Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 12:50, реферат
Адам - көп қырлы физикалық және психикалық көріністері бар біртұтас жүйе. Әр адамның жан дүниесінің ерекшелігі, қоршаған ортамен және әлеуметтік тұрмыстық жағдайлармен байланысы ескерілген кезде ғана ауруды ұғынуға болады. Ауру тек бір мүшені ғана зақымдап қоймай, ол бүкіл ағзада өзгерістер туғызады. Бір ауру әр адамда әртүрлі өтуі мүмкін, яғни емдеу және күтім жүргізу әрқилы, жеке дара болуы керек. Мейірбикенің науқасты түсіне білуінің, оның уайымын сезінуінің маңызы зор.
Қазіргі кездегі мейірбике ісінің мәні - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми әдісін, яғни мейірбикелік процесті қолдану арқылы науқасқа күтім жүргізу.
Мақсаты: Науқастың арқасымен мәжбүрлі жату қалпы.
Іс-әрекет |
Негізделуі |
1. Науқастың бас жағын горизонталды етіп орналастыру |
Арқасымен жатқызу қамтамасыз етіледі |
2. Бел аймағының астына кішкене жастықша қою. |
Омыртқаның бел аймағына салмақ түсірмеу қамтамасыз етіледі. |
3. Иықтың жоғарғы бөлігіне, мойын және басының астына кішкене жастық қою. |
Мойын омыртқалары аймағында бүгілу контрактураларын болдырмау қамтамасыз етіледі. |
4. Санның сыртқы шетіне валик тәріздес жастықша қою. |
Санның сыртқа қарай бұрылуын болдырмау қамтамасыз етіледі. |
5. Балтырдың төменгі 1/3 бөлігіне валик қою. |
Қысым төмендеп, ойылу пайда болу қаупі жойылады |
6. Аяқ басына 90°С бұрышта тіреуіш Қою |
Аяқ басының “салбырап” қалуын болдырмау |
7. Науқастың қолдарын алақанымен төмен қаратып, денесіне параллель етіп орналастыру, білек астына кішкене жастықша қою. |
Иықтың шектен тыс бұзылуын болдырмау, шынтақ буынының шектен тыс жазылуының алдын алу. |
Науқасты ішімен жатқызу
Іс-әрекет |
негізделуі |
1.Науқаспен амандасу, жағдайын сұ-рау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру |
Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады |
2. Науқастың келісімін алу |
Науқастың құқығын сақтау қамтама-сыз етіледі |
3. Кереуетті горизонталды қалыпқа келтіріп, жастықты алып тастау |
Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі |
4. Науқастың қолдарын шынтағында жазып, денесіне жақындату, қол ұшын санының астына қойып, қолы арқылы денесін айналдырып, ішімен жатқызу |
Науқастың қалпын өзгертуге ыңғайлы жағдай қамтамасыз етіледі |
5. Науқасты кереуеттің ортасына жатқызу |
Пациентке ыңғайлы жағдай жасалады |
6. Науқастың басын бір шетіне қарай бұру, басының астына кішкене жастық қою |
Мойын омыртқаларының бүгу және шектен тыс жазуды азайту |
7. Көк ет деңгейінен төмен іш аймағына кішкене жастық қою |
Бел омыртқаларының шектен тыс жа-зылуы мен бел омыртқаларына салмақ түсу төмендейді |
8. Науқастың қолдарын иығында бүгу, бас деңгейіне дейін көтеру |
Иық буынының шығып кетуін бол-дырмау |
9. Аяқ басы астына валик қою |
Аяқ басының “салбырап” қалуын және сыртқа қарай бұралуын болдырмау |
Науқасты бір қырынан жатқызу
қойыңыз.
жіберіп, алақаныңызды жамбас-сан буынында бекітіңіз.
Науқас төсектің ортасында орналасуы керек.
керек.
орналастырыңыз.
Науқасты өзімізге қаратып айналдырып бір қырынан жатқызу
Науқасты Симс қалпында жатқызу
Іс-әрекет |
Негізделуі |
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын, іс-әрекеттерін түсіндіру |
Науқаспен қажетті қарым-қатынас жасалады |
2. Науқастың келісімін алу |
Науқастың құқығын сақтау қамтамасыз етіледі. |
3. Кер |