Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Июня 2013 в 21:48, лабораторная работа
Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Анемометрлер динамикалық және статикалық болады. Бірінші ауаның қозғалыс жылдамдығын айналым саны бойынша, ал екінші –тақта немесе шардың ауытқуы бойынша анықтайды.
Ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшер алдында құрал тілінің көрсеткішін жазып алады да, тілшесі тежелген құралды зерттеу орынына орналастырып, анемометрді 1-2 минут құрғақ жүріске салады, содан кейін есептеуішті қосып, уақытты белгілейді. 100 секунд өте салысымен есептегішті өшіріп, тілше көрсеткішін жазып алады. Айырманы 100 ге бөледі де ауа қозғалысы жылдамдығын табады (м/с).
Анемометрлермен ауаның үлкен қозғалыс жылдамдығын өлшейді, ал 0,5 м/с төмен жылдамдықтарды кататермометрмен өлшейді. Кататермометрмен сондай ақ 1см2. милликалориямен белгіленетін ауаның салқындатқыш күшін анықтайды.
Кататермометр – градуировкасы 35 тен 380 болатын ерекше құрылысты спирттік термометрден тұратын құрал. Әрбір кататермометрдің 38 ден 350 салқындағанда құрал резервуарының 1см2 бетінен жоғалатын жылу мөлшерін (милликалорияда) көрсететін жеке факторы (F) болады.
2.4.1 Қорадағы ауа қозғалысы жылдамдығын зерттеу реті:
1) кататермометр резервуарын 65 – 670 қыздырылған суға салады да, кеңейген спирт жоғарғы цилиндрлік кеңейген жерінің үштен бірін немесе жартысын толтырғанша тосады. Осыдан кейін құралды судан алып, резервуарды орамалмен құрғақтап сүртіп, зерттеу нүктесіне қозғалмайтындай етіп орналастырады.
2) құралдың 38 ден 350 салқындау уақытын секундпен анықтайды.
3) бақыланатын нүктедегі ауа температурасын тіркейді.
4) зерттеу нүктесінің 1 см2 -де секундына құралдың жылу жоғалтуын көрсететін “Н” катаиндексін:
H = F / сек (а)
және “Q” - кататермометрдің орташа температурасы мен зерттеу нүктесіндегі ауа температурасы арасындағы айырмашылықты анықтайды:
Q = (( 38 + 35) / 2 ) – T = 36,5 – T
Сурет 7 – Анемометрлер:
А – МС-13 типті табақшалы; Б – қанатты қол анемометрі.
Сурет 8 – Кататермометрлер:
А – цилиндрлі; Б – шартәрізді
5) кататермометр көрсеткіштері бойынша ауаның қозғалыс жылдамдығын формула бойынша:
V = ((H/Q – 0,20) / 0,40)2
1 м/с төмен ауаның қозғалыс жылдамдығында;
V = ((H/Q – 0,20) / 0,47)2
1 м/с көп ауаның
қозғалыс жылдамдығында
мұнда: V - ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с; H - катаиндекс; Q - кататермометрдің орташа температурасы (36,5о) мен зерттеу нүктесіндегі ауа температурасы (То) арасындағы айырмашылық; 0,20; 0,40; 0,47 – эмпирикалық коэффициенттер.
4-кесте – Шар тәрізді кататермометр бойынша ауаның қозғалыс жылдамдығын есептеу
H/Q |
Жылдамдық, м/с |
H/Q |
Жылдамдық, м/с |
H/Q |
Жылдамдық, м/с |
H/Q |
Жылдамдық, м/с |
H/Q |
Жылдамдық, м/с |
0,29 |
0,0 |
0,49 |
0,40 |
0,67 |
1,27 |
0,88 |
2,22 |
1,08 |
3,45 |
0,30 |
0,011 |
0,50 |
0,44 |
0,68 |
1,31 |
0,89 |
2,29 |
1,09 |
3,51 |
0,31 |
0,023 |
0,51 |
0,48 |
0,69 |
1,36 |
0,90 |
2,34 |
1,10 |
3,58 |
0,32 |
0,035 |
0,52 |
0,52 |
1,70 |
1,40 |
0,91 |
2,39 |
1,11 |
3,65 |
0,33 |
0,05 |
0,53 |
0,56 |
0,71 |
1,45 |
0,92 |
2,45 |
1,12 |
3,72 |
0,34 |
0,07 |
0,54 |
0,60 |
0,72 |
1,49 |
0,93 |
2,51 |
1,13 |
3,70 |
0,35 |
0,076 |
0,545 |
0,65 |
0,73 |
1,54 |
0,94 |
2,56 |
1,14 |
3,87 |
0,36 |
0,09 |
0,55 |
0,69 |
0,74 |
1,58 |
0,95 |
2,62 |
1,15 |
3,95 |
0,37 |
0,11 |
0,56 |
0,74 |
0,75 |
1,62 |
0,96 |
2,68 |
1,16 |
4,03 |
0,38 |
0,13 |
0,565 |
0,78 |
0,76 |
1,67 |
0,97 |
2,74 |
1,17 |
4,11 |
0,39 |
0,15 |
0,57 |
0,82 |
0,77 |
1,72 |
0,98 |
2,80 |
1,18 |
4,19 |
0,40 |
0,17 |
0,57 |
0,85 |
0,78 |
1,76 |
0,99 |
2,86 |
1,19 |
4,27 |
0,41 |
0,19 |
0,58 |
0,90 |
0,79 |
1,81 |
1,00 |
2,93 |
1,20 |
4,35 |
0,42 |
0,21 |
0,59 |
0,96 |
0,80 |
1,86 |
1,01 |
2,99 |
1,21 |
4,44 |
0,43 |
0,23 |
0,60 |
1,00 |
0,81 |
1,91 |
1,02 |
3,06 |
1,22 |
4,53 |
0,44 |
0,25 |
0,61 |
1,04 |
0,82 |
1,95 |
1,03 |
3,12 |
1,23 |
4,62 |
0,45 |
0,28 |
0,62 |
1,09 |
0,83 |
2,00 |
1,04 |
3,19 |
1,24 |
4,71 |
0,46 |
0,31 |
0,64 |
1,14 |
0,84 |
2,05 |
1,05 |
3,25 |
1,25 |
4,80 |
0,47 |
0,34 |
0,65 |
1,18 |
0,86 |
2,11 |
1,06 |
3,32 |
1,26 |
4,90 |
0,48 |
0,37 |
0,66 |
1,22 |
0,87 |
2,17 |
1,0,7 |
3,38 |
1,27 |
5,00 |
5-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Зерттеу аймағы |
Көрсеткіштер |
Ауаның қозғалыс жылдамдығы, м/с | ||||
То |
а |
F |
H |
Q | ||
0,5 м биіктікте |
||||||
1,2 м биіктікте |
||||||
Төбеден 0,6 м |
||||||
Орташа |
Жұмыстың мақсаты:
1) жануарлар ағзасына жарықтың әсерін зерттеу.
2) жарықты анықтау және
3) осы мақсатқа қолданылатын
құралдардың жұмыс істеу
Күн радиациясының барлық сәулелерінің (көзге көрінетін, инфрақызыл және ультракүлгін) биологиялық әсері бар және белгілі бір шекте жануар ағзасының физиологиялық функцияларына біршама жағымды әсер етеді. Сондықтан, мал және құс қораларының нормаланған жарықтануы жануарлардың денсаулығын, жоғары өнімділігін және көбеюге қабілеттілігін сақтаудағы маңызды фактор болып табылады.
Күн радиациясы – климаттың маңызды факторы және ауа – райы өзгеруінің негізгі себебі, өйткені атмосферада жүретін әртүрлі құбылыстар күннен алынатын жылу энергиясымен байланысты болады. Сәулелі энергия квант немесе фотон деп аталатын жеке бөлшектер түрінде шығарылады. Жарық толқындарының ұзындығын микрометр (мкм), нанометр (нм) және ангстреммен (Ао) өлшейді.
Мал қораларындағы табиғи және жасанды жарықтандыруды екі: геометриялық және жарықтық – техникалық әдіспен анықталады.
Табиғи жарықтандыруды анықтаудың геометриялық әдісі (жарық коэффициенті - СК) терезелердің шыныланған бетінің қора еденінің ауданына қатынасымен табылады.
Жарықтандыруды нормалау және бақылаудың бұл әдісі қарапайым, бірақ дәл емес, себебі бірдей жарық коэфициентінің өзінде де қораның әртүрлі бөліктерінде жарықтандырудың бірдей дәрежесі қамтамасыз етілмейді, сондай ақ көптеген маңызды сәттер есепке алынбайды: жергілікті жердің жарықтық климаты, төбеден шағылысқан жарық, терезелердің жарық түсетін жаққа бағдарлануы, қарама қарсы қоралар мен жарықтың көлеңкелейтін әсері, ғимараттың конструктивтік ерекшеліктері.
Табиғи жарықтандырудың сапасының қосымша көрсеткіші жарық ағынының түсу бұрышы мен саңылау бұрышы болып табылады.
Түсу бұрышы (α) өлшеу нүктесінен шығатын екі сызықпен түзіледі. Бір сызық терезе жақтауының шыныланған бөлігінің жоғарғы шетіне барады, екіншісі көлденең сызық. Түсу бұрышының ең аз рұқсат етілетін өлшемі 27о.
Түсу бұрышын анықтау үшін бақылау нүктесінен терезеге дейінгі аралық пен осы сызықтың қиылысу нүктесінен терезе жақтауының шыныланған бөлігінің жоғарғы шетіне дейінгі аралығын өлшейді (яғни екі катет). Түсу бұрышын катеттері белгілі тікбұрышты үшбұрыштың құрылым транспортирімен және табиғи тригонометриялық көлемдер кестесімен есептеуге болады (кесте 6).
Қарама қарсы орналасқан катеттің жанама катетке қатынасы бойынша түсу бұрышы тангенсін табады. Содан кейін кесте бойынша бұрыштың мәнін табады.
6-кесте – Табиғи тригонометриялық көлемдер
tg α |
α |
tg α |
α |
tg α |
α |
0 |
0 |
0,30 |
17 |
1,00 |
45 |
0,01 |
1 |
0,36 |
20 |
1,15 |
49 |
0,03 |
2 |
0,44 |
24 |
1,39 |
53 |
0,05 |
3 |
0,50 |
27 |
1,60 |
58 |
0,08 |
5 |
0,58 |
30 |
2,05 |
64 |
0,12 |
7 |
0,65 |
33 |
2,47 |
68 |
0,18 |
10 |
0,70 |
35 |
3,07 |
72 |
0,25 |
14 |
0,80 |
39 |
4,01 |
76 |
5,67 |
80 |
Мысалы: Жұмыс орынынан терезеге дейінгі қашықтық 3,2 м. Бұл сызықтың тереземен қиылысу нүктесінен шыныланған бөлігінің жоғарғы шетіне дейінгі аралық – 1,6 м. Бұрыш тангенсы 1,6 / 3,2 = 0,5, бұл 27о түсу бұрышы мәніне сәйкес.
Саңылау бұрышы (β) өлшеу нүктесінен терезенің шыныланған бөлімінің жоғарғы жағына шығатын сызықпен және ғимарат сыртында орналасқан көлеңкелейтін заттың жоғарғы нүктесіне баратын сызықпен түзіледі. Саңылау бұрышы мөлшері 5о кем емес болуы тиісті.
Саңылау бұрышын анықтау үшін өлшеу нүктесінен көлденеңі бойынша терезеге дейін және көлеңкелейтін заттың (cd) жоғарғы нүктесіне бағытталған жоғарғы сызықпен қиылысу нүктесіне дейінгі терезе биіктігін табады. Содан соң dac бұрышы мөлшерін анықтайды. Саңылау бұрышы bac және dac бұрыштарының айырымдарына тең.
Мысалы: Жұмыс орынынан терезеге дейін аралық 2 м, көлеңкелейтін заттың жоғарғы нүктесіне бағытталған жоғарғы сызықпен қиылысу нүктесіне дейінгі терезе биіктігі, 1,4 м. Түсу бұрышы 39о тең. dac бұрышының тангенсі 1,4/2,0 = 0,7 болады, ол 35обұрышты құрайды. Саңылау бұрышының мәні (bad) 39о – 35о = 4о болады.
Жарықтық–техникалық әдіс – жарық күшін, қораның жарықтануы мен сыртқы жарықтың қарқындылығын фотометр немесе люксметр құралдарының көмегімен өлшеуге қажет.
Табиғи жарықтану коэффициенті деп қора ішіндегі көлденең жарықтанудың (Ев), бірмезгілдегі ашық аспан астындағы жарықтануға (Ен) көлденең аудандағы қатынасын айтады.
КЕО = Ев/Ен · 100%
мұнда: Ев – қора ішіндегі жарықтану, лк; Ен – қора сыртындағы жарықтану, лк.
Жарық күші 1 люмен жарық ағынымен 1 м2 беттің жарықтануын сипаттайтын люкспен (лк) анықтайды. Люмен жарық ағыны 5305 ондаған миллиард шаршы метр ауданды платинаның қату температурасындағы қара дене шығаратын абсолютті толық сәулеленумен сипатталады.
Объективті люксметр Ю-117 өзара иілгіш сыммен байланысқан, люкспен градуирленген шкаласы әртүрлі тығыздықтағы жарық сүзгілері немесе кедергі шунттарынан, жарыққа сезімтал селен фотоэлементінен, тілшелі гальванометрден тұрады. Гальванометрдің 50 бөлікке бөлінген жарықты өлшеудің үш диапазонымен берілген айналы шкаласы бар (лк): 0-25, 0-100,0-500. Жарықтанудың күшті қарқындылығында (500 лк жоғары) фотоэлемент корпусына күңгірт жарықжұтқыштарды кигізеді, олар шектерді 100 есеге, яғни 50000 лк дейін арттырады. Жарықжұтқышты қолданғанда сандық көлемді 100–ге көбейтеді.
ЛД люминесцентті шамды қорадағы жасанды жарықты өлшегенде люксметрдің көрсеткішін 0,9 түзету коэффициентіне, ал ЛБ шамды қорада –1,15 коэффициентіне, ал кәдімгі қыздыру шамдарында–0,8 коэффициентіне көбейту қажет.
Сурет 9 – Люксметр
Жарықтануды өлшеу ережесі: Құралды зерттелетін бетке көлденең орналастырады. Фотоэлементті гальванометрмен қосып, жарық сәулелерінің артық әсерінен бұзылуын болдырмау үшін қысқа мерзімге ашады. Гальванометр тілінің шкаладан асып кетуі жағдайында жарық сүзгілерін қолданады немесе өлшеу шегін ауыстырғыштың қалпын өзгертеді. Тілдің ауытқу бұрышы және шкала бөлінуілері бойынша жарықтану қарқынын люкспен анықтайды. Өлшеуді аяқтағаннан кейін, фотоэлементті гальванометрден ажыратып, жарық өткізбейтін тақташамен қалқалайды.