйін өлшейтін құралдардың солтүстігіне қарай орналастырылуы қажет. Басқа бақылауларға (атмосфераның ластануы және т.б.) арналған қондырғыларды алаңның шығысына немесе батысына орналастыруға болады.
Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи түрінде сақтау үшін метеорологиялық аспаптар мен қондырғыларға баратын арнайы жіңішке жолдар жасалады. Жол психрометрлік будкаға, термограф пен гигрограф тұратын будкаға, топырақтық термометрлерге солтүстіктен, гелиографқа оңтүстіктен түсуі тиіс. Жауын өлшегішке барлық бағыттан келуге болады.
Жолдардың ені 0,4 метрден аспауы тиіс. Ол жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады, асфальтпен немесе бетонмен жабуға болмайды.
Жер беті құмды немесе тасты болса арнайы жол жасаудың қажеті жоқ. Көпжылдық тоң қабаты бар аймақтарда метеорологиялық аспаптарға бару үшін соқпақ жолдарды немесе ағаш төсеуіштерді қолдануға болады.
Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін және ондағы аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалуы тиіс.Қоршау алаңның барлық жерінің ауа алмасуына кедергі жасамауы керек және онда күртік қар болмауы тиіс. Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 сантиметр құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2-1,5 метр құрайтын метал труба, бетон немесе ағаш бағандарға керіп жасауға болады.
Ауаның қозғалысына кедергі жасайтын және қарды жинап қалатын тұтас қоршаулар (тақтайлар), топырақ немесе өсімдіктен жасалған қоршаулар қолдануға рұқсат етілмейді.
Метеорологиялық алаңға кіретін есік темір қоршаудың солтүстігінен жасалады. Ондай мүмкіндік болмаса есікті шығыс немесе батыс жағынан да жасауға болады. Қоршаудың есігі берік жабылуы тиіс.
Метеорологиялық алаң электрлік торап немесе кернеуі 36В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты жарықпен қамтамасыздандырылуы тиіс. Тұрақты электрлік жарық көзі болмаған жағдайда тасымалданатын электрлік қол шамын қолдану керек.
Метеорологиялық алаң мүмкіндігі болғанша станцияның қызметтік үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) жерде орналасуы және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмауы тиіс
Көптеген метеорологиялық элементтерге бақылаулар метеорологиялық алаң деп аталатын арнайы орында жүргізіледі.Метеорологиялық алаң – ашық, тегіс және жазық болуы тиіс. Метеорологиялық алаң жан-жағынан биік құрылыс нысандарымен, биік ағаштармен т.б жабылмауы керек. Ол квадрат пішінді солтүстіктен оңтүстікке бағытталып орналасады.
1 сурет - Метеорологиялық
алаңда аспаптар мен
1-суретте көрсетілгендей
метеорологиялық аланда
Басқа бақылауларға (атмосфераның ластануы және т.б.) арналған қондырғыларды алаңның шығысына немесе батысына орналастыруға болады.
1.5 Метеорологиялық бақылау жүргізу тәртібі мен мерзімдері
Метеорологиялық бақылау жүргізу арнайы бақылау мерзімдерінде жүргізіледі.
Бақылау мерзімі – барлық станцияда метеорологиялық бақылаулар жүргізу уақытынан бастап анықталған уақыт сәттері.
Дүние жүзі бойынша бақылаулар орташа Гриндвич уақытымен (ОГУ) негізгі синоптикалық мерзімдерде 00, 03, 06, 09, 12, 15,18, 21 сағаттарда жүргізіледі. Жер беті метеорологиялық бақылаулары метеорологиялық станцияларда жүргізіледі.
1 кесте - метеорологиялық бақылау жүргізудің типтік тәртібі
ОГУ |
Метеорологиялық сипаттама |
Жүргізілетін жұмыс | |
сағ |
мин | ||
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
20 |
Метеорологиялық алаңды қарап шығу, аспаптар мен қондырғыларды тексеру, аспаптарды бақылауға дайындау, М-63 М1 анеморумбометрді іске қосу. | |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
40 |
Топырақ температрусы |
Топырақ бетіндегі термометрлері, Савиновтың иінді термометрлерімен суырмалы топырақтық тереңдік термометрлерімен өлшеу. |
08 |
42 |
Төмелме беткейдің күйі, қар жамылғысы |
Төсеме беткейдің күйін көз мөлшерімен бағалау. Қар жамылғасының сипаттамаларын анықтау. |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
45 |
Бұлттылық |
|
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
46 |
Метеорологиялық көріну қашықтығы |
М-53 (М-71) құралы бойынша өлшеу немесе метеорологиялық көріну қашықтығын объектілер бойынша көз мөлшерімен анықталады. |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
48 |
Ауа температурасы, ылғалдылық, жауын-шашын |
Термограф, гигрограф, плювиограф, диаграммалық уақыттық белгі салу. |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
50 |
Ауа температурасы, ылғалдылық |
Психрометрлік будкадағы термометрлер және гигрометр бойынша көрсеткіштерді алу |
08, 20 |
52 |
Жауын-шашын |
Жауын-шашын ыдысын ауыстыру |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
53 |
|
Метеорологиялық алаңнан жұмыс бөлмесіне оралу. Бұлттардың биіктігін өлшеу құралын іске қосу |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
54 |
Бұлттылық |
Бұлттардың төменгі шекарасын анықтау құралының көмегімен бұлттардың төменгі шекарасының биіктігін өлшеу. |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
55 |
Жел |
Желдің жылдамдығын және бағытын анеморумбометр көмегімен анықтау |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
57 |
Жауын-шашын, ауа температурасы, ылғалдылық |
Жауын-шашын мөлшерін өлшеу. Термометрлер көрсеткіштеріне түзету енгізу және ылғалдылық сипаттамаларын анықтау. |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
58 |
Атмосфералық қысым |
Барометр бойынша көрсеткіш алу, барограф бойынша барометрлік тенденция сипаттамаларын анықтау,бақылау нәтижелерін өңдеу. |
23, 02, 05, 08, 11, 14, 17, 20 |
59 |
Ауа райы күйінің сипаттамасы |
Мерзімдік және мерзімаралық ауа райы күйінің сипаттамасын анықтау. |
00, 03, 06, 09, 12, 15, 18, 21 |
00 |
Синоптикалық телеграмма құрастыру және оны байланыс каналдары бойынша жөнелту |
Негізгі типті метеорологиялық станцияларда келесі метеорологиялық шамалар тіркеледі:
Жер бетінен 2 метр биіктіктегі ауа температурасы;
11. Қар жамылғысының биіктігі мен тығыздығы
Станциядағы жұмыстардың орындалуында келесі жағдайлар сақталуы тиіс:
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Қазақстанда алғашқы аспаптық
метеорологиялық бақылау жүргізу
1855 жылы Қазалы және Семей қалаларында
басталды. Ал 1917 жылы Қазақстан аумағында
94 негізгі метеорологиялық станциялар
мен 49 бекеттер,
1922 жылдың 23 қаңтарында Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (АКСР) Жер жөніндегі Халық комиссариатында Физикалық Бас обсерваториясында Орынбор облыстық метеорологиялық бюро құру туралы үкім бекітілді. Ол бюро 1925 жылы Қазақстанның Орталық метеорологиялық бюросы болып, ал 1931 жылы Қазақ гидрометеорологиялық комитеті болып қайта құрылды. Оның негізінде 1933 жылдың мамыр айында Қазақ АКСР-ның Қазақ гидрометеорологиялық қызметінің Біріңғай Басқармасы болып құрылды. Қазақстанның Гидрометеорологиялық қызметінің бірінші басшысы болып Қазақстанның белгілі саяси қайраткері - Ораз Қиқымұлы Жандосов жұмыс атқарды.
1999 жылы 2 наурызда Қазақстан
Республикасы Үкіметінін
Қазгидромет кәсіпорны қызметінің негізгі мақсаты: қысқа және ұзақ мерзімдік метеорологиялық және агрометеорологиялык болжамдар жасау; гидрометеорологиялық апатты құбылыстардың пайда болу мүмкіндіктері туралы алдын - ала хабарлау; гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның ластануы бойынша мәліметтер қорын жасау; Қазақстан Республикасының өнеркәсіптерін, ауыл шаруашылығын және экономикасының басқа да салаларын гидрометеорологиялық қамтамасыздауды іске асыру; ауа-райы мен климат туралы, нақты және болашақтағы гидрометеорологиялық жағдайлар туралы, табиғи қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметтер беру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының, экономика салаларының және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қазгидромет келесі жұмыстарды атқарады:
1) қоршаған табиғи ортаның күйі, жағдайына жүйелі түрде бақылаулар жүргізу;
2) метеорологиялық қүбылыстарды болжау әдістерін жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасының барлық кәсіпорындары мен мекемелерін метеорологиялық қамтамасыздау бойынша, жобалау және іздестіру, ғылыми зерттеу, технологиялық, экологиялық аудит жұмыстары бойынша, сонымен қатар гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстарға белсенді әсер жасау бойынша ұсыныстар дайындау;
Информация о работе Метеостанциядағы ауа райы күйіне шолу жасау