Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Кешкі уақытта палатаның іші электр шамдарымен жарықтандырылады. Түнде босағаға кіре берісте әйнегі көк түске боялған шам орнатылады.
Емшектегі нәрестелер мен бақша жасындағы сәбилердің жататын палатасына, өте жеңіл, тазалауға, жууға оңай болатын ойыншықтар салынған қобдиша қойылады. Ересек балалар өздерінің бос уақытын ойнайтын бөлмелерде өткізеді. Әр бөлмеде балаларды тәрбиелейтін, ойнайтын ертегі өлең оқып беретін тәрбиешілер болады. Жаз уақыттарында, күн ашық кездерде, жүре алатын, жағдайлары онша ауыр емес сәбилер мен бүлдіршіндерді ұйымдасқан түрде сыртқа, таза ауаға 1-2 мәрте серуендетіп, ойнатып қайтады. Көңілдері көтеріңкі, бойлары сергек жүрген балалардың науқастарынан тез айығып кететтіндігінде дау жоқ.
Мектеп жасындағы балалардың денсаулықтары көтерсе сабақ оқуларына да болады. Себебі кейбір созылмалы хирургиялық кеселдері бар балалар ауруханада айлап, кейде жылдап жатып, ұзақ емделетіндіктен, мектептегі өзімен жасты құрбыларынан білімі жағынан, тәлім-тәрбиесі жағынан қалып қалмас үшін, оларға негізгі пәндердің барлық түрін оқытады. Сол үшін ірі ауруханалардың қасынан арайы мектеп ұйымдастырылады. Бұндай қамқорлықтың өзі бір жағынан ауру балалардың дер кезінде, жан-жақты білім алуына көмектессе, екінші жағынан олар өздерінінің уақытша болса да ауыр жағдайын, кембағал болып қалғандарын ұмытып, бойларында өмірге, тіршілікке деген құштарлық, ынтызарлық пайда болады. Соның нәтижесінде балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, жаңа күш-қуат пайда болып, ауруларынан тез сауығып кетуге ұмтылады. Тіпті ұзақ ауырған балалар сол кеселдерінің зардабынан мәңгі бақи кембағал, мүгедек болып қалса да оқудың, білім алудың сол баланың одан арғы өміріне тигізетін пайдасы зор болмақ.
Тамақ ішетін бөлме.
Сырқат ішетін тағамдар жеке жерде, аурухананың асханасында дайындалады. Сол жерден арнайы ыстарға салып, қол арбамен бөлімдердегі буфетке алып келеді. Буфетте үстелдер, ыстық суық суы қатар ағатын, ішіне ыдыстарды салып қойып жуатын үлкен тегештер, жуылған ыдыс аяқтарды кептіретін шкафтар, нан кесетін тақтайлар болады. Буфеттің қасына ересек балалар өздері келіп тамақ ішетін шағын ғана зал орналасады. Жас нәрестелер мен сәбилерді палаталарда тамақтандырады, ол үшін тамақ салынған ыдыстарды қойып таситын жылжымалы кішкентай үстелдер мен орындықтар болуы керек. Ауруханадағы балаларды сапалы тағамдармен уақыттылы тамақтандыру – емдеудің ең басты бір бөлігі болып саналады. Қазақтың “ас тұрған жерде ауру тұрмайды, “ас адамның арқауы” деген секілді аталы сөздері бекер айтылмаса керек. Сондықтан балаларды тамақтандыру мәселесіне үлкен мән берген дұрыс. Буфет пен тамақтанатын орынды өте таза ұстау қажет. Ол жерге тамағының сапасына жауап беретін диеталық дәрігер мен мейіркеш аспаз және даяшыдан басқа ешікімнің де кіруге қақысы жоқ. Балаларды тамақтандыратын мейіркеш, тағамдарды арнайы таксыларға бөліп салып беріп тұратын буфеттің терезесінің бер жағында тұрады, ары ішіне кіруге болмайды. Егер буфеттегі тағамдарға кездейсоқ микробтар немесе улы заттар түсіп кетсе, онда сол тағамдарды ішкен бөлімдегі барлық балалардың іші өтіп немесе уланып қалуы мүмкін. Бұл өте қауіпті. Әрқашан сақ болған жөн.
Таңатын бөлме. Әрбір хирургиялық бөлімдерде таза жараны таңатын және іріңді жараны таңатын екі бөлме болу керек. Егер мұндай мүмкіншілік болмаса, онда алдымен таза хирургиялық, содан кейін іріңді хирургиялық кеселі бар сырқататтарды қабылдайды.
Барлық бөлмелер арнайы аспаптармен, жеткілікті дәрі-дәрмектермен, таңатын жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Жұмыс аяқталған соң бөлмелердің ішін жуып тазалайды, бактерицидті шамдарды қосады, құрал-саймандарды зарарсыздайды. Таңатын бөлменің тазалығын, асептика мен антисептиканың мұқият сақталу жуапкершілігін мейіркешке жүктейді.
Тексеретін және ем жасайтын бөлме. Бұл бөлмені негізінен сырқат балалардың кеселінің түрін анықтап, диагнозын нақтылау үшін медициналық қүрал-саймандардың көмегімен қосымша тексерулерден өткізеді. Қажет болса емдейді. Өңешті, асқазанды, ұлтабарды көзбен көріп тексеру үшін эзафогогастро-дуодноскопия көтен ішек пен тоқ ішек үшін ректоколоноскопияны кеңірдек пен өкпенің бронхылары үшін – бронхоскопияны; үрпі мен қуық үшін – уретроцистоскопия тәрізді аспаптарды пайдаланады. Өңештері күйіп тарылып қалған сәбилер өңешін, үрпілері жыртылып кетіп тарылып қалған балалардың үрпілерін кеңейтуді осы арада іске асырады. Асептика мне аитисептиканың сақталуын мұқият қадағалап отыру керек.
ЕМХАНАДА БАЛА ХИРУРГІНІҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БӨЛІМШЕЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЖАБДЫҚТАЛУЫ
Емханалық мекемелердің алдында тұрған үлкен мәселе, бұл емханада өткізілетін емдеу – сауықтыру шараларын жетілдіру және тұрғылықты халыққа білікті медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру болып табылады. Медициналық көмек көрсету жоғары дәрежеде жүзеге асырылуы керек, себебі қазіргі күн талабы осыны қажет етеді. Емхана жағдайында келесі шаралар өткізілуі тиісті:
- жедел аурулары мен жарақаттары бар науқастарға алғашқы және шұғыл көмек көрсету;
- іштен туа болатын даму ақауларын және ауруларды ерте анықтау, себептерін зерттеу;
- емді қажет ететін науқастарды дер кезінде ауруханаға жатқызу;
- диспансерлік есепке тұрғызуды қажет ететін науқастарды анықтап, іріктеп, толық зерттеп, сауықтыру шараларын өткізу;
- түрлі анықтама қағаздарын беру (сабақтан босатылғандығы, дене шынықтыруға қатыспауға, үйде оқытуға) және ата-аналарына еңбекке жарамсыздық қағаздарын толтыру;
- хирургиялық манипуляциялар мен емдеу - сауықтыру шараларын өткізу;
- мүгедек, мүгедектік белгілері бар балаларды медициналық әлеуметтік тұрғыда сараптау комиссиясына жіберу.
Осы мәселелерді дұрыс шешу бала хирургінің атқаратын міндетіне жүктелген.
Емхананың қуаттылығы күніне келетін адамдардың санымен есептелініп, ол 5 топқа бөлінеді: күніне 1600 адам келетін болса – І топ; 1200 – ІІ топ; 800-ІІІ топ; 600-ІV топ; 400-V топ. Хирургиялық бөлімшенің құрылымы және дәрігерлердің орын саны емхананың қуаттылығына байланысты (1-ші кесте).
1-ші кесте
Емханадағы хирургиялық бөлімшенің құрылымы мен
дәрігерлердің орын саны
Құрылымы Дәрігерлік орын саны
І
топ ІІ
топ ІІІ топ ІV топ V
топ
Хирургиялық бөлімше 6,0 4,5 3,0 2,3 1,5
Құрамы:
Жарақатқа жәрдем беру бөлмесі
1,5
1,0
0,5
Онкологиялық бөлме
1,0 0,5 - - -
Урологиялық бөлме 1,0 0,5 - - -
Кішігірім аудандық емханада хирургиялық бөлімше дәрігердің бөлмесінен және байлап-таңу бөлімшесінен тұрады. Үлкен көлемде жұмыс жасайтын емханаларда дәрігер бөлмесі мен таңу бөлмесінен басқа асептикалық операцияларға арналған бөлме болуы керек.
Қалалық, облыстық емханаларда операция жасайтын, операция алдындағы бөлмелер және залалсыздандыру бөлмесінен тұратын операциялық блок болады. Арнайы хирургиялық қабылдауды бірнеше дәрігерлер: травматолог – дәрігер, іріңді жараны емдейтін хирург, жалпы хирург, уролог өткізеді (2-ші кесте).
2-ші кесте
Емханадағы хирургиялық бөлмелер саны
№ Арнайы бөлмелер І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ V топ
1 Бөлім меңгерушісінің бөлмесі 1 1 1 1 1
2 Хирургтің бөлмесі 3 2 2 1 1
3 Урологтің бөлмесі 1 1 - - -
4 Урологиялық науқастарға емдеу шараларын өткізетін бөлме. 1 1 - - -
5 Операция алдындағы бөлме. 1 1 - - -
6 Операция жасайтын бөлме 1 1 1 - -
7 Таза байлап-таңу бөлмесі 1 1 1 1 1
8 Іріңді жараларды байлап-таңу бөлмесі 1 1 1 1 1
9 Травматолог дәрігердің бөлмесі 1 - - - -
10 Залалсыздандыру бөлмесі 1 1
1 1 1Құрылыс жобасы мен емдеу – профилактикалық мекемелердің ережелеріне байланысты дәрігер бөлмесінің ауданы оның жұмыс көлеміне байланысты 10-15 шаршы метрден кем болмауы керек. Таңып - байлау бөлмесінің ауданы бір операция жасалатын столға кем дегенде 15-16 шаршы метрді құрауы қажет. Сонымен қатар әр қосымша столға 8 шаршы метрден қосылады. Операциялық зал өлшемі операциялық блокты ұйымдастырғанда 3,2 м х 4 – 4,5 метрден аз болмайды
Емханадағы хирургиялық бөлімшенің жабдықталуы ауқымды болмауы керек. Дәрігер бөлмесінде стол, екі орындық, науқасты қарауға арналған қатты кереует (баланың киінуі мен шешінуіне қолайлы болуы үшін қатты кереуетті арнайы матамен бөліп қояды), рентгенограмманы қарау үшін неготоскоп болуы шарт. Үлкен көлемді жұмыс кезінде медициналық құжаттарды толтыру үшін медбикеге арналған қосымша стол мен орындық қоюға болады.
Таңып-байлау бөлмесінің жабдықталуы төмендегідей: залалсыздандырылған құрал-жабдықтарға арналған стол; науқасқа арналған арнайы стол; жұмыс барысында қолданатын дәрілер мен ерітінділерге арналған стол; емдік дәрі-дәрмектер мен таңуға арналған жабдықтарды сақтайтын шкаф; залалсызданған жаялықтарды және таңып - байлауға арналған жабдықтар салатын бикстерді қоятын темір аяқшалар, екі орындық.
Таңып-байлау бөлмесінде қолды жууға арналған керекті заттардың барлығы болуы шарт. Сонымен қатар гипсті дәкелерді сақтайтын және гипстік таңғыштарды шешуге арналған құрал – саймандарды қоятын кішігірім шкафтың болуы қажет.
Операциялық блоктың жабдықталуы келесідей: операциялық стол, стационарлық стол және хирургиялық құрал жабдықтарды қоюға арналған жылжымалы стол, дәрі-дәрмектерге арналған стол, винтті табуреткалар (2-3 данасы), залалсыздандырылған жаялықтар мен таңып байлауға арналған жабдықтар салынған биксті қоюға арналған үстелше, кіші операциялық немесе жалпы хирургиялық құрал-саймандар жиынтықтары, залалсыздандыруға арналған құрғақ бу шкафы (1 – ші сурет).1 – ші сурет. Операция алдындағы медбикенің дайындығы
Емханада хирургиялық бөлімшенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде науқас балаларды қабылдау жылдамдатылады, диагностикалық шаралардың және емдеу жұмыстарының сапасы айтарлықтай жоғарылайды. Емханалық мекемедегі хирургиялық мамандығы бар дәрігердің 1 сағаттық жүктемесі төмендегідей: хирург үшін – 9 науқас, травматолог пен ортопед үшін – 7 науқас, уролог үшін – 5 науқас. Профилактикалық тексеруде хирург 14 баланы қабылдауы керек.
Хирургтың қабылдауында болатын балалардың 50 пайыздан артығы біріншілік келген науқастар. Олардың арасында түрлі жарақаттың зақымдануы бар науқастар көп кездеседі.
Хирург жұмысының негізгі міндеті ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін науқастарды қабылдау, тексеру, аурудың диагнозын қою және емдеу болып табылады. Сонымен қатар ауруханадан шығарылған науқастар емдерін жалғастырады.
Науқастарды зерттеу үшін барлық қажетті тексеру әдістері өткізіледі. Оның құрамына жалпы физикалық (қарау, пальпация, аускультация), инструменталды (рентгенмен, эндоскопиялық, ультрадыбыстық), зертханалық (қан, зәр, нәжіс анализдері, бактериологиялық, цитологиялық және серологиялық зерттеу, пунктаттар, шайылған сулар) тексеру тәсілдері кіреді. Науқасты зерттеу нәтижесінде аурудың диагнозы қойылып, емдік шаралар өткізіледі немесе кеселдің алдын-алу бағытында істер жүргізіледі.
Хирургиялық науқастарды емдеу консервативті, сонымен қатар оперативті тәсілдермен іске асырылады. Операциялар көлемі бойынша кіші, ал уақыты бойынша қысқа болуы шарт. Операциялар жедел және жоспарлы түрде жүргізіледі. Жоспарлы операцияларға арнайы күн, уақыт бөлінуі қажет.
Бала хирургінің жұмыс көлеміне жоғарыда айтылғандардан басқа келесі іс-шаралар кіреді: амбулаторлық картаны толтыру, науқастарды диспансерлік есепке алу, рецептер жазу және ауруханаларға немесе жоғарғы дәрежелі маман дәрігерлердің кеңесіне бағыттау.
Қабыну белгілері айқын жедел іріңді процестерге жасалатын операциялар науқасты алғашқы рет қабылдаған кезде жедел түрде өткізіледі. Оны іріңді жараларды таңып байлау немесе арнайы бөлінген операция бөлмесінде орындайды. Жоспарлы операцияларды емхананың хирургия бөлімшесінің жұмысына қолайлы күндері, «таза» операция бөлмесінде жасалуы қажет. Сонымен қатар бұл операция бөлмесінде жедел жарақат алған науқастардың жарасына алғашқы хирургиялық өңдеу жасалынады.
Хирург қайталап байлап-таңуды қажет ететін науқастарды қабылдауға келетін уақытты нақты, дәл сағатын белгілеуге тиісті.
Емхананың хирургиялық бөлімшесінде асептика ережелері қатаң сақталынады. Емдеу барысында мүмкін болатын асқынулардың алдын-алу шаралары өткізіледі. Қазіргі заманда емханалардың құрылысында құрал-саймандарды, операциялық жаялықтарды және таңып байлауға арналған жабдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы орын қарастырылған.
Оперативті іс-әрекеттердің көлемін кеңейту қажеттілігін айрықша атап өткен жөн. Хирургиялық стационарларға аса ауыр науқастар жатқызылады, ал емхана жағдайында емдеуге болатын аурулар міндетті түрде емханада емделуі қажет. Сол арқылы ауруханадағы төсектер босатылып, төсектік қор тиімді пайдаланылады, қосымша резерв құрылады. Емханадағы хирургтердің дәрежесі артып, жұмысқа деген қызығушылығы жоғарлайды. Көрсетілетін хирургиялық жәрдем көлемін кеңейту керек. Бірақ бұл балаларға кері әсерін тигізбеу үшін, үлкен асқынуларды болдырмау мақсатында науқастар біртіндеп қабылданады, асептика ережелері қатаң сақталынады, жансыздандыру толық жүргізіледі.
ҚАЙТА ЖАНДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ЕМДЕУ БӨЛІМШЕСІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ СЫРҚАТ КҮТІМІ
Медицинаның бұл саласы бүгінгі таңда бұдан 10-20 жыл бұрын ем қонбай шетінеп кететін нәрестелердің өмірін құтқараып ала алатындай дәрежеге жеттік. Сондықтан да қайта жандандыру мен қарқынды емдеудің негізгі принциптерін оқып - үйренуде жоғарғы оқу орындарында өте зор көңіл бөліп келеді.
Қайта жандандыру және қарқынды емдеу бөлімшесіндегі сырқаттар ауруханадағы емделіп жатқан балалардың ішіндегі ең ауыры, ең күрделісі. Бұл бөлімде емделуге тиіс сырқаттарға мыналар жатады:
1. Қарқынды емдеуді қажет ететін күрделі кеселді және тым ауыр операциялар жасалған сырқаттар;
2. Операциядан кейін өміріне қауіпті асқынуы бар сырқаттар.